Оңтүстіктің өнерпаздары түркиялықтарды тәнті етті

Түркия мемлекетінде VIII «Халықаралық Рамазан» фестивалі аясында өткен «Қазақстан кеші» концертіне Оңтүстік Қазақстан облысының өнер тартуын арқалап 36 өнерпаз барып келді. Аталған делегаттардың топ жетекшілерімен Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.
Егемен Қазақстан
21.06.2017 1454
2

Баспасөз конференциясына қатысқан облыстық мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ғ. Шарафиева, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртісі С.Әбдірайымова, облыстық опера және балет театрының директоры Ә.Нұрмаханбетов бауырлас ел ыстық ықыласпен қарсы алғандарын айтып, өз әсерлерімен бөлісті.

«Қазақстанның Түркиядағы елшілігі Кечиөрен муниципалитеті мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған қос ел арасындағы мәдени байланыс Анкара, Адана, Мерсин, Ыстанбұл қалаларында кең көлемді концерттік бағдарламамен ерекшеленді»,- деді Ғ.Шарафиева.

Бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ортақ мәдениетті қалыптастыра отырып, әдеби, рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында қолға алынған айтулы шарада өнер көрсеткен ел өнерпаздарына Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі және аталған мемлекеттің мәдениет басшылары айрықша қолдау білдіріп, алғыстарын жеткізді.

«Күні бүгінге дейін күнгей өлкенің мәдениет майшамын маздатып, даңқты елдің дара өнерін республикалық, халықаралық сахна төрінде танытқан әннің дарабоздары, бидің тұсау салдырмас тарландары түркиялық көрерменнің шаттық шапалағына көмілсе, қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп ата әнін жатық нотада өрген  дәстүрлі әншілер елдің ұлттық әуендерін әуелетіп, тарихи мәнге толы гастрольдік сапарда айрықша із қалдырды. Оның дәлелі, Түркия мемлекетінің ақпарат беттерінде елдің сәлемін арқалай барған Оңтүстік өнерпаздарының жарқын бейнелері көрініс табуы болатын»,-деп атап өтті Ә.Нұрмаханбетов.

Сонымен қатар, VIII «Халықаралық Рамазан» фестивалі аясында  Түркияның бас қаласы  - Анкараның Кечиөрен ауданында жыр алыбы Жамбыл Жабаев атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі де жылдың айрықша жаңалығы ретінде орын алды.

Брифинг барысында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртісі С.Әбдірайымова сапардың сәтті қадамдары мен «Қазақстан кеші» концерті туралы айтты.

Брифинг соңында спикерлер апталық сапар шеберлікті шыңдау мен мәдени қарым-қатынастың нығаюына ерекше әсер беретіндігін айтып, Елбасы мақаласы аясында жүзеге асқан қос ел арасындағы еңселі жоба жалғасын табатындығын жеткізді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

16.02.2019

Бүгін Болгариядағы турнирде Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

16.02.2019

СІМ және «Атамекен» ҰКП инвестициялық және экспорттық бағыттағы жұмысты үйлестіруді күшейтуде

16.02.2019

WGS төрағасы: Үкіметтер өздерінің бизнес-модельдерін қайта ойлап табуы керек

16.02.2019

Ресей сауда алаңдарында қазақстандық компаниялардың белсенділігі артты

16.02.2019

Алматыда «Қазақстан университеттері халықаралық аренада» тақырыбында семинар өтті

16.02.2019

Майдангер-жазушы Леонид Гирш 95 жасқа толды

16.02.2019

Алматыда студенттер арасында «IITU Robocon 2019» робототехника чемпионаты өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу