Оңтүстікте индустриаландыру аясында 17 жоба ашылады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Оңтүстік өңірінде жүзеге асырылуы мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында брифинг берді.
Егемен Қазақстан
19.05.2017 497

Онда әкім айқын межені бағындырып, экономиканы өркендету жолында Оңтүстік Қазақстан облысының да қосар үлесі мол болатынын айтып, өткен жылдың қорытындысымен облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны сақталғанын жеткізді. Мәселен, жалпы өңірлік өнім көлемі 1,1% артып, 2 трлн. 808,4 млрд. теңгені құраған. 
Экономикалық дамудың жаңа моделіне тоқталған аймақ басшысы Оңтүстік Қазақстан бірқатар салаларда елімізде көшбасшылық орындарда келетінін атап өтті. Мәселен, республикада облыстың ауыл шаруашылығының өнім көлемінің үлесі 12,3%-ды құрайды. Жекелей тарқатып айтсақ жылыжайлар - 1123 га, республикадағы үлесі - 80%, мақта - 286,7 мың тонна, үлесі - 100%, бақша – 1 млн 264,5 мың тонна, үлесі - 61,1%, жүзім - 51,4 мың тонна, үлесі - 68,5%, жеміс - 90,7 мың тонна, үлесі - 37,8%, көкөніс - 944,2 мың тонна, үлесі - 25%. 
Мұнан соң, облыс басшысы Жолдауда айтылған цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету бойынша өңірде атқарылатын жұмыстарды баяндады. 
Оның айтуынша, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіштеріне сәйкес 2020 жылы компьютерлік сауаттылық деңгейін 80 %-ға жеткізу керек болса, 2016 жылдың қорытындысымен ОҚО-да бұл көрсеткіш 79,2 %-ды құраған. Ал, «Ақылды қала» жобасы аясында «Smart Ontustik» жобасының тұжырымдамасы әзірленіп, ол индустриалдық-әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталатынын мәлімдеді. 
«2015-2019 жж. Индустриаландыру бағдарламасы аясындағы республикадағы 630 жобаның 135 немесе 21,4% облысымыздың үлесінде. Бағдарлама облыста іске асырылғаннан бері жалпы құны 206,6 млрд. теңгеге, 9,5 мың жаңа жұмыс орнын құрайтын 159 жоба іске қосылып, 101 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 37 млрд. теңгеге 17 жобаны іске қосу, 900-ден астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Осы жылдың үш айында 1,7 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асты», – деді әкім. 
Мұнан бөлек, Оңтүстік Қазақстанда тоқыма кластерін дамыту мақсатында құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта бүгінгі таңда 10 жоба іске қосылып, 1056 жұмыс орны ашылған. Бұл аймақта орналасқан 2 кілем фабрикасы өңірде алғаш рет заманауи технологияларды қолдана отырып сәтті жұмыс істеп келеді. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2017

Абаев Қазақстан мен АҚШ президенттерінің телефонмен сөйлесуіне пікір білдірді

21.09.2017

Дәурен Абаев: ИЫҰ саммитінің мәртебесі ЕҚЫҰ саммитінен кем түспейді

21.09.2017

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор - министр Абаев

21.09.2017

Ұлттық ұланның халықаралық турнирі басталды

21.09.2017

ОҚО-да ЭКСПО-2017 көрмесіне атсалысқан ерікті жастар марапатталды

21.09.2017

Астанада EXPO-2017 көрмесінің 16 «жасыл» жобасы іске асырылмақ

21.09.2017

«Kostanay Invest–2017» инвестициялық форумында 26  меморандумға қол қойылды

21.09.2017

Келер жылы мектеп бағдарламасына қоғам және дінтану сабағы енгізілуі мүмкін

21.09.2017

Қазақстанда қалайы өндіруге салық мөлшері азайтылмақ

21.09.2017

Біртанов МӘМС бойынша жиын өткізді

21.09.2017

Чемпиондар лигасының 2019 жылғы финалы Мадридте өтетін болды

21.09.2017

Жас журналистерге арналған жоба іске қосылды

21.09.2017

Студенттерге елордадағы хостелдерден жеңілдік ұсынылды

21.09.2017

«Zhangyru» корпоративтік оқыту» жобасына іріктеу басталды

21.09.2017

ЭКСПО-2017 Маңғыстау облысына қуатты серпін берді - Е.Тоғжанов

21.09.2017

Отбасылық еңбек өтілі 100 жылдан асқан ұстаздар марапатталды

21.09.2017

Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен партиялық тыңдау өтті

21.09.2017

Мемхатшы әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін талқылады

21.09.2017

Астана әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды

21.09.2017

Сағынтаев экономика мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің кезекті отырысын өткізді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Сапасыз білім сан соқтырады

Спортшылардың «спорттық ғұ­мы­ры» қамшының сабындай қыс­қа. Жұрттың бәрі Головкиндей отыз­дың жуан ортасында жай оғындай жар­қылдап жүрмейді. Жасы келіп, күш-қуаты кемігенде боксшы қолғабын, фут­­болшы бутсысын шегеге іледі. Иә,­­ талай жылғы серігімен қош ай­­­тыс­қан ардагер спортшының қай-­қайсысы болса да «Әрі қарай не­ істеймін?» деген тағдыршешті сұрақ­қа түбі бір маңдай тірейді. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Өрелі өрен іздеймін

Халқымыз  «Ұлың өссе ұлық­ты­мен, қызың өссе қылықтымен ауылдас бол» деп бекер айтпаған. Өйткені, жа­ңа көктеп келе жатқан жас шыбық қа­тарына қарап бой түзейді, бір-бі­рінің ойын байытады немесе кері әсерімен қисық, қыңыр болып өсуіне де әсерін тигізеді. Қанатты сөз осындайларды көріп ой түйгеннен туса керек.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Такси мен «тәбет»

Астанадағы автобустардың қыз­мет көрсету сапасы жайлы мақала шық­қан­нан кейін («Қоғамдық көлік және жолаушы мәдениеті», «Егемен Қазақ­стан», 7 қыркүйек, 2017 жыл) бірнеше оқырман хабарласып, «Так­сист болып бір-екі күн жұмыс істеп көріңізші, біраз мәселеге қанығар едіңіз» деп ой тастады. 

Жанат МОМЫНҚҰЛОВ, Сарапшы

Қазақстанның миссиясы айқын

Еліміздің сыртқы әлемдегі абы­рой-атағы мен халықаралық бе­делі жүзеге асырылып жатқан ірі­ бас­тамалар мен кең ауқымды іс-шаралардан көрініс тауып, өзі­нің тиісті бағасын алып отыр. 

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Рухани айналымға түспеген фильмдер

Кино туралы сөз қозғалса, жұрттың назары әсіресе тарихи-биографиялық, комедиялық фильмдерге көбірек ауатыны белгілі. Қоғамдық пікір негізінен осы екеуінің айналасында өрбіп жатады. Қазіргі біздің жағдайы­мыз да дәл осындай. Оның себебі түсі­нік­ті ғой.  

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу