Қайсар қазақ

Тауқыметін жеңген осы ғаламат тағдыр иесі туралы бала кезімізден ара-тұра естіп келсек те, күндердің-күнінде келер ұрпақ алдынан Қасымтай Ізтілеуовтің сирек суреті жарқ етіп шыға келеді деп кім болжаған?

29.03.2017 274

Соңғы уақытта көзіқарақты оқырман қызылордалық фототілші Болат Омарәлиевпен шығармашылық тандем құрғанымызды байқаған да болар. Ендеше, бұл суретті автор қанша жыл сақтағанын білесіз бе?

– Суреттегі адам – Қасымтай Ізтілеуов деген кісі. Бұл суретті 35 жыл бойы сақтадым. Сол кезде мұндай сурет берілмеуші еді. Бұрын мерзімді басылымдарда тек «портретный» суреттер болмаса, мұндай фотолар жарияланбайтын. Осы сәтті 1982 жылы, ақын Тұрмағанбет Ізтілеуовтің 100 жылдығында түсіріп алған едім. Қасымтай ағамыз Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Ақжар ауылының тумасы. Ұлы Отан соғысының ардагері. Соғыстан кейін трактор айдап жүріп, абайсызда өз тракторы екі аяғын кесіп түсірген. Бұл кісі сонда да мойымай,  аяғы жазылғасын қайтадан тракторына отырып, еңбек жолын әрі қарай жалғастырды. Осы ерлігі үшін оған Кеңес өкіметі Соцалистік Еңбек Ері деген  атақ берген, – дейді фотоөнер қайраткері.

Шындығында, Ұлы Отан соғысы басталғанда Қасымтай Ізтілеуов 33 жаста екен. Бойы 2 метрге жетер-жетпестей ұзын бойлы қазақ соғыстан ешқандай жарақат алмай, елге аман-есен оралған.  

Ол кісі 1951 жылы қыста трактор айдап жүріп, екі аяғынан айырылып, мүгедек болып қалды. Қасымтай ағамыз еңбекке құштарлықтың және қажырлы жаттығудың нәтижесінде механизатор мамандығына қайта оралады. Әдепкі кезде трактор бригадирі болып жұмыс істейді. Кейіннен трактор руліне қайта отырады. 1956 жылы социалистік жарыстың жеңімпазы болып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. Осыдан кейін КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Бірде елге іссапармен Мәскеуден келген «Правда» газетінің тілшісі ойда-жоқта екі тізесімен тракторды қаңбақша үйіріп жүрген Қасымтай ағамызды көріп қалады. Содан көп ұзамай одақтық басылымның бірінші бетіне Қасымтай Ізтілеуов жөнінде тілдей мақала шығады. Сол-ақ екен, қайсар қазақтың атақ-даңқы дүркіреп, қалың елге жайылып жүре берді. Ақыр аяғында 1957 жылы 11 қаңтарда ол кісіге Еңбек Ері атағы берілгенде, бірінші болып ақын Асқар Тоқмағанбетов «Асыл азамат» деген сүйінші мақала жариялайды.

Ханым атты жеңгемізге үйленіп, Есенбай, Қуантай атты ұлдары дүниеге келеді. 1989 жылы дүниеден өткен Қасымтай Ізтілеуовтің өмірі өзгелерге осылайша үлгі болып қала бермек.

Айнаш Есали, "Егемен Қазақстан", Алматы

Суретті түсірген Болат Омарәлиев


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

30.04.2017

​Бүркіт балапаны және оның сыны

30.04.2017

Алты Алаштан – Ассамблеяға

30.04.2017

СҚО-да төрт елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды

30.04.2017

Мектептерде сабақтардың басталу уақыты бұрынғыша қалады - Исекешев

30.04.2017

Жексенбіде ел аймақтарында күн райы құбылмалы

29.04.2017

Сағынтаев Сауд Арабиясының министрі Халид Әл-Фалихпен кездесті

29.04.2017

Назарбаев қырғыз президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

29.04.2017

Жоғарғы Сот ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

29.04.2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы түрік тіліне аударылды

29.04.2017

Қызылорда облысының әкімі Қазақстан этносаясаты бойынша дәріс оқыды

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

29.04.2017

Елбасы Өзбекстан президентімен кездесті

29.04.2017

Сенаторлар сенбілікке қатысты

29.04.2017

Назарбаев табиғат апатына байланысты Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жол салсаң, мол сал

Санаулы күндерден кейін әлемдік деңгейдегі айтулы шаралардың бірі – ЭКСПО-2017 Халықаралық көр­ме­сінің де жалауы желбіремек. Яғ­ни, бас қала ел айнасы болса, жол-кө­лік инфрақұрылымы оның беделін арт­тыратын бренді болып табылады. Мемлекет басшысының елорданы одан әрі өркендету мәселесінде қа­ла­ның базалық инфрақұрылымын, оның ішінде қала жолдары мен жол ай­рықтарын барынша дамытуға үнемі ба­сымдық беріп келе жатқандығы да сон­дықтан.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Дәріге байланған ғұмыр

«Қазір еліміздегі донор жетіс­пеу­шілігі өте өткір мәселе. Бүгінде ал­мас­тырылған органның 90 пайызы ті­рі донорлардан алынады. Егер бұ­лай кете берсе, енді бір 20 жылда бір бүй­ректі ұлт атану қаупі барлығын жа­сыруға болмайды. Одан шығудың жо­лы қандай?

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Көрменің көрігін спорт қыздырады

Ағымдағы жылдың 10 маусы­мында Астанада ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық мамандандырылған көр­месі келушілерге айқара есік ашады. Күллі әлем көз тіккен көрменің өтетін мерзімі жақындаған сайын бойды толқыныс сезімінің билейтіні түсінікті жайт. Иә, «Қонақ аз отырып, көп сынайды». Әлемнің әр қиырынан ағылған меймандардың алдында жайылып жастық, иіліп төсек болу өз алдына, қолдағы барды көрсете білудің өзі өнер һәм зор міндет.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Этностар мүддесі барынша қорғалған ел

Қазақстан заманауи өмірге, ха­лықаралық қоғамдастыққа се­німді түрде кірігіп отыр. Біз елі­міз­дің имиджін көтере отырып, ин­вестициялық және экспорттық әлеуетімізді, экономикамызды қа­р­қынды дамытуға баса назар ау­дарып келеміз. Осы саясаттың ар­қасында Қазақстан әлем мой­ын­даған елге айналды.

Гүлзейнеп Сәдірқызы, «Егемен Қазақстан»

Ең ауыр күнә

Ана құрсағындағы шара­на­ның 18 күнде жүрегі соғып, 8 апта­да айналасындағы тір­ші­л­ікті се­зе бастайды екен. Ал 12 апта­да саусағын сорып, ба­сын қимылдатады. Міне, сол кеу­де­сі­не жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қау­іпті, жасалатын қиянатты сез­генде жиырылып қарсылық көр­сететін көрінеді. Демек, әйел ағ­­засында жүріп жатқан табиғи қа­лыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тас­тау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс де­се де болғандай. Өйткені, Ис­лам дінінде кісі өлтіру ең ауыр кү­нә болып есептеледі. Ал ана құр­са­ғындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..

Пікірлер(0)

Пікір қосу