«Нұрлы жер» бағдарламасының әлеуметтік маңызы артып келеді

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын орындаудағы тоғыз айдағы көрсеткіштер баяндалып, бизнес-ортаны одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар талқыланды. Сонымен қатар Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі жол картасын іске асыру барысы сөз болды.

Егемен Қазақстан
07.11.2018 3326
2

Инфрақұрылымы жоқ дайын үйлер көп

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағ­дар­ламасының биылғы 9 айдағы қоры­тын­дысы бойынша 8,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көр­сеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,6%-ға жоғары. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, еліміздегі 77 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартып, оның ішінде 9,5 мыңға жуық отбасы мемлекеттік қаржы есебінен салынған баспанаға қол жеткізіп отыр. 

− Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ға артып, 818,9 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар биыл 12,1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде 1,3 млн шаршы метр немесе 22 мың пәтер мемлекеттік инвестиция есебінен тапсырылады, – деді Ж.Қасымбек. 

Халықты баспанамен қамту бойынша Астана қаласы көш басында. Аталған мерзімде елордада 1,8 млн шаршы метр баспана қолданысқа берілді. Алматы қаласында – 1,3 млн шаршы метр тұрғын үй, Маңғыстау облысында 910,5 мың шаршы метр баспана беріліп отыр. 

Жалпы, 2018 жылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 148,6 млрд теңге бөлінді. Қаржыландырудың негізгі бөлігі, яғни, 69,4 млрд теңге тұрғын үй салынатын аудандарға инженерлік-коммуникация тартуға қарастырылған. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жалға берілетін тұрғын үй салу үшін 26,9 млрд теңге, «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы салымшыларын несиелендіруге 24 млрд теңге, Астана қаласында апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді жою бойынша қанатқақты жобаға 20 млрд теңге бөлу жоспарланған. Сондай-ақ 7,9 млрд теңге халықтың ипотекасын және жеке құрылысшылардың займдарын субсидиялауға бөлінбек.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдар­ла­масында әлеуметтік әлсіз топтар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер қарастырылған. Биыл бағдарламаның осы бағыты бойынша 3 470 пәтер (184,5 мың шаршы метр) салу жоспарлануда. Ал бүгінге дейін 1 176 пәтер (61,5 мың шаршы метр) әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға тапсырылған. 

Үкімет басшысы Б.Сағынтаев тақы­рып­ты қорытындылау барысында, бағ­дар­лама бойынша жалпы көрсеткіште өсімнің барын айта келіп, кемшін тұстарды да жіпке тізді. 

– Бірінші маңызды мәселе – қаражатты игеру. Бірқатар өңірде тоғыз айдың қорытындысы бойынша қаражатты игеру қарқыны төмен болып отыр. Жалпы жос­парда 12,1 млн шаршы метр тұрғын үй тұрғызу керек еді. Бұл көлем өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Жыл соңына дейін екі ай ғана қалды, бұл мерзімде тұрғын үйдің жоспарланған көлемін орындауға, бөлінген қаражатты игеруге кірісу қажет. Екінші мәселе инже­нер­лік коммуникацияларға қатысты. Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдар­ла­масына бөлінген қаражаттың жартысына жуығы осы салаға арналып отыр. Кейбір өңірлерде қажетті инфрақұрылым болмағандықтан құрылысы біткен дайын үйлер пайдалануға берілмей отыр. Еліміз бойынша инфрақұрылымы жоқ нысандар Петропавл, Семей, Ақтөбе, Шым­кент, Қарағанды, Орал сынды қалаларда кездеседі. Бұл мәселе уақтылы өз шешімін табуы қажет, – деді Үкімет басшысы. 

Б.Сағынтаев бұған қоса, Елбасының биылғы Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін бағдарламаға жаңа аспектілер мен бағыттарды қосу қажеттігін айтты. 

Кәсіпкерлік ортаны жақсарту – басты назарда

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – елдегі бизнес ортаны жақсарту. Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылы Дүниежүзілік банк 5 индикатор бойынша 9 реформаны есепке алған. Қазақстан «Кәсіпорындарды ашу» бағыты бойынша 5 позицияға көтеріліп, 36-орынға табан тіреген. «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша 21 позицияға көтеріліп, рейтингтегі 102-орынға жайғасқан. «Ке­лісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 2 позицияға көтеріліп, 4-орынға ие болды.

− Аталған индикатор бойынша сот шешімдерін және сот жұмысының нәтижелері туралы статистикалық есептерді ашық қолжетімділікте жариялау бойынша 2 реформа есепке алынды. Бүгінде «Сот кабинеті» сервисі шеңберінде үйден немесе кеңседен шықпай, сотқа талап-арыз (шағым, өтініш, пікір, қарсы талап арыз немесе өтініш) беру және мемлекеттік бажды онлайн режімде төлеу мүмкіндігі берілді. Мәселен, электронды түрдегі өтініштердің үлесі 90%-дан асады. Келесі индикатор – «құрылысқа рұқсат алу», біз 17 позицияға көтеріліп, 35-ші орынға ие болдық, – деді Ұлттық экономика министрі.

Межелі көрсеткіштердің индикаторларымен танысқан Б.Сағынтаев аталған рейтингтегі кері көрсеткіштерге назар аударып, мәселенің мәнісін жауапты министрлерден сұрады. Б.Сағынтаевтың айтуынша, артқа тартып отырған индикаторлардың бірі электр энергия­сымен жабдықтау жүйесіне қатысты. Қазақстан бұл бағытта 70-тен 76-шы орынға дейін төмен түскен. Үкімет басшысы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан мәселенің мәнісін сұрады.

– Жалпы айтқанда, электр энергиясымен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін 7 кезең қарастырылған болатын. Өткен жылдың ішінде 3 кезеңді жойдық. Бұл үш реформаны аталған банк есепке алмаған. Бірақ келесі жылы есепке алады, – деді Қ.Бозымбаев. 

Үкімет басшысы келесі салық мәселесінде де индикатор жағынан 6 позицияға төмен көрсеткіш барын айтты.

– Салық саласы бойынша кезінде 18-ші орында болғанбыз. Жыл сайын кері кетіп барамыз, – деді Үкімет басшысы. 

Б.Сағынтаев жалпы көрсеткіштің жаман емес екенін, осы орайда мыңнан аса заңнамаға өзгерістер енгізілгенін ескеріп, келесі жылы оның жалпы есепте оң ықпалы болатынын айтты.

Азық-түлік бағасын қадағалауды тапсырды

Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі жол картасын іске асыру барысы туралы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев баяндады. 

− 2017-2018 жылдарға арналған Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі жол картасы 2017 жылы бекітілді. Азық-түлік белдеуіне Ақмола облысының 17 ауданы мен Қарағанды облысының 4 ауданы кіреді. Былтыр Ақмола облысындағы 17 ауданда қуаты жылына 7 560 тонна болатын 28 сүт қабылдау пунктін, жалпы қуаты жылына 1026 бас болатын бордақылау алаңдарын, қуаты жылына 250 тонна болатын 1 мал сою пунктін ашу қарастырылды. Қарағанды облысының 4 ауданында жалпы қуаты жылына 300 басты құрайтын 30 отбасылық бордақылау алаңын және қуаты жылына 1250 тонна болатын 1 мал сою пунктін құру қарастырылған. Ал Астана қаласында биыл 9 ай ішінде кәсіпорындар 138806 тонна өнім өндірген, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға артық. Атап айтқанда 1929 тонна – шұжық, 105893 тонна – ұн, 12169 тонна – нан, 18815 тонна макарон өнімдері өндірілген. Биыл маусым айынан бастап 17 жәрмеңке өткізіліп, 2 млрд теңгеден астам сомаға 7286 тонна тауар өткізілді, – деді ол. 

Үкімет басшысы тақырыпты қорытындылай келе, азық-түлік бағасына қатысты алаңдаушылық білдірді. Б.Сағынтаев Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктері мен Ақмола, Қарағанды облыстарының және Астана қаласының әкімдігіне өзара бірлесе отырып, азық-түлік белдеуіне қатысушылардың баға тұрақтылығын сақтауын назарда ұстауды тапсырды.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу