Қазақ аты-жөнінің жазылуы

Ауыл балалары алқа-қотан отыра қалып даңқты Бауыржан Момыш­ұлының соғыстағы ерлік-хикаясын қыз­дырғанда жерлесімізге Батыр ата­ғын қазақша фамилиясы үшін бер­мепті деп қызыл кеңірдек болып қа­лушы ек!..
Егемен Қазақстан
08.08.2017 411

Олай демейік десек хат танып, кітап тіміскілеп қалған жайы­мыз бар – Лениннен басқа фами­лияның барлығы неге «ов» пен «ев»-ке, «ова» мен «ева»-ға бітеді деп миы­мыз және «ашиды»?! Үлкендер «орыс­ша солай» деп қысқа қайырса, «онда неге Ленин орысша емес, Момыш­ұлы ше...» деген сауалды қоя алмай тағы кібіртіктейміз. Иә, біздер – «Қайрат» пен қазақ киносына жү­регіміз қалай ауырса, «ов» пен «ев»-ке жүрегіміз солай ауырып өскен ұрпақтың өкіліміз!

Тәуелсіздік таңы атқан тұста «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Шерхан Мұртазаның бір күнде «ев»-тен айырылуы мұң екен, Қазақстанның  төрт бұрышындағы барлық – аудандық, облыс­тық, республикалық газеттердің бет­терінде авторлар мен журналистер жаппай «ов» пен «ев»-сіз шыға бастады.  Сондағы «Егеменің» құдіреті-ай, шіркін! Сондағы қазақтың рухани мүд­дедегі ұйымшылдығы-ай, шіркін! Мұн­дай құбылысқа куә болу да – бақыт! Сол кезеңнің бір оқиғасы есімде... Кор­бюрода кезекшілік өткізіп, газет бет­терін сүзіп, көзге түскен қатесін түзеп, күзеп жатқанмын. «Егемен Қа­зақстанның» арнаулы тілшісі  мақа­ла­сына «Сәуле Досжанова» деп қол қойыпты. Бұлайша өз газетіміздің бас­тамасына өзіміз қарсы шығу жарамас деген асығыс, аптыққан көңілде Досжанованың «ова»-сын қидым да тастадым. Кезекші – газеттің сол күнгі нөміріне жауапты адам, редакцияның сол күнгі «жарты патшасы»!

Ертеңгісін кезекшіліктен кейін сал­ты­мызға сай жарты күн тынығып жұ­мыс­қа келсем, әріптесім «...Сәуле іздеп жүр!» деп зәремді ұшырды. «Егемен­нің» бастамасына қанша жерден жан­ашыр болсам да, жеке тұлғаның ішкі ша­руасына – «ова»-сына түндегі қол сұқ­қаным есіме түсіп, «тың басым» ды­­ңылдап, отыра кеттім. Қандай жауап қатам, қатты састым? Екіарада Сәуле жеңе­­шеміз де кеп қалды. «Ә, ә... «ова»-ны алып тастаған сен бе? Газетті көрген Дүкең: «Сәуле, саған сауап болды. Ел газе­тінде жүріп, фамилияңды түземеген өзіңнен көр. Кезекші дұрыс жасаған... деп сөкті!..»

Қазақтың даңғайыр жазушысының жұбайы жарқылдай сөйлеп, жадырай күліп, «рахметін» айтып жатыр. Дүниеде Дүкенбайдай аяулы ағамыздың барлығына, мені бұлай құтқарғанына мұндай қатты қуанбаспын!

Содан кейін мұндай мәселеде аса сақ жүрсем де, арада көп жыл өткенде, кезекті қызметте «Ксандра Силанти» деген бір қызық аты-жөнмен ұшырастым. Неміс жерінен келген, бірақ, орыс тілінде ағып тұрған қыз балаға көкейді жеген сауалымды ақыры қойдым. «Несіне таңданасыз?», деді, әріптесім жымиып, «Менің аты-жөнім қазақша, «ева»-ны алып тастағам». Германияда туған, бұрынғы кеңес офицерінің қызы Александра Силантьеваның «Егеменнен», Шерағамнан басталған үрдісті неше жылдан соң есіме салғанына қуандым!

Шіркін, «Егемен», шіркін Шерағаң сол жылы ешбір министрліксіз, ономастикалық комитетсіз-ақ, ешқандай да басқарманың шешімінсіз болашақ қазақ аты-жөнінің эталонын жасап берген екен де! Осы арада «Егеменнен» бас­талған үрдістің баспасөздегі  сонда­ғы «жарылыс-дүмпуі» туралы да айт­қан ләзім. Бір топ – аты-жөнінің «и» хар­пімен, бір топ – «ұлы» я «қызы»-мен аяқталғанын қалады. «Тегі» мен «ата», «апа», «немересі» дегендер де жа­рысып кетті. Түптеп келгенде онысы грузиннің «швили» мен «идзе»-сі, армянның «ян»-ына кеңесше еліктеу еді. Оқымыстыларымыз да «сол­қылдап» тұрды. Еркетей есімді до­сымның академиялық білімі жоқ болса да, «оу, біздің «хан», «құл», «бек», «бай», «қызы», «әлі»-леріміз сол «швили-мвили»  емес пе, неге бас ауыртамыз, а?», деп мұңаятын сонда! Біз «мүдделер ұйым­шылдығын» бұл жолы көрсете алмадық, бәрін бір жүйеге түсірейік те деген сөзі өтімді тұлға, құзырлы ведомство табылмады! Аты-жөндегі бірізділік жеңісі көпке дейін орнамай қойды...

Біз ол кезде 4-сыныпта оқимыз... Зәумен сыртқа шығып кететін мұғалі­мі­міз «Тәртіп бұзған балалардың аты-жөнін маған жазып бер», деп Нияз­бек­ке тапсырса, «Ағай жоқта шулаған оқушылар: Артеліп, Әлімбекіп, Қан­сей­тіп, Мырзабайып...» дей келіп, ақ жүрек белсендіміз «Оспанып» деп өзін де тіркеп қояр еді. Аты-жөнді қазақ­шалағаныңда қайта сол Ниязбекте біріз­ді­лік болған екен-ау! Десе де ертеңдер «Егемен Қазақстанда» жарияланатын биылғы оқуға түскен талапкерлер тізі­міне зер салыңызшы, көңіліңіз мар­қая­ды. Қазақша «ов»-ы мен «ев»-і, «ова»-сы мен «ева»-сы жоқ аты-жөн деген солар! Бұлар – жаңа дәуірдің қазақтары. Бәрі де «Егеменнен», Шерағаңнан басталған...

Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.08.2017

Станимир Стойлов: «Селтик» екінші таймда бізден мұндай ойынды күтпеді

23.08.2017

Бренден Роджерс: «Астана» камбэк жасауға сәл қалды

22.08.2017

Көне жәдігерлер көмбесі

22.08.2017

Ең таңдаулы 100 оқулық қазақ тіліне аударыла бастады

22.08.2017

Елбасы Өскемен титан-магний комбинатының басшылығын қабылдады

22.08.2017

Еліміздегі  «Тұтынушылардың Ұлттық Одағына» 25 жыл толды

22.08.2017

Қазақ футболына жаны ашып отырған кім?

22.08.2017

Әлем чемпионаты-2017: Мейрамбек Айнағұлов ширек финалға шықты

22.08.2017

Жамбыл облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі

22.08.2017

Универсиада-2017: Тағы бір зілтеміршіміз чемпион атанды

22.08.2017

Астанада апатты үйлерді сүріп тастау бойынша пилоттық жоба сәтті жүзеге асырылуда

22.08.2017

ОҚО әкімі өңірлік делегациямен бірге ЭКСПО көрмесін аралады

22.08.2017

Елордада тастанды балалар азайды

22.08.2017

Универсиада-2017: Дзюдошы Бекәділ Шаймерденов қола медальға ие болды

22.08.2017

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов алдағы жоспарымен бөлісті

22.08.2017

Грек-рим күресінің палуаны Айнағұлов ширек финалда

22.08.2017

Оңтүстіктен солтүстікке биыл 113 отбасы қоныс аударды

22.08.2017

Тауар экспорттау оңайлай түспек

22.08.2017

Ғылымның сан тарау сүрлеуі

22.08.2017

Астанада Мәскеу күндері басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Журналистика – мәртебелі мамандық

Кейінгі кездері журналистика тө­ңі­регінде жүйкеге тиерлік жүйесіз сөз кө­бейіп кетті. Аяқ астынан Аме­рика ашуға әуес әлдекімдер әртүрлі «сәуегейлік» әңгімелер айтумен әлек.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Орынсыз сән-салтанатқа орын жоқ

«Үміт еткен көзінің нұры» деп са­найтын қарашығынан, әсіресе жал­ғыз ұлынан қазақ ештеңесін аямай­ды. Барын салып, бәрін шашып еш­к­імге ұқсамайтындай той жасауға ты­рысады.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Адырна неге адыра қалды?

Қазақ халқының көне музыкалық аспаптары туралы айтатын болсақ, ол ешбір халықтың құндылығына ұқсамайтын, өз алдына бөлек шал­қыған жеке бір шалқар айдын-ау. Тауқымет шеккен тағдырлар секілді тарих толқынында бұлардың бірі мүлде жоғалса, енді біразы әлі де қайта өңдеп, жетілдіре түсуді, терең зерттеу мен талдауды қажет ететінін уақыт-төреші дәлелдеп бағуда.  

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Үй мен күйдің үйлесімі

Қоғамның әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық дамуының алғышарты ретін­де адамдардың әл-ауқаты мен денсау­лы­ғының сапасын салыстыра отырып бағалау үрдісі әлемде алғаш рет 1974 жылы Канаданың денсаулық сақтау министрі Марк Лэйлондтың ресми баяндамасында айтылыпты. Бірақ, дәл қазіргі жағдайда бұл түсінік түбегейлі өзгеріп келеді...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Пікірлер(0)

Пікір қосу