Отпан – бірліктің биігі

Тағдыры мен тыныс-тір­ші­лігі жер-сумен етене қа­бысқан, тарих қатпар­ла­рында бірге өрілген қазақ халқы үшін әрбір тау-төбе мен жыра-сайдың, тіпті бір түп жусанның орны бөлек, қадірі ерекше. Қазақ даласының қай қиырында да қасиетті мекендер, қа­дір­лі жер-су аттары мол, олардың бірқатары бір өңір­­дің ғана емес, тұтас елдің мақтанышына, бүкіл халықтың аса айрықша ықыласпен қастерлейтін орны­на айналған.
Егемен Қазақстан
10.04.2017 1460

Республикадағы тарихи-мәде­ни ескерткіштердің 70 пайызы шо­ғырланған Маңғыстауда жер­гі­лікті тұрғындар мен өңір қон­ақ­­та­ры, туристік мақсатта алыс-жа­қын шет елдерден келушілер үшін таң­дана қа­­рап, тағылымына тәнті бо­лар орындар аз емес. Әулие­лі орын­­дарды айтпағанда, Қаратау шоқыларының ең биік нүктесі, теңіз деңгейінен 532 метр жоғары орналасқан Отпан таудың орны бөлек.

«Айшылық алыс жерлерден, көзді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызатын» қазіргідей мүм­кіндік жоқ кезде кең түбекті еркін жай­лаған Маңғыстау қазақ­тары От­пан таудың көмегіне сүйенді. Ол көмек – тұтқиылдан шапқан жау­ға төтеп беру, ел мен жерді тонатпау үшін өзара күш біріктіре алу бағытындағы қорғаныс, шал­ғай­дағы ауыл-ағайынға белгі беріп, ауыр зардап­тың алдын алу­ға дайын болуға деген қам­да­ныс, жау табанында тапталып қалмау үшін дер кезінде хабар беру мақса­тындағы байланыс көмегі. Ойда-жоқта шапқан жаудың хабарын көз жетер жердегі көршілерге жеткізу үшін Отпанның биігіне шығып, Ұран отты жаққанда, оны келесі биіктің басындағы қа­рауыл іліп әкетіп, осылайша бүкіл Маңғыстаудың ойы мен қырындағы қазақ өрістегі жыл­қы­сын әкеліп, қару-жарағын асы­нып жауға қарсы сақадай-сай тұ­ру­ымен ерекшеленеді. Жер дау­лап, жесір ұрлап, мал барымта­лап бастырмалатқан кезең­дегі От­пан­ның бұл қызметі барша маң­ғыс­тау­лықтардың құрметіне бөленді – ел­ді, жерді қорғауда халықтың ба­сын бір жерге жинап, бір мақсат, бір арман, бір мүдде жолында бі­рік­тіре ал­ған қасиетімен жоғары ба­ға­лан­ды. Тау болса да халық арқа сүйе­ді, қиын кезде мұңын шақты, қуан­ғанда сүйінішін бөлісті. Екін­ші дүниежүзілік соғыс ке­зінде әулетінің ер кіндіктілерін май­дан­ға аттандырып салып, әрбір сәт­ті үрей мен үміт арпалысында өт­кізген ақ жаулықты аналар

Отпан да Отпан, Отпан тау,

Герман деген де жаман жау.

Соғысқа кеткен ақ көкем

Келер ме екен аман-сау, деп күңірене әнге қосып, бесік тер­бет­ті.

...Ал бүгінгі Отпанның жөні де, әні де бөлек. Ол – тәуелсіздік ал­ған соң жоғалтқанын түгендеп, өт­кен тарихы мен тағдырына құрмет биігінен қарай алған елдің тауына айналды, мәдени мұраларын қас­терлеп, тәуелсіздік жолында қан жұтқан бабалар рухына тағ­зым жасап, келешек ұрпаққа ұлт­­жандылықты ұлағаттар мекен бола алды. Ол – бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір кешкен, бір мақсат – Қазақстанның дамуы мен тыныштығын, тұ­рақ­ты­лықты діттеген сан ұлт өкіл­де­рін ұйым­шылдыққа ұйыта тү­сетін биік ретінде бағалы, жыл сай­ын қасиетті Амал мерекесін ұлт­тық ерекшеліктерге сай қарсы алып, ұлттық құндылықтарды н­а­сихат­тау мекені болып келеді. Бір кездердегі «жау шапты» деген суық хабардың жаршысы болған жалаңдаған қанқызыл Ұран-от бүгінде азат қазақтың өт­кенге айтар салауаты, көрсетер құр­меті өрілген Тағзым-отына ұлас­ты. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді» дегендей, төрт тараптағы қандасты, көп ұлт­ты өзара бірлікке, татулыққа ша­­қырған Бірлік-Отына айналды. Ұлан-ғайыр даламыздың қи­ыры­нан жиылған қандасты ай­т­пағанда, жыл сайын Амал мерекесін От­пан­­ның биігінде қарсы алып, қа­зақ­тың ән-жырына бұрала билеп, қазақы нақыштардың арасын­да мәз-мейрам шаттанған әр ұлттың өкі­лінің Думан-шырағына айналды. Отпандағы кең арналы істерді қолға алушылардың әу бастағы мақсаты да осы бір­лік-берекені тұрақтандыра түсу, ұлттар арасындағы татулық тұғы­рын бекітіп, ел иесі, жер иесі – қазақ­тың ұлттық құндылықтарын, бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрін өрістету және өзгелерге насихаттау болатын. Бұл – Қазақстанды, қазақ ұлтын Мәңгілік ел ретінде дамуға, өз ұлттық ерекшеліктері арқылы мәңгілікпен астасып жатуға бастайтын бағыт.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2007 жылы «Отпан тау» тарихи-мәде­ни кешенінің ашылуына қаты­сушыларға жолдаған құттықтау ха­тында Қазақстан халқының тәу­ел­сіздіктің игілігін жыл өткен сайын молынан сезінуде екен­дігін айта келе, «Көне де қасиетті Маң­ғыстауда сан қилы сын сағат­тар­ында ұран отын жаққан, кәрі сең­гір Отпан таудың бүгінде мәң­гілік отын маздатар Тағзым биігіне айналуы жан сүйсінер жа­ңалық, өткенге деген құрмет – болашаққа деген жауапкершіліктің биік өнегесі дер едім. Бұл кешен түбі терең тарихымызды ұр­пақ­­тарымыздың есіне салып, жүректеріне имандылық нұрын сеуіп, ұлы мұраттарға үндеп тұ­ра­тын болады. Ол, сондай-ақ, Маңғыстау өңіріне жолы түсетін қазақстандықтар мен шетелдік туристердің де арнайы іздеп барып тәу ететін қасиетті мекенжайына айналады деп үміттенемін» деген болатын.

Арада он жыл уақыт өтті, расында кешен отандастарымыз бен шетелдіктердің көзайымына айналды, ал Отпанның биігінен маздаған Мәңгілік оты Мәңгілік елдің ертеңіне жасалған бағдардай болашаққа шақырып тұр.

Гүлайым Шынтемірқызы,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.07.2017

Қазіргі бар ойымыз «Астананы» жеңу – «Легия» ойыншысы

25.07.2017

Бақытжан Сағынтаев экономиканы цифрландыру жөнінде кеңес өткізді

25.07.2017

Яцек Магера: «Астанамен» ойында фаворит жоқ

25.07.2017

Үкімет басшысы Қазақстандағы Канада елшісімен кездесті

25.07.2017

Құрық портындағы паром кешенінің өткізу қабілеті артады – Роман Скляр

25.07.2017

Қазақстандық жас програмистер жаңа қосымша ойлап тапты

25.07.2017

Стойлов: «Астананың» соңғы жылдары Еуропаға шығуы тек сәттілік қана

25.07.2017

Стойлов: Каньяс «Ордабасының» деңгейін көтеретініне сенімдімін

25.07.2017

Қазақстанда бірінші жартыжылдықта 8 768 автокөлік өндірілді

25.07.2017

Әлемде компаниялар қызметкерлеріне микрочип ендіруде

25.07.2017

Рүстем Құрманов Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

25.07.2017

Стойлов: «Легия» командасын фаворит деп есептеймін

25.07.2017

Еуразия ұлттық университеті әлемдік рейтингте едәуір ілгеріледі

25.07.2017

Сот төрелігі академиясын 51 түлек бітіріп шықты

25.07.2017

Елімізде есірткі айналымымен күрес күшейтіледі

25.07.2017

Қазақстанда әйелдер баспасөзі қалай пайда болды?

25.07.2017

Астана әкімі Челябинск губернаторымен кездесті

25.07.2017

Алматыда арзан бағалар фестивалі өтеді

25.07.2017

Оңтүстікте «Серпін – 2050» жобасына құжат қабылдау басталды

25.07.2017

Тараздық 115 оқушы ЭКСПО көрмесін тамашалауға аттанды

КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ток-шоу деген жақсы-ау...

Соңғы жылдары түрлі телеарналарда ток-шоулар көптеп пайда бола бас-тады. Олардың арасында көрермендер ықы­ласына бөленіп, өзіндік сыр-си­па­­тымен ерекшеленетіндері де жоқ емес. Мәселен, Бейсен Құранбек, Аман Та­сыған сияқты журналистер жүргізіп ке­ле жатқан ток-шоулар көпшілік көңі­лінен шығып жүр. Дегенмен, бірқатар ток-шоуларда көтерілген мәселелерді тал­қылау барысында «бір қайнауы ішінде» кетіп жататын жағдайлар да кездесіп қалып тұрады. Ондай жайттар кейбір журналист әріптестеріміздің теледидар арқылы қозғағалы отырған та­қырыпты жан-жақты зерттеп, мәселеге тереңірек үңілмеуінің салдарынан орын алатын сияқты. Екіншіден, қазақ тілді ток-шоуларда көбіне жастар пікір айтып жатады. Тіршілікте болып тұратын, тәжірибелі деген үлкендердің өзі кейде шешімін табуда қиналып қалатын сан-қилы жағдайлар туралы өмірге енді ғана қадам жасай бастаған адамдардың ой-пікірлер айтуы қаншалықты дұрыс деген күмән да осындайда туындайды.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Саудада да имандылық керек

– Қымбатшылық асқынып тұр. Бәрінің де бағасы удай! – Неге олай? – Өйткені, ар-ұят арзандап, иман­дылықтың еңсесі еңкіш тар­т­қан кезде материалдық қа­жет­ті­ліктердің құны шарық­тайтыны заң­дылық. Бір танысыммен болған бұл шағын диалог мені әжептәуір ойландырып тастады...

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Ұрланған құндылық және ұялы телефон

Астанада жасалған ұрлықтың 80 пайызы – қалта ұрлығы, ең көп қол­ды болатын бұйым – қалта телефон. Іш­кі іс­тер министрлігі хабарлаған ақ­пар осындай. Лақтыр­­ған таяғың құ­қық қорғау­шы­ларға тиетін қалада осылай болғанда, басқа қалаларда да «ұялы­ның» ұрлығы көп болмаса аз емес сыңайлы. 

Қуат БОРАШ, "Егемен Қазақстан"

Қаз басқан қасиетті мекен

Естияр шаққа ілінгенде егде кісілердің аузынан «әркімнің туған жері Мысыр шәрі» деген сөзді жиі еститінбіз. «Әй, осы шалдар да айта береді, «Мың бір түндегі» Мысыр қайда, мимырт жатқан біздің ауыл қайда?» деп, шеңгел шарбақты шағын ауылдың көрінісіне онша көңіл тоғайта қоймайтынбыз.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Жасанды интеллект

Жасанды интеллектіні қол­дай­тын­дар да, қолдамайтындар да көп. Соң­­ғы кездері осы тақырыпқа бай­ла­­нысты кітаптар мен түрлі ма­те­риалдарды оқи жүріп, жасанды ин­теллектіні қолдамайтындар қа­та­рын тағы бір адамға көбейткен си­яқ­тымын.

Пікірлер(0)

Пікір қосу