Қауіпті аймақтар қатаң бақылауда

Қазіргі таңда еліміздің бірқатар аймақтарында су басу қаупі тұрғындарды біршама алаңдатып отыр. Әсіресе, Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлеріндегі жағдай қырағылықты талап етеді.
Егемен Қазақстан
04.04.2017 701

Осы орайда облыстардағы тиісті мекемелер барлық мүмкіндіктерді қарастыра отырып, қауіпті аймақтарды қатаң бақылауға алуда. Тасқынға қарсы күреске қажетті материалдар жеткілікті деңгейде жинақталған. Елді мекендерді су басқан жағдайда тұрғындарды көшіру, олардың өзге де қажеттіліктерін өтеу мәселелері де басты назарда тұр. Облыстардан келіп түскен ақпараттарға қарағанда, барлық ұйымдастыру жұмыстары қарапайым тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. 


Петропавлдан – Өмір Есқали

Күн жылынған сайын Қызылжар өңірінде су басу қаупі күшейіп келеді. Мамандардың топшылауынша, Шал ақын ау­данына қарасты 8 елді мекенді қызыл су басып қа­луы ықтимал. Олардың арасында Есіл өзеніне та­қау орналасқан Мерген, Ақанбарақ, Кривощеково, Се­миполка сияқты ауылдар бар. Осыған орай, жер­гі­лікті жерлерде төтенше жағдай жарияланып, елді ме­кендерде арықтар қазылып, жағалай бөгеттер тұр­ғызылуда. Аудан әкімінің орынбасары Жанат Оспановтың айтуынша, тасқынның алдын алу ша­раларына 6,4 миллион теңге қарастырылып, мо­то­пом­палар мен жанар-жағармай алуға жұмсалған. Инерт­ті материалдар жеткізіліп, қосымша 3,6 тонна дизель оты­ны бөлінген. Қауырт маусымға 45 техника бірлігі мен арнайы жасақталған құрамдар сақадай-сай дайын. Қа­у­іпті аймақтарда кезекшілік штабтары құрылып, мән-жайды тиісті орындарға шұғыл түрде хабарлап оты­рады.

Мамлютка және М. Жұмабаев аудандары маңында ор­наласқан көлдерге 117 мың текше метр қар суы ай­далып, жақын ауылдарды су басу қаупі біршама сейілген.

Петропавл қаласы төңірегінде ахуал алаң­да­тар­лық. Оның маңайы дүлей су алған «Венецияны» көз­ге елестетеді. Әлеуметтік желілерге толассыз тү­сіп жатқан шағымдарға қарағанда, еріген қар су­ла­ры үлкен-үлкен көлшіктерді құраған. Есіл өзені ар­насынан асса, алдымен 2 мыңдай тұрғыны бар Был­ғары зауыты шағын ауданына қатер төнеді. Осы ық­ти­малдылықты ескерген биліктегілер ұзындығы 900 метр­­дей нысанға жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Бас­­ты дамбаны қалпына келтіруге 600 миллион теңге жұ­­м­салған. Жалпы сыйымдылығы 24,5 миллион тек­ше метр болатын Петропавл су қоймасы да ерекше ба­­қылауға алынған.

Тұтастай алғанда, облыста су тасқынына қарсы 827 ин­женерлік және арнайы техника, 300 су айдау тех­ни­ка­ла­ры мен мотопомпалар, 133 жүзу құралдары, 38,5 мың тонна инертті материалдар, 40 мың дана ыдыс-қап, 14 же­дел жауап қайтару жасағы, 16 азаматтық қорғаныс қыз­меті тартылатын болады.


Көкшетаудан – Асқар Тұрапбайұлы

Көктем басталмай жатып Ақмола об­лы­сы­ның ор­талығы Көк­шетау қа­ла­сын­да су арналарын тазарту жұ­мыстары дер кезінде жүргізілген-ді. Алайда қа­ланы толық қардан аршып алу да мүмкін болмай отыр.

Осыған орай қала әкімі Ермек Маржықбаев қар ерісе судың астында қалатын проблемалы Кенесары, Уәлиханов және Ақан сері көшелері бойын­дағы жағдаймен арнайы барып танысты. Қа­зір әрбір проблемалы учаскелерде коммуналдық қыз­мет және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметі бір­лесе әрекетке көшкен. Тұрғын үйлерді су басып қалудың алдын алу үшін аталған қызметтер күн­діз-түні жұмыс режіміне көшкен. Күн сайын тұр­ғындардан еріген қардың суын сорып алу немесе қардан тазарту жұмыстарын жүргізу үшін 35-44 өтінімнің түсуі жағдайдың әлі де қиын екендігін көрсетеді. «Көкшетау және оның айналасын қарғын су басуы мүмкін. Сондықтан тұрғындардың әрбір өтініші бойынша жедел іс-қимылға көшу керек. Ауа райы арнайы техникалардың үзіліссіз жұмыс іс­теуіне мүмкіндік беріп отыр. Ең бастысы – өзара тү­сіністік пен көмек», деді қала әкімі жағдайға тү­сі­нік бере келе.

Бүгінгі таңда «Көкше Жәрдем» кәсіпорнының кү­ші­мен облыс орталығынан 260428 текше метр қар сыртқа шығарылды. Тәулік сайын 48 техника мен 101 жұмысшы қарғын су болдырмаудың ама­лын жасауда. «Көкшетау Су Арнасының» бри­гадасы қала көшелерін қар мен мұздан және қа­р­ғын судан тазартуға барын салуда. Диспетчерлік қызмет күні-түні қала тұрғындарының өтініштерін қабылдауда. Ең бастысы, егер төтенше жағдайлар орын ала қалса, онда арнайы техникалар да сақадай-сай тұрғанын айта кету керек.


Алматы қаласынан – Арман Октябрь

Алматыда қарғын су­ға қарсы сақтық шаралары қар­қын­ды жүріп жатыр. Күн­­нің күрт жылуы таудағы қар­ды ерітсе, өзендер арнасынан асып кетуі ғажап емес. Ери­тін су көлемін анықтау, тө­тен­ше жағ­дай­лардың алдын алу, арық­тар мен құбырлардың арна­ларын ба­қылауда ұстау бас­ты назарда.

Биылғы жылдың сәуір ай­ында өзендерге жақын ор­на­­ласқан аумақтарда сел жүру қаупінің алдын алу шаралары жүргізілуде дейді мамандар. Арнайы техникалар мен Төтенше жағдайлар қыз­метінің жеке құрамының әзір­лігі барынша пысықталуда. Қа­ла тұр­ғындары арасында ау­мақты қардан тазартып, арналар­ды кеңейту мәселелері бойын­ша түсіндіру жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. Қардың еруі мен көктемгі жауын шашыннан соң арнасынан асу қаупі бар Есентай, Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Қарғалы өзендерінің жағалаулары бе­рік­тендірілуде. Қала аума­ғы­ның тұрғындарына арнайы жа­ды­намалар таратылып, ұя­лы байланыс операторлары ар­қы­лы хабарламалар жолда­нуда. Қау­іпсіздікті қам­та­ма­сыз ету бой­ынша қой­ыл­ған міндеттерді іске асы­­ру­да Ал­маты қала­сы­ның Тө­­тен­ше жағ­дайлар де­пар­та­менті әкім­дікпен және мүд­­д­е­лі мем­ле­­кеттік органдармен бір­ле­се оты­­рып, төтенше жағ­­дай­лар­дың алдын алу жә­не олар­ды жою жүйесінің ин­фра­құ­ры­лы­мын жетілдіру бойынша жұ­мыстар жүргізуде.

Төтенше жағдайлар де­па­р­та­ментінің баспасөз қызметінің мә­лімдеуі бойынша, нақ осы кез­де Алматы аумағы мен Ал­маты облысына қосылған 65 учас­ке жіті бақылауда.


Өскеменнен – Азамат Қасым

Соңғы ап­та­да өңір­де күн кү­рт жы­лынып, ара­­сын­­да жаң­быр жауып, қа­лың қар­дың көп бөлігі еріп те үл­гер­ді. Күннің күрт жы­лы­н­у­ы­­­нан су деңгейі кө­теріліп, 31 наурыз күні «Семей – Қай­нар» бағытындағы тас жол­да­ғы Мұқыр өзені үстінен са­­­лынған көпірді су шайып, жол қозғалысы шектелген бо­латын. Қазіргі уақытта кө­лік­тер «Семей – Қарауыл – Сар­жал» бағыты арқылы қа­ты­нап жа­тыр. Қарғын судың қар­қы­ны­на төтеп бере алмаған кө­пір 1959 жылы салынған екен. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-тың об­­­лыстық филиалы көпірге күр­­делі жөндеу жүргізу үшін сме­­талық-жобалық құжаттарды әзі­р­леп, «Мемсараптама» ме­ке­­месіне жіберіпті. Жөндеу жұ­­мыстарына қаржы рес­пуб­ли­ка­лық бюджеттен бөлінеді деп жо­с­парланып отыр.  

Еріген қар суы сенбі-жек­­­­­сенбі күндері де құтқа­­­­ру­­­­­­­­шыларға тыным тап­ты­р­­­­­­­­­­­ған жоқ. Төтенше жағ­дай­­­­­­лар де­­­­партаментінің қыз­мет­­­­­­кер­ле­рі өңір­дің екі бірдей ау­­­­данын­­да қар суының қа­мау­­­ын­да қал­ған адам­дарға кө­мек көр­сетті. Ері­ген қар суы Се­мей қала­сын­­дағы бірнеше жер үйдің аулалары мен жертөлелерін басып кеткендігі ту­ра­лы да хабар тараған бо­ла­тын. Облыстық Тө­­тен­ше жағдайлар де­­пар­­­таментінің бас­па­сөз қызметі жағ­дайлар­дың бақылауға алын­ға­нын, қаланың өрт сөн­ді­ру­шілері жергілікті ат­­қа­ру­шы органдармен бір­ле­се оты­р­ып, суды сору жұ­мы­с­­та­рын жүр­гі­зіп жат­қан­ды­ғын ха­бар­лады. Ба­с­­па­сөз қыз­ме­ті­нің та­рат­қан мә­лі­меттеріне сүйе­н­сек, барлығы 40000 текше ме­тр су сорылып алыныпты.    

Өңірдің қарғын суға қарсы дай­ындығына келсек, облыс әкі­мінің орынбасары Серік Ақтанов басшылық ететін арнайы комиссия тасқынға қарсы іс-шаралар жоспарын бе­кітіп, су тасу қаупі бар жер­лер­дің барлығы бақылауға алын­ған. Өңірдегі гидро ны­сан­дардың барлығында ке­зек­­шілік ұйымдастырылған. Іш­кі істер министрлігінің қол­дау­ымен және қаржы бө­лу­і­мен жеке құрамның 960 адамы, 268 техника, 24 суда жү­зу құ­рыл­ғылары, 90 мың қап құм, 382 тонна жанар-жағармай тас­қынға тосқын жасауға әзір тұр. Су басу қаупі туған кез­де тұрғындарды уақытша ор­на­­ластыратын орындар да ой­ластырылып, 259 бекет дай­ындалыпты.


Тараздан – Хамит Есаман

Облыстық та­би­ғи ресурстар жә­­не табиғат пай­да­ла­нуды реттеу бас­қармасы жыл сай­ын су қоймаларын жөндеу жұмыстарын қар­жы­ландыру артып келетіндігін, сондықтан да қар суынан болатын ешқандай қауіптің жоқ­тығын айтады. Бірақ жуырда ғана та­би­ғаттың тосын мінезінен қос бірдей ау­данда су қоймаларына байланысты жағ­дай­дың орын алғаны белгілі.

Жуалы ауданының қысы қатты, жазы салқын болып келеді. Биыл да ауданның таулы аймақтарында қалың қар түсіп, тіпті, қайғылы қар көшкінінің орын алғаны да ел есінде. Енді наурыз айының соңын ала бере қыс бойы сіресіп жатқан қалың қар бір күнде еріп, қар суы «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасындағы судың шамадан тыс кө­беюіне әкеліп соққан болатын. Қойма рес­пуб­ликалық меншікте болғанымен, Жуалы ау­мағында орналасқан. Бірақ іргесінде төрт мың­нан аса халық тұратын Нұрлыкент ауылына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ екен. Бұл мәселенің мән-жайын аудан әкімі­нің орынбасары Нарбай Ергебеков бізге бы­лай түсіндірді.

– Нұрлыкент ауылының әкімінен күн сайын хабар алып отырамыз. Ауыл ішіндегі арықтармен артық судың бәрі ағып кетеді. Оның үстіне, мұнда сусорғы бекеті бар. Тек күн күрт жылынып, қар еріп, оның соңы жаң­­бырға ұласқан соң ел біраз әбігерге түсті. Қазіргі жағдай тұрақты. Бүгінде «Теріс – Ащыбұлақ» су қоймасында 144 миллион 711 мың текше метр су бар. Ал қойманың сый­ымдылығы 145 миллион текше метр. Одан кейін секундына 65 текше метр су Аса өзеніне жіберілуде. Сондықтан да дәл қа­зір қар суынан келетін қауіп жоқ, – дейді Нарбай Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, күннің күрт жылынуы сал­дарынан Жамбыл ауданының іргесіндегі Аса өзені де асау мінез танытты. Өзен өз арнасымен ағып жатқанымен, судың екпіні жағалауындағы тоспалардан жасалған бө­геттерді бұзып жіберген. Сонымен қа­тар, облыстық төтенше жағдайлар де­пар­та­ментінің мәліметінше, саяжай алабына ба­рар жолды да су басқан.   Ал Жамбыл ау­даны әкімінің орынбасары Ерлан Қы­дырәліұлының айтуынша, мұндай то­сын жағдай соңғы жылдары мүлде бол­ма­ған. Оқиға орын алған күні аудан әкімі­нің орын­ба­сары «Жуалыдағы «Теріс – Ащы­бұлақ» су қоймасынан Аса өзеніне се­кундына 40-60 текше метр су келуі керек бол­са, бү­гінде күннің күрт жылынуы сал­да­рынан 105 текше метр су бері жіберіліп отыр» де­ген болатын. Тіпті, бұл жағдай ауданның ай­нал­ма жолындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізіне де қауіп төндіретін кө­рінеді. Бірақ бүгінде Аса өзеніндегі то­с­палардан жасалған бөгеттерді күшейту мақ­сатында облыстан 60 техника және 200-ге тарта жұмыс күші жұмылдырылған. Сондықтан да Жамбыл ауданында бүгінде жағ­­дай тұрақты. Жексенбі күні жауған жау­ын, оның соңын ала бере түскен қар да өзен жа­ғалауындағы жұмыс қарқынын одан әрі арттыруда.

 Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу – Талас бассейндік инспекциясының басшысы Жұмабек Мұхатов күннің күрт жылынуы салдарынан Жуалы және Жамбыл аудандарында су көбейіп кету оқиғасы орын алғанымен, нақты қар суынан келетін қауіптің жоқтығын айтып отыр. Сондай-ақ, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше де қазіргі таңда қар суынан келетін қауіптің алдын алу барысында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.


Қарағандыдан – Мирас Асан

Қарқаралының қызыл суы қара жамылдырып жатыр...

Кешелі бері құтқарушылар су тасып жатқан Нұркен ауы­лын­да із-түзсіз жоғалып кет­кен ағайынды екі жігітті іздестіру үстінде. Бұған дей­ін 31 наурыз күні  Бесоба ауылы­нан 13 шақырым жерде «УАЗ» кө­лігі қар суына батып, 3 адам қа­за тапқан еді...

– 1977 және 1980 жыл­­­­дары туған Нұркен ауылы­ның тұрғындары Қо­па өзені­нен өту кезінде жо­ға­лып кет­кендігі туралы ха­бар 2 сәу­ір­де, кешкі сағат же­ті­нің кезінде келіп түсті. Оқи­ға Нұркен ауылынан 500 метр жерде орын алған. Оқи­ға орнына облыс әкімі Ер­лан Қошанов бастаған құт­қару­шылар тікұшақпен аттан­ды. Жергілікті тұр­ғын­дар да кө­­мектесіп жатыр, – дейді об­лыстық ТЖД бас­шысының орын­басары М.Қатпанов.

Хабарсыз кеткен ағайын­ды­­­лардың бірі ауылдас жігіт­пен мал іздеуге шыққан. Олар көпір арқылы күндіз өзен­­нің арғы бетіне өткен, ал қайтарда атқа мініп, өзен арқылы өтпек болған. Алайда аттылардың бірін өзен­­нің қатты ағысы ағызып әкет­кен. Екіншісі жағаға шы­ғып, көмекке жергілікті тұр­ғын­дарды шақырған.Оның ішін­де жоғалғанның ағасы да келген. Бауырын іздеу ү­с­тінде оны да ағыс алып кет­кен...

Төтенше жағдайлар де­пар­­таменті екі оқиғаны да тас­қынға қатысты демейді. Се­б­ебі, ауыл тұрғындарына қатаң ескертулер жасалып, ал­дын ала сақтандыру ша­ра­лары жүргізілгендігін ал­ға тартады. – «Қарашоқы – Бес­оба» жергілікті маңыздағы тас­жолында болған қай­ғы­лы оқи­ға көктемгі су тас­­қынымен бай­ланысты емес. Аумақта та­сыған су­дың би­іктігі небәрі 10 сан­ти­метр­­ді құ­рады, – де­ді Қа­ра­ған­­ды об­лыстық төтенше жағдайлар де­пар­та­ме­нті­нің бас­па­сөз хат­шы­сы Қуаныш Мү­тәл­лапов.

Ал енді  Қарқаралы ау­да­нының прокуратурасы ол жай­тқа қатысты «Қазақпарат» тіл­шісіне «Бұл жол-көлік оқи­ға­сы емес, сондықтан «жолда жү­­ру қағидаларын бұзу»  ба­бы бойынша қылмыстық іс қоз­ғамадық, оған еш негіз жоқ» деп хабарлайды.

Бесоба ауылында суға кет­кен 13 жасар Ерасыл Дар­ханұлын, 19 жастағы Жан­бо­лат Мәжитовті және 56 жас­та­ғы Болат Әбілдиновті кеше жерледі.


Талдықорғаннан  – Нұрбол Әлдібаев

Жетісудың қалалары мен ауылдарын айнала ор­на­ласқан Алатау мен Жетісу (Жо­ңғар) Алатауының басы жылдағыдай ақ қар болып жатыр. Әзірге қар суынан қауіп жоқ. Талғар, Қаскелең, Ақсу, Сарқан өзен­дерінің арналары тол­ға­нымен саябырси ағуда. Енді шілденің ортасында тау басындағы мұздақтар еріп, су деңгейі көтерілуі мүм­кін. Егер күн күрт ысып кет­се, тау қойнауындағы көл­дердің бетіндегі мұздар бұ­зылып, тау тасы мен топы­ра­ғын қопара қозғалуы бек мүм­кін. Мұны төтенше жағ­дай­лар комитетіне қарасты Қа­зСелденҚорғау мем­­ле­кеттік мекемесінің ма­ман­да­ры бақылап отыр. Тиісті орын­д­арға сорғылар мен құ­бырлар орналастырылған. Осы құралдар көмегімен қар суының қаупі жой­ы­ла­тын­дығына мамандар сенім артуда.


Павлодардан – Фарида Бықай

Бұған де­й­ін өңірдегі рес­пуб­­ликалық ма­ңы­зы бар Ленин – Ақ­су – Үлкен Ақ­жар жо­лында, Ба­ян­ау­ыл­дың Уль­я­нов­ский – Кер­ней – Қалқаман жол­д­арында тасқын судың жүріп өткені анықталды. Бірақ, төтенше жағдайлар департаменті, облыс ауылдарына көлікпен жету мүмкіндігі бар деп отыр. Су жол деңгейінен асқан ауылдарға қосымша күш пен техника жұмылдырылды. Құт­қа­ру­шылар ауылдарды су басу қаупі жоқ, ал, су болса бұл ауылдардан қардың дер кезінде шы­ғарылмауына байланысты дейді.

Облыс орталығына қарасты Кенжекөл ауылында тасқынның алдын алу үшін жедел топ жұмыс жасауда. Ауыл ішінен 35 текше метр қар, 645 текше метр су шығарылды. Ауыл маңына ұзындығы 1,2 шақырым, биіктігі 2 метр болатын бір дамба салынса, қазір ұзындығы 700 метрлік тағы бір су бөгетінің жұмысы жүріп жатыр. Бірақ, енді бәрі де жақсы, су қаупі жоқ деп жасырып- жаба беруге де болмас, жылдағыдай Кенжекөл, Баянауылдың Теңдік, Қараащы, Көкдомбақ, Жаңажол, Жуантөбе, Ақши, Лебяжі ауданының орталығы, Жамбыл, Кеңшілік ауылдары, Павлодар ауданының Мичурин, Ақтоғай ауданында Шолақсор ауылдарына су тасқыны келу қаупі бар.

Облыстық төтенше жағдайлар бас­қар­масы егер тасқын келу қаупі күшейсе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарынан қосымша күш келуі мүмкін. Қазіргі күні 2923 тонна жанар-жағармай, 8 000 тонна инертті материал мен 60 000-ға жуық құм толы қап, 140-қа жуық техника мен 400-ден аса маман дайын. Департамент өкілдері осы уақытқа дейін тасқынның алдын алу бойынша өңірдегі 200-ге жуық үйлерді аралап, 5 мыңнан астам қала, ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті.

Жалпы, тасқынға қарсы жұмыс шаралары қардың толық еру кезінде, екіншісі, өңірдегі су қоймаларындағы су мөлшерінің артуы кезінде қолға алынады. Мысалы, Қарағанды облысындағы Қаратоқа бөгеті аумағынан ағатын қар суы Баянауылдың Теңдік, ал Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан келетін су Ақтоғай ау­да­нының Шолақсор ауылдарына қауіп төн­діреді. Осының алдында ғана Ленин кенті – Ақсу – Ақжар ауылы бағытындағы республикалық маңыздағы автокөлік жолын тасқын су басып кеткен-ді. Тіпті, қара жолды қойып, тасқын су өңірдегі Ақсу, Май ауданы – Дегелең бағытындағы Павлодар – Алматы пойызы жолына да қауіп төндірді. Сондықтан, «Қазақстан темір жолы» АҚ жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында пойыздардың бағытын өзгертуге мәжбүр болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 30 наурыз күні кешкі сағат 20:13-те Ақсу – Май – Дегелең бағытындағы темір жол жол бойын су басып кеткені туралы ақпарат келіп түскен. Тасқын салдарынан №31 «Алматы-1 – Павлодар», №376 «Астана – Лениногорск», №67 «Защита – Астана», №68 «Астана – Защита» пойыздары Ресейдің Құлынды мен Локоть стансаларын айналуларына тура келген.

Сенбі күні облыс әкімі Болат Бақауов Баянауыл ауданына барып, көктемгі су тасқынына байланысты жағдайды өз көзімен көріп, жоғарыда біз жазған су басу қаупі бар бірнеше ауылды аралап, ағын су өтіп жатқан жолдарды қарап шығыпты. Сондықтан Жаңажол ауылында ауыл мен Ескелді шатқалы арасындағы шайыла бастаған төспелі жолдың жанында құтқарушылар тәулік бойы күзет жүргізетін бекет құруды тапсырды. Көкдомбақ ауылына апаратын қиыршық тас төселген жолдың бірнеше жерін ағын су шайып кеткен. Теңдік, Қараащы ауылдарында тасқын суды басқа арнаға бұру үшін арнайы арықтар қазылған. Яғни, тасқынның алғашқы толқыны өтті. Ендігі тосқын Қарағанды облысындағы су қоймаларынан жіберілетін суға әзір болу керек.

– Барлық ауылдарда тәулік бойы ке­зек­ші­лік жүргізілсін. Ауданда арнайы техника мен қорғаныс күштері бар. Көктемгі су тасқыны кезінде бірде-бір ауылдың су өтінде қалуына жол бермеуіміз керек, – деді Б.Бақауов.

Екіншіден, Май ауданындағы Май – Дегелең темір жолының бойында болған су тасқынының зардаптары қазіргі кезде жойылды. Бірақ, «Қазақстан темір жолы» АҚ үшін темір жол бойын су алып кету қаупі алдағы жылдарға үлкен сабақ болды, қазір пойыздардың қатынасы қалпына келтірілді, су басу қаупі жоқ.







СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.07.2017

Астанада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі ашылды (фото)

22.07.2017

Мемлекет басшысы «Еуразия» кинофестиваліне өз құттықтауын жолдады

22.07.2017

Астанада қағаз жинайтын арнайы қоқыс жәшіктері орнатылады

22.07.2017

Түркиядағы ҚР Елшілігі Бодрумдағы қазақстандықтармен байланыс орнатты

22.07.2017

Жамбыл облысында егінжай күні өтті

22.07.2017

«Оскар» сыйлығының иегері қазақ киносына түскісі келетінін айтты

22.07.2017

Астанада рұқсатсыз орындарда сауда жасаумен күрес күшейтілді

22.07.2017

«Алматы» ӘКК басқармасына жаңа басшы келді

22.07.2017

ОҚО Сайрам ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды

22.07.2017

Дәурен Абаев Аргентинаның қоғамдық пікір және бұқаралық ақпарат федералды жүйесі министрімен кездесті

22.07.2017

Шығыста мектеп оқушыларына Таласбек Әсемқұлов атындағы стипендия тағайындалды

22.07.2017

Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралды

22.07.2017

Абель Санчес: Головкин қартайып қалды дейтіндер қателеседі

22.07.2017

Роза Рымбаева Астанада өнер көрсетеді

22.07.2017

Солтүстік Қазақстанда жас туристер слеті өтті

22.07.2017

Елордада Ақтөбе облысының жәрмеңке күндері өтіп жатыр

22.07.2017

Солтүстік Қазақстанда кәсіптік даярлық курстарынан 650 адам өтті

22.07.2017

Елордада тіркеу ережесін бұзған пәтер иелеріне 1,5 млн теңге айыппұл салынды

22.07.2017

"Қайраттың" бас бапкері қызметінен кетті

22.07.2017

Бірнеше өңірде бұршақ жаууы мүмкін

КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Жасанды интеллект

Жасанды интеллектіні қол­дай­тын­дар да, қолдамайтындар да көп. Соң­­ғы кездері осы тақырыпқа бай­ла­­нысты кітаптар мен түрлі ма­те­риалдарды оқи жүріп, жасанды ин­теллектіні қолдамайтындар қа­та­рын тағы бір адамға көбейткен си­яқ­тымын.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ осы!

Қадағаңның – атақты ақын Қадыр Мырза-Әлінің «Қазақ осы!» деген атпен кең таралған, тамаша мақамды әнмен шалқыта шырқалатын өлеңін білмейтін адам кемде-кем болар, сірә. Шетелдік мейманға қазақты таныстыру ретімен жазылған өлеңнің айтары астарлы, мағынасы қатпарлы. Осындай форма арқылы кеңестің әр сөзден пәле іздеген қырағы көздерін адастырып кеткен ақын шын мәнінде қазақ деген халықтың жан дүниесін, бекзат болмысын жарқыратып ашып, көзіқарақты жұртқа ұлттың керемет қасиеттерін тамыршыдай тап басып таныта білген.

Әйіп ЫСҚАҚ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Ғылым және жалған атаққұмарлық

Ғылымды көбіне қоғамды материал­дық жағынан қамтамасыз ететін, ілгері­лететін, алға жетелейтін ғылыми-тех­ника­лық прогрестің алғышарты ретінде қарастырып, ал рухани кемел­де­ну тетігі ретіндегі рөлін бағалай бермейтініміз бар. Ғалым тұлғасы қашанда ерекше құрметке ие екенін елеп-ескерудің орнына жалған атаққа ұмтылушылықтың тамырына балта шаба алмай келе жатқанымыз сондықтан болу керек. Адамзат тарихына үңілетін болсақ, өркениеттің шарықтап дамуы ғылымға қалтқысыз еңбек еткен ұлы тұлғалар есімдерімен тығыз байланысты. 

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қырғызстан: сайлау «дүбірі» мен «күбірі»

Көршіміз Қырғызстанда кезекті пре­зиденттік сайлауға кандидат ре­тінде тіркелуге ниеттенген үміт­кер­лердің құжаттарын қабылдау бас­талғанына бір айдан асты. Кан­ди­даттардың сайлаушылармен кез­де­сіп, үгіт-насихат жұмыстары 10 қыр­күйек пен 14 қазан аралығында жүр­гізіледі. Ал президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Бизнес және біздің іс

Жақында бір фирмаға жиһаз жасау жөнінде тапсырыс бердім. Обалы не керек, тапсырысымды сөз айтпастан қабылдап, ақшамды да қағып алды. Сөйтті де, күтіңіз, үш күннен кейін дайын болады деді. Риза болып мен кеттім. Арада үш күн өткенде телефоным шыр ете қалды. Баяғы өзім тапсырыс берген фир­ма екен. «Кешіріңіз, жұмыс көбейіп кет­кендіктен сіздің тапсырысыңызды уа­қытында орындай алмайтын болып отырмыз. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу