Өркениеттер тарихындағы жазу мен әліпбидің орны

Сүбелі ғылыми жұмысын жазу тілінің шығу тарихына арнаған Олжас Сүлейменов өзінің «Жазу тілі» («Язык письма») атты монографиясында тарихи тұрғыдан, кез келген жазу, ең әуелі, діни идеологияның жаршысы, тек содан кейін ғана мемлекеттік және мәдени құндылық болып табылатынын алға тарта келіп, бүгінгі діндердің барлығы да бұл дүниеге өз жазуларымен, атап айтқанда, иудаизм ескі еврей жазуымен, христиан діні грек және латын жазуымен, буддузим ескі үнді жазуымен, зороастризм авестин жазуымен, мұсылман діні араб тілімен енгенін көлденең тартады.
Егемен Қазақстан
14.06.2017 1652

Ғұлама ғалым «Атам заманғы түркілер» атты және бір туындысында адамзат өркениетінің ғажап жазба ескерткіштерінің бірі саналатын ескі түркі жазуларына байланысты: «...Ескерткіштің алғашқысынан соңғысына дейін Тәңірлік дін туралы сөз болады. Томсен оқыған алғашқы сөздің ...tangri – «құдай», «көк» болғандығының мәні өте зор. Барлық жазудың құпиясын ашу осыдан басталады», – деген терең түйіндемесімен алдыңғы пікірін барынша тереңдете түседі. 
Ендеше, діндер секілді, жаһандық білімнің бастау көзі де, ең алдымен, жа­зудан, яғни байырғы әліпбилерден бас­талғаны дау туғызбайтын шындық. Сосын, жазба тілдері болған байырғы өр­ке­ниеттердің қай-қайсысы да эконо­ми­калық тұрғыдан болсын, саяси-мәдени және өнер-білім тұрғысынан болсын, халықтарының саны мен сапасы жағынан болсын өзгелерден озық болғаны күмән тудырмайды. Өйткені, алғашқы бақуатты да алпауыт империялар әлемнің кез келген аймақтарында емес, керісінше, Африка мен Азия құрлықтарындағы мыңдаған шақырымдарды көктей өтетін Нил, Ганг, Янзцы секілді ұлы өзендердің бойындағы топырағы нәрлі, жасыл-желегі мол әрі егін мен мал шаруашылығына ыңғайлы алқаптарда – Египетте, Месопотамияда, Персияда, Үндістанда және Қытайда ірі-ірі империялар өркен жайып, айналасындағы алыс-жақын аймақтарды өз биліктеріне бағындырған. Сонымен қатар, жазудың алғышарттары да, әлгі империялармен бірге бүршік ата келіп, жазуға, демек, оқуға деген адамзат өркениетінің сұранысы мен құлшынысын да қатар тудырғаны даусыз.
Бұл айтылғандардың дәйекті дәлелдерін жаһан­дық білім тарихын терең зерттеген әрі бірнеше танымдық туындылардың авторы, сондай-ақ, бүгінде АҚШ-тың Чикаго қаласындағы Философиялық зерттеулер институтының директоры Чарлз Ван Дореннің «Білім тарихы» (Charles Van Doren. «History of Knowledge», New York, 1991) атты ғылыми құндылығы зор туындысында жинақталған дереккөздерінен де кездестіреміз.
Жоғарыда сілтеме жасалған ғылыми туындыда атап өтілгендей, алып империя­лар­дың және бір қозғаушы күші жазу тіл­де­рінің болуымен тікелей байланысты. Бұл тұрғыдан келгенде, Қытай жазуының алғашқы үлгілері б.з. бұрынғы XVIII ғасыр мен ХІІ ғасырдың арасында қалыптасқан. Сондай-ақ, б.з. бұрынғы 1400-жылдар шамасында Қытай жазуының жүйесінде 2500-ден аса иероглифтер болған. Ол таң­балар б.з. бұрынғы 221-206 жылдар арасын­да айналымға түскенімен, көпшілігі бү­гінгі таңда да дәл сол қалпында оқы­ла­­тыны белгілі болып отыр. Қытай иеро­глиф­­тері, сонымен қатар, жапон және ко­рей тілдеріне де негіз болған, бірақ олар­дың әлгі тілдердегі ауызша дыбысталуы бөлекше. 
Тарихи тұрғыдан, Қытай жазуының тамыры терең болғанымен, әлемдік тұрғыдан қарағанда, ең тұңғыш жазу үлгісі болып саналмайды. Себебі, бастапқы жазу үлгісі б.з. бұрынғы төртінші және үшін­ші мыңжылдықтар арасында Таяу Шы­ғы­с­т­а­-
ғы Тигр мен Евфрат сынды алып өзен­дердің аралығындағы Месопотамия алқа­бын б.з. бұрынғы 8000-жылдарда мекен еткен әрі адамзат өркениетінің бесігі са­нал­ған шумер өркениетінің тілінен тамыр алғаны белгілі. 
Байырғы шумерлердің сына жазуы, ша­мамен, 12000 таңбадан тұрған. Олар, негізінен, сан есімдер, есімдер, маталар немесе үй жануарларының атауларын білдіретін таңбаларды құраған. Демек, алғашқы жазу таңбалары, көбінесе, заттың санын тіркеу қажеттілігінен туындап, келе-келе қоғам дамып, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты, сол ұғымдардың атауларын белгілеуге ұласқан.
Шумер тілінің таңбаларын кейін Аккад, Вавилон және Ассирия мемлекеттері де қабылдаған және ол жазуды өздерінің төл таңбаларымен байыта түскен. Келе-келе халық сауаттылықтың кез келген азаматтың бақуатты болуына пайдалы екенін түсініп, білімге деген құштарлық пен құлшыныс уақыт өткен сайын еселеп арта түскен. Өйткені, жаза алу немесе жазылғанды оқи алу адамның ой-санасын дамытатын басты құрал екенін күллі адамзат түйсінген де түсінген.
Дәл осы тұста, келмеске кеткен Шумер, Аккад, Вавилон және Ассирия ­өркен­и­ет­­­­терінің өлі тілдері бүгінде қайта ті­ріл­­гендей әсер қалдыратынын айту па­рыз. Себебі, осыдан төрт-бес жыл бұ­рын «Iternational Herald Tribune» газеті Америкадағы Чикаго университетінің бас­­пасынан, осыдан 2000 жыл бұрын қол­да­ныстан шығып, өлі тілдерге айналған байырғы Месопотамия тілдерінің 21 томдық (Chicago Assyrian Encyclopedic Dictionary) сөздігінің жарық көргендігі туралы әлемді елең еткізер ақпарат таратқан еді. Толықтай құрастырып шығаруға тоқсан жыл уақыт жұмсалған байырғы Месопотамия, Вавилон және Ассирия диалектілерінің 21 томдық бұл сөздігі байырғы замандарда қыштан жасалған таблицалар мен сол таблица беттеріне ойып салынған сына жазуларын ғалымдардың үлкен легінің соңғы екі ғасыр бойы жан-жақты зерттеп-зерделеуінің нәтижесінде дүниеге келген. Әлгі газеттегі ақпараттың авторы, Джон Уилфорд, былай дейді: «Бұл тілдер − б.з. бұрынғы XXIV ғасырда әлемдегі алғашқы империяға билік еткен Аккад патшасы, Ұлы Саргон сөйлеген тілдер. Бұл тілдерді, сонымен қатар, б.з. 1700 жыл бұрын ойластырылған заң баптарын жария еткен Хаммураби де қолданған. Әлем әдебиетінің ең шоқтығы биік туындысы Гилгамеш атты эпикалық шығарма да осы тілдерде жазылған. Туған жерін сағынып, егілген жұбайын жұбатпақ болған әрі оған Вавилонда аспалы бақтар салдырып беруге уәде берген Навуходонсор да осы тілдерде сөйлеген».
Түйінделген осы ғылыми тұжырымдарға қарағанда, әлгі тілдердің қолданылу аясы өте кең болған. Кәсіпкерлер де, ирригациямен шұғылданатын мамандар да, өңделген астық өнімдерін кемемен тасымалдайтын саудагерлер де, тіпті, астрологтар да, қала берді, шипалы дәрі-дәрмектердің рецептерін жазып беретін дәрігерлер де осы тілдерді пайдаланғаны байқалады.
Осы тақырыпқа бағышталған арнайы бір ғылыми конференцияға қа­тыс­қан тарихшылар мен археологтар мен байырғы Семит тілдерінің маман­дары атал­мыш энциклопедиялық сөздікке өте жоғары баға берген. Мәселен, Чикаго уни­верситетінің Шығыстану инс­ти­ту­тының директоры Гил Штайн: «Бұл сөздік Месопотамия өркениетін зерттеу­мен айналысатын әр ғалым үшін баға жетпес құрал болып табылады», − дейді. Және бір ғалым, атап айтқанда, Джонс Хопкинс университетінің Семит тілдері кафедрасының құрметті профессоры әрі өз зерттеулерін 1960 жылдардан бермен қарай, аталмыш сөздікке негіздей жүргізіп келе жатқан Джеррольд Купер бұл энциклопедиялық еңбекті таптырмайтын құндылық дей келіп: «Бұл сөздік» б.з. 5000 жыл бұрын Месопотамияны мекендеген шумерлердің сына жазуларын зерттеуге үлкен жол ашады», дейді. Демек, бұл лингвистикалық туынды байырғы замандарда Тигр мен Евфрат өзендерінің қойнауында бой көтерген қала-мемлекеттердің, яғни бүгінгі Ирак пен Сирия жерінің біраз аймағын қамтыған ұлы өркениеттердің жазу жүйесінің 2000 жылды артқа тастап, бүгінгі таңда қайта түлеуінің басы болмақ. 28000 сөзден тұратын әрі олардың сан қилы мағыналары мен астарлы бояуларын толық ашатын әлгі сөздік б.з. бұрынғы 2500-жылдар мен б.з. 100-жылдар аралығын қамтиды. Бірақ өте терең зерттеу жұмысына өзек болған бұл сөздіктің «Чикагода басылған Ассирия тілінің сөздігі» («Chicago Assyrian Dictionary») деген атауында үлкен жаңсақтық бар сыңайлы. Өйткені, бұл жобаны 1921 жылы Чикаго университетінің Шығыстану институтының негізін қалаған Джеймс Генри Брестед (James Henry Breasted) қолға алған кезде, жинақталған жазба материалдардың көпшілігі байырғы Ассирия патшаларына тән мұра деген екіұшты пікір қалыптасқан. Оның үстіне, Библияда көрсетілген кейбір сілтемелерде де «ассириялық» деген термин байырғы Семит тілдерінің синонимі секілді әсер қалдырады. Ал шындап келгенде, әңгімеге арқау болып отырған ең негізгі тіл – байыр­ғы аккад тілі. 
Бұл ғажап туындыны құрамындағы сөздер мен олардың анықтамасын беретін жай ғана глоссарий ретінде қарастырғаннан гөрі одан әлдеқайда ауқымы кең энцикло­пе­диялық ғылыми еңбек деп бағалаған лазым. Бұлай деуге толық негіз бар. Өйткені, көп мағыналы сөздердің барлығының дерлік семантикалық астары мәдениетпен, тарихпен, әдебиетпен, заңдармен, дінмен, сауда-саттықпен және күнделікті дәстүрлі өмір салтына қатысты нақты деректермен жан-жақты ашылып отырады. Мысалы, «күн» деген ұғымды білдіретін «umu» деген сөзге 17 бет арналыпты. Немесе басқа мысал: аталмыш ақпаратта «құл» деген ұғымды білдіретін «ardu» деген сөздің мағыналық аясын ашу үшін сол байырғы заманда қалыптасқан өркениетке тән құл иеленушілік үрдісті бүге-шігесіне дейін сипаттайтын өте ауқымды материал келтірілгені байқалады. Сөздіктегі байырғы қоғам өмірінде ерекше орны болған көп мағыналы сөздердің бірі – «kalu» деген етістік. Бұл сөз әртүрлі контекстерде әртүрлі мәнге ие болып, кейде «бөгет болу» (detain), кейде «кешігу» (delay), кейде «кідіре тұру» (hold back), кейде «тұтқында ұстау» (keep in custody), кейде «сөзді бөлу» (interrupt) немесе өзгеше құбылатыны жан-жақты сипатталған. «Di nu» деген сөз тіркесіне қатысты жоғарыда аты аталған ғалым Купер былай дейді: «Кейде бұл сөз «сотта қаралатын істі» (a leagal case or lawsuit) білдірсе, кейде «вердикт» (a verdict), ал кейде «шешім» (judgement), ал енді бірде жалпы «заң» (law) деген ұғымдарды білдіреді». Ал Чикаго университетінің Гуманитарлық факультетінің деканы әрі осы жобамен 1979 жылдан бері айналысып, аталмыш сөздіктің жауапты редакторы ретінде 1996 жылдан бері қызмет істеп келе жатқан профессор Марта Т. Рот (Martha T. Roth): «Әрбір термин немесе әрбір сөз мәдениеттің терезесі іспеттес,» – дей келіп, «толыққанды сөздік болашақ ғылыми жұмыстарға баспалдақ болады, сондықтан соңғы нүктені мен қойдым деуге болмайды» деген парасатты пікір білдірген.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін сөздік жобасының жұмысы қайта жанданып, жаңаша ұйымдастырылады. Сөйтіп, энциклопедиялық туындының бірінші томы 1956 жылы жарық көреді. Алғашында, әлемге аты әйгілі ғалым А.Л.Опенгеймнің (A.L.Oppenheim) пәр­мен­ді басшылығының, соңыра, одан кейін бас­шылық тізгінін ұстаған Эрика Райнер (Erica Reiner) мен жоғарыда аталған профессор Рот жалғастырған ірі жұмыстар өте нәтижелі болып, бас-аяғы 55 жыл ішінде, сөздіктің 20 томы басылып шығады. Ал бүгінгі таңда ғылыми орта мен оқырман қауымның қолына энциклопедиялық туындының 21 томдық толық нұсқасы тиіп отыр.
Бірден атап айту керек, бұл туынды семит тобына жататын, осыдан 2000 жыл бұрын айналымда болған, бірақ Месопотамия өркениетінің күйреуімен байланысты өлі тілдерге айналып кеткен Ассирия, Аккад және Вавилон тілдерін қайта тірілткендей әсер қалдырады. Бұл сөздіктің жарыққа шығуы лингвис­тика ғылымының жаңа арнасын ашаты­ны сөзсіз. Себебі, осы уақытқа дейін ба­сы ашылмай келе жатқан: «қай тіл қай тілмен тамырлас немесе туыстас?» деген жауабы әлі табылмай жүрген рито­ри­ка­лық сұрақтың түйіндерін шешуге бұл туын­дының көмегі аз болмайтыны дау ту­ғызбайды. Мәселен, аталмыш энци­-
к­ло­педиялық сөздіктен бүгінгі таңда шумер тілі мен түркі тілдеріне тән ондаған параллельдерді кездестіруге болады. Олар төмендегідей:

Шумерше     Түрікше/Қазақша
gadun             hatun/қатын
Gik-Anu        Gok Ana/Көк Aна
tammuzi        temmuz/тамыз
altun              altin/алтын
tengiz            deniz/теңіз
En-gur-ra      Ankara/Анкара
anu                ana/ана
davga            damga/тамға
me-en            men/ben/мен
agil                akil/ақыл
bar                 var/бар
aga                 aga/аға
kes-da            kesmek /кесу
et                   et/ет
sin                 sin(e)/сен
karra              kara/қара
bira                bira/сыра 
Аталмыш энциклопедиялық сөздіктен мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Енді міне, 21 томнан тұратын сол заманауи туындыны мұқият зерттеп, сүзіп шығатын ғалымдар тобы білек сыба­на іске кіріссе, бүгінге дейін шешуі табылмай жүрген көптеген лингвистикалық құпия жұмбақтардың сырын ашуға үлкен мүмкіндіктер туатыны талас тудырмайды. Ендеше, еліміздің университеттері мен ғылыми орталықтарындағы әртүрлі сала мамандары мен ғылымға ден қойған жас талапкерлері мен ізденушілеріне үлкен ғылыми арнаның есігі айқара ашылды деуге толық негіз бар. Бұл айтылғанның түркология ғылымының өркендеуіне де тікелей қатысы бар.
Ұлы өркениеттер туралы сөз қозғағанда, Ацтек және Инка өркениеттеріне соқпай өту мүмкін емес. Өйткені, бұлай деудің толық негізі бар. Бірден айта кету керек, алғаш рет испандық конкистадорлар, алдымен, 1519 жылы Мексика алқабына баса көктеп кіріп, соңыра, 1532 жылы әлемдегі ең ұзын Анд тауларының биік аңғарларына енген кезде, олар еуропалық қалалармен тең түспесе кем түспейтін, сәулеті мен дәулеті жарасқан Мексика мен Перудің сұлу қалаларын көріп, кереметтей таңғалғандарын жасыра алмаған болатын. Өйткені, Мексикадағы Ацтек пен Перудегі Инка империялары, шынымен-ақ, биік мәдениетті өркениеттер болатын. Алайда олардың сан жағынан келімсектерден әлдеқайда басым, бірақ садақ, найза, қалқан, балта және шоқпармен ғана жарақтанған қарулы күштері конкис­тадор Хернан Кортес пен Франсиско Писсароның зеңбірек және мылтықпен қаруланған шағын, бірақ өте азулы армия­ларына төтеп бере алмай, бас-аяғы үш жылдың ішінде жауларына тізе бүгіп, бас­тарын июге мәжбүр болған. 
 Өкінішке қарай, ацтектер өз жазуы мен озық математикасына негізделген заманауи­ күнтізбелері бола тұрып, дөңгелектен бейхабар-тын. Ал перуліктер болса, адам аспас қияндағы құз шыңның төбесіне Мачу-Пикчу секілді ғажайып қала тұрғызған. Сондай-ақ, жаяу жолаушылар үшін қия беттерді қиып өтетін әрі күллі империяның елді мекендерін бір-бірімен жалғайтын жол тораптарын да салған. Олар, сонымен қатар, Наско секілді алып тас жотаның жазық бетіне тек аспан биігінен қарағанда ғана тұтас көрінетін, адам, жабайы аңдар мен ғажайып құстардың алып бейнелерін айнытпай салған. Алайда осылардың бәрі қолдарынан келсе де, перуліктер жазудан мүлде мақұрым болатын.
Ал ацтектердің мұрагерлері − майялар жазуды да, астрономия мен үш өлшемдік математика үлгісін де шегіне жеткізе мең­герген. Ноль, нүкте және сызықша секілді үш қана математикалық таңбаның көмегімен миллиардқа дейінгі кез келген есепті шығарған. Сәулетті пирамидалар мен обсерваториялар тұрғызуды да, 17 түрлі күнтізбелер жүйесін, оның ішінде, аспан денелерінің циклдарын дәл есептеп шығаратын ғажайып жүйелерді де шебер құрастырған. 
Ал әліпби тарихына келетін болсақ, бастапқы әліппе Месопотамияда пайда бол­ды деген жорамал бар, бірақ алғашқы жүйелі әліппенің үлгісін финикийліктер құрастырғаны тарихтан мәлім. Сондықтан да бүгінгі әлемде қолданыста жүрген латын әліппесіндегі әріптердің көпшілігі б.з. 1100 жыл бұрын финикийліктер қолданған әліппеден алынғаны анық. Бірақ аталмыш әліппенің басты кемшілігі – оның тек дауыс­сыз дыбыстардың таңбаларынан ғана тұратындығы. Сондықтан бұл әліппе күллі үндіеуропа тілдеріне үлкен қолайсыздық тудырған болатын. Алайда бұл кемшілікті б.з. бұрынғы сегізінші ғасырдың ортасында гректер жойған-ды. Олар айналымдағы бұрынғы әліппеге дауысты дыбыстарды таңбалайтын a, e, i, о және u әріптерін енгізіп, адамзат өркениетіне баға жетпес үлес қосқан. 26 әріптен ғана тұратын бұл қолайлы әліппені бүгінде тек хрис­тиан әлемі ғана емес, Шығыс әлемінің де бірнеше мемлекеті пайдаланады. Өйткені, бұл әліппенің басты құндылығы – ондағы әріптер санының қысқалығы мен нұсқалығы. Кәдімгі миллиондаған ән шығаруға қабілетті жеті нота мен миллиард есепті шешуге жеткілікті майялардың үш таңбасын еске түсіреді. Сондықтан біздің мемлекеттің латын әліпбиіне өту туралы нақты шешім қабылдағаны − қай тұрғыдан болса да оң қадам.

Әділ АХМЕТОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.05.2018

Лионель Месси «Алтын бутса» сыйлығын бесінші рет жеңіп алды

21.05.2018

Қазақстан мен Халықаралық ҚҚДБ арасындағы Қарыз туралы келісім туралы заң жобасы қаралды

21.05.2018

Қ. Тоқаев Толеранттық және бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңестің басшысымен кездесті

21.05.2018

Шымкент-2 жаңа теміржол вокзалы салынады

21.05.2018

Елбасы Өзбекстан Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

21.05.2018

ОҚО-да Нобель сыйлығы лауретының қатысуымен ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті

21.05.2018

Қазақстанның аграрлық ғылымының дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті

21.05.2018

Филиппо Оноранти: Алқалы жиынның алар орны да ерекше

21.05.2018

Ханс-Пол Бюркнер: Мұнай мен газ ғана емес, басқа салалардың да дамуы керек

21.05.2018

Мырзакелді Кемел: Болашаққа бағдарланған форум

21.05.2018

«Нұр Отан» Атырау мен Павлодарда ІТ-мамандарын дайындатын ІТ-орталықтар ашты

21.05.2018

Бурабай ұлттық паркіне арналған «A day in Burabay» бірегей фотоальбомы жарық көрді

21.05.2018

Алматыда 5 жасар бала менингиттен көз жұмды

21.05.2018

Мекен-жай анықтамасын Telegram-бот арқылы алуға болады

21.05.2018

Нұрлан Ноғаев: Бизнес субъектілеріне мемлекеттің қолдауы аймақтың экспорттық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді

21.05.2018

Алматылық педагогтар СДУ-да бас қосты

21.05.2018

Қазақстанда тұңғыш рет көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға СИАХТ отасы жасалады

21.05.2018

Самал Еслямова: Біз бұл кинокартинаны түсіру үшін 7 жылымызды сарп еттік

21.05.2018

Жезқазған қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті

21.05.2018

Айдос Қыдырма ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу