Несие алдың, қалтаға салдың...

Ұлттық банк мәліметі бойынша, қазірге дейін жеке тұлғалар мен екінші деңгейлі банктер арасында жасалған несие келісімінің саны рекордтық деңгейге жетіп, 5 383 000 шарт жасалған екен.

Ал осы келісімшарт негізінде бөлінген несие көлемі 3 трл 776 млрд 5 млн теңгеге жеткен.
Сондай-ақ, төленбегеніне 90 күннен асып кеткен келісімшарттар саны 4,5 мыңды құрап, қарыз құны 442,7 млрд теңге шамасында болып отыр. Сорақысы, кепілдікке баспанасын қойып, сау басына мәселе тауып алғандардың саны да 3,3 мың адамға жетіп, жалпы қарыз сомасы 224,5 млрд теңгені құраған. Беті аулақ, алда-жалда адамдардың төлем қабілеті аяқасты төмендеп кететін болса, осынша адамның үйі несие берушінің есебіне шешіліп, адамдар қаңғырып қалуы мүмкін...
Біздің қоғамда бірде-бір рет несие алмаған адамды кездестіру қиындау. Жалпы, несие алу әлем халықтарының барлығына тән үрдіс. Кез келген мемлекетте несие саясаты қолданылады. Қажетті тұрмыстық затты, көлікті, баспананы несиеге алу дәстүрі дамыған елдер үшін адамдардың әл-ауқатын арттыруға қызмет етіп қоймай, тұрғындардың қаржылық сауаттылығын да көтеруге бағытталады екен. Яғни, экономикасы қуатты елдердегі несиелеу жүйесі тұрғындар үшін  қол жетімді ғана емес, банктер мен несиелеу ұйымдары тарапынан арнайы сауаттандыру жұмыстарының жүргізілуімен ерекшеленеді. Оған төлем қабілетін реттеу, пайыз өлшемдерінің ара-қатынасы, борышкер мен қарыз беруші арасындағы заң шеңберінде бекітілетін қарым-қатынас, тәуекелге бас тігу арқылы ұтатын, ұтылатын тұстар сияқты нәзік жағдайлар бойынша түсіндіру жұмыстары жатады. Бұл көп жағдайда тұрғындарды негізсіз несие алудан, ал банктер мен қаржы ұйымдарын проблемалы төлеушіден сақтандырады. Былайша айтқанда, қаржылық сауаты ашылған адам несие алу арқылы қаншалықты тәуекелге баратындығын бағамдай алса, несие беруші тарап мемлекеттің қаржы саясаты мен әлеуметтік жауапкершілікті құрметтей отырып, өз жерлестерінің құқығын бұзбауды да ойластыратын болса керек... Қызығасың да сүйсінесің!
Өкінішке қарай, Қазақстандағы несие беру саясаты «қараусыз қалған орман» сияқты бей-берекетсіздікпен алға жылжып келеді. Бұл жерде кезінде несиені жоғарғы пайызбен алып қойып, төлей алмай отырған жеке адам ғана емес, қисапсыз қаржыны үлестіріп беріп, кері қайтара алмай отырған банктер мен несие серіктестіктері де орасан зиян шегіп отыр. Бірақ, дәл осы жерде несие берушілер тарапы үшін қарыз алушының мейлінше көп болғаны әрі оның төлем қабілетінің деңгейі тым төмен (!) болғаны бас қатыратындай мәселе болмай отырғаны анық. Неге? 
Өйткені несие беруші тараптар тек бір жақты, үстеме пайыз арқылы табыс табуды ғана мақсат тұтады. Көп жағдайда банктер мен несие ұйымдары қарызға берілетін капиталды басқа көздерден төменгі пайызбен немесе дотацияның есебінен әкелетінін ескерсек, қарыз алушылар армиясының мейлінше көп болуы мен үстеме пайыздардың өте жоғары есептелуін аздап түсінгендей боламыз. Мұның сыртында, екінші деңгейлі банктер мен несие серіктестіктері қожайындарының елдегі ең ауқатты адамдар екендігін және олардың мемлекеттің саяси-экономикалық дамуына ықпал етуші топқа кіретіндігі де белгілі. Мәселен, дағдарыс жағдайында қаржы қыспағында қалған отандық банктерге бюджет ақшасын бөліп, сауықтыру шараларын қолға алудың астарында мемлекеттің коммерциялық ұйымдарды сақтап қалуға деген ұмтылысы ғана емес, жекелеген адамдардың мүдделері де тоғысып жатуы бек мүмкін ғой...
Біздің бұл ойымызбен белгілі экономист, сарапшы-ғалым Жангелді Шымшықов та келіседі. «Банктерге қатысты проблема «айнаның бергі беті»  ғана. Ал біздегі микрокредиттік ұйымдар туралы, анығында олардың қарыз алушылардың есебінен күн көретін ұйым екенін жұрт әлі білмей отыр деуге болады. Және осы тектес ұйымдардың жылдам көбейіп келе жатқаны қорқыныш тудырады. Мәселен, микрокредиттік ұйым қарыз алушыға күніне 3,8 пайызбен несие берді дейік. Енді есептейік: бір айда 30 күн бар, оны 3,8 пайызға көбейтеміз, ал бұл көбейтіндіні бір жыл ішіндегі 12 айға және көбейтеміз, сонда бүгін алған 1 теңгені жыл соңында 1333 теңге қылып қайтаруға тура келмей ме?» дейді экономист.

Қалмаханбет  МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.07.2017

Астанада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі ашылды (фото)

22.07.2017

Мемлекет басшысы «Еуразия» кинофестиваліне өз құттықтауын жолдады

22.07.2017

Астанада қағаз жинайтын арнайы қоқыс жәшіктері орнатылады

22.07.2017

Түркиядағы ҚР Елшілігі Бодрумдағы қазақстандықтармен байланыс орнатты

22.07.2017

Жамбыл облысында егінжай күні өтті

22.07.2017

«Оскар» сыйлығының иегері қазақ киносына түскісі келетінін айтты

22.07.2017

Астанада рұқсатсыз орындарда сауда жасаумен күрес күшейтілді

22.07.2017

«Алматы» ӘКК басқармасына жаңа басшы келді

22.07.2017

ОҚО Сайрам ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды

22.07.2017

Дәурен Абаев Аргентинаның қоғамдық пікір және бұқаралық ақпарат федералды жүйесі министрімен кездесті

22.07.2017

Шығыста мектеп оқушыларына Таласбек Әсемқұлов атындағы стипендия тағайындалды

22.07.2017

Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралды

22.07.2017

Абель Санчес: Головкин қартайып қалды дейтіндер қателеседі

22.07.2017

Роза Рымбаева Астанада өнер көрсетеді

22.07.2017

Солтүстік Қазақстанда жас туристер слеті өтті

22.07.2017

Елордада Ақтөбе облысының жәрмеңке күндері өтіп жатыр

22.07.2017

Солтүстік Қазақстанда кәсіптік даярлық курстарынан 650 адам өтті

22.07.2017

Елордада тіркеу ережесін бұзған пәтер иелеріне 1,5 млн теңге айыппұл салынды

22.07.2017

"Қайраттың" бас бапкері қызметінен кетті

22.07.2017

Бірнеше өңірде бұршақ жаууы мүмкін

КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Жасанды интеллект

Жасанды интеллектіні қол­дай­тын­дар да, қолдамайтындар да көп. Соң­­ғы кездері осы тақырыпқа бай­ла­­нысты кітаптар мен түрлі ма­те­риалдарды оқи жүріп, жасанды ин­теллектіні қолдамайтындар қа­та­рын тағы бір адамға көбейткен си­яқ­тымын.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ осы!

Қадағаңның – атақты ақын Қадыр Мырза-Әлінің «Қазақ осы!» деген атпен кең таралған, тамаша мақамды әнмен шалқыта шырқалатын өлеңін білмейтін адам кемде-кем болар, сірә. Шетелдік мейманға қазақты таныстыру ретімен жазылған өлеңнің айтары астарлы, мағынасы қатпарлы. Осындай форма арқылы кеңестің әр сөзден пәле іздеген қырағы көздерін адастырып кеткен ақын шын мәнінде қазақ деген халықтың жан дүниесін, бекзат болмысын жарқыратып ашып, көзіқарақты жұртқа ұлттың керемет қасиеттерін тамыршыдай тап басып таныта білген.

Әйіп ЫСҚАҚ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Ғылым және жалған атаққұмарлық

Ғылымды көбіне қоғамды материал­дық жағынан қамтамасыз ететін, ілгері­лететін, алға жетелейтін ғылыми-тех­ника­лық прогрестің алғышарты ретінде қарастырып, ал рухани кемел­де­ну тетігі ретіндегі рөлін бағалай бермейтініміз бар. Ғалым тұлғасы қашанда ерекше құрметке ие екенін елеп-ескерудің орнына жалған атаққа ұмтылушылықтың тамырына балта шаба алмай келе жатқанымыз сондықтан болу керек. Адамзат тарихына үңілетін болсақ, өркениеттің шарықтап дамуы ғылымға қалтқысыз еңбек еткен ұлы тұлғалар есімдерімен тығыз байланысты. 

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қырғызстан: сайлау «дүбірі» мен «күбірі»

Көршіміз Қырғызстанда кезекті пре­зиденттік сайлауға кандидат ре­тінде тіркелуге ниеттенген үміт­кер­лердің құжаттарын қабылдау бас­талғанына бір айдан асты. Кан­ди­даттардың сайлаушылармен кез­де­сіп, үгіт-насихат жұмыстары 10 қыр­күйек пен 14 қазан аралығында жүр­гізіледі. Ал президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Бизнес және біздің іс

Жақында бір фирмаға жиһаз жасау жөнінде тапсырыс бердім. Обалы не керек, тапсырысымды сөз айтпастан қабылдап, ақшамды да қағып алды. Сөйтті де, күтіңіз, үш күннен кейін дайын болады деді. Риза болып мен кеттім. Арада үш күн өткенде телефоным шыр ете қалды. Баяғы өзім тапсырыс берген фир­ма екен. «Кешіріңіз, жұмыс көбейіп кет­кендіктен сіздің тапсырысыңызды уа­қытында орындай алмайтын болып отырмыз. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу