"Қазақ келіні болу – маңдайыма жазылған бақытым"

Жастайынан жетімдік көріп өскен орыс қызы осылай дейді
Егемен Қазақстан
10.04.2017 472

Бүгінде аралас некемен ешкімді таңдандыра алмайсың. Өзге жақты қайдам, теріскейді қоныс еткен жергілікті тұрғындар мен этностардың тұрмыс-тіршілігі де, өмір салты да қойындасып кеткені соншалық, «құйрық-бауыр жесіп, төс қағыстыру, мың жылдық құда болу» таңсық емес. Өз ұлтынан жар таңдап, алайда дәм-тұздары жараспай жатқандар қаншама. Демек, өзара жарасымдылық, ақ отау түндігінің айқара ашылуы, шаңырақ шаттығының үзілмеуі тілмен, дінмен өлшенбесе керек.

Біз мақалаға қазаққа келін болып түскен орыс қызының өзге ортаға тез сіңісіп, отбасының бөлінбес бір бөлшегіне қалай ай­налғанын арқау етуге тырыстық.

Алдымен Петропавл қаласының тұрғыны Жасұлан Қасымовтың пайымына құлақ түрелік.

− Өзге ұлттың қыздарын өмірлік жар еткен қазақтың біртуар ұлдарының өмір жолына үңіліп көрейікші: шетінен зиялы, білімді, ақылды. Әлихан Бөкей­ханов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіп­бек Аймауытов, Мұстафа Шоқай, Қаныш Сәтбаев, Мағжан Жұма­баев, Мұхтар Әуезов секілді ұлт мақ­­­та­­ныш­тары өздеріне қалыңдық ретін­де орыс, татар қыздарын таңда­ған. Көпшілігінің сыңарлары ислам дін­ін қабылдаған, мұсылманша ат алған. Олар отанасы ретінде отбасы бірлігін, ынтымағын сүттей ұйытып, сақтай білген. Ұрпақ өрбіткен. Бір сөзбен айтқанда, маңдайы жарқыраған асыл азаматтардың алты Алашқа танылуына аз еңбек сіңірмеген.

Бәлкім, сіздің көкейіңізде жалғыз ұлыңызға өмірлік серік болатындай бір қазақ қызының табылмауы қалай деген сауал тұрған шығар? Ондай ой бастапқыда мені де түпсіз тұңғиыққа батырып, темір шырмауықша шырмап алған. Уайыммен талай таңды ұйқысыз атырғанымды жасырмаймын. Уақыт өте келе «жүрекке әмір жүрмейтініне» көзім анық жетті. Тең-теңімен жұпта­сып, өмір атты ұлы айдынға қос аққу­дай бірге аттанып жатса, несі айып? − дейді ол.

Бір-бірімен жүрек жарастырған жастардың қосылуына бастапқыда қарсылық білдіргендердің бірі – Жасұлан. Бір компанияда қызмет еткен Талғат пен Наталья екі жыл бұрын танысқан. Ара-тұра жиналыстарда кездестірген сүйкімді, талдырмаш бойлы бойжеткен бозбаланың назарын бірден аударған. Арадағы «сіз-біз» дескен сыпайы қарым-қатынас кейін оттай лаулаған сағыныш сезіміне айналғанын қос ғашық сезбей қалған. Талғат өмірлік жар болуға ұсыныс жасағанда Наталья бірден келісім бермеген, көп ойланған. Көз алдына қарайласар ешқандай туған-туысқаны жоқтығы елестеп, кеудесін ащы өксік қысқан. Есін білмейтін кезде әкесі көз жұмған. Анасы әлі күнге дейін үшті-күйлі хабарсыз кеткендердің санатында жүр. Жалғыз бауырының қайда екенін білмейді. 6 жасынан жетім балалар үйінде тәрбиеленіп, мемлекет қамқорлығының арқасында еш кемдік көрмей өсті. Білімге деген ерен құштарлығының арқасында М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжді қызыл дипломмен бітіріп, әлеуметтік қызметкер мамандығын алып шықты. Жұмысқа орналасты. Сөйтіп жүргенде қазақтың жампоз жігіті сөз салып, өмірлік жар болуға ұсыныс білдіргенде не айтарын білмей тосылып қалған. Туған-туыстары мені қалай қабылдар екен деген ауыр сұрақ көлбеңдеген. Қазақтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қанша мең­герсе де, тартыншақтана берген. Тек Тал­ғаттың «қобалжыма, бәрі жақ­­сы болады» деген демеу сөзі дем берген. Алғашқы танысуға барғаны әлі күнгі­дей көз алдында.

− Бәрінен бұрын өзімді емес, Тал­ғатты аядым, қатты қиналып жүр­ді. Таңдауына туған-туыстарының қар­сы­лық танытқанын айтқанда, сенесіз бе, менің бойымдағы қорқы­ныш­тар сейіліп сала берді. Бәрі дұрыс шешілетіндей ерекше сенім пайда болды. Бөтен шаңы­рақтың табалдырығын алғаш атта­сам да, бірінші жүздесуден-ақ бұ­рыннан білетін жандарша еркін сөй­лесіп, тіл табысып кеттік. Менің жан-дүниемді түсіне білген ата-енем – әлем­дегі ең жақсы адамдар, – дейді олар­ға алтын асықтай немере сыйлап отыр­ған жас келіншек өткен кезеңді еске түсіріп. Ол «қазақтың келіні болу – керемет, ең бастысы, ағайын-туыс­тың көптігі. Отбасымызбен қазақ, орыс мейрамдарын атап өтеміз. Қазақ тілін­де сөйлесеміз. Ұлымыздың есімі – Алан. Оның атын ата-енем қойды. Мен достарыма «Жетімдіктің зарын көп тартып едім. Енді қазаққа күйеуге шығып, жарты қала менің туысым болып шықты» деп қалжыңдаймын. Үлгілі, өнегелі шаңырақтың бөлінбес бір бөлшегіне айналғанымды маң­дайыма жазылған бағым, бақытым санаймын», − дейді Наталья.

Отағасы Жасұлан мен отанасы Клараның «Аралас некені сөгетіндерге айтарымыз: кесір, қыңыр адамдар кездеседі, ал жаман ұлт болмайды» деген пікірлеріне алып-қосарымыз жоқ. Бұл екеуі де тосын жағдайда танысқан. Жасұлан Ресейдің Челябі қаласында оқып жүргенде оралдық курстасы үйленіп, Клараны сол тойда жолықтырады. «Тағдырдың жазуынан ешкім қашып құтылмайды. Әйтпесе, сылқылдыған сұлулар теріскейден де кездесер еді. 1983 жылы отау құрып, содан бері бір шаңырақ астында тату-тәтті тірлік құрып келеміз.

Келініміз тілі мен ділі мүлдем бей­таныс ортаға тез сіңісіп кетті. Елге­зек, ақжарқын, бауырмал. Нәдия деген қаза­қи есімді қуана қабылдады», дейді ата-енесі.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы






СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.07.2017

Астана орманында жеміс-жидек теру науқаны басталды

23.07.2017

Елордаға әлемге әйгілі опера әншісі Пласидо Доминго келді

23.07.2017

«Бес құрлық» кинофестиваліне мектеп оқушылары қазылық етеді

23.07.2017

Астанада Николас Кейдж тал отырғызды

23.07.2017

Астана әкімі «Сарыарқа» ауданының аумағында бірқатар жобалардың іске асырылуын тексерді

23.07.2017

Астанадағы автовокзалда жолаушыларға үш тілде қызмет көрсетелетін болды

23.07.2017

Елордада қант бекітілген бағамен сатылады

23.07.2017

Елордада бірнеше үй ауызсусыз қалды

23.07.2017

ЭКСПО-2017. Аргентинаның ұлттық күні өтіп жатыр

23.07.2017

Қазақстандық палуан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

23.07.2017

Оралда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

23.07.2017

«Жібек жолы» раллиінде қазақстандық экипаж мәре сызығын бірінші болып кесті

23.07.2017

Инвестициялар және даму министрлігі ЭКСПО-2017 үздік жобаларын таңдайды

23.07.2017

Алматы қаласында кезекті түнгі велошеру өтті

23.07.2017

Қостанайдағы әскери бөлімшеде сарбаздар ант берді

23.07.2017

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

22.07.2017

Астанада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі ашылды (фото)

22.07.2017

Мемлекет басшысы «Еуразия» кинофестиваліне өз құттықтауын жолдады

22.07.2017

Астанада қағаз жинайтын арнайы қоқыс жәшіктері орнатылады

22.07.2017

Түркиядағы ҚР Елшілігі Бодрумдағы қазақстандықтармен байланыс орнатты

КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Жасанды интеллект

Жасанды интеллектіні қол­дай­тын­дар да, қолдамайтындар да көп. Соң­­ғы кездері осы тақырыпқа бай­ла­­нысты кітаптар мен түрлі ма­те­риалдарды оқи жүріп, жасанды ин­теллектіні қолдамайтындар қа­та­рын тағы бір адамға көбейткен си­яқ­тымын.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ осы!

Қадағаңның – атақты ақын Қадыр Мырза-Әлінің «Қазақ осы!» деген атпен кең таралған, тамаша мақамды әнмен шалқыта шырқалатын өлеңін білмейтін адам кемде-кем болар, сірә. Шетелдік мейманға қазақты таныстыру ретімен жазылған өлеңнің айтары астарлы, мағынасы қатпарлы. Осындай форма арқылы кеңестің әр сөзден пәле іздеген қырағы көздерін адастырып кеткен ақын шын мәнінде қазақ деген халықтың жан дүниесін, бекзат болмысын жарқыратып ашып, көзіқарақты жұртқа ұлттың керемет қасиеттерін тамыршыдай тап басып таныта білген.

Әйіп ЫСҚАҚ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Ғылым және жалған атаққұмарлық

Ғылымды көбіне қоғамды материал­дық жағынан қамтамасыз ететін, ілгері­лететін, алға жетелейтін ғылыми-тех­ника­лық прогрестің алғышарты ретінде қарастырып, ал рухани кемел­де­ну тетігі ретіндегі рөлін бағалай бермейтініміз бар. Ғалым тұлғасы қашанда ерекше құрметке ие екенін елеп-ескерудің орнына жалған атаққа ұмтылушылықтың тамырына балта шаба алмай келе жатқанымыз сондықтан болу керек. Адамзат тарихына үңілетін болсақ, өркениеттің шарықтап дамуы ғылымға қалтқысыз еңбек еткен ұлы тұлғалар есімдерімен тығыз байланысты. 

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қырғызстан: сайлау «дүбірі» мен «күбірі»

Көршіміз Қырғызстанда кезекті пре­зиденттік сайлауға кандидат ре­тінде тіркелуге ниеттенген үміт­кер­лердің құжаттарын қабылдау бас­талғанына бір айдан асты. Кан­ди­даттардың сайлаушылармен кез­де­сіп, үгіт-насихат жұмыстары 10 қыр­күйек пен 14 қазан аралығында жүр­гізіледі. Ал президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Бизнес және біздің іс

Жақында бір фирмаға жиһаз жасау жөнінде тапсырыс бердім. Обалы не керек, тапсырысымды сөз айтпастан қабылдап, ақшамды да қағып алды. Сөйтті де, күтіңіз, үш күннен кейін дайын болады деді. Риза болып мен кеттім. Арада үш күн өткенде телефоным шыр ете қалды. Баяғы өзім тапсырыс берген фир­ма екен. «Кешіріңіз, жұмыс көбейіп кет­кендіктен сіздің тапсырысыңызды уа­қытында орындай алмайтын болып отырмыз. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу