Қанат Исламға Дүниежүзі қазақтар Қауымдастығының мүшелік билеті табысталды

«Отандастар» Қоры Президенті Нұртай Әбіқаев пен Дүниежүзі қазақтар Қауымдастығы (ДҚҚ) Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков белгілі кәсіби боксшы, бірінші орта салмақтағы WBA Fedecaribe, WBA Fedelatin және WBA InterContinental, WBO NABO, WBO Intercontinental титулдық атақтарының иегері Қанат Исламмен кездесті.

Егемен Қазақстан
14.12.2018 684
2

Кездесу барысында Нұртай Әбіқаев 16 желтоқсанда Астана қаласында Қанат Ислам құрған промоутерлік компания ұйымдастырып жатқан кәсіпқой бокс кешінің сәтті өтуіне тілек білдірді. Турнирдің басты кездесуі – спортсүйер қауымға «Қазақ батыры» деген лақап атпен белгілі қытайлық қандасымыз Елшат Нығыметоллаұлының WBC ASIA чемпиондық титулы үшін жекпе-жегі екен. Қанат Исламның айтуынша, бұл Елшаттың тарихи Отанында алғаш рет жұдырықтасуы болмақ.

Нұртай Әбіқаев Қанат Исламға Елбасы тапсырмасымен шетелдік және елге оралған қандастарды қолдауға бағытталған «Отандастар» Қорының мақсат-міндеттерін таныстырып, алдағы жылға жоспарларымен бөлісті. Қордың басшысы әйгілі спортшыны ортақ мүдде тұрғысында еңбек пен күшті біріктіруге шақырды.  

«Отандастар» Қорының қазіргі мақсаты – жастармен тығыз жұмыс істеу. 2019 жылды Елбасымыз Жастар жылы деп жариялады. Өз кезегінде, барша қазақ жастары өзіңді аға деп біледі, ерек сыйлайды. Оларға ел мүддесін жоғары қойған ұстанымыңмен, өмірлік тіршілігіңмен, спорттық жолыңмен, адамгершілік құндылықтарды насихаттауыңмен, салауатты көзқарасыңмен үлгісің. Қазақтың көк туын биікке әуелетіп жүрген азаматсың. Елбасы айтқан ұлттың бірігуі тұрғысында да әлемнің түкпір-түкпірінде тарыдай шашылған қандастарымызды бір шаңырақтың астында ұйыстырып жатқан еңбегің орасан. Біздің «Отандастар» Қорының өзіңдей азаматтармен мүдделеріміз ортақ. Сондықтан осы бағытта күшімізді біріктірсек, бірге еңбек етсек, алынбайтын төбе, бағынбайтын қамал жоқ деп білемін», деді «Отандастар» қорының президенті Нұртай Әбіқаев.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков белгілі боксшы, әлем чемпионы Қанат Исламға Қауымдастықтың мүшелік билетін табыстады.

«Отандастар» дейтұғын Қор тек қазақтар емес, көңілі Қазақстанға бұрып тұратын дүние жүзіндегі барша азаматтардың Қоры деуге негіз бар. Енді ғана тәй-тәй басып жатқан ұйым. Мақсатымыз ортақ болғандықтан, өзің де үлес қосады деп сенеміз. Себебі жастардың арасында сендік абырой өте биік. Боксшылар әлемде аз емес, бірақ жастар арасындағы бірегейі кім дегенде, бірінші болып өзіңнің атың аталады. Қанат бауырыммен бұл кездесуді – тарихи кездесу деп білем», деді Зауытбек Тұрысбеков.

Қанат Ислам орын алған кездесу мен ДҚҚ мүшесі атағы үшін алғысын білдіріп, өз кезегінде Тәуелсіздік күніне орай Астанада өтетін бокс кеші туралы айтып берді. Турнирдің ұйымдастырушысы – Қанат Ислам құрған «Qazaq promotions» промоутерлік компаниясы.  Боксшының айтуынша, рейтингілік ұпайлар үшін алыс-жақын шетелдерден келген қарсыластармен Айдар Шарыбаев, Асхат Уалиханов, Абылайхан Құсайынов, Руслан Мырсатаев сынды қазақстандықтар жұдырықтасатын болады. «QAZAQ PROMOTIONS» компаниясы Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп, ауқымды бокс кештерін ұйымдастырумен айналысады. Шетелде биылғы көктемде ғана ашылғанымен, Қазақстанда компания екі жылдан бері жұмыс істеп келеді.

«Осындай ауқымды бокс кештерінің арқасында қаншама қазақ боксшылары ел алдына шығып, өнерін көрсете алады. Інілерімнің де жұдырықтасып, танылып, талай белесті бағындыруын қалаймын. Промоутерлік компаниямның негізгі мақсаты да осы. Мүмкіндік барда, жастарды қолдау керек деп есептеймін», деді Қанат Ислам.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу