Нақты нәтиже мен ілкімді іс керек

Елбасының руханиятқа байланысты белгілеп берген міндеттерін талқылаудан Алматы қаласының зиялы қауымы мен шығармашылық өкілдері де сырт қалмай, «Достық» үйінің дөңгелек үстелі басында ой-пікірлерін ортаға салуға жиналды. Қоғамның қозғаушы күші саналатын қайраткерлер нақты нәтиже мен ілкімді іс талап етіп отырған Президент бастамасына орай парасатты көзқарасын білдіруде тартынып қалмады. Еркін ойлы ел ағаларының қай-қайсысы да «жыл келгендей жақсылық сезінгенін» айтып, көптен күткен қуаныш әсерінен әлі айыға алмай, тебіреністе жүргендерін жасырмады. Бұрын жекелеген адамдар немесе шағын топ арасында ғана айтылатын әңгіме қоғам бетіне қалқып шығып, «Рухани жаңғыру» деп аталатын бағдарламалық тұрпатқа ие мақаладан көрініс тапты. Бұл – қоғам үшін үлкен олжа. Ендігі мақсат, Елбасының өзі ұйытқы болып көтерген ұлттық мәселені зиялы қауымның мүмкіндігінше пайдаға асыруы ғана болып отыр.
Егемен Қазақстан
14.04.2017 2971

Жыл басындағы Жолдауын Президент саяси жаңғыруға орайластырса, одан кейінгі экономикалық жаңғырудан соң рухани жаңғыруға кезек келгені және оның кең ауқымды жобалармен тізбектелгені жоғары руханиятты ел қалыптастырудың қадамы ретінде қабылданды. Руханият адамға тіл, мәдениет, әдебиет, дәстүр, ғылым, білім арқылы сіңетіндіктен, әрқайсысын жеке-дара емес, біртұтас қарағанда ғана толыққанды сипаты танылмақ, ал рухани әлемі бай адам – қазынасы мол құнарлы ұлтты құрайды. Қазақстан Жазушылар одағы, Ұлттық ғылым академиясы, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы, өнер, кинематография, қоғамдық ұйым өкілдері жиылған басқосуды жүргізген Ұлттық кітап палатасының директоры, жазушы Әлібек Асқаров алғышарты пісіп-жетілген мәселені өркениет көзқарасы тұрғысынан кең қарауға шақырып, келісімді ортақ уәждің басқосудың қабылдаған қарары ретінде уәкілетті орынға жолданатынын жеткізді.


Түркі әлемімен тұтас болу қадамы


Халықтың рухани құнды­лықтары – байлықтың ең үлкені. Біз ел боламыз десек, етегімізді жинаймыз десек, ең алдымен, рухани құндылықты бағалай алуымыз шарт. Қазіргі кезде дүние қуғандар көп, рухани азық жиған адам аз. Көшеде біреу қисайып жатса, «мас адам» деп мән бермей өте шығатын болдық. Мүмкін, ол жүрек талмасынан құлаған шығар. Ол жағын ойламайтын болғанымыздың басты себебі – рухани жұтаңдық. Сол бос кеудені толтыру үшін жасалған қадам деп білемін Елбасының бұл мақаласын.

Ұлттың тағдыры 50-60 жылмен өлшенбейді. Латынға көшсек, кирилл қарпімен жазған дүниелерімізді ақырындап көшіріп алармыз. Ең бастысы, түркі әлемімен тұтас болудың алғашқы қадамын жасауымыз керек.


Кәдірбек СЕГІЗБАЙҰЛЫ,

жазушы


Тіл ерекшелігін сақтап қалу керек


Біздің 40 пайыз қазақ балалары орыс мектебінде оқиды. Алматыдағы, Астанадағы орыс мектептеріндегі оқушылардың 70-80 пайызы қазақ балалары. Қазақ мектебі латынға көшіп, орыс мектебі көшпесе, не болады? Орыс мектебінде оқитын, қазақ мектебінде оқитын қазақ балаларының арасында жік тумай ма? Бұл – қауіп. Ол бұрын орыс мектебінде оқыса да, қазақ кітаптарын оқи алатын бала енді қазақ кітаптарын оқи алмайтын болады. Бұл дұрыс шешімін табуы тиіс мәселе.

Екіншіден, 1957 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен қазақ тілінің емлесі бекітілді. 1983 жылы қайта өзгертілді. Қырық екі әріп бойынша әліпбиде жеті бөтен әріп бар. Орыс тілінен енген. Екі дыбыс­ты бір әріппен белгілеу қазақ тілінің түп-тамырын жояды. Өйткені, қазақ тілі – жалғамалы тіл. Бұл тілде екі дыбыстың орнына бір әріп жазу дыбыс үндестігін жояды. Ал қазақ тілінің негізгі заңы – дыбыс үндестігі. 1957 жылғы ережеде «орыс тілінен енген сөздер қазақ тілінде орыс тілінің орфографиясын сақтап жазылады» деген. Ал «араб-парсы тілінен енген сөздер қазақ тілінің заңына бағынып өзгертіледі» деген. Сонда орыс тілі ана тілі де, парсы, араб тілі шет тілі ме? Латын қарпіне көшкенде осы заңды да өзгертуіміз керек. Латын әліпбиі қазақ тілінің ерекшелігін сақтап қалуға қолайлы. Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілдің табиғатына қарап емле жазылады, емле заңына қарап тіл жазылмайды», деген. 


Бексұлтан НҰРЖЕКЕҰЛЫ,

жазушы


Рухани болмыс басты назарда болуы тиіс


Елбасымыздың бағдарла­ма­лық мақаласы ширек ғасыр­дан аса уақыт күткен үлкен тари­­­хи маңызы бар құжат деп есеп­­­тей­мін. Өйткені, адам­зат дамуының екі қыры бар. Бірінші, мате­риалдық жағы­нан, келесісі рухани тұрғыдан. Осы уақытқа дейін халық­тың әл-ауқатын арттырып, материалдық даму мен экономикалық өрістеуді алғашқы орынға қойып келдік. Нәтижесінде, экономикалық тұрғыдан ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Әлі де атқарылатын міндеттер нақты алға қойылды. Ендігі кезекте рухани, ұлттық мәселелерді көтеретін шақ келді деп ойлаймын.

Осыған байланысты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы алдағы уақытта не істейміз, не қоямыз, қазақ ұлтының болашағы қандай болмақ деген мәселелердің төңірегінде ой қозғаған үлкен тарихи бастама деп түсінеміз. Адамзат баласының ерекшелігі оның рухани болмысымен тығыз байланысты. Адамгершілік мәселелері, ұлттық сана-сезім қашанда басты назарда болуға тиіс. «Ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу, оларды заманға лайықты қалай реттеп отыруымыз керек?» деген мәселелерге аталмыш мақаладан нақты жауап табамыз. Елбасымыздың айтуынша, Қазақстанда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, Қазақстанда тұратын барлық халықтарды ұйымдастыратын, қазақтың ұлттық болашағын айқындайтын негізгі тіл. Өмірдің заңына, уақыттың ағымына сай өзге тілдерді де білуіміз керек. Дегенмен, ұлттық құндылықтарымыз бен ана тілімізді ардақтауды алғашқы орынға қоюымыз керек. Бағыт айқын. Алайда, соны жүзеге асыруда әдістемелік, тактикалық мәселелерді ойласып шешу мәселесін оң жолға қоюымыз қажет. Қандай да бір мемлекеттік мәселе ұлттық мүдде тұрғысынан шешілуге тиіс

Елбасының мақаласын оқыған кезде маған осындай ойлар келді. Бұл бағытты басшылыққа алып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде бәріміз табандылық таныта білейік.


Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ,

филология ғылымдарының докторы, профессор


Кириллицамен қоштасатын кез жетті


Елбасымыздың мақаласын біздің негізгі ұлттық идеямыз деп айтсақ, артық болмайтын шығар. Осыны ары қарай дамытып, жалғастыру біздің қолымызда. Бір айта кетерлік мәселе, экономикалық жағдайларға байланысты соңғы кезде көш сәл саябырсып қалған болатын. Бұл мәселе де қазір қайта жолға қойылып келеді. Осыған байланысты заң қабылданды. Осы межемен іске аса беретін болса, алдағы уақытта қазақ саны 75 пайызға дейін жететін болады. Бір-бірімізбен қазақша түсініп сөйлескенімізбен, оқу-сызуға келгенде Қазақстан жұрты – кириллицада, Қытайдағы бауырларымыз – төте жазуда, көршілеріміздің көбі латынға ойысты. Бір-бірімізбен хат алмасып, сөйлесуіміз қиынға соғып отыр. Қытайдағы қандастарымыз: «Біз сіздерге қарап отырмыз ғой. Егер сіздер латынға көшсеңіздер, біз де соған бейімделуге дайынбыз. Төте жазудың бізге керегі жоқ», дейді.

Тіл мамандары мен ғалымдар күш біріктіріп, көршілес елдердің тәжірибесін ескере келе, латын қарпіне көшу мәселесінде уақыт оздырмай нақты іске кірісуіміз қажет. Сондай-ақ, мұнда айтылған терең мазмұнды ойларды орыстілді басылымдарға кең ауқымда дұрыс түсіндіруіміз керек. Менің өз түсінігімде рухани жаңғыру – жастардың қолында. Сондықтан оларға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, отансүйгіштікке тәрбиелейік.


Талғат МАМАШЕВ,

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары


Өзекті мәселені қозғаған ерекше құжат

бастама көтерді. Оны ары қарай қостау – бәрімізге ортақ міндет. Бұл тек қана өкіметке артып қоятын мәселе емес. Тіл туралы заңның қабылданғанына биыл жиырма жыл толды. Сол жиырма жылдың ішінде Үкіметіміз мемлекеттік тілді меңгеруге тиісті лауазымды тұлғалардың тізімін жасай алған жоқ. Сол Үкіметке ықпал ету үшін Елбасымыз кеше қоғамдық ұйымдар, жазушы, академик, басқа да үлкен бірлестіктердің атын осы мақалаға енгізіп отыр.

Мақалада айтылған міндеттерді жолға қоюда Алма­ты қаласының зиялы қауым өкілдері білек сыбана кірісуіміз керек. Үкімет жүз кітап шығаратын болса, біз Ал­маты қала­сының көлемінде латын қарпімен он кітап шыға­ра­йық. Мақсаттарды жүзеге асыруды осы бастан қолға ала­йық. Екінші, осы мәселелерді жергілікті жерлерде жүзеге асыратын тіл басқармаларының қызметін ре­фор­малап, ықпалын арттыруды қолға алу қажет. Қай тұр­ғы­дан алып қарағанда да Елбасының бағдарламалық мақа­ласы талай өзекті мәселелерді қозғаған ерекше тарихи құжат.


Кайым-Мұнар ТӘБЕЕВ,

«Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары















СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2018

Кабулдегі террорлық шабуылда 18 адам қаза тапты, соның біреуі Қазақстан азаматы

21.01.2018

Баянауылдың аэродромын аяқтау үшін 250 млн теңге қажет

21.01.2018

Павлодарда металлургтерге 10 көлік берілді

21.01.2018

Алексей Полторанин әлем кубогы кезеңінде топ жарды

21.01.2018

Аязға байланысты үш өңірде жол жабылды

21.01.2018

Павлодарда коттедждер кенті салынады

21.01.2018

Биыл Өскеменде 30 аула абаттандырылады

21.01.2018

Ертең Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептерде сабақ болмайды

21.01.2018

Астанада энергетикалық кешеннің алдағы қатты аязға дайындығы тексерілді

21.01.2018

Түпқараған ауданында сүт зауыты ашылды

21.01.2018

ОҚО-да биыл «Индустрияландыру картасы» шеңберінде 9 жоба іске қосылады

21.01.2018

Өскемен мен Аягөздегі әскери бөлімдер жауынгерлік даярлықтарын пысықтады

21.01.2018

Ольга Рыпакова турниріне 8 мемлекеттің жеңіл атлеттері қатысты

21.01.2018

Ақтөбедегі автобус өртінен қаза тапқандардың толық аты-жөндері белгілі болды

21.01.2018

Алматыда «Ұлы Дала саздары» атты концерт өтеді

21.01.2018

Қазақстанның төрағалық етуімен Қауіпсіздік Кеңесінде министрлік деңгейінде дебаттар өткізілді

21.01.2018

Білім басқармасы ауа райы жағдайына байланысты сабақтарды тоқтату қалай қабылданатынын мәлімдеді

21.01.2018

Сыртқы істер министрі Нью-Йоркте бірнеше кездесу өткізді

21.01.2018

Қазақстан арқылы Әзербайжанға жөнелтілетін Қытайдың жүк пойызы жолға шықты

21.01.2018

Оңтүстік өңіріндегі көне қалалар бойынша деректі фильм түсірілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

АҚШ-та білім алып жүргенімізде екі апта бойы сөз бостандығы абсолют­тік болуы тиіс пе деген тақырыпты тал­қыладық. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ғажайып жаңалықтар

Заманауи экономиканың дамуы адамзатқа орасан зор жаңа мүмкіндіктер ұсынатындығын, соған сай экономиканың кейбір дәстүрлі салаларының түбегейлі өзгеріске түсетінін қазірдің өзінде байқауға болады. Тек бір ғана ауыл шаруашылығын алып қарайықшы.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қайдасың, менің ертегім?!

Алпысыншы жылдардың басында мектеп табалдырығын аттаған біздің толқынның бала қиялын баураған ғажап – қазақтың ертегілері мен батырлар жыры еді-ау. Сол кезде сол бір ғажайыптар әлемінен санамызға сің­ген сансыз суреттер бұл күнде сағындырып, сабырымызды сарқып ішкендей болады. Сондағы небір керемет сиқырларды көруге көңіл ынтығып, көкірек көзі құмартып, құштарлана ашылғандай күйге енеті­німіз бар.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Тажалды тізгіндеудегі байыпты бітімгерлік

Вашингтондағы кездесулер жоғары деңгейде өтті. Әлемнің белді, белгілі ақпарат құралдары да ол туралы жарыса жазуда. Маңызды кездесулердің өзекті тұсы – Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі табанды ұстанымы мен байыпты қызметін жоғары бағалау болды. Бұл іс жүзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бейбітшілікті сақтау мақсатындағы жеке бастамалары мен осы бағыттағы қажырлы қызметіне, әлем­дік деңгейдегі қайраткерлік болмысы­на берілген баға деп пайымдаймыз. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу