PR-форум: Компаниялардың билікпен байланысын дамыту қажет

Бүгін Қазақстандағы PR күндер аясында өтіп жатқан жыл сайынғы ХІІІ Халықаралық PR-форумы мәреге жетуге жақын.
Егемен Қазақстан
19.05.2017 3612

Форум аясында өткен төртінші секцияның жұмысы «Компания жұмысындағы GR-коммуникациялар» мәселесіне арналды. Бұл отырыста PR-шы клубының президенті Аида Досаева, Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің директоры Агрис Прейманис, «Самұрық Қазына» АҚ Үкіметпен өзара әрекеттесу жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Ахметов, Үкіметпен байланыс жөніндегі тәуелсіз кеңесші Марғұлан Оспанов сынды басқа да спикерлер мінберден сөз сөйледі. 
Қазақстанда GR қызметі (мемлекеттік билік органдарымен байланыс, нақтырақ айтқанда, компаниялардың мемлекеттік биліктің шешімдеріне ықпал ету мақсатындағы іс-әрекеттері) біздің нарыққа жаһандық компаниялардың келуімен пайда болды. Дегенмен, соңғы 25 жыл ішінде GR коммуникациялар тасада қалып отыр, бұл қызмет туралы жазып не айтып жатқандарды көрмейсің, дейді спикерлер. 
Үкіметпен байланыс орнатуда тәуелсіз кеңесші Марғұлан Оспанов «GR-ды көлеңкеден шығару керек», дейді. Оның жасаған зерттеуі бойынша, қазақстандық GR-маманының келбеті төмендегідей анықталған. 
Бұл жасы 30-40 жыл шамасында, негізінен экономика және қаржы саласында білімі бар, мұнай-газ саласын таңдайтын, мемлекеттік немесе мемлекет қатысуымен иеленген компанияларда жұмыс істейтін азамат. 
Сонымен қатар, спикер бұл мамандық бойынша жоғарғы білім беретін арнайы оқу орындардың біздің елде жоқ екенін атап өтті. Шетелдерде дәл осы мамандыққа қатысты мықты білімді АҚШ және Ұлыбританияның университеттері береді. 
Айнаш ЕСАЛИ, 
«Егемен Қазақстан». 
АЛМАТЫ 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.06.2018

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Б.Сағынтаев пен Ә.Жақсыбеков Түркістан облысының әкімін таныстырды

20.06.2018

Астанада робот техникасы бойынша ұлттық біріншілік басталды

20.06.2018

ҰБТ нəтижелерін Telegram-нан көруге болады

20.06.2018

Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасының құны 80 еуроға дейін қымбаттауы мүмкін

20.06.2018

Ғ. Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалды

20.06.2018

Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

20.06.2018

Сенаторлар Президент бастамасын іске асыру барысын талқылады

20.06.2018

Астанада тамақ қалдықтарын тыңайтқышқа айналдырмақ

20.06.2018

Солтүстік Қазақстанда А.Винокуров атындағы халықаралық жарыс өтті

20.06.2018

Түркістаннан тарту» бағдарламасы «Түркия үні» радиосы арқылы тыңдаушыларға жол тартты

20.06.2018

Мақтаралда арнайы комиссия құрамы ҰБТ өтетін нысанды қабылдап алды

20.06.2018

Ұлттық кітапханадағы залға көрнекті ғалым Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді

20.06.2018

Жұмат Әнесұлының шығармашылығы

20.06.2018

Қармақшылық мектеп бітіруші түлектер ҰБТ тапсыруды бастады

20.06.2018

Маңғыстауда «Мирас» кеңесінің отырысы өтті

20.06.2018

Маңғыстауда медицина мекемелерінің қызмет көрсету сапасы тексерілді

20.06.2018

Маңғыстаулық екі мемлекеттік қызметші республикалық байқауда топ жарды

20.06.2018

Қостанайда Астана күндері өтіп жатыр

20.06.2018

Кен алыбының жобасы салалық «Алтын Гефест» байқауында үздік деп танылды

20.06.2018

Қазақстан мен Өзбекстан бизнес-омбудсмендері келісімге қол қойды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу