Наурыз нұры

Қазақтың Наурызы. Ықылым за­ман­дардан бергі кіндігімізбен бай­лан­ған, болмысымызға айналған, жан дү­­­ниемізде байырқалап жайланған Жыл басы. Осы асылымыздан алпыс екі жыл бойы көз жазып қалып, одан Тәуелсіздігіміздің алдында Тә­ңі­­рі жарылқап қайта қауышып, ар­қа-жарқа қуанышпен дүбірлеп, күм­бір­леп көзайым болған керемет күн­дер де дәл бүгінгідей есімізде.
Егемен Қазақстан
18.03.2017 434

Алматы билеп тұрды. Алатаудың баурайы әнмен тербелді. Домбырадан күй төгілді. Сән-салтанаты жарасқан түйелі көш Абай даңғылымен Орталық стадионға бет түзеді. Шаттық шашулары шашылды. Күллі еліміз бойынша. Қарт Қаратаудан көркем Көкшеге дейінгі, Ал­тайдан Атырауға дейінгі ұлан-байтақ даламызды, қаламызды Наурыздың нұры мен жыры әлдиледі. Ақ үйлердің ішінде ақ тілектер ақтарылды теңіздей. Ақ ба­та­ға алақандар жайылды. Ақ дас­тар­қан­дар­ға берекенің белгісіндей, махаббатпен балқып піскен тәтті бауырсақтар то­пылд­ап төгіліп еді.

Содан бері де, қазақы ұғыммен қай­ыр­с­ақ, екі мүшелден артық уақыт зуыл­дап өте шығыпты. Сөйтіп, егемен жылдарда еркін тыныстаған Қазақ елі биыл Ұлыстың ұлы күнін өз төрінде, өз белінде рес­ми түрде жиырма бесінші рет қарсы алып отыр. Ордабұзар отыздың белесі ал­да. Қаншама қапаланған үзілістен кей­ін сүйек үзбей халқымызбен қайта та­бысқан Наурызымыз көк байрақты Тәуелсіздігімізбен бірге жасап, бірге ме­рей­леніп, бірге шаттанып, елдігімізге, бү­тін­дігімізге, бірлігімізге қызмет етіп ке­ле жатуының өзі бір ғанибет емес пе.

Айтты-айтпады, осынау жылдар ішін­­де шапағат Наурыз өз міндет-ми­ссия­сының шырқау биігінен табылды. Жел­тоқсанның шер-наласынан кейінгі кө­ңілі жарым қазақты бір серпілдірді, жі­гер беріп желпіндірді, бойына ежелгі кеу­­д­есі биік ата-бабаларының алау на­мы­сынан жаралған шуақ пен қуат құй­ып рухтандырды. Өйткені, Наурыз қа­зақ­­тың жаны, жанының күйі, жанының жа­­пырағы еді. Аңқылдаған адал жүректі, ер көңілді дарқан қазақтың өзі еді Нау­рыз. Әз Наурыздың ізгілікті әзиз ті­легі мәңгілікті аңсаған көкбайрақты мем­лекетіміздің мият­ты мұратымен қы­тық­сыз үйлесіп, бауырласа үндесті. Бү­­гін­де Наурыз ата қазақтың жерін ме­­к­ендеген он сан ұлттар мен ұлыстар ба­­қытының басты тілекшісіне, ордалы Отан­­дағы қордалы бақ-берекеміздің, та­­тулық пен тыныштығымыздың Қыдыр шырақшысына айналды десек те, еш артық айтқандық емес. Нау­рыз Қазақстанның әр үйінде, әр отба­сын­да, әр қазақтың ғана емес, әр қа­зақ­стандықтың да жан-жүрегінде бүрледі.

Әлбетте, Наурыз қазаққа ғана тән емес, жыл басы ретінде ол қаншама шы­­ғыс халықтарына, күллі түркі қау­ы­мына, өзбек пен қырғызға, тәжік пен тү­р­кіменге, татар мен башқұртқа, басқа да жамағат ағайынға ортақ мереке. Бірақ солардың ішінде, әсіресе, қазақтың Нау­рызы жанымызға жақын, жарқырап кө­рі­неді. Наурыз нақ осы қазағымыздың жа­нынан жаралғандай, тамырын қуа­лаған қанынан нәр алғандай. Наурыз той­ланғанда халқымыздың болмыс-бі­тімі, ажар-келбеті, дара қасиеттері, өне­рі, ән-жыры, әдет-ғұрпы мен салт-дәс­түрі, мінез-құлқы түгел көрініс тауып, «Қазақ осы!» дегендей қазақты танытуы да тамаша ұлағат. Өз қолымыз өз аузымызға жеткен бостан жылдары­мыз­да Наурыздың халықаралық мерей-мәр­тебесі өрлеп көтерілді. Бұл шақта Ұлыс­тың ұлы күнінің Мәскеуде, Па­рижде, Венада, Лондонда, Мадридте, Атлант мұхитының ар жағындағы ал­пауыт елдерде тойланып жатуы тап қазір таң­ға­лар­­лық жағдай емес. Наурыз­ы­мыз­дың бұ­лайша дүйім дүниеге таныла бастауы да Тәуелсіздігіміздің арқасы екендігіне ш­ү­кір, тәубе дейміз.

Алтын күректің желі ескектетіп соқ­қан, Самарқанның көк тасы жібіген, күн мен түн теңелген, «ойдағы ел қырдағы ел­мен араласып… қой қоздап, қорада шу» көтерген құт Наурызымыз айналып оралды тағы да. Осы Наурызды ке­­меңгер ақынымыз Мағжан өткен ға­сыр­дың жиырмасыншы жылдарында «Қазақтың жаңа жылы» деп айдарлап, оның шаруашылық маңызына, діни мейрам еместігіне, тұрмыс мейрамы, ша­руашылық мейрамы екендігіне баса мән берген екен. «Бұл мейрамды дұ­рыс­тап өткізу керек. Бұл мейрамды тұр­мыспен, ғылыммен байланыстырып, қо­ғамға пайдалы іс жасайтын… мейрам ету керек», деп өсиет қалдырыпты. Біз­дің Наурызды тойлауымыз осы Мағ­жан айтқан үдеден шығып та жатыр. Ұлыс­тың оң болуын, ақ пен төлдің мол бо­луын, ырыстың ортаймауын тілейтін ті­лек осыны аңғартады. Екіншіден, бү­гін­гі қоғамға ең пайдалысы, бүгінгі за­мандағы Наурыз тойларымыздың ең басты тілегі – ешқашан өлмейтін, кө­нермейтін рухани тазаруды мұрат тұт­қан, ізгілік пен адамгершілікті, мейірім-ма­хаббат пен бауырмалдықты жалау ет­кен тілек екендігі де бір ғажап. Иә, қа­зақтың жаңа жылы жақсылыққа жақ, тілегі пен ниеті әрқашан ақ.

Наурыз нақыштары жыл өткен сайын бедерленуде, мазмұны байи түсуде. Десе де, ұлттық жыл басымызды жаңартып түр­­лендіру, тағылым-ғибраттарын то­лық­тырып, мағынасын молықтыра беру, мәр­тебесін асыру – елдігімізге сын. Олай болса, ел Парламенті «Наурыз ту­ра­лы» заң жобасын ойластырса, құба-құп болар еді. Әманда, Наурыз жырымен шал­қиық, Наурыз нұрымен балқиық. Ұлы­сым болсын бақтылы, Ырыздық тұн­ғай ақтылы, Патшамыз тұрғай тақ­ты­лы. Шапағат Наурыз шалқытқан Алаш­тың асқай шаттығы!..

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.06.2018

Үздік дәрігерге 1 000 000 теңге берілді

18.06.2018

Әділ Ахметов. Астана айбыны

18.06.2018

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

18.06.2018

Тіл төрге озғалы қашан - Сүлеймен Мәмет

18.06.2018

Географ-геоморфолог Серікбол Қондыбай туралы сыр

18.06.2018

Басқа басылымдардан: Аустрия 7 мешітті жауып, 60 имамды елден шығармақ

18.06.2018

АҚШ-КХДР саммитінің маңызы қандай?

18.06.2018

Дәурен Абаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті

18.06.2018

Елімізде көп адамның еңбек мәртебесі жоқ - Мәдина Әбілқасымова

18.06.2018

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтына 25 жыл толды

18.06.2018

Астанада үздік мектеп бітірушілерді марапаттады

18.06.2018

ҚР КК-нің «ҚР конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауы

18.06.2018

Ауыл шаруашылығы министрі халыққа есеп берді

18.06.2018

Парламентте бюджеттің атқарылу есебі қабылданды

18.06.2018

Астана-20: Бас қала осылай басталған

17.06.2018

Рельстен шығып кеткен пойыздың 832 жолаушысы Шу станциясына жеткізілді

17.06.2018

«ҚТЖ»  ҰҚ  қайтыс болған жолаушының отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты

17.06.2018

IRONMAN 70.3 триатлоннан халықаралық чемпионаттың бірінші жеңімпаздары марапатталды

17.06.2018

Қызылорда қаласының әкімі ардагер ақсақалдарды мерейтойларымен құттықтады

17.06.2018

Түркияда дәстүрлі өнер фестивалі өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Minecraft»: еңбекке жетелей ме, еліктіре ме?

Бүгінде балаларды еліктіріп, баурап алатын қызықтардың саны жеткілікті. Барлығы жеткіншектің ой-өрісінің дамуына, физикалық тұрғыда шыңдалуына, жан-жақты болып өсуіне ықпал ете ме, жоқ әлде зиянды тұстары молырақ па?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Педагогикалық басылымдарға қолдау қажет

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің баспасөз саласы да нарықтық қатынас­тар­ға біртіндеп ене бастады. Бүгінде оны қаптаған ақпарат құралдарынан көріп отырмыз. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ дастарқаны

Қазақтың байтақ даласындай ақ дастарқаны, сол дастарқанға қойылған табиғи тағамдары, кіршіксіз көңілі, қайтсем үдеден шығамын деп құрақ ұшып, құлдай жүруі – бұл өзге жұрттарда кездесе бермейтін бір әлем. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу