Қазақ боксының өткені мен бүгіні

Спорт жанкүйерлері бокс тақырыбында шүйіркелесіп, жұдырық айқасының тарихын қаузай қалса, Шоқыр Бөлтекұлы есімі аталмай қалмайды. Қазақ жеріне ең алғаш жекпе-жек өнерін алып келген Бөлтекұлын бокс жанкүйерлері әлі ұмыта қоймайтыны анық.
Егемен Қазақстан
26.07.2017 1609

Бейнелеу өнеріне бейім болған Шоқыр суретші болу мақсатында Баку мен Киевтегі сурет институтына оқуға түседі. Институтта оқып жүріп, бокс үйірмесіне қатыса бастаған ол оқуын аяқтап, 1936 жылы елге келгенде Бүкілқазақстандық спартакиада ұйымдастырылып жатқан екен. Спорт бағдарламасына бокс жекпе-жегі де енгізіледі. Бірақ бұл жарыста Шоқырға қарсылас табылмайды. Осы кезден бастап ел басшылары бокс спортын дамыту керек деп шешіп, Шоқырды Мәскеу мен Ленинградқа тәжірибе алмасуға жібереді. Қазақ бокс тарихы дәл осы жерден бастау алып, сол жылдың қазан айында Қазақстанда тұңғыш бокс үйірмесі ашылады. Шоқыр Бөлтекұлы боксшы ретінде 223 рет шаршы алаңға көтеріліп, 199 кездесуінде жеңіске жеткен.

«Шаршы алаңның шаңын қаққан боксшы Опера және балет театрының бір бөлмесін сұрап, шәкірт тәрбиелеп, жастарды боксқа баулыды. 1947 жылы Мәскеуде өткен Кеңестер одағының бiрiншiлiгiне Қазақ елiнiң құрама командасын Шоқыр атамыз бастап барды. Оның мектебiнен Мақсұт Омаров, Әбдiсалан Нұрмаханов, Серiк Әбдiнәлиев, Виктор және Владимир Каримовтар, Асқар Құлыбаев секiлдi талантты шәкiрттер тәрбиеленiп шықты», дейді Қасым Сырбайұлы.

Шоқыр Бөлтекұлы қазақ боксын дамытуды өзіне парыз етіп, қолынан келгенше шәкірттеріне көрген-білгенін үйретуден жалықпаған. Бүгінгі қазақ боксының ахуалын көріп, Шоқыр атамыздың еңбегінің еш кетпегеніне толық көз жеткізе аламыз. Оның шәкірттерінен кейінгі буын да әлем алдындағы қазақ боксының мәртебесін асқақтатпаса, төмендеткен жоқ. Мысал ретінде, әлем чемпионы Валерий Рачков (1978 ж), 1980 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Еуропаның екі дүркін чемпионы – Серік Қонақбаев. 1989 жылы Еуропа мен әлем чемпионы атанған – Игорь Ружников. 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада ойындарында Александр Мирошниченко КСРО қоржынына соңғы қола медальді салған болатын. Сонымен қатар, 1989 жылғы әлем чемпионатының финалына шыққан-ды. Айта берсек, тізім мұнымен түгесілмейді.

Тәуелсіздік алған тұста  Атланта Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем біріншілігінің қола жүлдегері, Азия чемпионы, «Вэл Баркер» кубогын иегері Василий Жиров, Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбыраймов пен Олимпия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, әлем және Азия чемпионы Болат Жұмаділов, «Вэл Баркер» кубогының соңғы иегері Бахтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, «техникасы ең шебер боксшы» атанған Серік Сәпиевтердің жетістігін ауыз толтыра мақтанышпен айта аламыз.

Десе де, Қазақстан бокс федерациясына қазіргі президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың келуімен қазақ боксы бұрынғы биігінен түспей, дәрежесі одан әрі арта түсті. 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасынан кейін ұлттық құрама тізгінін Дамир Буданбековтан қабылдап алған Мырзағали Айтжанов екі Олимпиадалық цикл, төрт әлем чемпионатына, бес Азия біріншілігіне боксшыларды ұлттық құрама бас бапкері ретінде алып барған. Боксқа сіңірген еңбегі арқасында ол 2014-те АИБА-ның жыл бапкері атағын жеңіп алды. 2009 жылы Тимур Құлыбаев бокс федерациясына президент, Айтжанов бас бапкер болып келген жылдан бүгінге дейін бокстан ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Олимпиададан екі алтын, үш күміс және екі қола медаль иеленіпті. Төрт әлем чемпионатында төрт алтын, алты күміс пен бес қола жүлдені құрама қоржынына салған. Ал Азия чемпионаты мен Азия ойындарында 24 алтын, 10 күміс және 11 қола медаль иеленген. Сегіз жылда Мырзағали Құланұлы бапкерлік ететін ұлттық құрама жалпы жиынтығы 67 медаль (30 алтын, 19 күміс пен 18 қола) жеңіп алды.  Алдағы тамыз айында ұлттық құрамамыз Германияда өтетін әлем чемпионатына толық құрамда қатысады. Алдағы байрақты бәсекеде намысты жігіттеріміз ел қоржынын тағы да медалдармен толықтыратынына сеніміміз мол.

Бірде «Астана арландары» бокс клубының бас бапкері, Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаевтың ұстазы Нұрлан Ақүрпеков «Қазақ боксы әлемде не үшін мықты?» деген сауалға «Өйткені, бокс біздің қанымызбен араласып кеткен» деп жауап берген болатын. Бокс спорты біздің қанымызда болғанымен, боксшыларға жағдай жасалмаса, мемлекеттен қолдау болмаса құнарлы жерге тал егіп, оны баптамай қойғанмен бірдей. Сондықтан, жоғарыда атап өткен жетістік бізге оңай келген жоқ. Барлығы төккен тердің, еткен еңбектің арқасында келді. Білікті басшылардың қолдауымен, боксқа деген көңілдің бөлуімен келген жетістік. 

Қазақ боксының тағы бір жетістігі ретінде Алматы облысының Талғар қаласында салынған АИБА бокс академиясын айта аламыз. Құрылысы 2011 жылы басталып, 2014 жылы пайдалануға берілген бұл академия Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (АИБА) президенті Чинг-Куо Ву мен Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаевтың келелі келісім арқасында салынды. АИБА өз академиясын алыс-жақын көрші елде емес, біздің яғни, қазақ жерінде салуы да тегін емес. Мұны қазақ боксының әлемдегі беделі мен жеткен жетістігінің арқасы деп білеміз. «Қазақ спорты мен боксы әлемге үлгі болып, күн сайын жаңа қарқынмен дамып жатқандықтан, АИБА-ның таңдауы Қазақстанға түсті», – дейді Ву мырза. Қазіргі таңда бокс академиясында тек былғары қолғап шеберлері ғана емес, Олимпиадалық спорт түрі бойынша ұлттық құрамаларымыз да осында жаттығады. Сондай-ақ, шетелдік спортшылар да Талғарға келіп, қазақ спортшыларымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп кетеді.

Бокстан ұлттық құрама мүшелері 25 тамыз бен 3 қыркүйек аралағында Германияда өтетін әлем чемпионатына қатысады. Ел мерейін асыратын байрақты бәсекеде саңлақтарымызға сәттілік тілейміз. Сондай-ақ, Қазақ боксының жетістігі мен тарихы мұнымен шектелмей, алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістікке жетуін тілейміз.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.02.2018

Иранда 60 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

18.02.2018

Эфиопияда төтенше жағдай жарияланды

18.02.2018

18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

18.02.2018

Өскеменнің әкімі грейдермен қар тазалады

17.02.2018

Асқар Жұмағалиев Шымкентте цифрландыру жобаларымен танысты

17.02.2018

Білім министрлігі балалардың әлеуметтік желілердегі белсендігін бақылауға шақырды

17.02.2018

Головкин - "Канело" екінші жекпе-жегіне арналған трейлер шықты

17.02.2018

Жанат Жақиянов кәсіби бокстағы карьерасын аяқтады

17.02.2018

Болгарияда Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетіледі

17.02.2018

Астанада тұңғыш рет инклюзивті спорт фестивалі өтеді

17.02.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайдың CCTV арнасына берген сұхбаты жарияланды (видео)

17.02.2018

Павлодарда Достық фестивалі өтті

17.02.2018

Мексиканың оңтүстігінде 7.2 балдық жер сілкінісі болды

17.02.2018

Белгілі жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев дүниеден өтті

17.02.2018

Н.Назарбаев: Мемлекеттер арасындағы сенім мәселесі өте маңызды

17.02.2018

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2018

Елбасы Қытайдың «Бір белдеу-бір жол» бастамасына қосылудың пайдасын түсіндірді

16.02.2018

Қазақстан халқы 1 қаңтарда 18 млн 157 мыңға жетті

16.02.2018

Астанада Тұңғыш Президент Қоры сыйақысының лауреаттары марапатталды

16.02.2018

Сенатта жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша уәкілетті органдармен кездесу өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Пассионар

Гумилев анықтамасына жүгін­сек,­ пассионарлық – жұлдыздардың әсе­рімен, табиғат пен тарихаттың қи­лы­ дүмпулерімен қайталанып тұра­тын­ заңды құбылыс. Пассио­нарлар бой­­­ларында тасыған күш-қуат­ты, жү­рек­теріндегі жалын жі­гер­ді айнала тө­ңірегін, келе-келе күллі қауым-жұр­тын өзгерту ора­йын­дағы мақсатты жұ­мысқа жұм­сайды. Олай болса, пассио­нарларды қоғамдық қозғалыстың не­ғұрлым белсенді тегершіктері, жа­ңа­шылдар, жасампаздар десек те жа­раса­ды.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Айтушың қандай, ағайын?

«Айтушы ақылды болса, тыңдау­шы дана болады» дейді халық ма­қа­лы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үл­кен ұлағат жатқанына шек кел­ті­ру­дің өзі күнә. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Блокчейн: сый мен сын

Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын са­лық жинау жүйесінде қолдануды құп­таған болатын. Бұл – бүкіл әлем­ге сыйы мен сынын қоса әкеле жат­қан төртінші өнеркәсіптік рево­лю­цияның бір жаңалығы.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ұзаққа созылған келіссөз

Германия канцлері Ангела Меркель жетекшілік ететін Христиан демо­кра­­тиялық одағы және Христиан со­циа­лис­тік одағы Германия социал-демо­­кра­тиялық партиясымен ұзақ­қа созылған келіссөздерден соң, коали­ция­лық үкімет құру бойынша мәмілеге келді. Келіссөздер барысында, сондай-ақ ортақ бағдарлама да бекітілді. Ал Бундестаг (парламент) сайлауы 2017 жылдың 24 қыркүйегінде өткен болатын.

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Қалтафондағы қауіпті қосымша

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен аптаның соңында Ақпа­рат және коммуникациялар ми­нистр­лігі «Дербес деректер және олар­ды қорғау туралы» Заңға қай­шы келгені үшін GetContact мобильді қосымшасының еліміздегі қолданысына шектеу қой­ған еді. Бірер күн бұрын Әзер­бай­жан да қосымшаға тыйым салған бола­тын. Қазақстандық қалтафон қол­дану­шылары бар болғаны бір ғана күн пайдаланған бұл қосымша несімен қауіпті еді? Жеке ақпаратты саудалайтын мұндай қосымшаларға төтеп беруге бола ма?

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу