Қанат Ислам: Мақсатым  – жанкүйерлеріме тартысты бокс кешін ұсыну

Бірінші орта салмақтағы WBO NABA және WBA Intercontinental белбеулерінің иегері қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Астанада ЭКСПО-2017 аясында өтетін жекпе-жегіне байланысты және алдағы жоспарымен бөлісу үшін елордалық журналистерге арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.
Егемен Қазақстан
21.06.2017 4604
2

Отандасымыз өзінің соңғы кездесуін 27 мамырда АҚШ-тың Флорида штатындағы Бока Ратон қаласында өткізген болатын. Мексикалық  боксшы Норберто Гонсалеспен жұдырықтасып, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткен еді.

– Норберто Гонсалес өте тәжірибелі боксшы. Бокста ешқашан алдыңды болжай алмайсың. Рингте бір соққы барлығын шешіп кетуі мүмкін. Мексикалық боксшыға қарсы кездесуде маған 12 раунд толық жұдырықтасып, алдағы маңызды кездесулер алдында күшімді тексеріп алу керек болды. 

Ол ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Астанада өтетін кездесуде америкалық танымал боксшы Джеймс Кирклендпен жұдырықтасу мүмкін. Қазіргі таңда боксшының промоутері Нелсон Лопес келіссөздер жүргізіп жатқанын айтады. «Карьерамдағы ең маңызды кездесулерімнің бірін өз елімде, өз жанкүйерлерімнің алдында өткізу мен үшін үлкен жетістік. Мақсатым  – жанкүйерлеріме тартысты бокс кешін ұсыну және олардың сенімін ақтау. Елордамызда өтетін келесі кездесуім оңайға соқпайтыны анық. Өйткені, бұл жолғы қарсыласым әлемдік деңгейдегі боксшы болмақ. Промоутерім қазіргі таңда америкалық боксшы Джеймс Кирклендтің командасымен келіссөз жүргізіп жатыр. Жақын күндері ресми мәлімдеме жасайтын боламыз», дейді Қанат Ислам.

Ал, Қанаттың промоутері Астанадағы кездесуде Мигель Коттомен жекпе-жек ұйымдастырғысы келгенін айтады. Бірақ, боксшымен гонорар жағына келісе алмаған. «Мигель Котто жекпе-жек үшін бізден 12 миллион доллар сұрап жатыр. Бізде қазір ондай қаржы және таңдау да жоқ. Бірақ, белбеуімізді қорғау керекпіз. Қазір рейтинг бойынша Қанаттан кейін тұрған кез келген боксшы онымен кездесуге дайын. Дегенмен, біз әлемдік титулды иеленгіміз келеді», дейді Нелсон Лопес.

Қанат Ислам елордада өтетін жекпе-жекке Астана және Алматы қалаларында дайындалады. Қанат бұған дейінгі жекпе-жектеріне АҚШ-та жаттыққан болатын. Сондай-ақ, ол Алматыда да дайындық жұмыстарын жүргізген.

– Соңғы жекпе-жегім АҚШ-та өткен соң дайындығымды сол жақта өткіздім. Қанша дегенмен, АҚШ – кәсіпқой бокстың отаны ғой. Ал, бұл жолғы кездесуім Қазақстанда өтетін болғандықтан жаттығуым да Астана және Алматы қалаларында болады. Алдағы уақытта АҚШ-тан командам келеді. Солармен дайындалатын боламын.

Сонымен қатар, Қанат Ислам өзінің қарсыластары туралы пікірін білдірді.

– Менің қарсыластарым туралы әркім әртүрлі айтып жатады. Өз басым олардың арасында мынау әлсіз, мынау мықты деп айта алмаймын. Мен үшін бүгінге дейін шыққан қарсыласымның барлығы бірдей. Қазіргі жекпе-жектерім алдағы чемпиондық атақ үшін болатын кездесуге баспалдақ іспетті. Егер қарсылас таңдау менің еркімде болса, ертең-ақ чемпиондық белбеу үшін шаршы алаңға шығар едім. Геннадий Головкиннің өзі кәсіпқой бокста 15 жыл жүріп, соңғы жылдары үлкен кездесулер өткізіп жатыр. Сондықтан, бәрі өз уақытымен болатынын айтқым келеді.

Журналистермен кездесу барысында Қанат Ислам 16 қыркүйекте өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді. Қанаттың ойынша, кездесу толық 12 раундқа созылуы мүмкін. «Бұл кездесуді тек Қазақстан немесе Мексика емес, бүкіл әлем жанкүйерлері күтуде. Кездесу Головкинге оңай соқпайтынын ішім сезеді. Меніңше, жекпе-жек 12 раундқа созылуы мүмкін. Головкиннің жеңісіне сенімен және оған тек қана сәттілік тілеймін», дейді Қ.Ислам.

 

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2019

«Барыс» қонақта «Металлургті» ұтты

23.01.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

23.01.2019

Қызылорда қаласында 53 мыңға жуық отбасы жер кезегінде тұр.

23.01.2019

Дэвис кубогында Португалияға қарсы ойнаймыз

23.01.2019

Иван Дычко 1 наурызда рингке шығады

23.01.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында роталық-тактикалық топтардың тактикалық оқу-жаттығулары өтуде

23.01.2019

«Астана» футбол клубы 67-орында

23.01.2019

Елбасы тапсырма бермесе, тариф төмендемейтін түрі жоқ

23.01.2019

«Оскар» номинанттары белгілі болды

23.01.2019

Көтеріліп жатқан мәселелер мен олардың шешімі адам капиталын арттыруға жол ашады — сарапшы

23.01.2019

2018 жылы қазақстандықтарды елде болған қандай оқиғалар қызықтырды

23.01.2019

Мамлют ауданына жаңа әкім тағайындалды

23.01.2019

Жетісулық студенттер волонтер болуға бейілді

23.01.2019

Аралас жекпе-жектен ел чемпионаты алғаш рет Алматыда өтеді

23.01.2019

Н.Назарбаев: Жусан операциясы жалғаса береді

23.01.2019

Спорттық гимнастика: Токио олимпиадасына іріктеу турнирі қалай өтеді?

23.01.2019

Дзюдодан Қазақстан құрамасы аралас командалық турнирден іріктеу сынына қатысады

23.01.2019

Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев жаттығу кезінде тобығын шығарып алды

23.01.2019

Седнева мен Еркебаева Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарды

23.01.2019

Шымкенттің экологиялық жағдайын жақсарту жөнінде меморандум түзілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу