ОҚО-да 4,7 млрд теңгеге 7 нысан салынады

Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы уақытта мемлекеттік-жекешілік әріптестігі аясында жалпы құны 4,7 млрд. теңгені құрайтын 7 нысан бой көтеретін болады. Қазірдің өзінде 2 балабақша мен 500 орындық емхананың құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Бұдан бөлек, 11 жобаға конкурс жарияланыпты. Бүгін бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті.
Егемен Қазақстан
17.07.2017 393

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы бүгінде жалпы республика бойынша  мемлекеттік-жекешілік әріптестігі аясында жобаларды іске асыруда 5-орынға тұрақтапты. Сондай-ақ өңір басшысы аталған жобаларды іске асыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын барлық сала басшылары мен   мәслихат депутаттарына тапсырды. 

«Қазіргі таңда Елбасымыз еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту жолында барлық жағдайды жасап отыр. Соның бірі - мемлекеттік-жекешілік әріптестікті дамыту. Бұл қоғамда маңызды жобаларды жүзеге асыруға жеке инвестицияларды тарта отырып тиімді басқаруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді жеке секторға беруге бағытталған мемлекетпен жеке бизнес арасындағы ынтымақтастық болып табылады. Сондықтан үгіт-насихат құралдарын көптеп шығарып, кәсіпкерлерге түрлі салалардағы бірлесіп атқаратын  жобаларды ұсынып отыру қажет», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Басқарма басшысының айтуынша,  жалпы әкімдіктің бастамасымен 34 жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы іске асыру жоспарланған.  Заң талаптарына сәйкес тиісті құжаттары рәсімделген 18 жобаның тізбесі облыстық мәслихатпен бекітіліпті.

«Биылғы жылы 34 жобаның 11-іне  конкурс жарияланды. Оның 1-уі  білім, 3-еуі спорт нысаны. Байқау қорытындысы 4 - тамыз айында анықталады. 4 жобаның конкурстық құжаттамалары әзірлену үстінде. Тиісті сараптама қорытындылары алынғаннан кейін тізбесін бекіту үшін облыстық мәслихаттың қарауына ұсыныс берілетін болады. Бұдан бөлек, 12 жобаның тұжырымдамасы дайындалып, жыл соңына дейін тиісті сараптама қорытындыларын алу көзделіп отыр»,- деді    Арман Сәбитұлы.

Өңір басшысы мемлекеттік-жекешілік әріптестікті дамыту мақсатында облысымызда мемлекет тарапынан бөлінетін 95 млрд. теңгенің көлеміндегі жобаларды әзірлеуге шақырды. Бұл ретте әкім балабақшалар мен спорт кешендерін, футбол алаңшалары және отбасылық, студенттік жатақханалардың құрылыс жүргізуге кеңес берді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.09.2017

Кірісіңіздің 5-10%-ын балаңыздың болашағына жинаңыз!

22.09.2017

Шығанақ жолымен немесе тары өсіру дәстүрі жалғаса береді

22.09.2017

Латын әліпбиіне көшу туралы пікірлер

22.09.2017

Рухани тәуелсіздікке жеткізетін қадам

22.09.2017

Өркениет ағымына жетелейтін тарихи шешім

22.09.2017

«Харви» дауылы және мұнай бағасы

22.09.2017

Балалардың демалысы бақылаусыз қалмасын

22.09.2017

Үлгіліден үйренуге асық болайық

22.09.2017

Зейнетақы қорының қаражаты қайтарылады

22.09.2017

Қазақ қарияларының кеңдігі 

22.09.2017

БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа төрағасы Қазақстанның халықаралық істердегі рөлін жоғары бағалады

22.09.2017

Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының жетекшісі – Қазақстан

22.09.2017

ЭКСПО технологиялары білім саласында қолданылады

22.09.2017

Сербиямен қатынас құжаты қаралды

22.09.2017

Рухани даму жаңа әліпбиден бастау алады

22.09.2017

Елбасы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады

22.09.2017

Назарбаев Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қорына барды

21.09.2017

Абаев Қазақстан мен АҚШ президенттерінің телефонмен сөйлесуіне пікір білдірді

21.09.2017

Дәурен Абаев: ИЫҰ саммитінің мәртебесі ЕҚЫҰ саммитінен кем түспейді

21.09.2017

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор - министр Абаев

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

«Харви» дауылы және мұнай бағасы

Американың мұнайлы өңір­леріне үлкен зардап әкелген таби­ғи апаттар әлемдік рыноктағы мұнай бағасының тұрақтануына оң ықпалын тигізетін түрі бар. Соңғы уақытта АҚШ-та мұнай өндіру көлемінің артуы және оның қорының ұлғаюы әлемдік нарық­­тағы мұнай бағасының күрт құл­ды­­рауына әкеліп соқтырған еді.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ қарияларының кеңдігі 

Өткен уақыт қайтып оралмайтын есіл өмір екенін көңіл күйдің аумалы-төкпелі қилы-қилы шағында ойласаң – шырғалаңы көп кермек шындықтар санаңды шарлай жөнелетіні несі екен. Желтоқсан көтерілісінен кейін Мәскеу газет­тері жалпақ жалғанға жария қыл­ған қазақ ұлтшылдығын идеяло­гия­лан­дырылған бояумен баттастыра қалың көрсеткеніне өзге тұрмақ өзің иланып, орнынан алынған сол кездегі биліктің кінәсі қорытылған қорғасындай сал­мақ­ты сияқтанды. Ендеше, жазасын құдай өзі берсін дегеннен артыққа бар­­май на­за­ланған сезімге қорыну қосы­лып, сі­лей­ген қалпы отырасың да қоясың.

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Сапасыз білім сан соқтырады

Спортшылардың «спорттық ғұ­мы­ры» қамшының сабындай қыс­қа. Жұрттың бәрі Головкиндей отыз­дың жуан ортасында жай оғындай жар­қылдап жүрмейді. Жасы келіп, күш-қуаты кемігенде боксшы қолғабын, фут­­болшы бутсысын шегеге іледі. Иә,­­ талай жылғы серігімен қош ай­­­тыс­қан ардагер спортшының қай-­қайсысы болса да «Әрі қарай не­ істеймін?» деген тағдыршешті сұрақ­қа түбі бір маңдай тірейді. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Өрелі өрен іздеймін

Халқымыз  «Ұлың өссе ұлық­ты­мен, қызың өссе қылықтымен ауылдас бол» деп бекер айтпаған. Өйткені, жа­ңа көктеп келе жатқан жас шыбық қа­тарына қарап бой түзейді, бір-бі­рінің ойын байытады немесе кері әсерімен қисық, қыңыр болып өсуіне де әсерін тигізеді. Қанатты сөз осындайларды көріп ой түйгеннен туса керек.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Такси мен «тәбет»

Астанадағы автобустардың қыз­мет көрсету сапасы жайлы мақала шық­қан­нан кейін («Қоғамдық көлік және жолаушы мәдениеті», «Егемен Қазақ­стан», 7 қыркүйек, 2017 жыл) бірнеше оқырман хабарласып, «Так­сист болып бір-екі күн жұмыс істеп көріңізші, біраз мәселеге қанығар едіңіз» деп ой тастады. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу