Назарбаев: Германия Президентімен өткен кездесуде 1 миллиард доллар болатын 20-дан астам құжатқа қол қойылды

Қазақстан Президенті Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің ресми сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингін өткізді, деп хабарлайды akorda.kz.
Егемен Қазақстан
12.07.2017 1159

Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері алдында сөйлеген сөзінде Германия Президентінің сапары екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толып отырған кезге тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін айтты.

– Біз бүгінде кең ауқымды саяси әрі экономикалық қарым-қатынастар бойынша стратегиялық серіктестік деңгейіне шықтық. Мен Германия Президентімен Қазақстанның даму үдерістері, өңірдегі республика алдында тұрған сыртқы саяси міндеттер жөнінде ой бөлістім. Германия – біздің сенімді досымыз әрі негізгі экономикалық әріптесіміз. Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен 900-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеуде, ал тікелей инвестиция көлемі 4 миллиард доллардан асып отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті өзара қарым-қатынасты тереңдету жөніндегі тұрақты жұмыстар оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

– Қазақстандағы индустрияландыру үдерістеріне озық технологияларды қолдана отырып, Германия бизнесін тарту мүмкіндігі талқыланды. Шикізат, өнеркәсіп, технология салаларындағы серіктестік туралы келісімді тиімді іске асыру мәселесіне баса назар аударылып отыр. Жүргізіліп жатқан жекешелендіру, кәсіби-техникалық мамандарды даярлау жұмыстары аясында өзара іс-қимылды күшейту қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығындағы, көлік-транзит саласындағы екіжақты қарым-қатынасты жандандыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

– Қазақстанның географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасуын ескеріп, біз жүктерді Қытайдан Орталық Азия арқылы Германияға құрлықпен жеткізу идеясын одан әрі ілгерілету үшін күш жұмылдыруға ниеттіміз. Қазақстанда Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізу жөніндегі бірлескен жобалар айтарлықтай қызығушылық тудырып отыр. Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің табысты жұмысының маңызы зор. Бүгінгі кездесудің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 миллиард доллар болатын 20-дан астам құжатқа қол қойылды, – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев ғылым мен білім беру және мәдени-гуманитарлық салаларда атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударды.

– Қазақстанда тұратын мыңдаған неміс қауымының Германияға көшіп кеткен немістермен достық, туыстық байланыста болуы маңызды. Халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша елдеріміздің ұстанымдары ұқсас екенін атап өткім келеді. Германияның және Штайнмайер мырзаның жеке қолдауының арқасында Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі 2007-2013 жылдарға арналған алғашқы стратегиясы қабылданып, біздің өңірге қатысты Су бастамасы іске қосылған болатын. Қазақстанның Еуропалық Одақпен кеңейтілген серіктестігі туралы келісімді ратификациялағандарыңыз үшін Сізге және Сіздің еліңізге ризашылығымызды білдіреміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Германияның әлемдік саясаттағы рөлін жоғары бағалап, Гамбургте өткен G-20 саммитін атап өтті.

Мемлекет басшысы БАҚ өкілдеріне Украинаның оңтүстік-шығысында және Таяу Шығыста орын алып отырған қақтығысқа қатысты Германия Президентімен пікір алмасқанын да айтты.

Германия Федеративтік Республикасының Президенті Таяу және Орта Шығыс пен Украинаның оңтүстік-шығысындағы мәселелерге қатысты ашық әңгіме болғанына тоқталды.

– Дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған 25 жылдың ішінде елдеріміз арасындағы ынтымақтастық экономикалық мәселелермен ғана шектеліп қалмай, түрлі сипатқа ие болды. Ең алдымен, бұл – Қазақстанда белсенді түрде қызмет етіп келе жатқан түрлі білім беру институттары мен қорлар. Бұл бірлесе дамуымыздың оң үрдісі, – деді Ф.-В.Штайнмайер.

Германия Президенті Қазақстанның өңірдегі сыртқы саяси рөлін жоғары бағалады.

– Қазақстан – өңірдегі тұрақтылық тірегі, өзіне сенімді мемлекет. Аймақтағы бейбітшілікті қамтамасыз ету және еліңіздің табысты дамуына серпін беру үшін Сіз, Президент мырза, ядролық қарудан бас тарттыңыз. Тәуелсіздіктің 25 жылдық кезеңінде Сіз дау-дамай мен қақтығыстарды дипломатиялық әдістермен әділетті түрде шешудің жарқын мысалын көрсетіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жауапты әріптес ретінде де өз миссияларыңызды атқарып келесіздер. Қазақстан Сирия қақтығысын реттеу үшін мүдделі тараптардың басқосуына жағдай жасады, – деді Ф.-В.Штайнмайер.

Германия Президенті Қытайдың Жаңа Жібек жолын дамыту бастамасын да атап өтті.

– Тарихи тұрғыда инфрақұрылымдық жоба ғана емес, халықтар арасында мәдени көпір рөлін атқарған бұл бастама қазіргі уақытта инвестициялық тартымдылық тұрғысынан ғана қарастырылмай, Шығыс пен Батыстың іс жүзінде тіл табысуына септігін тигізеді деп үміттенеміз. Қазақстан Қытай мен Батыстың арасында орналасқандықтан, оның бұл үдерістегі рөлі зор болатынына сенімдімін, – деді Ф.-В.Штайнмайер.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.08.2018

Еңбек ері – ұрпаққа үлгі

17.08.2018

Тарихи текетірес:Олжабай ма, Жаяу Мұса ма?

17.08.2018

Мемлекет басшысы «Агрофирма Эксимнан» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

«Нұрлы жер» аясында миллионнан астам шаршы метрі пайдалануға берілді

17.08.2018

Өзбекстанға Қазақстан арқылы өтетін автокөлік ағыны көбейді

17.08.2018

Озық идеядан – өндіріске

17.08.2018

Қазақстан және Германия Сыртқы істер министрлері екі елдің ынтымақтастығын талқылады

17.08.2018

Балаларға лагерь, лагерьлерге қаражат жеткіліксіз

17.08.2018

Елбасы Ильичевка ауылындағы тұрғын үй құрылысымен танысты

17.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Тайынша май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

17.08.2018

«Корея» синдромы

17.08.2018

Жақсы іс жалғасын табады

17.08.2018

ШҚО-да Шәкәрімнің160 жылдығы тойланып жатыр

17.08.2018

Шекарадағы құқық бұзушылық азайып келеді

17.08.2018

Сүт өнімдеріндегі баға теңсіздігі белең алып тұр

17.08.2018

Ауыл кооперативінің артықшылығы

17.08.2018

Отандық балмұздақтардың 10 тоннасы Алматыдан Шанхайға жіберілді

17.08.2018

Басты бағыт – цифрландыру

17.08.2018

Жамбылда ет экспорты мың тоннаға артады

17.08.2018

Рустам МИННИХАНОВ: Экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделіміз

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу