Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шетел елшісінен сенім грамотасын қабылдады

Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шет мемлекеттердің Төтенше және Өкілетті Елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.
Егемен Қазақстан
30.05.2017 913

Атап айтқанда, Мемлекет басшысына Оңтүстік Корея Елшісі Ким Дэ Сик, Индонезия Елшісі Рахмат Прамоно, Румыния Елшісі Чезар-Маноле Армяну, Сербия Елшісі Владан Матич сенім грамотасын табыс етті.

Осыдан кейін Қазақстан Президенті Елшілерді жоғары мәртебелі қызметке тағайындалуларымен құттықтады.

«Бұл сіздердің дипломатия саласындағы  жеткен үлкен шыңдарыңыз болып саналады. Біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын жаңа ғана  атап өткен елміз, жас мемлкетпіз. Осы  жылдардың ішінде көп қиыншылықтан өтіп, ешкім білмейтін Қазақстанды дүниежүзінің картасына енгіздік. Өсіп, өркендеп келе  жатқан елдердің қатарына қостық. Бұдан кейін біз жаңарудың, өрлеудің екінші кезеңіне түстік. Сондықтан мен Қазақстанның үшінші жаңғыруы атты жаңа бағдарламаны жарияладым. Екіншіден, еліміздің индустриялық бағдарламасы қарқынды жүзеге асып жатыр. Біз  кенге бай еліміз.  Дегенмен, альтернативті экономика жасау үшін жаңадан индустрия құрудамыз. Үшіншіден, рухани жаңғыру аясында жастарды заман талабына сай тәрбиелеуді жүзеге асырудамыз», - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы осы айтылған бастамалардың басты бағыты дамыған 30 елдің қатарына қосылу екендігін баса айтты.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.06.2018

Қызылордалық үздік стартап-кәсіпкерлер 1 миллион теңге сыйақымен марапатталады

18.06.2018

Кез келген мамандық егер сен оны жақсы көрсең бақытқа айналады - Елбасы

18.06.2018

Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ - ҚР СІМ

18.06.2018

«Астана-Алматы» пойызының 400-ден астам жолаушысы Алматыға жеткізілді

18.06.2018

Сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту мәселесін қайта қарау қажет – С. Бычкова

18.06.2018

Наталья Жұмаділдаева: Мұғалімдерге артық міндет жүктелуде

18.06.2018

Адвокаттық қызмет туралы заң жобасы жетілдірілді

18.06.2018

Михаил Бортник: «Нұрлы жердің» орындалу барысы алаңдатады

18.06.2018

Бірғаным Әйтімова: Мәлімет неге дер кезінде берілмейді?

18.06.2018

Сәдуақас Сейфуллин. Не қылдыңдар?

18.06.2018

Атақты баскетболшы Увайс Ахтаев туралы сыр

18.06.2018

Иген Хасенұлы. Жамбыл ата шарапаты

18.06.2018

ӘЧ: Қызықтың бәрі алда

18.06.2018

ӘЧ: Швейцария шыңға шығуды армандайды

18.06.2018

ӘЧ: Сербтер сенім артқан серкелер

18.06.2018

Ұлттық домбыра күні ұлықталады

18.06.2018

Жамбылда 108 жастағы әже тұрады

18.06.2018

«Аспан көшпенділері» альбомы жолға шықты

18.06.2018

«Бозоқ аруы» атты кітап жарық көрді

18.06.2018

Кәмел Жүністегі. Домбыраның қоңыр үні

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Minecraft»: еңбекке жетелей ме, еліктіре ме?

Бүгінде балаларды еліктіріп, баурап алатын қызықтардың саны жеткілікті. Барлығы жеткіншектің ой-өрісінің дамуына, физикалық тұрғыда шыңдалуына, жан-жақты болып өсуіне ықпал ете ме, жоқ әлде зиянды тұстары молырақ па?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Педагогикалық басылымдарға қолдау қажет

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің баспасөз саласы да нарықтық қатынас­тар­ға біртіндеп ене бастады. Бүгінде оны қаптаған ақпарат құралдарынан көріп отырмыз. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу