Нұрсұлтан Назарбаевтың "Белдеу және жол" форумындағы бес ұсынысы

Қытайда халықаралық форумға қатысып жатқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Белдеу және жол» жобасын іске асыру бойынша бес ұсыныс енгізді.
Егемен Қазақстан
15.05.2017 1778
2

«Бірінші, жолдың күннен күнге өсіп келе жатқан транзиттік потенциалын тиімді пайдалану үшін тауар ағымын жеңілдету керек. Ол үшін қызмет сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді алып тастау сияқты жұмыстар жасау қажет. Бұл бағытта Қазақстан нақты шаралар қабылдап жатыр. Дегенмен, аталған жұмысты іске асыру тиісті қаржыны талап етеді. Сондықтан Азия банкі осындай бағдарламаларды белсендірек қаржыландырғаны жөн деп санаймын, өйткені ол болашаққа салынатын инвестиция болмақ» деді Елбасы.

Екінші мәселе ретінде Қазақстан басшысы Жібек жолы бойында азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында ауыл шаруашылық кооперацияларын дамытудың маңызын айтты. Ал үшінші пункт ғылым мен техникаға байланысты. «Үшінші – біз инновациялық және ғылыми-техникалық даму саласындағы байланыстарды тереңдетуіміз керек. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орталықтарының жобасын бірлесе қаржыландыру мәселесін қарауға болады. Дөңгелек үстелге қатысушы құрметті әріптестердің назарын аударғым келетін нәрсе, Қазақстан ғалымдары Жібек жолы Халықаралық ғылым академиясын құруды ұсынып отыр. Бұл идеяны Қытайдағы әріптестер және 16 елдің ғылыми орталықтары қолдады. Ұсыныс жан-жақты қолдау табады деп үміттенеміз» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент төртінші мәселе ретінде қоршаған ортаны қорғау мәселесіне тоқталды. Ол құрлықтағы трансшекаралық өзендердің су ресурстарын рационалды басқарудың өзектілігін айтты. «Бесінші – «Белдеу және жол» идеясын дамытудың негізгі шарттарының бірі қатысушы елдер арасындағы өзара сенім және олардың тең дәрежеде жан-жақты ынтымақтастыққа дайын болуы. Бұған форумды алдағы уақытта тұрақты өткізіп отыру үлес қосар еді. Бұл процесте Азиядағы өзім сенім шаралы жөніндегі кеңес жақсы көмекші бола алады» деді Қазақстан басшысы.  

Нұрсұлтан Назарбаев «Белдеу және жол» бастамасын көтеру арқылы Қытайдың әлемге аймақтық кооперацияның жаңа үлгісін көрсеткенін айтты. «Жыл сайын Тынық мұхиты мен Атлантика аралығында жаңа әрі жылдам маршруттар ашылуда. Олардың арқасында тек Еуразиядағы сауда көлемі 2020 жылға қарай 1,2 триллион доллардан асады деген болжам жасалып отыр» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, 14-15 мамыр күндері Пекинде «Белдеу және жол» атты халықаралық форум өтіп жатыр. Оған 20-дан аса елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысуда.
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.10.2018

Қазақстан Президенті «Ақтөбе» индустриялық аймағына барды

15.10.2018

Елбасы «ACE Tennis Center» теннис орталығына барды

15.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Мұз сарайын аралап көрді

15.10.2018

Мемлекет басшысы Ақтөбедегі «Аяла» балаларды сауықтыру орталығына барды

15.10.2018

Елбасы «DaruZharygy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің офтальмология орталығына барды

15.10.2018

«Қазақ радиолары» ЖШС-ның Бас директоры тағайындалды

15.10.2018

Брексит: келісімге қол жетпеді

15.10.2018

Геннадий Шиповских: Мұғалім мәртебесін асқақтату еліміз үшін аса маңызды (ВИДЕО)

15.10.2018

Сенаторлар Атырау қалалық Бизнес және құқық колледжінде кездесу өткізді

15.10.2018

Станимир Стоилов: Әлеуетін толық көрсете алмай жүрген футболшылар бар

15.10.2018

Павлодарда құрылысы ұзаққа созылған 25 нысан анықталды

15.10.2018

Елбасы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

15.10.2018

Қыздар университеті «Туған жерге тағзым» жобасын жүзеге асыруға кірісті

15.10.2018

«Ұстаз мәртебесі туралы» заңды әзірлеуге салалық кәсіподақ белсенді түрде атсалысады

15.10.2018

Өзбекстанда импорт өсіп, экспорт көрсеткіші төмендеді

15.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

15.10.2018

Мұратхан Шүкеев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

15.10.2018

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

15.10.2018

Ұшқындағы үшем

15.10.2018

Армения әскері Таулы Қарабаққа қатысты атысты тоқтату режимін бұзды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Týrızmdi damytý qonaqjaılyqtan bastalady

Tetigin tapqan elder týrızm salasyn sarqylmaıtyn tabys kózine aınaldyryp alǵan. Qyzyǵa qarap otyrsaq, bul saladan qyrýar qarajat túsetinin aıtpaǵanda, kóptegen jumys orny ashylyp,  eldiń tórtkúl álemge jaqsy aty shyǵyp jatady eken.  Al kez kelgen qonaqtyń kóńilin tabýǵa eń birinshi ashyq-jarqyn qabaǵyń, odan keıin dámdi tamaǵyń kerek ekeni álmısaqtan belgili aksıoma emes pe.  

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу