Орта білім берудің сапалық іргетасы

Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асқарбек Құсайыновпен сұхбат.
Егемен Қазақстан
17.04.2017 2620

Ұлт тағдыры мен ұрпақ тағдырын бөліп қарай алмайсың. Ұрпақ ұлықтай болып өспесе, кем талант болып қалса, тырбаңдаған тірлігің текке кетеді. Тәуелсіз елдің ертеңгі тірегі де, алтын діңгегі де, ой-өрісі дәуірмен үндес, заманмен қарайлас, төрткүл дүниеге ойлы көзбен қарап, ескі сүрлеуді естен шығарып, жарасымы мол сабақтастықты, өмір дамуындағы жаңалық дәстүрді саралай отырып, тізбектелген уақыт көшіне есе жібермеуге бел байлайтын да сол ұрпақ болары айдай анық. Осыны көрегендікпен болжай алған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылынан білім биігіне жастарды шығару арқылы, өркениетті елдердің легіне қосылуға болатынын санаға сіңіріп қана қоймай, батыл бастамаларға барып, нақты көмек көрсетіп келеді. Бір ғана дәлел келтірер болсақ, Президент «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында»: «Жалпы білім беретін мектеп білімді, жоғары өнегелі, сыншыл ойлайтын, денесі де, рухани жағынан да дамыған, өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа қабілетті азаматты қалыптастыру» ісін тарата айтқан еді. Жалпы, Отанымызда бұл жұмыста табыс та, талпыныстар да бар, жетістік те, аяғына жетпеген реформалар да жоқ емес. Осы бір елдік істі Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асқарбек Құсайыновпен ой бөлісе отырып, қозғауды жөн көрдік.

– «Білім негізі – бастауышта» деген ұғым көп айтылады. Мұның астарында үлкен ақиқат жатқаны да анық. Әдемі сарайыңның іргетасы осал болса, баспанаң түптің түбінде бір жағына қарай қисаймай қоймайды. «Жас бала – жас шыбық, жас күнде қай түрге иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынша түзетемін десең – сындырып аласың» деген еді ұлтқа қызмет етудің үлгісін көрсеткен «Педагогика» атты қазақтың төл оқулығының тұңғыш авторы, жыр жампозы Мағжан Жұмабаев.

– Сөз төркінін түсіндім. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Оқығандар ендігі жас балаларға өздері үлгі болып, надандықтан шығарып, адамшылықтың жарық жағына сүйреуге міндетті» деген еді. Қаламгердің «жарық жағы» деп отырғаны білім беру ісі. Бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қай-қайсымыздың да мойнымызда ұрпақ келешегінің кемел болуы, бес батпан парыз бен қарыз екені сөзсіз. Кім де болса баласының салиқалы, зиялы азамат болып өсуін армандайды. Ол үшін жақсы ортада тәрбиеленіп, жақсы білім алу керектігін ойлайды. Сондықтан білім саласында болып жататын өзгерістер, жүргізіліп жатқан реформалар кімді де болса бей-жай қалдырмайды. Мен бүкіл ғұмырымды ұлттық педагогикаға арнап келемін. Жетістігімізді айтудан жалыққан емеспін. Кемшілігімізді де саралап жүрмін. Соның бір дәлелі таяуда «Орта білім беру жүйесіндегі дағдарыс: шығу жолдары» деген кітапша шығардым. Онда осы салаға жан-жақты баға беріліп, әлемдік озық тәжірибелер көрсетілді.

Иә, орта білім беру жүйесі – өте күрделі жүйе. Сондықтан білім сапасын көтеру мақсатында жүргізілген реформалардың ғылыми негізі болуы керек деп білемін. Ғылыми негізі бар істен олқылық кетпейді. Өкінішке орай, бізде олай болмай тұр. Әр күрделі жүйенің алтын арқауы тәрізді – білімнің де өзіндік құрылымы бар. Білім сапасын көтеру үшін осы құрылымды анықтап барып, оқу сапасын үйлесімді түрде көтеру керек. Сонда ғана білімде сапа болады. Өткеннің бәрін жаман деуге болмайды. Кеңес кезінде білім сапасы жоғары болды, әлемде алғашқы үштіктен орын алды. Ұстаздар әлеуеті жоғары еді. Білім беру саласы ғылыми негізде дамып отырды. Педагогикалық ғылымдар академиясы одақтың Ғылым академиясы деңгейінде тұрды. Он мыңнан аса ғалымдар жұмыс жасайтын, құзырлы мекеме болды. Бір сөзбен айтқанда, білім беру жүйесі ғылыми негізде дамыды.

– Ол жүйеде кемшіліктер болды ма?

– Болды. Ең бастысы, мектепте оқытылатын пәндер бойынша берілетін оқу көлемі балалардың білімді меңгеру қаблетінен артып кетті. Ол туралы орыстың белгілі ғалым-педагогтері нақты дәлелдер келтіре отырып, ашық жазды. Мысалы, К.Ушинский: «Біз балалардаң басына әртүрлі ештеңеге де керегі жоқ қоқысты үйіп-төгіп жатырмыз, кейін адам оны өмірде қолданбайды», – деуі соған дәлел. Кейде ғылымға негізделген ұсыныстар да толық ескерілмеді. Тәуелсіздік тұсында заманға қарай жаңа білім беру жүйесін жетілдіру жұмыстары қолға алынды. Дегенмен, бұрынғы келеңсіздіктерді ескеріп, алдымен білім беру саласын дамытудың ғылыми жүйесін жасақтауымыз керек еді. Өкінішке орай, ондай жұмыстар көп жағдайда атқарылмады. Біріншіден, заман талабына жауап беретін кадр тапшылығы қатты сезілді, екіншіден, қиын тұста қаржының кемдігі де қол байлау болды. Одан кейін Елбасының ерен ізденісінің нәтижесінде дамудың даңғыл жолына түстік. Жасыратын несі бар, сол жолда жүргізілген барлық реформалардың ғылыми негізі ескерілмеді. Содан келіп орта білім сапасы өрлеудің орнына төмендеп кетті.

– Бұған келтірер дәлеліңіз қандай?

– Дәлелім бар. Білім сапасын анықтайтын халықаралық PISA, TIMSS, басқа да орталықтар бар. Еліміз алғаш рет 2007 жылы TIMSS зерттеуіне қатысты. Ол зерттеу 4-ші және 8-ші сынып оқушылары арасында жүргізілді. Оған бізден тек 4-ші сынып оқушылары ғана ат салысып, математика пәні бойынша – 5-ші орын, жаратылыстану пәні бойынша – 11-ші орын алды. Бұл жақсы көрсеткіш еді, халық қуанды. Ал 2011 жылы мұндай сынға 4-ші және 8-ші сынып оқушылары тартылды. 4-ші сынып оқушылары сәйкесінше 27-ші және 32-ші орынды иеленді. Бұдан өткен 4 жылда білім сапасының 22 және 21 сатыға төмендеп кеткені бірден көрініп тұр емес пе? Ал 2007 жылы 4-ші сыныпта оқыған оқушылар 2011 жылы 8 сыныпқа келгенде, олар осы пәндерден сәйкесінше 17-ші және 20-шы орындарды иеленіп, өздерінің білім сапасын 4 жылда 12 және 9 сатыға төмендетіп жіберген. Мұны жақсы нышан дей аламыз ба?

PISA сараптауына еліміз 2009 және 2012 жылдары қатысқаны мәлім. Зерттеу мақсатына келсек, 15 жастағы оқушылардың оқудан, математикалық және жаратылыстанудан ғылыми сауатын анықтау. Ол зерттеуге әлемнің 65 елі қатысқанын айта кетелік. Қазақ елі оқушылары оқу сауаттылығы бойынша сол жылдар ішінде 59-шы және 63-ші, математикалық сауаттылық бойынша 53-ші және 49-шы, ал жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтары бойынша 58-ші және 52-ші орындарды иеленді. Бұл нәтижелерден Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы елдері бойынша орташа нәтижеден көп төмен екенін көресің. Осы ойландыра ма, әрине, ойландырады. Сөз бен істің арасындағы алшақтықтың барын ешкім жоққа шығара қоймас.

– Сонда білім сапасын қалай көтеруге болады?

– Әлемдегі білім беру жүйесі шынайы дамыған елдерді анықтап, олар сондай жетістікке қалай жетті дегенді зердеден өткізуіміз керек. Бұл бір десек, екіншіден, әлем елдерінің жақсы білім беру ісі мен ғылыми-тәжірибелік тәсілдерін мұқият талдап, атқарылған жұмыстарды қорытындылау керек. Сонда неден ұттық, неден ұтылдық деген мәселе анықталады. Біздің академия біраз жұмыстарды атқарды деуге болатын секілді. Соңғы 10-12 жылда Халықаралық PISA, TIMSS, PIRLS зерттеулерінің қорытындыларын біз де зердеден өткізе отырып, Шанхай (Қытай), Сингапур, Гонконг (Қытай), Финляндия, Оңтүстік Корея, Жапония, Канада және Жаңа Зеландия елдерінің оқушылары тұрақты түрде жетіп келе жатқан нәтижелерді сараптама жасадық. Ол елдерде ғылыми негізде дайындалған білім беру саясаты іске асырылған екен. Олардың басты мақсаттары: ұлттық ерекшеліктер мен мәдениетті, ана тілін сақтап дамытуды, рухани бай адам тәрбиелеуді бірінші кезекке шығарыпты. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін көтеріп, беделін арттырыпты. Бір сөзбен айтар болсақ, басты ниет – адам тәрбиесі, адамға деген қамқорлықты көреміз. Ол елдерде білім реформасы, орта есеппен, 10 жылда бір рет жүргізілетініне көз жеткіздік.

Шетелдік ғалымдардың жүргізген зерттеулерінің ішінде бізге АҚШ-тың «McKinsey&Соmpanу» компаниясы ғалымдарының жұмыстары ұнады. Олар: «Мектепте оқытудың тұрақты жоғары сапасына қалай жетуге болады?» деген тақырыпта көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеу әлемнің 25 елінде өткен. Ғалымдар сол зерттеу нәтижесін саралай отырып: «Мектепте білім берудің үздік жүйесі қалай жетіле түсуде?» деген тақырыпты анықтап, ізденісті жалғастырған. Зерттеу аясына тұрақты табыстарға қол жеткізген 20 елдің орта білім беру жүйесі алынған. Ғаламдар білім беру сапасын: «Үш жағдайды ескере отырып жақсартуға болады», – деген қорытынды жасайды. Біріншіден, білім беру жүйесінің қарастырылып отырған кездегі нақты жағдайын, жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап алу; екіншіден, оқыту нәтижелерін жақсарту үшін қандай жұмыстар атқару қажеттігінің тұжырымдамасын жасау; үшіншіден, әр елдің орта білім беру жүйесінінің ерекшелігін, тарихын, мәдениетін, саясаты мен құрылымын ескеру. Осылайша сөз бен істі үйлестіріп, іс-шаралар кластерін дайындап, жұмысты тиянақты атқарған. Бұдан шығатын түйін, орта білім беру жүйесінің 8 негізін атауға болады. Ол, бірінші, білім беру стандарттары мен оқу бағдарламалары; екінші, оқу әдебиеті; үшінші, педагог кадрлардың кәсіби біліктілігі; төртінші, білім сапасын бағалау жүйесі; бесінші, рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие; алтыншы, ғылыми зерттеу жұмыстары; жетінші, басқару жүйесі; сегізінші, материалдық-техникалық база – осылар үйлесімді болса ұтарымыз көп екен.

– Қазіргі уақытта мектептерде қолданылып отырған «білім, білік, дағды» парадигмасын өзгерту керек деген пікірлер айтылып жүр. Бұған сіздің уәжіңіз қандай?

– Бұл сұрағыңыз білім беру стандарты мен оқу бағдарламасына, яғни білім мазмұнына қатысты сұрақ дер едім. Орта білім беру жүйесінде білім беру «білім, білік, дағды» парадигмасы негізінде іске асырылған уақытта, оқу процесінде оқушыларға мүмкіндігінше молырақ материалдар беріледі. Себебі, олар білім алушылар болып есептелінеді. Бір ғана мысал келтірейін. Барлық жоғары сыныптарда химия пәні оқытылады. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтерді, олардың қасиеттерін барлық оқушылар оқиды. Қазіргі уақытта тұрмыс-тіршілікте ыдыс-аяқ жуу үшін көптеген сұйық заттар пайдаланылады. Олардың сыртында химиялық құрамдары жазылған. Мен бірде, білім жетілдіру институтында дәріс бергенде, сондай заттардың құрамын жазып алып, мұғалімдерден осы заттардың қасиеттерін айтып, түсіндіріп берулерін сұрадым. Ешкім дұрыс жауап бере алмады. «Химия пәнінен алған білімдеріңізді өмірде қалай пайдаланып жүрсіздер?» – деген сұрақта да ешкім жауап беріп жарытпады.

Дамыған елдер осыны ертерек түсініп, оқу мазмұнын жүйелеумен бірге, оқушыларды тек білім алушы ғана емес, оқу үдерісіне белсене араласушы деңгейіне көтере алды. Өкінішке орай, біз әлі білім беру мазмұнын жеңілдете алмай отырмыз. Бір мысал айтайын. Бастауыш сыныптардың бекітілген жаңа стандартына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәнін 3 сыныптан бастап оқыту жоспарланған. Осы пәннің 3-ші және 4-ші сыныптарға арналған оқу бағдарламасында «Қарапайым графикалық модельдерді құру және редакциялау», «желіде орналасқан ақпараттың барлығы нақты және пайдалы екенін анықтау», «желіде этикалық және құқықтық нормаларды бұзу салдары туралы ой қорыту» деген сияқты тапсырмаларды орындау қажеттігі жазылған. Осынша күрделі дүниені 3-ші және 4-ші сынып оқушылары меңгере ала ма? Баланы бірден дана етем деу қалай болады? Әрине, мыңнан бір кездесетін дарынды ұрпақтың жөні бөлек. Иә, басқа бағдарламаларда да осындай аса күрделі дүниелер көптеп кездеседі. Балаларды ерте жастан күрделі бағдарламалармен оқытып, қиын тапсырмалар беру олардың психофизиологиялық және ақыл-ой дамуына теріс әсер ететінін, сонымен бірге, олардың білімге деген ынтасы шектелетінін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Біз неге осыны ескермейміз? 12 жылдық оқудың орындалмай келе жатқанының арғы жағында осындай астам кету жатқан жоқ па екен? Ендеше, 12 жылдық білім беру ісінің оқу бағдарламалары, стандарты әлі де болса мұқият талдануы тиіс деп ойлаймын.

– Оқулық сапасына қатысты көп сындар айтылуда. Қашан жақсы оқулықтар жазылады?

– Сапалы оқулық жазу аса күрделі жұмыс екенін түсіну қажет. Алдымен оқулық жазу үшін, біріншіден, елімізде оқулықтану ғылымын дамыту керек. Оқулық жасаудың бар қиындығын өз тәжірибесінен жақсы білген академик А.Колмогоров оны реактивті ұшақ құрастырумен салыстырған. Жақсы ұшақ құрастыруға қанша білім қажет болса, жақсы оқулық жазу үшін де соншалықты білім керек деген сөз. Кеңестік дәуірде Қазақстанда оқулықтар өте аз жазылды, оқу құралдарының маңызды идеологиялық құрал екенін жақсы түсінген орталық оны шығару мәселесін толығымен өз қолына алды. Қазақ мектептерінде оқушылар аударма оқулықтармен оқыды. Егемендік алған жылдары барлық мектеп оқулықтарын өз елімізде дайындау жөнінде шешім қабылданды. Бұл дұрыс шешім еді. Себебі әрбір егеменді ел өзінің ұлттық құндылықтарына, даму болашағына негізделген төл оқулықтарын дайындайды. Бұрын оқулық жазбаған, оқулық жазу теориясын меңгермеген авторлар оқулықтар жаза бастады. Екіншіден, оқулық авторларына қажетті жағдайлар жасау керек. Оқулықтану ғылымы дамыған Франция елінің ғалымдары жақсы оқулық жазу үшін 3-5 жыл уақыт қажет дейді. Бізде оқулықтар жазуға бар-жоғы бір жыл көлемінде ғана уақыт беріледі. Ал авторларға жағдай былай тұрсын жеңілдік те қарастырылмайды.

– Мұғалімдердің білім деңгейі туралы әр алуан әңгіме бар. Оған сіздің уәжіңіз қандай?

– Бәріміз де жақсы ұстаздан оқыған баланың жақсы білім алатынын білеміз. Бастауыш сыныптарда оқитын оқушылардың білім деңгейлері оларға сабақ беретін мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне тәуелді. «McKinsey&Company» компаниясының ғалымдары АҚШ-тың 4 штатында зерттеу жұмыстарын жүргізген. Бір сыныпта кәсіби деңгейі 20 пайызға жоғары ұстаздар қатарына кіретін мұғалімдер, келесі сыныпқа деңгейлері 20 пайыз төмен мұғалімдер сабақ берген. Осындай ұстаздардан 4 жыл бойы білім алған оқушылардың сынып бітіргендегі, яғни 11 жасқа келгендегі, білім сапаларының айырмашылығы 53 пайыз болған. Бастауыш мектепте кәсіби деңгейі төмен ұстаздардан білім алған оқушылардың тек 25 пайызы ғана 8-ші сынып стандарты талаптарына сай білім ала алған, ал қалған 75%-ы ондай білім ала алмаған.

Дамыған елдерде, бірінші, педагогикалық оқу орындарына мектепті жақсы аяқтаған, мысалы, Оңтүстік Кореяда үздіктер қатары 5 пайызды құраса, Финляндияда – 10 пайыз, Сингапур мен Гонконгта – 30 пайыз екен. Осындай түлектердің ғана құжаттары қабылданады. Екінші, олар педагогикалық кәсіпке бейімділіктерін анықтайтын арнайы тест тапсырады; үшінші, оқу орындарында дәріс бірінші курстан бастап тәжірибеге негізделіп беріледі; төртінші, оны жақсы бітірген бакалавр-мұғалім магистратураға қабылданады; бесінші, магистр-мұғалім мектепке жұмысқа келгенде, қоғамдық комиссия алдында күрделі сынақтан өтеді; алтыншы, жұмысқа қабылданған жас магистр-мұғалімге тәлімгер бекітіледі. Ол жас мұғаліммен бірінші күннен бастап, қашан ол өз бетінше жақсы сабақ бере алатындай деңгейге жеткенше, бірге жұмыс жасайды.

Біздерде ұстаздар қалай дайындалады? Педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждерге негізінен, мектепте орташа оқыған балалар барады. Олар оқу орындары бағдарламаларын толық меңгеруге қабілеттері жетпейді, сондықтан ортанқол мұғалім болып шығады. Мектепке келгенде, олар бірден жұмысқа қабылданып, сабақ бере бастайды. Жас маманға тәлімгер бекітілмейді, бекітілген күннің өзінде олар қосымша ақы алмағандықтан, бұл жұмысты жасауға қызығушылық танытпайды. Осы арадағы айтар соңғы байламым, мектептерде сабақ беріп жүрген мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырмай, білім сапасын көтере алмайтынымызды мойындауымыз керек.

– Қоғамда 1-ші сыныптан бастап үш тілде оқыту мәселесі кеңінен талқылануда. Бұл туралы сіздің пікіріңізді білсек деп едік.

– Мен компаративист-ғалым ретінде әлемнің озық 20 елінде бастауыш сыныптарда, яғни 1-ші 6-шы сыныптарда, қанша тіл оқытылатынын зерттедім. Сонда байқағаным, осы елдердің ішінде 2 тіл 1-ші сыныпта 4 елде, 2-ші сыныпта 5 елде, 4-ші 6-шы сыныптарды 13 елде оқытылады екен. Бірде-бір елде 3 тіл оқытылмайды. Елімізде біраз жылдардан бері бірқатар мектептерде 3 тіл оқытылып келеді. Соның нәтижесін білу үшін, біз, Алматы қаласы мен Алматы облысының 8 қазақ мектебінде әлеуметтік зерттеу жүргіздік. Зерттеуге бастауыш сыныптарда сабақ беретін 103 мұғалім тартылды. Осы ұстаздардың 83,97%-ы оқушыларға 3 тіл оқытқанды, олардың 3 тілді де меңгеру деңгейі төмен екендігі ашық жазды. Балалар тілдерді шатастырып, сөйлегенде, өздері де оған мән бермей, үш тілдің қосып сөйлеу жиі кездесетін айтыпты. Мұғалімдер мектепке келген көптеген қазақ балаларының қазақ тілін нашар білетінін, бәрі дерлік орыс тілінде жақсы сөйлейтінін айта келе, 1-ші сыныпта тек қазақ тілін ғана оқыту керек дейді. Орыс тілін 2-ші не 3-ші сыныптан бастап оқытса, ал ағылшын тілін 6-шы сыныптан бастап қазақ тілі негізінде интенсивті түрде, яғни жұмысына 3-4 сағат көлемінде үйрету керек деген. Ағылшын тілі осылай оқытылатын болса, 2-3 жылда барлық балалар оны жақсы үйреніп шығатындарына сенім білдіріпті. Бұл пікірді лингвист-ғалымдар да қолдап отыр. Мен де осы пікір жағындамын.

– Мазмұнды әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Сүлеймен Мәмет,

«Егемен Қазақстан»



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.12.2017

БҚО Бөрлі ауданында Тәуелсіздік күніне орай бірнеше нысан ашылды

16.12.2017

АҚШ елшісі қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады (видео)

16.12.2017

Қостанайда бірінші коммуналдық қызмет орталығы ашылды

16.12.2017

Қызылордада мемлекеттік наградалар табыс етілді

16.12.2017

ОҚО-да медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды

16.12.2017

Шымкенттегі кондитерлік фабрика жаңа өндірістік желісі арқылы 200 т өнім шығарған

16.12.2017

Google қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16.12.2017

Рух

16.12.2017

Павлодарда бүлдіршіндер арасында асық ойнаудан жарыс өтті

16.12.2017

Шығыста «Біз­дің жетістіктер – біздің елге» ат­ты ак­ция өтіп жатыр

16.12.2017

Көкшетауда «Алаш мұраты – Тәуелсіз Қазақ елі» атты ақындар мүшәйрасы өтті

16.12.2017

Журналист Бекболат Әдетов Талғар ауда­­нының құрметті азаматы атанды

16.12.2017

Қазақ – қашанда қазақ!

16.12.2017

Көсегемізді көгерткен Көкарал

16.12.2017

«Метель» операциясынан бір күн бұрын...

16.12.2017

СҚО-да жеке кәсіпкер 80 адамды жұмыспен қамтамасыз етті

16.12.2017

Біржан елінің байрағы биіктеді

16.12.2017

Инновациялық кәсіпорында жаңа өнімдер қатары молая түсуде

16.12.2017

Ақтөбеде офтольмологиялық орталық ашылды

16.12.2017

Өскеменде 22 мектепке жаңа автобус берілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Жасампаз жылдар жылнамасы

Әйгілі Уинстон Черчилльдің «Та­рих біз туралы жақсы айтатын бо­ла­ды, себебі оны өзіміз жазамыз» де­ген сө­зі бар екен.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Елдіктің киесі

«Қазақ елі үшін ең басты құндылық не?» десе, мың-миллиондаған отандастарымыз: «Ол біздің алтыннан да ардақты, күмістен де салмақты Тәуелсіздігіміз!», деп жауап қатары шүбәсіз.

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Намыс туралы нақыл

Ата-бабалардан мирас болып жет­кен Ұлы Даланың түпкі тари­хына­ бармай, ХХ ғасыр басында, тура 100 жыл бұрын Ресей патша­лығы құрдымға кетуге таяп, ақ пен­ қызыл айқасқан кеңестік жаңа импе­рия күш ала бастаған шақта, 1917 жылы 5-12 желтоқсанда Алаш қай­раткерлерінің Алашорда автономиясын құру қадамы сан ғасыр­дың қойнауында қайнап піскен ұлттық намыстың тәуелсіз ел болуға ұмтылысының басы еді. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Әділеттің ақ жолынан Трампша аттау

Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің ас­та­на­сы дегенді мойындап, АҚШ ел­шілігінің Тель-Авивтен сол қалаға кө­шірілетінін мәлімдеді. Үстіміздегі жылдың маусым айында ғана елші­лікті көшіруді кейінге қалдырған Трамп­тың бұл шешімі қандай да бір қы­сы­мның күштілігінен екені көрініп тұр.   

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Дарын мен қарым

Дарын – тағдырдың сыйы. Ұстай алсаң құстай ұшасың, ұстай алмасаң мұрттай ұшасың. Ұстай алғанның қарымы зор. Бағы биік. Затына қарай аты, еңбегіне қарай өнбегі телегей теңіз. Ұстай алмағанның ұсқыны кірмейді. Қадамы ілгері жүрмейді. Қанша жетектегенмен, қамқорлық көрсеткен кері кетіп, күндердің күнінде күлкіге айналып, көлденең «кермеге» ұрына береді. Мұны өмір сабағына көз жібергенде көріп-біліп отырмыз.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу