Нью-Делиде бейбіт атом мәселесі талқыланды

Егемен Қазақстан
02.02.2017 161
Ұлттық ядролық орталықтың (ҰЯО) бас директоры Эрлан Батырбеков Оңтүстік Азияның геосаяси мәселелерін назарға ұсынған халықаралық деңгейдегі «Жаңа бағыт: түрлі пікірлер және жан-жақты көзқарас» атты форумға қатысып келді. Әлемнің 65 елінен 250 өкіл келіп қатысқан маңызды шараны  Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди ашып, жүргізіп отырыпты. Э.Батырбековтің айтуын­ша, форум барысында эко­но­микалық интеграция, көпжақ­ты әріптестік, ха­лық­­ара­­­­лық жағдайдағы өз­ге­ріс­тер, аймақтағы қауіп­сіз­дік мә­­селелері кеңінен тал­қы­лан­ған. Эрлан Ғаділетұлы «Will Energy Trump Climate?» ат­ты пікірсайысқа қатысып, Қазақстан атынан көптеген ой­ларын ортаға салған. Дебат ба­рысында айтылғандай, 2016 жылдың қазан айында Қазақстан тарапынан Париж ке­лісімшарты бекітілген. Осы ар­қылы әлемдік саясатта, оның ішінде экономикалық сая­сатта Қазақстан өзінің тө­мен көміртекті дамуға көшу ар­қылы әлемдік экономиканы көміртексіздендіру жө­нін­дегі жаһандық саясатты ұс­та­натынын мәлімдеген. – Мұның барлығы да­ алдағы уақытта өтетін ЭКСПО-­2017-ге тың дайын­дық, Елбасы Нұрсұлтан Назар­бае­в­­­тың тапсырмасымен жа­сыл энергия көзін дамыту, атом­ды бей­біт бағытта насихат­тау барысында атқарылып жат­қан шарулардың бірқатар легі, – дейді Э.Батырбеков. – Елбасымыз Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен «Бо­ла­шақтың энергиясы» атты Б­ү­кіләлемдік саммитте атом энергетикасының ма­ңы­з­- ­­дылығын айрықша атап айт­ты. Бейбіт атом қол­да­ну­да Қазақстан дүние жү­зін­де көшбасшылардың бірі бо­лып отыр. 2015 жылы МАГАТЭ әлемдегі алпауыт мем­лекеттердің қолдауымен еліміздің аумағында Төмен байытылған ядролық отын банкін құру туралы шешім қабылдады. Мұны атом энергетикасын дамытамын деген мемлекеттерге арналған кө­мек деп те айтуға болады. Бүгінде уранның орнына торийді қолдану мәселесі де талқылануда екен. Бұл атом саласының тиімділігі жо­ғары болуына ықпал етуі мүмкін. Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінде ха­­лық назарына осы бағытта ат­қарылған жетістіктер дең­­гейі көрсетілуі мүмкін. ЭКСПО-2017 көрмесі ар­қы­лы әлемдік энергетика қай ба­ғытта дамып барады, соны ай­қындауға болады. Және ең ірі мемлекеттердің қандай технологиялық күш-қуаты бар екендігі де көрмеде назарға ұсынылмақ. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, журналист
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу