«Қазақконцерт» Италияда өнер көрсетті

Күні кеше «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының әртістері Италиядан оралды. Қазақстанның Италиядағы мәдениет күндері аясында отандық өнерпаздар Лекко және Эзино-Ларио қалаларына гастрольдік сапармен барған.
Егемен Қазақстан
19.05.2017 3248

Лекко қаласындағы «Teatro Societa» мен Эзино-Лариодағы «Teatro Comunale» концерттік зал­да­ры – Ита­лия­дағы танымал мә­де­ни ошақ­тар­дың қатарынан са­на­лады. Кө­рер­мендері де көп. «Қа­зақ­кон­церт­тің» әртістері осы екі үлкен сахнада өнер көр­сет­кен. 
Фольклорлық-этнографиялық ан­­самбльдің әртістері домбыра, қыл­­қобыз, жетіген мен сазсыр­най үндерімен, ал, осы күні ел­ге бір­шама танымал Азамат Жыл­тыр­­көзов, Айзада Қапонова, Ер­лан Рысқали, Гүлмира Тапай, Ба­тыр­жан Смақов пен Дәурен Ораз­бе­ков сынды әнші­лер академиялық оры­ндаушылық қа­бі­леттерімен қа­­зақ әуенінің, әнінің те­рең иі­рім­де­ріне бойлап, бөлекше қа­сиетін та­нытқан. 
Концерттік бағдарламада ән­мен қоса күй өнеріне де ерекше басым­дық берілген. Аян Омаров пен Ақерке Тә­жі­баева секілді жастар кө­не екі ішекті, ыспалы музыкалық ас­пап қылқобызда Ә.Қазақбаевтың «Ті­леп сарыны» күйін орындаса, бел­гілі күйші Секен Тұрысбек бас­та­ған домбырашылар тобы қа­зақ­тың арда күйлерімен Италия сахна­ларын дүбірлеткен. 
Италиялық көрермендерді там­­с­ан­дырған нәрсе – олардың төл туын­дыларының қазақтың музы­калық аспабымен орындалуы. К.Монтевердидің атақ­ты «Si dolce el tormento» туын­ды­сын қылқобыз бен жетіген аспап­та­­рымен орындаған Батыржан Сма­қов, Аян Омаров пен Венера Та­быс тыңдармандарға жақсы кө­ңіл күй сыйласа, халықаралық бай­қау­лар­дың лауреаты Айзада Қа­понова мен Қазақстанның Ең­бек сіңірген қай­рат­кері Азамат Жыл­тыркөзовтің итальян тілінде ән шырқағанын да атап өту керек. 

Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан» 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2018

ЕО - Орталық Азия қарым-қатынастарының 25 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

22.02.2018

Бақытжан Сағынтаев отандық сарапшылармен өңірлерді дамыту мәселелерін талқылады

22.02.2018

Астанада «Енді ешқашан: Ашаршылық, Холокост, Камбоджа, Қожалы, Руанда» фотокөрмесі өтті

22.02.2018

Астанада әйелдер күресінің академиясы ашылды

22.02.2018

Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының Хатшысы қызметіне тағайындалды

22.02.2018

Джордже Деспотович: «Біз ертеңгі кездесуде жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз»

22.02.2018

Станимир Стоилов: «Ертеңгі кездесуде қорғаныста барынша сақ болып, өз ойынымызды көрсетуіміз қажет»

22.02.2018

Жоржи Жезуш: «Біздің жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндігіміз бар»

22.02.2018

Астананың 20 жылдығына орай өтетін маңызды шаралар белгілі болды

22.02.2018

Желсон Мартинш: «Біз біртұтас команда ретінде ойнаймыз»

22.02.2018

Ұлттық банк басшысы қаржы пирамидасының басты белгілерін атады

22.02.2018

Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжам жасады

22.02.2018

Тараздағы «Жеңіс» саябағы қайта жаңғыртылады

22.02.2018

Ақышев: Теңге жыл басынан бері 4%-ға нығайды

22.02.2018

Атырау облыстық театрына «Академиялық» мәртебе салтанатты түрде табысталды

22.02.2018

Мейірбек Сұлтанхан «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» республикалық айтыста жеңімпаз атанды

22.02.2018

Шетелдік ЖОО-лардың қазақстандық студенттерге қызығушылығы жоғары

22.02.2018

Атырауда мемлекеттік туды 91 метр биіктікке көтереді

22.02.2018

Оңтүстікте тағы үш аудан құру ұсынылды

22.02.2018

Қазақстан – БҰҰ: өзара әріптестіктің серпінді жолы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Халық тәжірибесі – құндылық

Елшіл қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы «Сәрсенбек» атты романында (1922) бас қаһармандарының аузынан «Қазақ неше жылда нағыз Жапониядай болады», «Қазақ Жапония секілді болу үшін өзінің елдігі өзінде болу керек», «Мыңдаған, миллиондаған қазақтар жұмысшы болып істесе, өз жерінің байлығының рахатын көрген емей немене?! Бұл дегенің адам айтқысыз жаңару болар еді» дейтін пікірлер айтқызады. Ел келешегінің мүбәрак жолын меңзеген нұсқа сөз деп қабылдаған дұрыс.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ

Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу