Оңтүстікте жағымды жаңалық көп

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Шымкент қаласында «Қазақ еліне мың алғыс!» мону­ментінің ашылу салтанатына қатысқан Елбасы күні кеше Астанада «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен өткен Қазақ­стан халқы Ассамб­лея­сы­ның XXV сессиясында айтыл­ған, өңірлерде жүзеге асырылған игі істердің біріне куә болды.
Егемен Қазақстан
28.04.2017 1947
2

Өңірдегі этнос өкілдерінің қар­жы­лай демеуімен бой көтерген биіктігі 7,5 метр болатын монумент ең­селі ғи­марат­пен бірге алдағы уа­қыт­та елді бере­келі бірлікке ұйыс­тыратын маңыз­ды іс-шаралар өте­тін патриоттық алаң­ша ретінде ел игі­лігіне жұмыс істей­тін болады. Бір­лікті қалайтын қазақ елінің бауыр­малдығын, қонақ­жай­­лы­ғын, мейі­рім­ділігі мен досқа адал­дығын баға­­лай білген, кезінде жүр­гізіл­ген со­ла­қай саясаттың салдарынан ата-ба­­ба­лары Қазақстанға күштеп қо­ныс­­тан­дырылған этностардың өсіп-өнген ұр­пақ­тары әрдайым Елб­асы саясатын қолдап, ынтымақ-бір­лікке сызат түс­пеуіне мүдделілік таныт­ып келеді. Қазақ­стан халқы Ассам­блея­сы ғима­ратының алдынан бой көте­рген «Қазақ еліне мың алғыс!» мону­менті­нің бой көтеруі де өңірім­іздегі түрлі ұлт пен ұлыстың Қазақ еліне деген кір­­шік­сіз ризалығы мен ақеділ шына­йы ал­ғы­сының сим­во­лдық көрінісі іспетті. 

Монументтің ашылу салтанатында Мемлекет басшысы көп ұлтты мемлекетіміздегі ұлттар мен ұлыстар татулығы Тәуелсіз Қазақстанның бас­ты байлықтарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Елбасы жөн­деу­ден өтіп, Қазақстан халқы Ассамблея­сы­­ның өңірдегі нысаны ретінде ішкі құ­­ры­­лымы толықтай өзгертілген ғима­рат­­ты аралап көрді. Облыстық бюджет қаржысы есебінен жөнделген 3 қа­бат­ты нысанда «Қоғамдық келісім» ме­ке­месінің қызметкерлері мен өңір­дегі этномәдени бірлестіктердің кеңсе­лері, 800 орынға арналған көрермен залы б­ар. Сонымен бірге, мұнда түр­лі үйір­ме­лер мен жексенбілік мек­теп­тердің жұ­мыс істеуіне жағдай жасалған. Оң­­түс­тік жұртшылығын берекелі бір­лік пен ырысты ынтымаққа үндейтін іс-ша­­ра­­­лар мен форумдар, кездесулер мен се­­ми­­нар­­лар осында өткізілетін бола­ды. Өңір­­­де 20 об­лыс­тық этномәдени бір­лес­­­­тік жұмыс істейді, олардың аудан­дар мен қа­ла­лар­да 51 филиалы мен 17 жас­­­тар қа­наты, 11 жексенбілік мектебі бар.

Салтанатты рәсімнен соң Мем­лекет басшысының назарына этно­мәдени бірлестіктер өкілдерінің орын­дауын­дағы «Бірлігіміз жарас­қан» деп аталатын музыкалық композиция ұсынылды.

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» экономикалық саясаты мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары ел дамуына оң ықпалын тигізіп ке­л­еді. Бұл орайда, Елбасы жыл басын­­да Қазақстан халқына арнаған «Қазақ­­станның Үшінші жаңғыруы: жаһан­­­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Жол­дауында тек 2014-2016 жыл­дар ара­лығында экономиканы қол­дауға қосымша 1,7 триллион теңге жұм­сал­ғанын атап өткен болатын. «Мұ­ның барлығы экономикалық өсімді және­ бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді», делінген Жолдауда.

Елбасы тыныс-тіршілігімен таны­с­­қан Шымкенттегі алюминий про­фильдерін әзірлейтін «Gold Aluminum» ЖШС де осындай игі бағ­дар­ламалардың, инвестиция­лық сая­саттың нәтижесінде өнімін көбейтіп, өрісін­ кеңейтуде. 2014 жы­лы индуст­рияландыру картасы ая­сын­да іске қосылған зауытта 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Елба­сы ақ­параттық стэндтер мен экспо­зициялық үлгіле­рді көріп, кәсіп­орынның жұмыс жоспарлары жөнінде мәлімет алды.

«Жеке өндіріс ашып, импортталатын тауарлардың орнын басу – еліміздің экономика­лық дамуының қазіргі кезеңін­дегі маңызды міндеттің бірі», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Елбасы компания қызметкерлерімен әңгімелесіп, жұмыстарына табыс тіледі және кәсіби жетістіктерге жетуіне ниеттестігін білдірді. 

Түрік инвесторларының қаты­суымен құрылған «Gold Aluminum» ЖШС өткен жылы 750 тонна алюминий профильдерін шығарып, оның 20 пайызын Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанға экспорттаған. Бүгінде компания қазақ-түрік индустриялық аймағында екінші зауыттың құрылысын жүргізуде. Жоба құны – 2,6 млрд теңге. Болашақта зауыт­та 50 адам жұмыспен қам­ты­лады деп күтілуде. Қазіргі таң­да Қазақстан нарығындағы алюми­ний профильдерінің көлемі 50 мың тонна болса, оның 25 мың тоннасы Қытай мен Ресейден, Өзбек­­стан мен Түркиядан им­порт­талады екен. Аталған кәсіп­орын импорт үлесін азайту мақ­сатында бәсекеге қабілетті өнім түрлерін көбейтпек.

Ауыл шаруашылығы саласы – Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының негізгі бағыты. Яғни, бұл сала бойынша ауыз толтырып айтарлық жұмыстар мен қолға алынған бастамалар көп. Осы орайда, Мемлекет бас­шысына Сайрам ауданындағы «DALA-FRUIT.KZ»  ЖШС-нің дала қосында облыстың әлеу­меттік-экономикалық көр­сет­кіштері баяндалып, ауылшаруа­шылық өнімдерінің көрмесі ұсынылды.

«Бұдан 10-15 жыл бұрын өзі­міз осындай алуан түрлі өнім өндіреміз деп ойлап па едік? Ал бүгін ол шындыққа айнал­ды», – деді Елбасы көр­меге қо­йылған отандық өнім­дер­ді ара­лау барысында. «Қазақ­стан­­­ның Үшінші жаңғыруы: жа­һан­­дық бәсекеге қабілет­ті­лік» Жолдауында ел Прези­денті аг­рарлық сектор экономи­­ка­­ның жаңа драйверіне ай­на­луы керек­тігін, еліміздегі агро­өнер­­кәсіп кешенінің болашағы зор екендігін айтты. Оңтүстік Қазақ­стан облысына келген сапарының бірінде «Шағын және орта кәсіпті өркендетуді Оңтүстіктен үйрену керек», деп үлкен сенім білдірген еді. Тумысынан еңбекке бейім, ырыздығын маңдай терімен тауып жүрген облыс диқандары мен шаруалары расында агро­шаруа­шылығында үлкен табыс­тарға қол жеткізіп келеді.

Облыс әкімі Жансейіт Түйме­­­баев баяндама жасап, ауыл шаруа­шылығы саласын­дағы жетіс­тіктерге тоқтал­ды. Мәселен, қаңтар-нау­рыз ай­ларына ауыл шаруашы­лы­ғы­ның жалпы өнім көлемі 64,4 млрд теңге болып, өткен жылдың тиіс­ті кезеңімен салыстырғанда 7,9 млрд теңгеге артты. Тек, жылы­жай­лардың өзі 1 142 гектарға жетіп, респуб­ли­кадағы үлесі 80 пайызды бағын­дыруы мұндағы жұмыс­тардың қарқынды жүріп жатқандығын байқатады.

«Сіздің тапсырмаларыңызға қатысты арнайы сараптама жүргізіп, проблемаларды шешу­дің жолдарын анықтаудамыз. Біздің облысымызда бұл мәсе­ле­лерді шешудің басты жолдары – өңіріміздегі халықтың орна­ласу тығыздығын ескере отырып, адами капиталдың сапасын арт­тыру; ауыл шаруашылығын қар­қын­ды дамыту мүмкіндіктерін толы­ғынан пайдалану; туризм сала­сын дамытып, қосымша жұ­мыс орындарын ашу. Бюджет қар­­жы­сын тиімді пайдалануға және қосымша кіріс көздерін анық­­­тауға қатысты тиісті шара­лар, сонымен қатар, мем­лекет-жек­еменшік әріптестігі тетігін қолдану жұмыстары  жүргізіле­ді. Жұмыссыздық деңгейін төмен­дету, кәсіпкерлікті қол­дау мақ­­сатында 21 192 адамға әлеу­мет­тік қолдау шаралары көрсе­тілді. Жалпы 3 330 жұмыс орны құрылды», – деді облыс әкімі. Сондай-ақ, Ж.Түймебаев егіс­тікті әртараптандыру, там­шы­латып суару және мал шаруа­шылығындағы көрсеткіштер бойынша деректер келтірді.

Облыс әкімдігінің күш салуы­­ның, жұмысты дұрыс ұйым­­­дас­тыруының арқасында ауыл шаруашылығы бойынша Оңтүс­­тік Қазақстан облысы рес­пуб­­ликада көш бастап келеді.

Мемлекет басшысы аталған бау шаруашылығында өңірдің зия­лы қауым өкілдерімен кезде­сіп, жақында «Егемен Қазақ­стан» газетінде жарияланған «Бола­­шаққа бағдар: рухани жаң­­ғыру» мақаласы жайында пі­кір­лесті. Елбасы кездесу­де өңір­дің бірегей тарихына және мәдени ерекшелігіне тоқтал­ды. «Оңтүстік Қазақстан – қазақы­­лықтың қаймағы бұзыл­ма­ған өлке. Бұл – абыздар мен әулие­лердің қасиеті дарыған, Қожа Ах­мет Ясауи мен әл-Фарабидің ізі қал­ған, көне мәдени мұраға бай киелі жер. Қазір бұл өңірде бүкіл ел халқының 16%-ы тұра­ды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті оңтүс­тік өңірдің тарихын тұтас Қазақ­станның тарихы деуге болатынын атап өтті. «Оңтүстік Қазақстан облысының өзінде 800-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Әлемге әйгілі жәдігерлеріміздің көпшілігі осында. Түркістан, Отырар, Сайрам, Сауран қала­лары, Қожа Ахмет Ясауи, Арыс­тан баб кесенелері – біздің мақта­нышымыз. Осындағы әрбір төбе мен қырқаның, өзен мен көлдің аттары – тұнып тұрған тарих. Мәртөбе, Күлтөбе және Ордабасы – халқымыздың сақталуына әсер еткен қазақ­тың бірлігі мен тұтастығының қа­сиетті символы. Біз осы­ның бәрін ұрпақтың санасына сіңі­руі­міз керек. Жастарды пат­рио­тизмге, отаншылдыққа, туған жерді сүюге баулу қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев елде үштілділікті толыққанды енгізу­дің өзектілігіне тағы да тоқта­лып, әліпбиді ауыстыруға қатысты күмәнді сейілтті. «Ағылшын тілін оқытуды жандандыру қажет, ол іскерлік ортаның барлық саласында қолданылатын болады. Бұл – заман талабы, тек бізге байланысты емес», – деді Елбасы. Әлемдегі сән-салтанаты келіс­кен, экономикалық қиындық­тар­дан мойны босаған, халқының әлеуеті жоғары 30 елдің қатарына қосылу – біздің мемлекетіміздің стра­тегиялық басты бағыты. Осы­ны айтқан облыстың зиялы қауы­мы Мемлекет басшысы­ның «Әжептәуір жаңғырған қоғам­ның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніміз құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», деген салиқалы пікірі тұрғы­сында өз ойларын айтты.

Мысалы, жазушы Мархабат Байғұт Елбасы мақаласындағы прагматизмге тоқталып, қанағат, ұстамдылық мәселесі өте орынды көтерілгенін, Оңтүстікте ысы­рап­шылдықтың барын білдірді. Ал кәсіпкер Серікжан Сейіт­жанов еліміздің ширек ғасырда жет­кен жетістіктерін Елбасы еңбегімен байланыс­тырды. Кәсіп­кер 2010 жылы «Стандарт» цемент зауытын ашқанын, енді ал­да­ғы уақытта еуропалық талап­тар­ға жауап бере алатын мұнай өнім­дерін шығаратын  «Стандарт неф­техим» зауытын салатынын жет­кізді. Сондай-ақ, кездесуде сөз алғандар ата-бабадан мирас болып қалған ізгі қасиет­тер­ді, ұлттық рухты, ұлт­тық бо­л­мысты қайта түлету тура­лы ойларымен бөлісті. «Туған жер» бағдарламасы жалпы­ұлт­тық патриотизмнің өзегіне айналатындығына сенім­дерін білдірді. Ал ол өз кезегін­де Отан­­­ды шексіз сүю деген шынайы сезіммен қабысады.

Кездесуді қорытындылаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыс бюджетінің бестен бірі ғана өзіндік табыс, қалған 80 пайызы дотация еке­нін еске салды. Облыстың ауыл шаруа­шылығында жаңалық көпті­гін, енгізіліп жатқан жылы­­жай, тамшылатып суару әдіс­терін ұлғайта түсу қажет­тігін атап өткен Елбасы бизнес­ке әр­­да­йым қолдау көрсетуді тапсырды.

Осындай емен-жарқын сырласудан соң Мемлекет басшысы «DALA-FRUIT.KZ» серіктестігінде атқарылып жатқан жұмыстармен таныс­ты. Мемлекеттік индустрия­­лық-инновациялық даму бағ­­дарламасы аясында іске қосыл­ған серіктестікте бастап­қы­­да 83 адам тұрақты жұмыс­пен қамтылып, компания жұ­мы­­сын бастаған үш жылда оның саны 277 адамға жеткен. «Агробизнес-2020» және «Биз­нестің жол картасы-2020» бағ­дар­ламалары арқылы жеңіл­детілген несиенің есебінен 400 млн теңге алған серіктестік басшылығы жұмысты дұрыс жолға қойып, бүгінгі таңда қазы­наға 607 млн теңге салық, жұмыс­шыларға 705 млн теңге ай­лық төлеп отыр. Жалпы көлемі 106,5 гектар болатын «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС-нің бауына 215 мың түптен ас­там жеміс ағаштары егілген. Мұн­да алманың «Гренни», «Смит», «Фуджи», «Голден-дели­шес», «Гала», «Айдеред», ал­хоры мен шиенің «Стенлей» ат­ты шетел­дік сұрыптарын кез­дес­­тіруге болады. Яғни, мұн­­дағы 1 гектар жерге шамамен 2 500 түп ағаш көшеті қонды­рыл­ған. Заманауи техникамен жаб­дықталған бау тамшылатып суа­ру жүйесі арқылы нәр алады.

Ауыл шаруашылығы өнім­дерінің көбеюіне байланысты серіктестік жиналған өнімді ұзақ уақыт сақтауды қолға алды. Биыл осы мақсатта ауа температурасын реттеу жүйесі бар 15 мың тонналық жаңа қойма іске қосылды. Онда ауа реттегіш тоңазытқыштар, жемістерді сұрыптау мен жүк көліктерінің бірнеше түрлері бар. Шетелдік озық технологиялармен жұмыс істейтін қойма жемістердің сапасы мен табиғилығын ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік береді. Сөз орайы келгенде айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында интенсивті бау шаруа­шылығын қарқынды дамыту жұмыстары қолға жақсы алынған. Облыста жеміс-жидек ағаштары алқаптарының көлемі 19,5 мың гектар болса, оның 2 мың гектары интенсивті бауларға жатады. Өңір шаруалары осы жылы аймақта 1,5 мың гектар жерге интенсивті бау тәсілімен көшеттер отырғызып, осындай баулардың жалпы көлемін 3,5 мың гектарға жеткізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі күні интен­сивті баулармен өңірде 15 агро­құрылым айналысады.


Бақтияр Тайжан,

Ғалымжан Елшібай,

«Егемен Қазақстан».


Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды.


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

21.09.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша жоба әзірленді

21.09.2018

Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны жолмен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Алексей Луценко: «Алматы турын» апталық жарыс қылса керемет болар еді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

21.09.2018

Онкологиялық қызметтің атасы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы атап өтілді

21.09.2018

Дзюдошы Ерлан Серікжанов жартылай финалға шықты

21.09.2018

Қайрат өз құрамын жария етті

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу