Отандық бағдарламашыларды қолдау жобасы таныстырылды

2017 жылғы 20 сәуірде «Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры Smart Zholy бағдарламасының тұсаукесерін өткізді. Шараға қатысқан Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жобаның жоғары технология мүмкіндіктерін қоғамның әр саласында кеңінен қолдану туралы Елбасының тапсырмалары аясында басталып отырғанын айтты.
Егемен Қазақстан
20.04.2017 618

Smart Zholy жобасының шеңберінде қазақстандық бағдарламашылар мен стартаперлер халықаралық компаниялармен бірлесіп өздерінің инновациялық өнімдері мен сервистерін құрай алады. Бұл бірегей бағдарлама саналады. 

Smart Zholy аясында конкурстық негізде іріктеліп алынған жастардың 10 командасы Сингапурдегі екі апталық бағдарлама шеңберінде өз жобаларын әлемдік деңгейдегі менторлардың тікелей басшылығымен идеясынан бастап бастапқы өнімін шығаруға дейінгі жолдан өтіп ірі азиялық корпорацияларға ұсына алады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры Smart Zholy бағдарламасын Оңтүстік Азиядағы Echelon Asia Summit жетекші стартап-алаңымен бірлесіп іске асырады.

Бағдарлама екі кезеңнен тұрады - біріншісі Астана, Алматы, Қарағанды және Павлодар қалаларын, екінші кезең бүкіл елді қамтиды. 

Конкурстың қорытындысы бойынша өтінім берген 70 команданың ішінен 10 команда іріктеліп алынады. Олардың арасында үздік әлемдік жоғары оқу орындарының түлектері Princeton, UC Berkeley, Carnegie Mellon және басқалары, сондай-ақ қазақстандық Nazarbayev University, ҚБТУ университеттері және басқалары бар.

Іріктелген командалар телекоммуникациялар, логистика, қаржы және денсаулық сақтау саласындағы ірі корпорациялардың өтінімдері бойынша жобалар әзірлейді. Қазақстандық командалар сингапурлық стартап - экожүйесінің орталығында атақты Block 71-де орналасады. Қатысушылар елге қайтып оралған соң алған білімдерін болашақ әзірлемелерінде қолдана алады.

Жобаны таныстыру рәсіміне қатысқан Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жас таланттарды қолдаудың маңыздылығына тоқталды. 


"Еліміздегі талантты жастарды қолдауда Тұңғыш Президент қоры көп жұмыс атқарып келеді. Бүгін тұсауы кесілетін Smart Zholy жобасы да осындай маңызды шаралардың бірі екені анық. Баршаңызға мәлім, қазіргі күні елімізде Қазақстанның Үшінші жаңғыруы аясындағы кешенді іс-шаралар басталды. Елбасы тапсырмасына сай, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі де технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ететін жобаларды, оның ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуде" деді Абаев мырза. 

Бұған қоса министр технологиялық жаңғырту мәселесінде жастарға үлкен сенім артылып отырғанын айтты. "Осы іргелі істерді жүзеге асыруда еліміз жаңа буын – жастарға үлкен үміт артады. Сондықтан да, Smart Zholy жобасының басталуы жас стартаперлерге шынайы қолдау болатыны сөзсіз. Жобаға қатысушылар отандық инновациялық өнімдер қатарын арттырып қана қоймай, озық елдердің ақпараттық технологиялар саласындағы тәжірибесін ел игілігіне жаратады деп сенеміз" деді министр.


Сонымен қатар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары технологиялардың жетісіктерін қоғамның әр саласында тиімді пайдалану, тікелей тапсырмасы туралы айтты.  

«Smart Zholy» жобасын іске асыру жастардың стартаптарын тек қана Қазақстанға емес, ғаламдық нарыққа шығару, Мемлекет Басшысының Жолдауында қойылған экономиканы жедел жаңғырту және цифрлық экономиканы құру міндетін орындай отырып, Астананы технологиялық картадағы жаңа нүкте ретінде көрсете білу болып табылады, - деп атап өтті Қордың атқарушы директоры Қанат Жұмабаев.

Тұсаукесер шеңберінде Echelon Asia Summit (Сингапур) компаниясының негізін бірлесіп қалаушысы Тэдиус Ко, booking.com (Амстердам) компаниясының инженер-бағдарламашысы Әлібек Датбаев, Method.kz бағдарлама жасау мектебінің негізін қалаушысы Дагар Давлетов, Малайзиядағы MultiMedia University докторанты Мағжан Қайранбай сөз сөйледі. Бұдан басқа 10 финалист команда мүшелері таныстырылды.

«Біз қазақстандық стартаптарды Сингапурде және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі Echelon Asia Summit саммиттерінде қабылдап жүрміз және қазақстандық командалардың потенциалын жақсы білеміз. Smart Zholy - қазақстандық жобалардың сомалық көлемі 650 млн адамды қамтитын әлемнің ірі нарығын қамтудағы жаңа деңгейі», - деп атап өтті Тэдиус Ко.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.05.2018

Солтүстік Қазақстан облысы мен «CLAAS» компаниясы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Торғайдағы Ахмет Байтұрсынов туған үй жөнделетін болды

20.05.2018

Қостанай облысында 18-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

20.05.2018

Қостанай қаласы «мерейлі отбасын» таңдады

20.05.2018

Батыс Қазақстан мен Астана әріптестік туралы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Каспий жағалауында суға шомылу маусымына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

20.05.2018

Ақтөбе және Орынбор облыстары ресми делегацияларының кездесуі өтті

20.05.2018

Павлодарда партиялық жоба аясында IT-орталық ашылады

20.05.2018

Екібастұздағы «Шығыс» кенішіне «Liebherr R-976 Litronic» экскаваторы әкелінді

20.05.2018

Павлодарда Медиаторлардың республикалық форумы өтті

20.05.2018

Павлодарда ауыл шаруашылық жерлері электронды картаға түсіріледі

20.05.2018

Павлодарда жүргізушілердің төленбеген көлік салығы 670 миллион теңгеге жеткен

20.05.2018

Хорватия Астанада дипломатиялық өкілдік ашпақ

20.05.2018

Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

20.05.2018

20 мамырға арналған ауа райы

20.05.2018

ҚарМУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылады

19.05.2018

АЭФ-2018 аясында жаһандық трансформация жағдайындағы азаматтық қоғам институттарының рөлі талқыланды

19.05.2018

Қазақстандық сарапшылар ғаламдық дамудың басты бес мегатренді туралы пікір білдірді

19.05.2018

Н. Назарбаев атап өткен бес мегатренд АЭФ-2018 алаңдарында кеңінен талқылануда

19.05.2018

QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының» кезектен тыс съезі өз жұмысын бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қазақ қызы осындай

Ұлттық дүниетаным ілімінде халық­тың гүлі қазақ қызының болмысына, әдеп-ілтипатына, сұлулық, ізеттілік қасиеттеріне қатысты «Қызда оттай ыстық мейір бар», «Қызда 40 періште бар», «Қызда 40 көліктік бақыт бар», «Қыздың қабағында құт бар», «Қыз назы 40 кісіні мас қылады», «Қыз 40 істің қисынын біледі», «Бұрынғының қыздары бармағының шұңқырындағы асқа тояды» дейтін сұлулықтың тұңғиық сырларын мәлімдейтін інжу-маржан ойлар, толғамдар, лала лебіздер бар.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу