Өз өмірін өзі өзгерткен бойжеткен

Өскеменде ай сайын премь­ера. Об­­лыстық драма театр жу­ықта ғана «Ақан сері-Ақ­­тоқ­ты» қо­й­­­ы­лы­мын сах­­на­лаған-ды. Ен­ді, мі­не, Жас­тар теа­т­ры қыр­ғыз Маар Бай­жиевтің «Нә­зи» ме­ло­дра­ма­сын кө­рер­мен назарына ұсынды.
Егемен Қазақстан
11.04.2017 2984

Теңіз жағалауы, бөлме іші. Осындай екі-ақ көріністен тұра­­тын қойылымда үш қана актер ойнайды. Қырықтан ас­қан қалталы жігітке амалсыз қосылған бойжеткен тол­қы­ны тулап, аласұрған теңіз жаға­сында жаны жай таппай, өзі де сол теңіздей аласұрады. Оны «Балақай» деп атайтын бай жігіт бір мезетте балық аулауға кетеді. Міне, осы кезде өзін бақытсыз санайтын бойжеткен жағалауда дәл өзіндей өмірден өз орнын таппай, дел-сал күй ке­шіп жүрген теңізші жігітті жо­лықтырады. Сырласады. Ашық теңізде жолаушылар мінген кеме­ні құтқарамыз деп қос жол­дасымен бірге катермен ра­диа­циялық аймақты кесіп өтіп, айықпас дертке ұшыраған Әзиз есімді жігіт оның өмірін, ой-санасын күрт өзгертеді. Қо­йылым соңында үшеуі үш жақ­­қа кетеді. Нәзидің нәзік жанын тербеген, өзіне ынтық еткен жігіт дүниеден өтеді, «ма­хаббат деген еркіндік. Мен саған үйленбеймін, үйленсем, еркін­дігімнен айырылып қала­мын» деп масайрайтын Ескендір ақыр аяғында «кетпе» деп қыздың аяғын құшып жалынғанымен, өзінің бақыты үшін батыл қа­дамға бел буған бойжеткен бас­қа қалаға кетеді.

− Мұндай тағдыр қазір біздің көптеген қыздарымыздың басында болуы мүмкін. Болмаса да, Нәзидің орнында болуды арман­дайтын, армандап кеткен, «мәселе – некеде емес» деп бай адамның қасында жүр­гісі келетін аруларымыз аз емес. Сон­дықтан осы тақырып мені қатты толғандырды. Өз тағ­ды­рын өзі өзгерткен қызды сах­наға алып шыққым келді, – дейді қойылым режиссері Сайлау Қамиев. Ол түпнұсқасы «Дуэль» деп аталатын бұл туындының атын «Нәзи» деп өзгертіп, орыс тілінен қайта аударып шық­қа­нын айтты.

Мұңға толы мелодрамада Жастар театрының үш актері – Айдос Нұрмағамбетов, Ержан Амантаев пен Мақпал Елтайқызы өз кейіпкерлерін барынша ашуға тырысты.

«Бұл қойылымға 18 күн дайын­далдық. Нәзи − психологиялық жа­ғынан күрделі рөл. Бұған дейінгі қойылымдарда мінезі шай­­қы, долы қыз-келіншектердің рөл­дерін сомдадым. Бүгін өске­мен­дік көрермендерге басқа қыры­­нан көріндім деп ойлаймын. Мәселе – басты рөлде емес, оның күр­делілігінде, адам жа­нының ішкі иірім­деріне терең бойлауында», – деді Нәзиді бейнелеген актриса Мақпал Елтайқызы.

«Бұл актерді, актрисаны жан-жақты ашатын қойылым. Үш адамның үш түрлі позициясы бар, үш түрлі көзқарасы бар, үш түрлі шындығы бар. Әрқайсысы өзінің шындығын ашуға тырысты», дейді Ескендір рөлін ойнаған актер Айдос Нұрмағамбетов.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Өскемен

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2017

Футболдан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды

18.08.2017

Павлодардан Астанаға 10 тонна қарбыз жеткізіледі

18.08.2017

Ақтөбе мектептері жаңа оқу жылына 95 пайыз дайын

18.08.2017

Бурабайда Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті

18.08.2017

Павлодарда 98 ауыл әкімі сайланды

18.08.2017

Парламент депутаты Мақтарал ғалымдарының жұмысын жоғары бағалады

18.08.2017

Астанада бір жарым ай ішінде 2,5 мың адам жұмыспен қамтылды

18.08.2017

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

18.08.2017

Барселонадағы теракт: анықталған жайттар

18.08.2017

Алматыда «Al Hilal» Ислам Банкінің» тұңғыш бөлімшесі ашылды

18.08.2017

Қазақстанның киелі орындар тізіміне Жайық (Теке) қаласы енді (фото)

18.08.2017

Владимир Никитенко: Черногориямен өтер ойында футболшылардан жанкештілік талап етеміз

18.08.2017

Оңтүстік Қазақстанда үздік әлеуметтік жоба анықталды

18.08.2017

Синоптиктер демалыс күндерінің ауа райына болжам жасады

18.08.2017

Сайлауалды үгіт жұмыстарын интернет арқылы жүргізу реттелмек

18.08.2017

ҚР СІМ: Барселонадағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

18.08.2017

Сыр өңіріндегі Сортөбе бекінісінен қобыз пішіндес тас табылды

18.08.2017

Қарлығаш балапанын ұшырған күн

18.08.2017

Нұрсұлтан Назарбаев Барселонада болған террорлық актіге байланысты көңіл айтты

18.08.2017

Boyce Thompson институты: Алманың отаны − Алатау

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Жұмысты жалғастырар жастар қайда?

Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауылда тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мектептер мен басқа да мекемелердің жабылуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты. 

Нұрғали ОРАЗ,

Тәуелсіздік дегеніміз – мәңгілік күрес

Кешкілік аллеяда серуендейтін осы бір кішіпейіл, мәдениетті кісіні жиі көріп қаламын. Алғашында бас изесіп қана жүрдік. Бірте-бірте тіл қатысып, тротуардың жиегіндегі сәкіге тізе бүгіп, әңгіме-дүкен құратын болдық.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Кикілжің келіссөз арқылы шешіледі

Бүгінгі таңда әлемді алаңдатқан мә­селенің бірі Корей Халық-Де­мо­­кратиялық Республикасының яд­ролық қаруға қол жеткізу сая­саты болып отыр.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

ЭКСПО екі айналып келмес саған...

Алаштың алтын алқасындай Ас­та­на­ның ажар-көркіне аспанда­ғы ай қызығып, көктегі күн сүй­сін­гендей. Сарыарқадағы шамшы­рақтай сама­ла шаһар қазір тіпті құл­­пырып тұр. Сұлулығы көз суырғандай. Жер-жа­һан­ның жетіс­тік­тері жайнап төрінде тұр­са, бес құрлықты бетіне қаратар бе­дел жинамай қайтеді енді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу