Президент Үкіметке «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын әзірлеуді тапсырды

Елбасы өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек екенін айтты.
Егемен Қазақстан
12.04.2017 828

"Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ", деді Елбасы. 

Оның айтуынша, идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мав­золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті­судың киелі мекендерін және басқа да жерлер­ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді. 

"Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлт­тық бірегейлігінің мызғымас негізін құрай­ды. Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құн­ды­лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан, мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз", деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Осы мәселелерді айта келе Президент Үкіметке жұртшылықпен ақылдаса отырып, жобаны әзірлеуді тапсырды. Оның айтуынша, жоба үш негізгі мәселені қамтуы керек. Нақтырақ айтқанда: 

1. Аталған «Мәдени-географиялық бел­деу­дің» рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағарту дайындығын жүргізу қажет; 

2. БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде, мықтап айналысуы керек;

3. Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқы­мыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуге тиіс. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.07.2017

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу тәртібі

26.07.2017

«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы

26.07.2017

Астаналық марафонға 5000 адам қатысады

26.07.2017

Келер жылы «Еуровидение» Португалияда өтетін болды

26.07.2017

«THR» компаниясы Бурабайдың туристік әлеуетін арттыруға атсалысады

26.07.2017

Талдықорған қаласында саудагерлерге 26 сауда орны тегін беріледі

26.07.2017

«Астана» - «Легия» ойынына қоғамдық автобустар бөлінеді

26.07.2017

Жетісу өңірінде туризмді дамыту шаралары үздіксіз жүргізіледі

26.07.2017

Алматы облысында шаруа қожалықтары мен өңдеуші кәсіпорындар арасында тығыз байланыс орнатылады

26.07.2017

Алматы облысынан 65 студент Польшада тегін оқиды

26.07.2017

Петропавлда жазғы биатлоннан ел  чемпионаты аяқталды

26.07.2017

Қарлығаштың ұясы

26.07.2017

Кененнің домбырасы

26.07.2017

Лагерь алауы – бала қалауы

26.07.2017

Қырағы сақшылар қылмыскерлерді құрықтады

26.07.2017

Жамағат доп тебуден жарысады

26.07.2017

Экология проблемасы алаңдатады

26.07.2017

Қос отбасының қуанышы

26.07.2017

Қайырымдылық шараға қарттар дән риза

26.07.2017

Кездесу соңы – келісім

КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мұғалім беделі және репетиторлық

Қазір мектеп абыройы, мұғалім беделі туралы көп айтамыз. Бұрынғы орталықтандырылған білім беру жүйесі дәуір дамуына қарай әртарап­тан­ды­рылды. Соның бірі – ата-аналардың қалауына қарай түрлі тәсілдер бойынша ақшасын төлеп, репетитор жалдау.

Жанболат ҮСЕНОВ, Халықаралық қатынастар жөніндегі еуразиялық кеңестің директоры

Өңірлік қауіпсіздіктің ықпалды тетігі

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бірнеше страте­гия­лық қағидаттарға негізделген. Олар­дың бір бөлігі елдің ұлттық қау­іпсіздігін, қорғанысқа қабілет­тілігін және егемендігін жан-жақты қам­тамасыз етуге, өңірлік және жа­һан­­дық тұрақтылықты нығайтуға ба­ғытталған.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ток-шоу деген жақсы-ау...

Соңғы жылдары түрлі телеарналарда ток-шоулар көптеп пайда бола бас-тады. Олардың арасында көрермендер ықы­ласына бөленіп, өзіндік сыр-си­па­­тымен ерекшеленетіндері де жоқ емес. Мәселен, Бейсен Құранбек, Аман Та­сыған сияқты журналистер жүргізіп ке­ле жатқан ток-шоулар көпшілік көңі­лінен шығып жүр. Дегенмен, бірқатар ток-шоуларда көтерілген мәселелерді тал­қылау барысында «бір қайнауы ішінде» кетіп жататын жағдайлар да кездесіп қалып тұрады. Ондай жайттар кейбір журналист әріптестеріміздің теледидар арқылы қозғағалы отырған та­қырыпты жан-жақты зерттеп, мәселеге тереңірек үңілмеуінің салдарынан орын алатын сияқты. Екіншіден, қазақ тілді ток-шоуларда көбіне жастар пікір айтып жатады. Тіршілікте болып тұратын, тәжірибелі деген үлкендердің өзі кейде шешімін табуда қиналып қалатын сан-қилы жағдайлар туралы өмірге енді ғана қадам жасай бастаған адамдардың ой-пікірлер айтуы қаншалықты дұрыс деген күмән да осындайда туындайды.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Саудада да имандылық керек

– Қымбатшылық асқынып тұр. Бәрінің де бағасы удай! – Неге олай? – Өйткені, ар-ұят арзандап, иман­дылықтың еңсесі еңкіш тар­т­қан кезде материалдық қа­жет­ті­ліктердің құны шарық­тайтыны заң­дылық. Бір танысыммен болған бұл шағын диалог мені әжептәуір ойландырып тастады...

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Ұрланған құндылық және ұялы телефон

Астанада жасалған ұрлықтың 80 пайызы – қалта ұрлығы, ең көп қол­ды болатын бұйым – қалта телефон. Іш­кі іс­тер министрлігі хабарлаған ақ­пар осындай. Лақтыр­­ған таяғың құ­қық қорғау­шы­ларға тиетін қалада осылай болғанда, басқа қалаларда да «ұялы­ның» ұрлығы көп болмаса аз емес сыңайлы. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу