Путин мен Трамптың алғашқы кездесуі. Шетел баспасөзі не дейді?

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин Гамбургте өтіп жатқан G20 елдері арасындағы саммитте жеке кездесу өткізді. Шетелдік баспасөзге сүйенсек, онда көптеген тақырыптар талқыланған.
Егемен Қазақстан
10.07.2017 1737

Бұл – Ақ үй басшысы қызметіне кіріскелі Ресей президентімен бетпе-бет тұңғыш рет кездесуі. Сондықтан шығар, әлем назары екі алып держава көшбасшыларының келіссөздеріне ауды. Lenta.ru-дың мәлімдеуінше, Ақ үй мен Кремль басшыларының кездесіп, қол алысуы өзгеше өтті. Әдетте Дональд Трамп әріп­тесінің қолын қысып, өзіне қарай тартатын. Lenta.ru бұл жолы бәрі «қарапайым қол алысу ретінде, тіпті ұқыпты» өткенін хабарлады. 

EuroNews арнасы да Трамп пен Путиннің қол алысуы қалыпты өткенін хабарлады. Қол алысқан сәтте екеуі де жымиып, АҚШ президенті Путиннің иығынан қаққан. Кездесу 60 минутқа жоспарланса да, екі ел басшылары 2 сағаттан аса әңгімелесіпті. Жалпы журналистер кездесудің бастапқы бірнеше минутына ғана қатысса, қалған уақытта келіссөз жабық есік жағдайында өткен. РБК агенттігі екі ел басшылары да кездесу басында бір-біріне жылы пікір айтқанын келтіреді. Трамп Ресей президентімен келіссөзге отыру үлкен дәреже екенін айтса, Путин өз кезегінде Трамппен жеке таныстығына қуанышын жеткізді. 

«Сергей Лавров елдер бас­шыларының күн тәртібінде тұрған негізгі сыртқы сая­си мәсе­лелерді талқылағанын айтады. Соның ішінде Сириядағы, Украи­надағы, Корея түбегіндегі қақтығыстар сөз болды. Терро­ризммен күрес саясатының негіз­деріне байланысты пікір алмасып, кибер қорғаныс пен дипломатиялық мәселелерді талқылады. Ресей сыртқы істер министрінің айтуынша, көшбас­шылар 4 келісімге қол жеткізді: Сирияның оңтүстік-батысында гуманитарлық көмек пен бітімді қамтамасыз ету, Мәскеу мен Вашингтон арасында Украинаға байланысты мәселелер жөнінде байланыс арнасын ашу, кибер қорғанысқа қатысты жұмыс тобын құру және жаңа елшілерді та­ғайындауды тездету», ‒ деп мәлімдейді РБК.

BBC Russia-ның айтуын­ша, Владимир Путин журналистермен өткен баспа­сөз мәслихаты кезінде Ақ үй бас­шысының АҚШ-та өткен прези­денттік сайлауға Ресейдің қан­ша­лықты қатысы болғаны жөнінде көптеген сұрақтар қойғанын мәлімдеген. Путин америкалық әріптесінің егжей-тегжейлі мәселелер қызықтырғанын келтіреді. «Мен дайын болған­дықтан, сұрақтардың бәріне жауап бердім, бұрынғы әкімші­ліктермен осыған қатысты әңгі­мемізді, соның ішінде Обамамен сөйлескенімді айтып бердім. Ме­ніңше, ол айтқанымды қабылдап, келісті», ‒ дейді Путин.

Ал Трамп оның жауабын қа­лай қабылдағаны туралы сұрақты АҚШ басшысының өзіне қоюды баса айтты», ‒ деп ха­барлады BBC Russia. «Амери­калық арнайы қызметі шы­най­ы­лығына күмәнданбайтын Амери­кадағы сайлауға Ресейдің қаты­сынан басқа, Владимир Путин мен Дональд Трамп екі ел арасындағы қатынасты шие­леністіріп тұрған өзге де та­қырыптар төңірегінде әңгіме­лесті. Әсіресе, Сириядағы қақ­тығыс пен Украинадағы жағдай сөз болды. Путин Ресей-Америка қарым-қатынасын дағдарыстан шығаруға үміттенетінін білдірді.

«Меніңше, осыған байла­нысты анық алғышарттар жасалды», ‒ деп мәлімдеген Ресей президенті BBC Russia-да жа­рия­ланған мақалада. Ресейлік бас­пасөз солтүстіктегі көршіміздің АҚШ-тағы сайлауға қатысы жө­ніндегі жауапқа Дональд Трамп­тың ырза болғанын жарыса жазса да, америкалық медиа өкілдері оны­мен келіспейтіндерін кел­тіреді. Мәселен, CNN Трамптың Ресей басшысының жауабына қанағаттанбайтынын жеткізген.

«Трамп әкімшілігінің қыз­меткері CNN-ге Трамптың Путин­нің АҚШ сайлауына қаты­сы жоқтығы туралы мәлімдеуін қабылдамағанын айтады. Бірақ  Ресей «дәлел мен дәйек» сұрады, алайда, АҚШ кездесуде оны келтіре алған жоқ», ‒ дейді CNN. Сонымен қатар, CNN До­нальд Трамптың кеңесшілері ресей­ліктердің мәлімдемесіне үш мәрте келіспейтінін хабарлады. Ұлттық экономикалық кеңес директоры Гэри Кон, Ұлт­тық қауіпсіздік кеңесшісі Гер­берт Макмастер және қаржы минис­трі Стивен Мнучин үшеуі де Ақ үй басшысының қанағат­тан­бағанын, әйтсе де Трамптың пікі­рін өзінен сұрауды айтқан. 

New York Times басылы­мы екі тараптың кездесуден екі түрлі пікірмен кетуін өз басшы­ларының абыройы үшін деп есептейді. Сонымен қатар, екі ел басшысы да өздері көздеген мақсатқа жете алмады деп есептейді. «Трамп кездесуге өзінің сайлануына байланысты алып-қашпа әңгіменің соңына нүкте қоюдан үміттенді. Пу­тин Қырымды қосып алып, Украи­наға араласқан соң Батыс санкция қойды. Содан кейін Ресей өз экономикасының әлсіреуінен құтылуды қалады. Алайда, еш­қайсы көздегеніне жеткен жоқ», ‒ дейді New York Times.

Сондай-ақ, аталған басылым кездесу барысында қол жеткізілген ортақ шешімдерді «сәбидің қадамы» деп атаған. Ұлыбританиялық The Guardian басылымы кездесу қалай өткеніне қарамастан, Путиннің оны сәтті деп есептейтінін көлденең тартады. «Владимир Путин өзінің Дональд Трамппен өткен кездесуін айтарлықтай ештеңе талқыланбаса да, жеңіс ретінде есептеуі ықтимал. Кез­десу барысында Ресейдің сай­лауға қатысы бар-жоғы туралы мәселе көтерілсе де, ол басты назарға алынған жоқ. АҚШ-тың мем­лекеттік хатшысы Рекс Тил­лерсон Трамп «әңгімені одан әрі жалғастыру дұрыс» деп есеп­тесе, Ресей сыртқы істер ми­нистрі Сергей Лавров, тіпті, Трамп Путинге АҚШ-тағы президенттік сайлауға Ре­сей басшысының қатысы жоқ­тығы туралы уәжді дұрыс  қабылдай­тынын айтты», ‒ дейді The Guardian.

Шетелдік медиа өкілдері Путин мен Трамптың кездесуін сан-саққа жүгіртіп хабарласа да, екі ел басшысы бір-біріне жылы пікірде қалған сыңайлы. Мә­селен, BBC Russia Путиннің «Те­левизиядағы Трамптың өзінің шынайы бейнесінен айырма­шылығы өте үлкен. Ол әріпте­сін ұқыппен қабылдап, тез арада сараптап, әңгіме барысында туындаған не қойылған сұрақ­тарға жауап береді», ‒ деп айт­қанын келтіреді. Ал EuroNews Трамптың журналистерге «Біз алға оң көзқараспен қарап, Ре­сей үшін де, АҚШ үшін де және басқалар үшін де оңтайлы нәр­­селерді қарастырдық», ‒ деге­нін және Путинге «Сізбен әңгіме­лесуім мен үшін құрмет. Рахмет» деп айтқанын көлденең тартады.

Абай Отар,
журналист

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2018

Торғын Тасыбекова: Тұлғалар тәлімін көп көрдім

21.08.2018

Біржан сал еліндегі салтанат

21.08.2018

«Тараз» қонақүйі жатақханаға айналады

21.08.2018

Отандық онкогематология орталығы қалыптасты

21.08.2018

Балалар нейрохирургиясына басымдық берілуде

21.08.2018

Мүгедектердің мұңын кім тыңдар?!.

21.08.2018

Алматы: қала мен сана өзгерісі

21.08.2018

Жаңа заң – зайырлы елдің мүддесіне

21.08.2018

Өмір – әділ

21.08.2018

90 үй салып, туған ауылын түлеткен

21.08.2018

Қаратөбенің қайырымды тұрғындары

21.08.2018

Жанар-жағармай жыры: шаруалар неге наразы?

21.08.2018

ҚХА Кеңесі Құрбан айт мерекесімен құттықтайды

21.08.2018

Astana LRT салонына су кіріп кеткен автобусқа қатысты түсініктеме берді

21.08.2018

Елбасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

20.08.2018

«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК нысандарында баспасөз турын өткізді

20.08.2018

Б. Сағынтаев Шымкентті республикалық маңыздағы қала ретінде дамыту жөнінде кездесу өткізді

20.08.2018

Ригада «Шахмат патшалығы» атты анимациялық фильмі таныстырылды

20.08.2018

Ақмола облысының әкімі Дмитрий Алексанинге құттықтау жеделхатын жолдады

20.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Алик Шпекбаевты қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Өмір – әділ

Біреулер өмірді қарғап-сілеп жатады. Оның әділетсіз екендігін айтады. Рас-ау дейсің кейде. Егер өмір әділ болса, неге адам баласы әртүрлі? Біреу – бай, біреу – кедей. Біреу – сұлу, біреу – көріксіз. Біреу – ауру, біреу – сау. Расында да өмір дегенің күн мен түн, ыстық пен суық секілді қа­рама-қайшылықтардың ортасы екен ғой.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу