Президент Қазақстан xалқын Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін Қазақстан xалқын Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Егемен Қазақстан
09.05.2017 1894

"Құрметті қазақстандықтар, отандастар! Әр жыл сайын мамыражай, күншуақты мамыр күнінде біз Ұлы Жеңіс мерекесін атап өтеміз. Бұл жеңістің мағынасы өте үлкен. Адамзаттың тариxында мұндай сұрапыл соғыс болған емес. Ондаған миллион xалықтың өмірін алып кеткен, қанша қалаларды күйреткен фашизмге қарсы соғыста біздің бабаларымыз үлкен жеңіске жетті. Осы жеңістің арқасында мынадай ашық аспан астында, бейбітшілікте өмір сүріп, балаларымызды, ұрпағымызды өсіріп, мемлекетімізді нығайтып жатырмыз", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президент елімізде ардагерлеріміздің қатары күн санап, сиреп бара жатқандығын қынжылыспен атап өтті.

"Отан қорғаушылар" алаңында гүл шоғын қою - қаза тапқан бабаларымызға тағзым, қатары сиреп бара жатқан ардагерлерге құрмет. Қазақстан ол кезде 6 миллион xалқы бар мемлекет еді. Оның 1,8 миллионы соғысқа қатысып, тең жартысы майданнан қайтқан жоқ. Қазақстан майданда да, тылда да қолдан келгенше барлық көмегін тигізді. Сондықтан еліміздің бүкіл ардагерлерін, xалқын Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, аспанымыз әр уақытта ашық болсын дейміз!", - деді Елбасы.

Еске сала кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына орай Астанадағы "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоқтарын қойған болатын.

Салтанатты шараға ҰОС ардагерлері, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің, ҚР Парламентінің, орталық мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпустардың өкілдері және қала жұртшылығы қатысты.

Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн 200 мың жауынгердің 600 мыңы үйлеріне қайтып оралмады. Жалпы, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғында елімізден аттанған 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекітілген ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған болатын, оның 100-ден астамы - қазақтар. Сонымен қатар 142 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері атанса, Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны 100 мыңға жуықтайды. Соғыс ардагерлерінің қатары жыл өткен сайын сиреп барады. Бүгінде Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 2 мыңға жуық ардагері тұрады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2018

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

19.06.2018

ОҚО-ның әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшіріледі

19.06.2018

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

19.06.2018

Энергетика министрі халық алдында есеп берді

19.06.2018

Асхат Аймағамбетов: «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің 98,4%-ы білімдерін растады

19.06.2018

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

19.06.2018

Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды

19.06.2018

Қ. Тоқаев сарапшылар алдына жаңа міндеттер қойды

19.06.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

19.06.2018

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

19.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты

19.06.2018

Головкинге The Ring журналының белбеуі табысталды

19.06.2018

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

19.06.2018

Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтіп жатыр

19.06.2018

Сенаторлар валюталық реттеу туралы заң жобаларын талқылады

19.06.2018

«Жетісу көктемі» атты республикалық форум: жас қаламгерлер не дейді?

19.06.2018

СҚО-ның Бостандық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш-тақта орнатылды

19.06.2018

Мемлекет басшысы Қайрат Мәмиді қабылдады

19.06.2018

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

19.06.2018

Солтүстік Қазақсанда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Болат Жугунис (09.05.2017 13:32:26)

Жеңілісті жеңіске айналдырған Жезді марганці. Бүгін Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен күн.Кең байтақ қазақ жерінің кен байлығы майдан қажетіне жұмылдырып, жауға атылған әрбір қорғасын оқтың 9-ы, әрбір екінші танк сауытындағы марганец қоспалары, әрбір үшінші гильза мен снарядтағы мыс, одан басқа ваннадий, вольфрам,молибден, көптеген басқа да металдар бізден болды. Әңгімеміз сондай металдың бірі марганец жөнінде. 1941 жыл тамызының 17де немістер Украинаның батысындағы КСРОның негізгі марганец базасы Никополь марганец комбинатын басып алған болатын. Кавказдағы және Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстарға байланысты Грузияның Чиатур марганец комбинатынан руда тасу қиындап кетті. Сол күндері Гитлер мен Геббельстің: «Кеңес үкіметі танкі, кеме, зеңбірек жасауға қажетті марганецсіз калды. Неміс армиясы үшін жеңіс күні санаулы» деп қуаныштан қақалып - шашалып, радиомен дүние жүзінің зәресін алып хабарлап, жеңіс маршын ойнатып жатқан кезі еді.Неміс танкілерінің тегеурініне шыдамай, әскерлеріміз көп шығынмен шегінуге мәжбүр болды. Сол жылдары жетім қалған балалардың, ата-ана, әжелеріміздің көз жастарының көл-көсір болғанын акын Қадыр Мырза Әли былай сипаттайды: «42-ші жылды басқа салмасын, Ұмытты ғой онда әр кім өз басын. Кәрі әжеміз құйып жатып көжеге, Сірке судай тамызатын көз жасын». (Қазақ әдебиеті газетінің 06.05.2005 ж. санында соғысқа 500 мың қазақ қатысқаны, жараланғандарын айтпағанда, оның 350 мыңы қаза тапқаны айтылды, яғни 70%). Фашистік Германияның мақсаты - Кеңестер Одағының жерін тез басып алып халқын жою болды. Гитлердің жазғаны, АҚІІІ-тың әскери архивтерінде сақтаулы құпия №14 сейфтегі құжаттардан (батыс берлиндік прогрессшіл тарихшы Рейнхард Опиц тапқан) жұртқа мәлім болды. Онда КСРОны тез жеңген соң (оған Гитлер мен оның генералдарының ешбір күмәні болмаған), 20 жыл ішінде кеңес халқының 140-160 миллион адамын газ камерлерінде «о дүниеге» жөнелту жоспарланған. Осылайша, КСРО халықтарының тағдырында «не жеңіп шығу, не жер бетінен біржолата құрып кету» қаупі туды. Марганецсіз - әскери техниканың бірі де орнынан қозғала алмайтыны белгілі. Жағдайдың ауырын, сол тұста майданға жіберілетін танктерді, автоматтарды, снарядтарды И. В. Сталиннін тікелей өзі бөліп беріп отырғандығы дәлелдей түспей ме? Алғашқы екі жылда жау танкілері басым болды.Танкі зауыттарымыз «марганец аштығына» тап болды. Сталиннің бірінші бұйрығы Шығыста соғыстың негізгі қаруы - танкі өндірісін дамыту болды. Ол үшін марганец табу геологтарға тапсырылды.(Правда газеттерінің 1975 жылғы наурыздың 18де, 1986 жылғы маусымның 30 дағы сандарынан). Осы тұста, көрнекті ғалым-геолог, академик Қ. И. Сәтбаевтың ұсынысы бойынша Жезді кенішін салу жөніндегі СССР Қара металлургия Халық комиссариатының 1942 жылғы 10 сәуірдің 10дағы №75 және сәуірдің 25дегі №88 бұйрықтары шықты. Неміс фашистеріне деген өшпенділік Қасым Аманжолов айтқандай: «Күллі әлемнің ыза кегі Орна менің кеудеме кеп. Жау жолына атам сені, Бомба болып жарыл жүрек» деп айтқандай, қандай шексіз болса, халқымыздың Отан Анаға деген сүйіспеншілігі де сондай шексіз болатын. «Марганец — жеңіс үшін!" деген ұранмсн, тарихта бұрын соңды болып көрмеген шапшаңдықпен Жезді марганец кеніші 38 күнде салынды.Кеніш құрылысын Сталиннің өзі тікелей байланыспен қадағалап отырды. 1942 жыл маусымының 12нен бастап, Магнитогорск танкі сауыты зауытына өте бай марганец рудасы жөнелтіле бастады. Сол күндері Одақтың Кара металлургия наркомы И.Ф.Тевосянның айтқаны: «Құстың сүтін тауып бер десеңдер тауып берейін, бірақ марганец жіберулеріңді тоқтатпаңдаршы!»дегені, марганецтің қандай маңызды екенін көрсетпей ме? . Сол жылдары танкистеріміздің ырзашылығы: «Магнитогорск металынан жасалған сауыты бар танктеріміздің табанымен немістің солдаттарын, пушкаларын, миномет, пулеметтерін нанша илеп таптап жатырмыз. Рахмет, Сіздерге» ("Совет металлургиясы 1917-1967 жылдарында» альбомынан). Жезді марганці 1943 жылғы жазда Курск доғасыңда болған танкілер шайқасында жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастың маңыздылығын екі жақ та түсіңді. Қай жағы жеңсе, түпкілікті жеңіс соныкі болмақшы еді. Курскі танктер шайқасының маңызы жөнінде, «Величие подвига советского народа.Зарубежные отклики….Москва, изд-во «Международные отношения», 1985 г» кітабында жазылған. Жездінің марганец кеніші жөнінде Отан соғысы тарихының алғашқы басылымы II – томының 155-бетінде көрсетілген. Жезді кенішінің ашылғаны соғыста стратегиялық ірі жеңіспен пара-пар деп есептелінді, мысалы, Сталинград, Курск тағы басқа ірі операцияларымен теңестірілді. Міне, көріп отырғанымыздай Екінші дүниежүзілік соғыста Жезді марганцінің қосқан үлесі зор болды. Фашизмді жеңген күн құтты болсын! Аспанымыз ашық болсын, «жерімізді жау баспасын, елімізден құт- береке қашпасын! Осы заманғы соғысқұмарларға лағнет!.Соғыс атаулы тоқтатылсын! Жер бетінде тыныштық орнасын! Жезді кенішінде 45 жыл қызмет еңбек еткен және тыл ардагері, тау кен-инженер геологы Болат Жугунис 09/05/2017

Пікір қосу