Нағыз «Жігіт сұлтаны»

Республикада алғашқы рет өткізілген «Жігіт сұлтаны» конкурсында бас бәйгені жеңіп аламын деген ойы жоқ бұ жігіт «Көктөбе» ауылында көптен қалмай «Атамекен» деген атағы дардай, қаржысы жоқ фирма құрып, директоры болып шіреніп жүргенде Темірланда облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтетінін естиді.
Егемен Қазақстан
19.04.2017 277


Тамашалауға барар ма еді, бармас па еді, қызық болғанда жігіт таппай жаны қысылған досы Ғалымжан – аудандық спорт, туризм және жастар ісі басқармасының төрағасы Ғалымжан Зиябеков «қатысшы» деп өтініп келген. Аудан намысы үшін.

Дос көңілін қимай «көре салайын» деді.

Құрмаш − Құрманәлі Жал­қыбай тегін жігіт емес еді. Нар жігітке керек өнердің Тастанбектің баласынан айналып өткені жоқ.

Он жасынан ат құлағында ойнап өсті. Студент кезінде бокс, грек-рим күресі және волейбол үйірмесіне қатыс­қан. Ән жазады, суырып-салмалығы және бар. Дом­быра, баян, гитара, мандолин және ұрмалы аспапта бір адам ойнаса, Тастанбектің ұлы ойнасын. Бір сыдырғы дауысы бар. Сосын ғой Ғалымжан достың жабысып жүргені. Бас жүлде леңгірлік Оңалбай Шыналбековке бұйырды, бірінші орын жеңімпаздан кем өнер көрсетпеген Құр­маштікі.

«Ал, енді, екеуің респуб­ликалық «Жігіт сұлтаны» байқауында облыстың намысын қорғайсыңдар», де­ді сол кездегі облыстық спорт, туризм және жастар ісі бас­қармасының бас­ты­ғы, бүгінде Парламент Се­на­ты­ның депутаты Әли Бектаев.

Бұл 1995 жыл болатын.

Облыс қаржыландыруды ауданға итерді, ал аудан жол кіреден артық ештеңе бөліп бере алмаған.

Тағы да амал тапқан бап­кері әрі досы, бастығы Ға­лымжан.

− «Жігіт сұлтаны» өтетін Көкшетауда көкөніс жоқ. Давай, Шымкенттен арзан жеміс-жидек апарып сатып, ақша шығарамыз.

Солай болды. Шымкент­тен аттанған делегацияның құрамында бұлар да жүктерін артты.

Обалы не керек, көкше­ліктер төбелеріне қойып күтіп алды. Шымкенттіктерге тіккен үйлерінде мейман кү­туге шымкенттік келін­де­рін қойыпты. Ішіп-жеу қырғын болса да артық ақша қалта теспейтін еді. Ға­лым­­жан базарда, Құрмаш да­йындықта табақ тартқанда жиналған қауымға арнау айтып тынысын ашып алды. Қазылар да мәз. Ғалымжан екеуі ақылдасып бұл жерден абыройлы кетуді ойлады. Тым құрыса бірінші кезеңнен сүрінбей кету ойда бар. Республиканың сұл­тандарынан бақ асыру қиындау-ау деп түйген. Күн­дізгі көрсетулерден соң өз­гелері демалса, бұл екеуі талдап әлек.

Спорттық ойында жеребе бойынша Құрмашқа тиген арғымақты төрешілер өзгеге беріп жіберді. Іштей күйзелсе де астына тартылған атпен теңге ілудің ыңғайын бай­қады да, жаттығудан сырттап өзін-өзі қайрады. Темекі тартып, ойға шомып жүрген Құрмашты көрген Ғалымжан бапкер күйіп жүр.

Жерден жеті теңгені де іліп алды Құрмаш. Ауда­рыспақта қарсыласын ат ар­тына салып жұлып алды. Күресте басым түсті. Алған ұпайын санаса өзгелерінен оқ бойы озық.

– Енді дем алайық, – деді Ғалымжан.

– Тым құрыса үшінші орын үшін күресейік, – деді Құрмаш. Жартылай финалда да Құрмаштың бағы жанып, финалға өткені байқалды.

– Үшінші орынға қанағат, қоя ғой, – деді Ғалымжан.

– Бірінші орын үшін кү­ресіп көрейікші, − деді Құр­маш жарыс жалынына еріп.

Кейін білді ғой, «қоя ғой» деп досы мұны қайрай түседі екен.

Сахналық өнердің 12 түрі сарапқа салынды. Зерде­лік сын, ақындық, ше­шен­дік, сиқырлық өнер, таң­ғал­дырарлық нөмір кез­дерінде көрермендер Темір­ланнан келген жігітке көбірек қо­шемет көрсетіп отырды. Ше­­шендік өнерде қар­сы­ластары Жиренше, Төле, Қа­зыбек, Әйтеке секілді ұлы билердің сөзін мәнерлеп айтса, Құрмаш Көкшетаудың тарихын өлеңмен өрнектеді.

Тағы бір сыннан өтіп орнына отырғаны сол еді, сахнаға оралдық жігіт кө­теріліп, айтысқа шым­кенттік Оңалбек Шынал­бектовті шақырған. Ол шыға қоймады да, арқаланған ақын намысқа тиетіндей жыр төкті.

Сонда Құрмаш сахнаға қарғып шыққан. Әрі-беріден соң оралдық ақын қашып құтылғандай болды. Мұның өзі қазылардан бөлек, көрер­мендердің бас жүлдеге кімді лайықтап отыр­ған­дығын көрсетіп берді.

Солай болды.

Ауыздығымен алысқан асыл тұқымды тұлпар Құр­маштың астына тартылды.

Атбегі Оразқожа, талай одақтық жарыста қар­сы­ластарына жүлде бермеген шабандоз «мынау нағыз тұлпар» деп аузының суы ақты.

«Жақсы болды, – деді Ғалымжан. – Базарға шы­ға­рып сатып, ауылға жеткенше тойлап барамыз. Ақ­ша болса таусылды». Бірақ, тұлпар сатылмады. Құр­маш тұлпарына халық ақыны, көкшетаулық қарт қыран Көкен Шәкеевті қолтықтап мінгізді. Шеттеп жүрген қарт ақын қатты қуанды. Шымкенттіктердің билетін өткізіп, бір күн той жасап күтті. Түсінігі мол Құрмаш баласына сол кезде анау-мынаудың қолына тү­се бермейтін шетелдік тері күртке кигізді, делега­ция басшысы Батырғазы Серғазиевқа шапан жапты.

Астындағы тұлпарын халық құрметтеген ақсақалға мінгізген Құрмаш − Құр­манәлі Жылқыбай сау-саламат Шымкентінде жүріп жатыр.

− Сол кезіңді сағынатын шығарсың, – дейміз бір кез­дері республикада таңдаулы болған жігітке.

− Сағынам, – дейді Құр­маш. – Ғалымжандар бір қызық оқиға айтқан. Мен өнер көрсетіп жатқанда бір үріп ауызға салғандай әдемі қыз: «мына жігіт менікі», депті құрбыларына. Сол қа­рын­­дасқа рахметімді айта алмай қалдым.

P.S. Көкшетауда алғашқы «Жігіт сұлтаны» байқауында бас жүлдені жеңіп алып, тұлпарын халық ақыны Кө­кен Шәкеевке мінгізіп кеткен қазақтың ақберен жігіті бүгінде Ордабасы ауда­ны­ның мәдениет бөлімін бас­қарады.

Үйіне келген қонаққа жалғыз атын жетектетіп жі­бе­ретін баяғы сақы қазақ­тардың сарқыты сияқты қалпынан еш айнымаған Құр­машты көргенде осы оқиғ­а еске түсе береді.


Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.06.2017

Үркер-2017. Қазақстан туралы үздік танымдық мақала авторы анықталды

28.06.2017

Жанболат Аупбаев "Үздік журналистік зерттеу" номинациясы бойынша "Үркер" сыйлығын алды

28.06.2017

«Егеменнің» фототілшісі «Үркер-2017» сыйлығын алды

28.06.2017

Елбасы Әсет Исекешевті қабылдады

28.06.2017

Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев сенатор атанды

28.06.2017

Премьер-Министр Қызылордада «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты

28.06.2017

«Мерейлі отбасы» лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

28.06.2017

Премьер-Министр Қызылордада Елбасы Жолдауын іске асыру барысын талқылады

28.06.2017

Биылғы «Қазақстан барысы» турнирінде қандай өзгеріс бар?

28.06.2017

Қызылорда облысында балық экспорты үш есеге артты

28.06.2017

Дәурен Абаев журналистерді мерекемен құттықтады

28.06.2017

Елбасы Астана маңындағы көлдердің туристік әлеуетін арттыру қажеттігін айтты

28.06.2017

Қазақстанда дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы бекітілді

28.06.2017

Үкімет басшысы Сыр өңірінің білім беру саласындағы жобаларымен танысты

28.06.2017

Премьер Қызылордадағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын аралады

28.06.2017

ОҚО-да бюджет қаржысын тиімсіз жарату деректері әшкереленді

28.06.2017

Премьер Қызылордада МӘМС жүйесін енгізуге дайындық барысымен танысты

28.06.2017

Премьер-Министр Сырдария өзеніндегі гидротехникалық құрылыспен танысты

28.06.2017

ҚР Омбудсмені Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

28.06.2017

Қостанайда жаңа басқармаға жаңа басшы тағайындалды

КОЛУМНИСТЕР

Атамұрат  ШӘМЕНОВ,

Кәсіпке баулудың кейбір мәселелері

Елімізде еңбекке қабілетті адамдар саны 9 миллион екен, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 8,5 миллион, 6,3 миллион – жалдамалы жұмыскерлер, 2,2 миллион – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Ал жұмыссыздар 445 мың адам. Ал жұмыспен қамтылған­дар саны жұмысқа жарамды адам­дар санының 67 пайызын құрайды, ал бұл көрсеткіш біз ұмтылып жүрген өркениетті 30 елде орташа алғанда 82 пайызды құрайды. Яғни, Қазақстан үшін халықты шынайы жұмыспен қамту жайы өзекті болып отыр.

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Болашақтың мамандықтары

Білім – шамшырақ. Алдағы жол андыздап көрінеді. Сүрінбейсіз, жортақтауыңыз, желе жортуыңыз, бауырыңызды кең жазған шабысыңыз жиған білімге байла­ныс­ты. Білім – ырыстың тіз­гіні. Ырысты тал бесіктен жер бе­сік­ке дейін іздейтін уақыт туды. Өй­т­кені, білгірге ділгірлік бар. Тес­тілеу қортындысы бойынша жо­­ға­ры оқу орындарына құжат тап­сы­ратын талапкердің өмірлік мақ­­сат-мұратын айқындауы – ел болашағына қосар үлесін ай­қын­да­уы. Сондықтан мамандық таң­дау­ға бейжай қарауға болмайды.

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Қазақ киносы және киноархив

Бүгінгі күн ертең тарих болып қалары сөзсіз. Ертең кешегі күннің ізін іздейміз. Өнерде де дәл солай. Өт­кен күннің іздерін сол күйінде «қал­пына келтіру» арқылы жеке шы­ғар­ма­лардың ғана емес, тұтас бір ке­зең­нің тарихын мейлінше объек­тив­ті түр­де шынайы суреттеуде, зерт­теу­де ар­хивтің, ондағы сақталған ма­те­ри­ал­дардың маңызы орасан зор.

Нұрлан СЕЙДІН, саясаттанушы

Төрағалық табыстары

Қазақстан өзінің Шанхай ынтымақ­тастық ұйымындағы (ШЫҰ) 2016-2017 жылдардағы кезекті төрағалығын үстіміздегі жылдың 9 маусымында Астанада өткен Мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қоры­тын­дылады. Әдеттегідей, еліміз бұл төраға­лыққа үлкен дайындық­пен келіп, ұйымның жаңа сатыға көтерілуіне, аймақ мемлекеттері ара­сын­­дағы саяси-экономикалық, қауіп­сіз­дік және мәдени-гуманитарлық сала­лар­дағы ынтымақтастықты нығай­туға барынша күш салғаны белгілі.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Төрінен қонақ үзілмейтін үлкен үй

Кез келген қаладағы келімді-кетімді жолаушыларға лайықты қызмет көрсетіп, адамдардың демалуы мен жүріп-тұруына жағдай жасау – жауапты міндет. Әлемнің дамыған елдері бұл бағыттағы жұ­мыстарды логистикалық карта аясында жүргізіп, қонақ қабылдау мен қызмет көрсетудің де озық үлгі­лерін қалыптастырып отыр. Яғни, туризмнің дамуына күш, қай­рат, қаржы жұмсау арқылы оны есе­леп қайтарып алу қамында көптеген жұ­мыстар жасалуда. Қуанарлығы, еліміздегі логистика бағытындағы дамыту жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатыр. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу