Наурыз мейрамы Астанада қалай өтеді?

Астанада Наурыз мейрамына орайластырылған шаралар 5 алаңда және 10 тұрғын үй алабында ұйымдастырылады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
18.03.2017 1561

21-23 наурызда «Хан Шатыр» СОСО жанындағы алаңда үлкен этноауыл ашылады. Мұнда 19 киіз үй тігіледі, шығыс базары, сауда орындары, алтыбақан орнатылады.

Әрбір киіз үйдің жанында Астана қаласы театрларының артистерімен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетіледі. Сауда орындарында ыстық шығыс тағамдары сатылады. Шығыс базарының аумағында көрме-сауда ұйымдастырылады, қолөнер шеберлері сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын жасауды үйретеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына бауырсақ пен Наурыз көже ұсынылады.

Сонымен қатар, Астананың жетекші шығармашылық ұжымдарының концерттері өтеді. Атап айтқанда, «Қорқыт» дәстүрлі музыка ансамблі, «Сарыарқа» халық аспаптары ансамблі, Астана қаласының қуыршақ театры, Астана қаласының мемлекеттік академиялық филармониясының солистері және қазақстандық эстрада жұлдыздары өз өнерлерін ортаға салады.

Бұдан басқа, жиналған қауым қазақша күрес, арқан тартыс, гір көтеру, қой көтеру сынды спорттық жарыстарға қатыса алады. Сондай-ақ, Наурыз мейрамын мерекелеу аясында иттер жарысы мен төбет және тазылар көрмесі өткізіледі.

21 және 22 наурызда мерекелік бағдарлама «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда («Шабыт» ҚҰӨУ жанында), қалалық әкімдіктің жанындағы алаңда, Студенттік саябақта («Қазақстан» спорт кешенінің аумағы) және «Жастар» театрының алдындағы аумақта (вокзал ауданы) ұйымдастырылады. Наурыз мейрамына арналған халықтық серуендер өтетін барлық алаңдарда киіз үйлер тігіледі, алтыбақандар орнатылады, спорттық жарыстар мен қазақстандық эстрада орындаушыларының қатысуымен концерттер өтеді.

Киіз үйлерде қазақ халқының «Бата беру», «Тұсаукесер», «Айтыс», «Ұлттық ойындар», «Беташар», «Көрісу-амандасу», «Бесікке салу», «Ат қою» сынды дәстүрлері көрсетіледі.

Астананың шет аумақтарында да мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Наурыздың 18-22-сі аралығында мерекеге орайластырылған концерттер мен шаралар Железнодорожный, Промышленный, Интернациональный, Күйгенжар, Мичурино, Пригородный, Ильинка, Көктал-1, Көктал-2 және Өндіріс тұрғын алаптарында өтеді.

19 наурызда сағат 15:00-17:00 «Алау» мұз сарайында «Асық Party» асық ату жарысы өтеді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2018

Құдық қазу жұмыстарына кеткен шығынның 80 пайызы қайтарылады

17.01.2018

Астанада заманауи балабақша ашылды

17.01.2018

Мәскеуде Қазақстанның жаңа консулы тағайындалды

17.01.2018

Тайландта босанған ана санавиациямен елге жеткізілді

17.01.2018

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кездесуі әлемдік БАҚ назарында

17.01.2018

Асқар Жұмағалиев «Қорғас-Шығыс қақпасы» аймағының жұмысымен танысты

17.01.2018

Құлсарыда жылыжай  ашылды

17.01.2018

Қ.Тоқаев Елбасының АҚШ сапары туралы пікір білдірді

17.01.2018

Президенттің АҚШ-қа сапары. Стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі

17.01.2018

АҚШ-та Қазақстан әдебиеті мен мәдениет орталығы ашылады

17.01.2018

Аяз мүйізді, мүйіз тұқылды қалай қысады?..

17.01.2018

Түлкиевтің туындысы

17.01.2018

Атырауда көкпар тартушылар көбейді

17.01.2018

Абайдың алғашқы кітабы

17.01.2018

Сыр өңірінде жаңа аурухана ашылды

17.01.2018

Алматыда ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевтың мерейтойы атап өтілді

17.01.2018

Жарасбайдың жаналғышы

17.01.2018

Аққу кеткен...

17.01.2018

Парасат пен пайымды ту еткен ғалым. Немесе инженер Тұрлыбек Ысқақов туралы

17.01.2018

«Абыз» ұғымының аясы кең

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Дамудың даңғыл жолы

Елімізде жүргізіліп жатқан ірі реформалар нәтижесі қазір өз жемісін бе­руде. Қолға алынған зор мін­дет­тер­дің негізгі мәні – Қазақ­стан­ның жан-жақты дамуы, көр­кеюі болатын. Сондықтан бұл реформалар аяқ астынан пайда бола қойған жоқ. За­ман­ның дидары ө+згеруіне орай, мем­лекеттік салалардың жүгі де, ісі де өзгеруі тиіс еді.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Рухсыздық – оқымаудан, тыңдамаудан

Құдірет адамзатты керемет хикметпен, ілтипатпен, мейірбандықпен, көркемдік сұлулығымен қызықтырып, сыңғырлатып жаратқаны мәлім. Ойлау мен қарекет жасау үшін жаралған адамның тұлғасы, таратыңқырап айтқанда, оның қолынан, қиялынан, білімдарлығынан шыққан сәулет, сурет, мүсін, қолөнер, музыка, сөз өнерінің таңғажайып жәдігерлері, телегей-теңіз шынайы жан сырлары, ғылыми-шығар­машылық ғаламат жетістіктері өлшеусіз ғой. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Ұжымдық ұстаным

Ұжымдық рух ұлы жеңістерге қол жеткізеді. Қазақ айтады: «Үш адамның басы қосылса – қауым». Қауым­дасқаннан бері адамзат сан түрлі қоғамдық құрылысты өт­кер­ді. Ал қазіргі нарықтық қоғам­ның кілті – табыс. Яғни биік мүдде жолында ұжымдасу және белгілі нәтижеге қол жеткізу.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік бастамалары

Еліміз егемендіктің бастапқы ке­зінде-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік Қазақстанның сырт­қы саясатының негізгі басым­дық­тарының бірі болатынын төрт­күл дүниеге жария еткен еді. Содан бері еліміз халық­аралық аренада сол бағытты берік ұстанып, оны бел­сенді түрде жүзеге асырып келеді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу