Қазақ-өзбек қатынасына қан жүгірткен сапар

«Қазақпен жолдас болсаң – жолда қалмайсың» деген өзбек мақалы есімізде. «Өзбек – өз ағам» деп жақын тұтқан қазақтың да ала шапанды ағайынды өзекке тепкен кезі болған емес.
Егемен Қазақстан
28.03.2017 2930
2

Жуырда қазақ пен өзбек халықтарының арасындағы осы байырғы бауыр­ластық байланысқа қайтадан қан жүгіртіп, екі мемлекеттің соңғы жылдары солғындай бастаған қатынас­тарын жандандырған тарихи оқиға болды. Ұлыстың ұлы күнімен орайлас, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев мемлекеттік сапармен Астанаға ат басын тіреді.  


Бұл – Шавкат Мирзиеевтің Қазақ­станға Президент ретінде алғаш келуі. Алғашқы мемлекеттік сапарын да Қазақстаннан бастағанын айта кету керек. Сонымен қатар, алғаш ре­т өзбекстандық делегация құра­мында Парламент жетекшілері, Қор­ғаныс министрлігі мен басқа да ведомстволардың басшылары қам­тылды. Екі елдің Парламенті мен қор­ғаныс ведомстволары бұрын-соң­ды мұндай тығыз қатынаста болған емес.

Жалпы, бұл сапардың «алғаш рет» деген тіркеске себеп болған қыр­лары көп болғанын айта кетейік. Халық­аралық саясатта маңызы артып келе жатқан Орталық Азияның екі бірдей бетке ұстар мемлекеттері президенттерінің кездесуі шетелдік БАҚ-тардың назарын аударып, саяси, экономикалық сарапшылардың сәуегейлік жасауларына себеп болды. Regnum.ru, trend.az, uznews.uz, lenta.ru, neftegaz.ru сынды ақпарат агенттіктері кездесу барысы туралы үздіксіз ақ­парат таратты.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев өзбекстандық әріптесін шетел­­дік мәртебелі мейманға лайықты сән-салтанатпен, тиісті рәсімдерімен қарсы алды. Ш.Мирзиеевті өзбек халқының президент сайлауына байланысты құттықтап, көрші әрі бауыр, стратегиялық әріптес деп санай­тынын жеткізді. Экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс­тарды дамыту ісінде Өзбекстанға және ел Президентіне сенім артатынын айтты.

– Қазақстан өзінің стратегиялық серіктесі, көршісі әрі бауырласы – Өзбекстан халқына бақ-береке тілеп, өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдіреді. Біз келешекте екіжақты байланыстар аясында жемісті қарым-қатынастар орнайды деп сенеміз,– деді Елбасы. Шавкат Мирзиеев те бұл сапарға үлкен үміт артып, ерекше маңыз беріп отырғанын айтты. Қазақ топырағына аяқ басқанын тарихи сапар деп санайтынын жеткізді, күтіп алушы елдің сый-құрметіне ризалығын білдірді.

– Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, өткен жылғы қыркүйекте Самарқандқа кел­геніңізде Қазақстан мен Өзбекстан қашанда бірге болатынын айтқан едіңіз. Жақсылықты да, қайғыны да бөлісеміз деген болатынсыз. Бұл сөздер бізді жақындатты, бүкіл өзбек халқы нағыз дос әрі бауыр халықтың қолдауын сезінді. Сіз досыңыз, Өзбекстан Республикасының тұңғыш президенті Ислам Каримовтің қабіріне арнайы келіп, құрмет білдірдіңіз. Сол сапардан бері бізде мүлде жаңаша қарым-қатынас басталды. Соңғы бес айда бәрі қайта басталғандай болды,– деді Ш.Мирзиеев.

Орталық Азия аймағында тыныш­тықтың түтіні түзу ұшып, тұрақ­ты дамудың қарқыны бәсеңдемеуі үшін мемлекеттердің арасындағы ауыз­бірліктің ауадай қажет екені түсі­нікті. Бұл орайда, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісіндегі Қазақ­станның бәсі жоғарылау екенін басқа елдер жақсы біледі. Ш.Миризеев бұл туралы былай дейді:

– Өткен жылы әлем үшін тарихи құбылыс болды. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланды. Бұл бүкіл Орталық Азия мүддесі Сіздің жетекшілігіңізбен қорғалатынын біл­ді­реді. БҰҰ-дағы екі жылдық тұрақ­ты емес мүшелік кезінде Ауған­стан бойынша шаралар қабыл­данады деп сенемін. Бұлар – сіздің баста­ма­ларыңыз. Өзбекстан қашанда мұ­ның бәрін қолдайды. Біздің бәр­і­міз де Сіздің бастамаларыңызды қол­даймыз,– деді Ш.Мирзиеев.

23 наурыз күні Ақордада екі ел пре­зиденттерінің және түрлі ведо­мст­во­лар басшыларының қатысуы­мен кеңейтілген құрамда келіссөздер өтті. Бұл келіссөздердің жемісті болғанын қол қойылған 13 халықаралық құжат та растайды. Толығырақ тоқта­лар болсақ, Қазақстан Республикасы­ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан мен Өзбек­стан арасындағы стратегиялық серік­тестікті одан әрі тереңдету және тату көр­шілікті нығайту туралы бірлес­кен дек­ларацияға қол қойды.

Екі мемлекеттің Қорғаныс ми­нистрлері өзара әскери ынтымақ­тастық туралы келісімді растады. Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов өзбекстандық әріптесі Кабул Бер­диевпен алдағы уақытта екі елдің қорғаныс саласындағы жоғары оқу орындары арасындағы байла­ныс­ты тереңдету туралы бәтуаласты. Министр­лер Ұлттық қорғаныс универ­ситетінде болды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Өзбекстан Рес­публикасы Премьер-министрінің бірін­ші орынбасары Ачилбай Раматов Өңіраралық ынтымақтастық тура­лы келісімге, 2017-2019 жыл­дарға ар­налған экономикалық ынты­мақ­тастық стратегиясына, Табыспен бірге қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хат­тамаға қол қойды. Ал еліміздің Инвес­тициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Өзбекстан Сырт­қы экономикалық байланыстар, инвес­тициялар және сауда министрі Элёр Ғаниев Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу тура­лы хат­таманы, екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Қай­рат Әбдірахманов пен Абдулазиз Камилов 2017-2018 жылдарға арналған ведомствоаралық ынтымақтастық бағ­дарламасын рәсімдеді.

Тәуелсіздік сарайында өткен 500-ге тарта кәсіпкер қатысқан Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы сынды шара да екі мемлекеттің арасында бұрын-соңды болып көрмегенін айта кетейік. Жалпы, бұл бизнес-форумды президенттер деңгейіндегі кездесудің сүбелі жемісі деп санаған ләзім. Іскерлік орта өкілдері жалпы сомасы 1 миллиард долларды құрайтын 75 халықаралық келісімге қол қойды. Өзбекстан тарапы шекараға жақын аумақтарда еркін экономикалық ай­мақтардың жұмысын дамыта­тын болып келісілді. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жаңадан екі өткізу пункті ашылмақ. Ал осыған дейінгі үш өткізу пункті енді тәулік бойы тынымсыз жұмыс істейтін жаңа режімге көшеді.

Астана мен Ташкенттің арасын жалғайтын, аптасына екі мәрте ұшатын жаңа ұшақ рейсі де ашылады. Бұған дейін Алматы – Ташкент – Алматы бағытында ашылған жүр­дек пойызға билет қазірдің өзінде жоқ. Сауда-экономикалық, инвес­тиция­лық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың беки түсуіне оң ықпалын тигізетін маңызды құжат­тардың бірі екі елдің заң шығару­шы органдарының арасында қабыл­данды. Қазақстан-Өзбекстан парламент­терінің арасында бұрын-соңды бол­маған өзара ынтымақтастық тура­лы меморандумға қол қойылды.

Жалпы, Орталық Азияның бел­ді ойыншыларының арасында бәсе­ке­лестікті емес, бекем бірлікті ту етуге арқау болған дүниелер жетерлік. Тарихи туыстық, ежелгі достықты айтпағанда, екеуінің халықаралық және өңірлік саясатта ұстанымдары ұқсас. Халықаралық энергетикалық және көліктік жобаларда басты ойын­шылардың бірі ретінде мойын­далған. Трансшекаралық өзен­дерді ортақ игілікке айналдыру­да да өзара түсіністікке қол жеткіз­ген. Өз­бек­станда миллионнан ас­там қан­да­сымыз тұрса, Қазақстанда­ғы өзбек этносының саны 500 мыңнан асып жығылады. Тәуелсіздіктің ширек ғасырында екі елдің саяси қатынас­тарына сызат түсіреді-ау дейтін оқиға болған емес. Керісінше, 1998 жыл­дың қазанында Ташкенттің төрінде Мәң­гілік достық туралы шарт бекітілген.

Қорыта келгенде, әлімсақтан бауырлас, діні – бір, тілі – бір, ділі – ұқсас елдердің қарым-қатынасы Ас­тана­дағы кездесуден кейін жаңа белес­ке көтеріледі деуге толық не­гіз бар.


Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»





СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.01.2019

Медициналық қызметтің 25 түріне eGov.kz арқылы қол жеткізуге болады

24.01.2019

«Мақаш правитель» туралы кітап қазақшаға аударылды

24.01.2019

Ақтөбеде «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы басталды

24.01.2019

Президент кейбір Жарлықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді

24.01.2019

25 қаңтар күні үш облыста ауа райы бұзылады

24.01.2019

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Сауат Мыңбаев «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА нысандарында болды

24.01.2019

2021 жылға дейін ауыл емханалары толығымен электронды форматқа көшеді

24.01.2019

Ольга Довгун Токио олимпиадасы қарсаңындағы басты міндеттерді атады

24.01.2019

Басқа басылымдардан: Қазақстанда Жастар жылы ашылды

24.01.2019

Астананың инвесторлар үшін тартымдылығы артты

24.01.2019

Астана экономика құрылымында ШОБ үлесі бойынша көш бастап тұр

24.01.2019

Астанада әлемдік сауда орталығы салынады

24.01.2019

Ақтөбе облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 202 өтінім мақұлданды

24.01.2019

Астық пен ұн тасымалдауды қамтамасыз ету – «ҚТЖ» ҰК» АҚ ерекше бақылауында

24.01.2019

Қызылордада балық өсіруге субсидия бөлінді

24.01.2019

«Жастар жылындағы жетістігің» акциясы желтоқсанға дейін жалғасады

24.01.2019

Жетісу университетінде Жастар орталығы құрылды

24.01.2019

Өткен тәулікте елордадан 17 мың текше метрден астам қар шығарылды

24.01.2019

Елордаға 2 мың тонна көмір жеткізілді

24.01.2019

Франция елшісінің кеңесшісі Лор Кастен: «Мен үшін Қазақстан – Абай!»

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу