Президент «Ел қорғаны» медалін тағайындады

«Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы Қаулы.
Егемен Қазақстан
27.04.2017 1626

1. «Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери кұралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалардың тізбесінде және сипаттамаларында:

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесінде:

«Медальдар:» деген бөлімде:

10-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) І, ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» («Защитник Отечества»).»;

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының сипаттамаларында (бұдан әрі – Сипаттамалар):

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің медальдары» деген бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөлімдермен толықтырылсын:

«І дәрежелі «Ел қорғаны» (54-1-қосымша)

І дәрежелі «Ел қорғаны» медалі алтын жалатылған сары түсті металдан дайындалады және диаметрі 42 мм он сәулелі айшықты жұлдыз нысанында болады. Медальдағы бейнелер – бедерлі. Медаль аверсінің ортасында – қызыл түстің аясында «ЕЛ ҚОРҒАНЫ» деген жазуы бар төменгі бөлігінде лента өткізілген лавр бұтақтарымен көмкерілген шеңбер. Шеңбер көгілдір түсті эмальмен боялған. Шеңбердің ортасында өткір жүзі жоғары қаратылып айқастырылған семсерлер аясында қалқан орналасқан, онда алқызыл аяда    танк, ұшақ, корабль және десанттық әскерлер эмблемалары бейнеленген Қазақстан Республикасының картасы сұлбасының бейнесі бар. Жұлдыз сәулелерінің сәнді ұштары ұлттық ою-өрнек элементтерімен өрнектелген. Сәулелердің фрагменттері көк түсті эмальмен боялған. Бес сәуледе диаметрі

2 мм жасанды тастар орнатылған.

Медальдың реверсінде бедерлі бейне бар. Ортасында бес жолға

«І; ДӘРЕЖЕ; ОТАНЫҢДЫ СҮЙ; ХАЛҚЫҢА; ҚЫЗМЕТ ЕТ» деген жазу орналасқан. Жазу шеңберін айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ» деген жазу орналасқан.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға бекітіледі. Таған ені 10 мм болатын сол жақ жиегінен қошқыл жусан түстес, оң жақ жиегінен қошқыл көк түсті, ортасында ені 12 мм қошқыл көк түсті үш жолағы бар сарғыш түсті жолақтан тұратын тік жолақты қатқыл лентамен тысталады. Тағанның ортасында бастырылып жасалған Қарулы Күштердің эмблемасы орнатылады.

Медаль киімге түйреуіштің көмегімен бекітіледі.

ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» (54-2-қосымша)

ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалі ақ түсті металдан дайындалады және диаметрі 42 мм он сәулелі айшықты жұлдыз нысанында болады. Медальдағы бейнелер – бедерлі. Медаль аверсінің ортасында – қызыл түстің аясында «ЕЛ ҚОРҒАНЫ» деген жазуы бар төменгі бөлігінде лента өткізілген лавр бұтақтарымен көмкерілген шеңбер. Шеңбер көгілдір түсті эмальмен боялған. Шеңбердің ортасында өткір жүзі жоғары қаратылып айқастырылған семсерлер аясында қалқан орналасқан, онда танк, ұшақ, корабль және десанттық әскерлер эмблемалары бейнеленген Қазақстан Республикасының картасы сұлбасының бейнесі бар. Жұлдыз сәулелерінің сәнді ұштары ұлттық ою-өрнек элементтерімен өрнектелген. Сәулелердің фрагменттері көк түсті эмальмен боялған.

Медальдың реверсінде бедерлі бейне бар. Ортасында бес жолға

«ІІ; ДӘРЕЖЕ; ОТАНЫҢДЫ СҮЙ; ХАЛҚЫҢА; ҚЫЗМЕТ ЕТ» деген жазу орналасқан. Жазу шеңберін айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ» деген жазу орналасқан.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға бекітіледі. Таған ені 10 мм болатын сол жақ жиегінен қошқыл жусан түстес, оң жақ жиегінен қошқыл көк түсті, ортасында ені 12 мм қошқыл көк түсті үш жолағы бар сарғыш түсті жолақтан тұратын тік жолақты қатқыл лентамен тысталады. Тағанның ортасында бастырылып жасалған Қарулы Күштердің эмблемасы орнатылады.

Медаль киімге түйреуіштің көмегімен бекітіледі.»;

Осы Жарлыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Сипаттамаларға 54-1 және 54-2-қосымшалармен толықтырылсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидаларында:

«3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздері» деген бөлімде:

«Бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін» медалі» деген кіші бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:

«Ел қорғаны» медалі

44-1. «Ел қорғаны» медалімен:

әскерлерге басшылық жасауда және қойылған міндеттерді орындауда, оқу-жаттығуларда, жауынгерлік кезекшілікті атқару кезінде, жаңа жауынгерлік және арнайы техниканы меңгеруде, қару-жарақ пен әскери техниканы ұдайы жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету жай-күйінде ұстауда, қолбасшылықтың арнайы (жедел) тапсырмаларын орындау кезінде, жұмылдыру даярлығында, әскери-патриоттық, педагогикалық, ғылыми-зерттеу, емдеу және өзге де әскери (әскери-қолданбалы) қызметте, мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде әскери мамандықты меңгеруде ерекше көзге түскені үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін, әскери қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталады.

44-2. «Ел қорғаны» медалі екі дәрежеден тұрады:

1) Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін, әскери қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлер құрамы мен Қазақстан Республикасының азаматтарын марапаттауға – І дәрежелі «Ел қорғаны» медалі;

2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сержанттар және сарбаздар құрамдарының әскери қызметшілерін марапаттауға – ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалі.».

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

            Президенті                                                                                                            Н.Назарбаев


Астана, Ақорда, 2017 жылғы  25 сәуір                

                  № 466

Жарлыққа қосымшаларды мына жерден көруге болады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2018

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

19.06.2018

ОҚО-ның әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшіріледі

19.06.2018

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

19.06.2018

Энергетика министрі халық алдында есеп берді

19.06.2018

Асхат Аймағамбетов: «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің 98,4%-ы білімдерін растады

19.06.2018

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

19.06.2018

Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды

19.06.2018

Қ. Тоқаев сарапшылар алдына жаңа міндеттер қойды

19.06.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

19.06.2018

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

19.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты

19.06.2018

Головкинге The Ring журналының белбеуі табысталды

19.06.2018

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

19.06.2018

Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтіп жатыр

19.06.2018

Сенаторлар валюталық реттеу туралы заң жобаларын талқылады

19.06.2018

«Жетісу көктемі» атты республикалық форум: жас қаламгерлер не дейді?

19.06.2018

СҚО-ның Бостандық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш-тақта орнатылды

19.06.2018

Мемлекет басшысы Қайрат Мәмиді қабылдады

19.06.2018

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

19.06.2018

Солтүстік Қазақсанда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу