Қазақ өнерінің елшісі

Егемен Қазақстан
30.11.2016 70
alan-boribaev Қазақтан шыққан Ш.Қажығалиев, Т.Әбдірашев, Н.Тілендиев секілді біртуар дирижерлардың ұлт аспаптар және симфониялық оркестрлерді қалай ойнатқаны әлі халық жадында. Еуропа мәдениетінен келген осы өнер іштей ұлт аспаптары, үрлемелі аспаптар, ішекті аспаптар, симфониялық оркестр дирижерлары деп сан салаға бөлінді. Кейінгі жас буын дирижерлардың жастар арасынан шыққан жарқын өкілдерінің бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Алан Бөрібаев. Ол Еуропаның ірі симяониялық оркестрлерін дирижерлап жүрген тұңғыш отандасымыз. Алан өз шығармашылығы арқылы Еуропаға Т.Қажығалиев, А.Жұбанов, Ғ.Жұбанова мен басқа да композиторлардың туындыларын белсенді насихаттаушы. Алан қазақ музыкасын әлемге насихаттауды өзінің азаматтық борышы санайды. Музыканттар отбасында дүниеге келген Аланның кәсіби жолда қалыптасуына бала кезінде ата-анасының қатаң қадағалап, оқуға көбірек назар аудартқаны көмектесті. Бүгінгі кәсіби диирижерлыққа өз әкесі, кәсіби виоленчельші Асқар қызығушылығын оятты. Аланның табиғи болмысы оған тек қана музыка әлемінде өмір сүру керектігін айтпай-ақ меңзеп тұратындай. Оркестрдің негізі скрипка аспабы боп табылатындықтан К.Бәйсейітова атындағы арнаулы мектеп скрипканы меңгерген Аланға оркестрді жеңіл игеру өте жақсы көмектесті. Ол 13 жасында неміс композиторы Р.Вагнердің «Тангейзер» операсының увертюрасын алғаш естігенде өзінің өнер жолын айқындап отырғанын білмеп еді. Осы кехден бастап Алан неміс музыкасына қызығушылық танытты, тіпті неміс тілін де үйренеді. Түптеп келгенде классикалық музыкаға тікелей апаратын жол – дирижерлық екенін түсінеді. Алан Асқарұлы алғаш рет пультқа 18 жасында тұрды. Бұл Италияда өткен Антонио Педротти дирижерлар конкурсында болып еді. Бұрын оркестрмен бірде бір рет жұмыс жасап көрмеген жас жігіт өзінің алғашқы оркестрімен бетпе-бет келді. Бойын жинап алып, Дворжактың «Серенадасын» дирижерлады. Бір қызығы, оны қазылар бағалап, дипломмен марапаттады. Ал, оның кәсіби дирижерлау жолындағы тұңғыш табысы Загреб қаласындағы Ловро фон Матачичи атындағы халықаралық конкурсынан бастау алды. Бұдан кейін Аланның халықаралық сайыстардағы жеңістері бірінен соң бірі жалғасын тапты. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында скрипкада оқуды жалғастырып, онымен бірге дирижерлыққа профессор Т.Әбдірашевтің класында оқыды. Алан Бөрібаев студент кезінде-ақ Қарағанды филармониялық оркестрінің екінші дирижері мен Астана қаласындағы Қазақ ұлттық академиялық оркестрінің шақырылған дирижері қызметтерін атқарды. Қазақстандағы ең ірі оркестр ұжымдарында еңбек етті. Астана опера театрындағы еңбек жылдарында әр туындыны шығармашылықпен ізденіспен тыңдарманына ұсынуға тырысты. Итальян, француз, неміс, ағылшын тілдерін жетік білетін Алан жас болса да Мейнинген театрының (Германия) музыкалық жетекшісі болды. 2006-2012 жылдары қатарынан Норрчепинг (Швеция) және Брабант (Нидердандия) симфониялық (филармониялық) оркестрінің бас дирижері. 2010 жылдан бастап Жапония, Осака Japan Century Symphony Orchestra-ның шақырылған Бас дирижері қызметіне бір уақытта кірісіп, Ирландияның Радио және Телевидениесінің ұлттық симфониялық оркестрінің музыкалық жетекшісі болып қызмет атқарды. Бұған өте талғампаз Үлкен театр (Ресей) оркестрін қосыңыз. Жыл он екі ай гастрольде жұретін, еңбек жолы Еуропа симфониялық оркестрлерімен байланысты Аланның бос уақыты жоқ деуге болады. Өз кәсібіне адал, еңбекқор дирижер кезекті демалысын өткізуге барғанда да қолтығына партитурасын алып жүреді. Қолы қалт етсе әдеби кітап оқиды. Әр шығарманы ойнау алдында ол автордың өмірін, шығармашылық жолын, туындылар тарихын оқып, сонымен бірге композитордың жан дүниесіне үңіліп, тереңірек түсіну үшін басқа тұлғалармен жазысқан хаттарын да оқып ізденеді. Алан табысты дирижер үшін партитураны өте жақсы білумен қатар музыканттар алдындағы жауапкершілік, қазіргі кезде нарық пен маркетингті және демеушілермен қарым-қатынас жасай білуді де маңызды талап деп санайды. Яғни, «Бұл тұрғыдан дирижер ұйымдастырушы да бола білу керек», - деген пікірде. Бақыт ЖОЛДЫБАЙҚЫЗЫ
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.05.2018

Оңтүстік және Солтүстік Корея көшбасшылары екінші рет кездесті

26.05.2018

Астанада «Қолөнер – рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты шеберлік сыныбы өтті

26.05.2018

Қазақстанның барлық балалары ТОКАМАК ғылыми орталығымен танысулары қажет - Даниал Ахметов

26.05.2018

150-ден астам студент Ақтөбе облысы әкімінің шәкіртақысын иеленді

26.05.2018

Астананың 120 гектардай жері саябақ пен гүлзарға айналады

26.05.2018

«Тоғызқұмалақ» мобильді қосымшасының авторы арнайы марапатқа ие болды

26.05.2018

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Оңтүстік Қазақстанға экскурсиямен барды

26.05.2018

Павлодарда Оқушылар сарайында IT-сыныптар ашылды

26.05.2018

Батыс Қазақстанның Ақжайық ауданында жерлестер форумы өтті

25.05.2018

Азия ойындарында жүлдегер атанды

25.05.2018

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

25.05.2018

Алакөлге 15 маусымнан бастап пойыз жүреді

25.05.2018

Қармақшы ауданында жаңа мектеп пен балабақша ашылды

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысындағы технологиялық жаңғыртумен танысты

25.05.2018

Атырау облысында бес мыңнан астам мектеп бітіруші үшін соңғы қоңырау соғылды

25.05.2018

Премьер-Министр Рудный студенттерімен кездесті

25.05.2018

БАӘ инвесторлары Атырау облысында жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

25.05.2018

Соңғы қоңырау сыңғыры

25.05.2018

Қызылорда облысында қосалқы станцияның құрылысы аяқталды

25.05.2018

«Сыр дарыны» медалімен марапатталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу