Ортақ құндылыққа қызмет ететін жоба

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімовтің 80 жасқа толу құрметіне өтіп жатқан І Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалінің ерекшелігі – шараға Белоруссия, Германия, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Ресей елдерінен танымал өнер ұжымдары қатысуда. Осы шараға орай біз «Бейсана қауышу» модерн-драмасымен Германияның Берлин театры атынан қатысқан Катарина Мащанка Хорн мен Неманья Мютикке жолығып, ой-пікірлерімен бөліскен едік.
Егемен Қазақстан
23.06.2017 8590

– Қазақ еліне қош келді­ңіз­дер! 
– Рахмет. 
– Алдымен өздеріңізбен танысып алғымыз келеді.
Катарина Хорн: – Негізгі мамандығым бойынша хореографпын. «ArtEZ – Hogeschool» би өнері мектебінің түлегімін. 2010 жылы Нир де Воффта, ал 2014 жылы «Schaubuhne Berlin» ұжымы құрамында өнер көрсеттім. Сонымен қатар, 2008 жылдан бері Балқан елдері шығар­машылық орталықтарымен тығыз қарым-қатынастамын. 
Неманья Мютик: – Ал менің түбім – босниялық серб. Ак­тер­­лікке қоса би өнері мен тәлім­гер­лікті қатар атқарып жүр­ген жайы­м бар. Хорватия академиясын­да драма және қуыршақ әртісі ма­мандығы бойынша профессор Б.Стжепановтың шеберханасынан дәріс алдым. Биыл Берлинге қоныс аудардым. 
– Білуімізше, сіздер Қазақ­станға алғаш рет табан тіреп отыр­­сыздар. Алғашқы әсер­ле­ріңіз қалай? 
К.Х.: – Сапар шегіп бара жатқан еліңнің салт-дәстүрімен, тарихымен, мәде­ниетімен сырттай аз да болса танысып алу, ежелден қалыптасқан әдетім. Бұл жолы да солай істедім. Атын, кең байтақ даласы туралы жақсы жаңалықтарды құлағым шалғаны болмаса, мынадай алуан айшықты мәдениеті мен өзгеше өнеріне осында келгенде көзім жетуде. 
– Тағы қандай қырларымен ұнады?
– К.Х.: – Өзім биші болған­дықтан осы салаға қа­тысты бар­лық қазынаны жүр­ген жерімде қадағалап қарап жүретін әдетім бар. Жалпы, маған қазақтың ұлт­тық биі ұнайды. Бұрын шамалы ғана түсінігім болса, осы жолы бұ­ған кәдімгідей уақытымды бөл­гелі отыр­мын. Ең қымбат олжам сол болатын шығар. 
– Жастар театры сахнасында өздеріңіз ұсынған «Бейсана қауышу» спектаклінің едәуір бө­лігі пластикалық қи­­мыл-қоз­­­­­ғалыстан тұра­ды. Бұл қо­йы­­лымды қандай ерек­­­шелігіне қа­рап таңда­ды­ңыздар? 
Н.М.: – Бұл сапарға лайық дра­малық шы­ғар­маны ірік­те­генде алғаш таңдаудың дәл осы «Бейсана қауышу» модерн үл­гісіндегі сахналық туындыға түсуі бекер емес. Өйткені, бұл Еу­­ро­­паны былайғы әлемге басқа қы­рынан көрсете алатын бірден-бір шы­ғарма. Еуропаның өзіне тән қағидасы, ұстанымы, табиғаты болатыны сияқты мәдениеті мен мәнерін де мұндағымен салыс­тыру мүмкін емес. Бұл шығарма арқылы біз екі түрлі ендікте өмір сүріп жатқан қоғамды, мәдениетті жақындатып, өзара түсіністік орнатқымыз келді. Еуропа бы­лайғы жұрт ойлағандай адами құндылықтардан алшақтанған, жекелік, жалқылық сипаты басым жер емес. 
К.Х.: – Мұны ұғыну үшін әркімнің жүрегінің түбінде не жатқанын, қалауы мен қалыбын танып алу керек сияқты. Біз осы туындымен жұрт­қа соны тар­қатып айтқымыз келген. Бүгінде бұрынғыны мінсіз қайталаумен, белгілі бейнелерді жаңылмай жаң­ғыртумен халықты таң қал­дыра алмайсыз ғой. Қазір бұлар жет­кіліксіз. Өзің басыңмен жаңа бірдемені ойлап таппасаң, қал­ғанының бәрі бос. Мына модерн-драма адамның өз жанын өзі іздеп сарсылған сәтін сипаттай­ды. Ерекшеліктерің неде деген кісі­лерге біз осы қырымызды айтамыз. 
– Алға қойған тағы қандай мақсаттарыңыз бар?
– Н.М.: – Алды­мен, қазақ­стандық театрлармен тәжі­рибе алмасып, озат тұста­рымыз­дан үйренсек дейміз. Ал төл мәде­ние­тіміз туралы толық мағлұмат алу үшін бәрін өз кө­зің­мен көруге тура келеді. Бұл сапарға соншалық мән берген се­бебім, табанымыз тимеген мұндай жерлер аз емес, қаншама рухани құндылықтар, дәстүрлер бізден сырт жатыр. Баяғыдан басыңда пісіп жетілген сондай идеялардың жүзеге асуына мынадай жарқын жүздесулер тікелей жол ашады. 
– Берлин драма театрында қай жылдан бері өнер көрсетіп жүрсіз?
К.Х.: – Жеке мен­шік өнер ие­лері тобына жатамыз. Бірақ түр­лі театрлармен қосылып өнер көр­сете береміз. Берлинде де солай. 
– Қай жанрға жақынсыз?
Н.М.: – Музыка, би және сөз өнері бірлігін сақтай отырып, кө­біне қазіргі заманғы жанрларда өнер көрсетеміз. Спек­такльдің бір бөлігін музыкалық композициялар атқарады, бірақ оларды жеке диск түрінде шы­ғарумен айналыспаймыз. 
– «Бейсана қауышу» спек­таклі не туралы?
К.Х.: – Бұл спек­такль екі тағ­дыр арқылы екі түрлі өркениет пен мәдениетті баяндайды. Бірі Гер­маниядан, ал екіншісі Балтық жағалауынан келген. Осы екеуінің өзара қа­рым-қатынасынан бөлек екі елдің мәде­ниетін танып-білу көзделген. Олардың айырмашылығы мен ұқсастығы неде екендігін драма бір сағатқа жуық уақыттың ішінде барынша ашып көрсетіп беруге тырысып бағады. Өмірлік жағдайлар көбіне заманауи музыка тілімен, бимен жеткізіледі. Мұнда әр елдің мәдениеті мен адами қарым-қатынастары назар­ға алына отырып, еліміздегі әр кездегі саяси және әлеуметтік жағ­дайларды, дәстүрлер мен мә­де­ниетті баяндауға тәуекел еттік.
– Жалпы, неміс драма театр­ларының басқа елдердің өнер ұжым­дарынан ерекшелігі не­де?
Н.М.: – Не­міс театрлары белгілі бір қағи­да­лар мен ұстанымдарға тастай қатып, табандап жатып алмайды. Актерлер сахнада өздерін шектемейді, емін-еркін қозғалады, ойлайды, ойнайды. Өнерде олар үшін мүмкін емес нәрсе жоқ деп есептелінеді. Спектакль өне бойы өсіп-жетіле береді. Сахна еркіндігі деген ұғымды біз осылай түсінеміз. 
– Қазақ театрлары Гете, Шил­­­лер шығармаларын өзінің төл туындысындай сүйіп, ор­тақ құндылыққа балайды. Ал сіз­­дерде бұл жағы қалай? Басқа елдің драматургтерінің пьесалары сахналана ма?
К.Х.: – Берлин әу бастан интер­националдық қала ғой, мұнда жалпы еуропалық үлгілер бөтен саналмайды және өзге халықтардың да мүдде-мұратына тосқауыл қойылмайды. Осы реттен келгенде, шетелдік драма­тургтердің шұрайлы туындыларына ұдайы мән беріліп отырады, әрине. Ал тікелей өзімізге келсек, дәл осы уақытта репертуарымызда тек неміс авторларының туындыларын ойнап жүрміз. 
– Келешекте қазақ драма­тург­терін қою ойларыңызда бар ма?
Н.М.: – Мұндағы авторлармен, пьесамен тікелей таныссақ, қазақ қаламгерлері шығармаларын неге қоймасқа. Бұл соншалық шешілуі қиын күрделі мәселе болмаса керек-ті. Сондықтан, бола­шақта осы ойды жүзеге асыруға атсалысуға тиіспіз. Қазір өркениеттік жобалар адамзаттық ортақ құн­ды­лықтарға қызмет етуге жұмыл­дырылуда. Белгілі тұлға Асанәлі Әшімовтің 80 жасқа толуына орай ұйымдастырылған І Дүние­жүзілік театр фестивалі бізге жаңа әлемнің есігін ашты. Түрлі мәдениеттер мен театр дәстүр­лерін тоғыстырып жатқан Астана қаласы менің есімде енді осы миссия­сымен мәңгі есте қалатын болады. 
Әңгімелескен 
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2018

Белоруссия сапындағы Динара Әлімбекова Олимпиада чемпионы атанды

22.02.2018

ЕО - Орталық Азия қарым-қатынастарының 25 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

22.02.2018

Бақытжан Сағынтаев отандық сарапшылармен өңірлерді дамыту мәселелерін талқылады

22.02.2018

Астанада «Енді ешқашан: Ашаршылық, Холокост, Камбоджа, Қожалы, Руанда» фотокөрмесі өтті

22.02.2018

Астанада әйелдер күресінің академиясы ашылды

22.02.2018

Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының Хатшысы қызметіне тағайындалды

22.02.2018

Джордже Деспотович: «Біз ертеңгі кездесуде жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз»

22.02.2018

Станимир Стоилов: «Ертеңгі кездесуде қорғаныста барынша сақ болып, өз ойынымызды көрсетуіміз қажет»

22.02.2018

Жоржи Жезуш: «Біздің жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндігіміз бар»

22.02.2018

Астананың 20 жылдығына орай өтетін маңызды шаралар белгілі болды

22.02.2018

Желсон Мартинш: «Біз біртұтас команда ретінде ойнаймыз»

22.02.2018

Ұлттық банк басшысы қаржы пирамидасының басты белгілерін атады

22.02.2018

Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжам жасады

22.02.2018

Тараздағы «Жеңіс» саябағы қайта жаңғыртылады

22.02.2018

Ақышев: Теңге жыл басынан бері 4%-ға нығайды

22.02.2018

Атырау облыстық театрына «Академиялық» мәртебе салтанатты түрде табысталды

22.02.2018

Мейірбек Сұлтанхан «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» республикалық айтыста жеңімпаз атанды

22.02.2018

Шетелдік ЖОО-лардың қазақстандық студенттерге қызығушылығы жоғары

22.02.2018

Атырауда мемлекеттік туды 91 метр биіктікке көтереді

22.02.2018

Оңтүстікте тағы үш аудан құру ұсынылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Халық тәжірибесі – құндылық

Елшіл қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы «Сәрсенбек» атты романында (1922) бас қаһармандарының аузынан «Қазақ неше жылда нағыз Жапониядай болады», «Қазақ Жапония секілді болу үшін өзінің елдігі өзінде болу керек», «Мыңдаған, миллиондаған қазақтар жұмысшы болып істесе, өз жерінің байлығының рахатын көрген емей немене?! Бұл дегенің адам айтқысыз жаңару болар еді» дейтін пікірлер айтқызады. Ел келешегінің мүбәрак жолын меңзеген нұсқа сөз деп қабылдаған дұрыс.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ

Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу