Орталық Азияда орнықты байланыстарға жол ашылуда

Былтырғы жылдың ая­ғы­нан бері Өзбекстан Рес­публикасының бас­шы­лығы көршілес елдермен байланысын барлық деңгейде жан­дан­­дыра бастады. Өз­бекстан президенті Шавхат Мирзиеев Тү­рік­­менстан мен Қазақ­стан­да мемлекеттік сапармен болып, өзара ын­тымақтастықты арт­ты­ру­ға ықпал ететін жа­ңа келісімдерге қол жет­кіз­ді.
Егемен Қазақстан
11.07.2017 1724

Ташкенттің көрші елдермен қарым-қатынастарын жақсарту саясатының аясында оның Бішкек және Душанбемен байланысы да кеңейе түсті. Өзбекстан президентінің бұл елдерге сапары әлі жос­пар­ланбаса да Ш.Мирзиеев өзі­нің әріптестерімен түрлі ау­мақ­тарда кездесті. Соның ішін­де мұсылман мемлекеттері бас­­шыларының Эр-Риядтағы сам­митінде Ш.Мирзиеев Т­әжікстан президенті Э.Рах­мон­мен жүздесті. Одан кейін, Бей­жіңде мамыр айында бол­ған «Белдеу және жол» фо­­румында Өзбекстан мен Қырғызстан президенттері ке­ліссөз жүргізді.

Осының аясында Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдері деле­га­цияларының түрлі деңгейдегі соңғы айлар­дағы өзара басқосулары та­рап­­тардың қарым-қаты­нас­­тарын жақсартуға бейіл еке­нін көрсетуде. Сондай кез­де­сулердің бірі жақында Душанбеде өтті. Онда премьер-ми­нистрінің орынбасары Ұлығбек Розақұлов бастаған Өзбекстан деле­га­ция­сының Тәжікстанға сапары болды. Екі елдің БАҚ-тары Өзбекстан мен Тәжікстан үкіметтерінің делегациялары кездесуін көршілер арасындағы байланыстарды нығайтудағы жаңа қадам бол­ғанын атап өтті. Соның ішінде Тәжікстан БАҚ-тары та­рапынан кездесу барысын­да жоғары нәтижелерге қол жет­кізілгені айтылды. Атап айт­қанда, Душанбе мен Ташкент қалаларының бау­ыр­ластығы туралы келі­сім­ге қол қойылып және осы келісімнің шең­бе­рін­де екі елдің астаналарында өзара сауда үйлерін ашу жос­пар­ланғаны жеткізілді.

Сонымен қатар, кездесу барысында қазіргі жағ­дай­дағы мәселелер мен бас­қа да бағыт­тардағы ынты­мақ­тас­тық пер­с­пективалары тал­­қыланған. Соның ішінде, сауда-эко­­но­ми­калық байланыстарды жандан­ды­ру мәселесі бас­ты міндет ре­тін­де қа­ралған. Тараптар алдағы уа­­қы­т­тар­да машина жасау, жеңіл өнер­кә­­сіп, тұрмыстық және ша­руа­­шы­­лық тауарларын өндіру бойын­ша бір­лескен кәсіпорындар ашуға мүдде­лі­лік білдірген.

Осы кезеңде Тәжікстан мен Өзбек­с­тан ішкі іс­тер министрлері ге­­не­рал-лей­те­нант Рамазан Рахимзода мен гене­рал-майор Абдусалом Азизовтың кезде­су өткізгендері де маңызды болып отыр. Тараптардың ведомстволары бас­шы­ла­рының өзара кездеспегеніне 19 жыл болған екен. Кездесу барысында олар терроризм, экстремизм, есірткінің заңсыз айналымы және бас­қа да өзекті мәселелерді ту­ғызатын трансұлттық ұйым­дас­қан қылмысқа қарсы күресті күшейту мәсе­л­е­лері туралы пікір алмасқан.

Нақтылай айтқанда, өңірде өзара қарым-қатынастарды жақ­сартуға тың серпін бе­ріл­генін атап өту керек. Ор­та­лық Азияда толыққанды ынты­мақ­тастық орнатуға барлық алғышарттар бар екенін сарапшылар да айтып отыр.

Бұрын аймақтық ынты­мақ­тас­тықты арттыру мақсатымен Орталық Азия елдерінің бір­лестігін құруға талпыныс жа­са­л­ғанын еске сала кетейік. Олар Орталық Азия одағы, Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы (ОАЭЫ) және басқа да бірлестіктер еді. Осы бірлестіктерді құрудың бас­тамашысы үнемі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бол­ған. Қазақстан жағы әлі де аймақтық дең­­гей­дегі ынтымақтастықты арттыруды қалайды. Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан пре­зи­дентімен, одан кейін Түрік­мен­с­тан президентімен кездескенде де жақын көрші алыс туыстан артық екенін ескертіп, Қазақстанның бау­ырлас көрші республикалармен ын­тымақтастықты нығайтуға әр­қа­шанда әзір екенін жеткізді.

Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда Орталық Азия елдері арасында өзара қа­тынастарды дамыту белсенділігі арта түсті. Ол бұрынғы кездердегідей аймақтағы «көшбасшылыққа таласуды» тастап, бірлескен түрлі жобаларды, соның ішінде, бірінші кезекте көліктік жобаларды іске асыруға бағытталып отыр. Айта кететін болсақ, Аш­ғабадтағы соңғы кездесуде өзбек пен түрікмен лидерлері темір жол тасымалын қалпына келтіру мәселесін айрықша маңызды деп атады. Г.Бердымұхамедов өзінің сөзінде Түрікменстан тарапы үшін темір жол магистралінің Қытаймен қосылғанын және Парсы шы­ғанағы мен Еуропа елдеріне шығуды қам­тамасыз етудің маңыздылығын атады. Бұл жердегі әңгіме Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жол маршрутына қатысты айтылып тұр. Ташкенттің жаңа басшылығының бұл жобаға қалай қарайтындығы әзірге белгісіз, бірақ оның іске асырылуына мүдделі болатындығы сөзсіз.

Сонымен қатар, егер бұл жоба іске асырылса, ол қа­зір­гі Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран жол тар­мағына бәсекелес болайын деп тұр. Қытайдың Иу қаласынан шыққан алғашқы жүк пойыздары бұл жол тармағымен Тегеранға үсті­міз­дегі жылдың ақпан айында жеткен еді. Жолға 14 күн кет­ті, ал бұл – теңіз жолынан екі есе қыс­қа. Қазақстан бұл жол­дың ти­імділікпен пайдаланы­луын қа­лайды және балама жол­дың тартылғанына мүдделі емес. Әрине, Өзбекстаннан Түрікменстанға тартылатын темір жол торабы жобасының нақты іске асуының уақыты әлі белгісіз.

Жалпы, Қазақстан мен Өзбекстан арасында екіжақты ынтымақтастыққа байланыс­ты көптеген құжаттарға қол қой­ылды. Осы мәселеде аймақ­тың дамуы үшін бұрынғы жыл­дардың қате­лік­те­ріне ұрын­баудың маңызы зор.

Руслан Жүсіп,
саясаттанушы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.08.2018

Дзюдошы қыздар үш жүлде алуды көздеуде

14.08.2018

Делдалшылар көмір бағасын қолдан жасап отыр

14.08.2018

Астанада «Сергек» камераларының көмегімен 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған

14.08.2018

Құқықтық талапты сақтаса шетел телеарналарына шектеу жоқ - Дәурен Абаев

14.08.2018

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюын құптайды

14.08.2018

Қорытынды көрсеткіштер көңілге қонымды

14.08.2018

Қара жолдың қасиеті

14.08.2018

Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған көрме-байқауы өтті

14.08.2018

Қажымұқан көтерген тас

14.08.2018

Арал аумағында атқарылар шаруа көп

14.08.2018

«Хрущевкалардан» құтылудың тиімді тетігі

14.08.2018

Оқулық шығаруда олқылықтарға жол берілмеуі қажет

14.08.2018

Байзақ батыр кесенесі

14.08.2018

Жеті айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4% құрады — ҚР ҰЭМ

14.08.2018

Ұлы Абайдың туған күні тұңғыш рет Ташкентте тойланды

14.08.2018

Шәкәрімнің үш анығы

14.08.2018

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар саны өсуде

14.08.2018

Цифрлы қаржы: тез, арзан, тиімді

14.08.2018

Дулат Исабековтің кітапханасы ашылды

14.08.2018

Бекболат Әдетов шыққан белестер

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Халық санының артуы – елге құт

Халық санының артуы Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, халық саны аз мем­лекеттерге ежелден маңызды мәселе­лердің бірі болып келеді. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу