Қазақстан мен ҚХР арасындағы екіжақты ынтымақтастық ахуалы талқыланды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
14.05.2017 1714

Кездесуде тараптар Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы және оны дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

- Біздің қарым-қатынасымыз басқа мемлекеттер үшін үлгі боларлықтай. 2014 жылғы кездесуде біз өндіріс ашу, көлік жүйелерін бір-бірімен жалғастыру жөніндегі жобаларды іске асыру мәселесін көтердік. Сондай-ақ, тағы бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруымыз керек, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев интеграциялық процестердің маңыздылығына тоқталып, «Бір белдеу, бір жол» бастамасының қазіргі жағдайдағы ерекше рөлін атап өтті. Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» мен Жібек жолы бағдарламаларын бір-бірімен ұштастырудың оң нәтижелеріне назар аударды. Сонымен қатар, тараптар мемлекеттер арасында тауар айналымы көлемін ұлғайту мәселелерін, Қазақстанның транзиттік әлеуетін пайдалану перспективаларын, технологияларды және экологиялық тұрғыдан таза заманауи өндірісті дамыту аспектілерін, сондай-ақ энергетика мен ауыл шаруашылығы салаларында өзара іс-қимыл орнату жайын талқылады.

Қазақстан Президенті кездесу соңында Ли Кэцянді елімізге сапармен келуге шақырды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.08.2018

Жамбылда 250-ге тарта адам донорға мұқтаж

20.08.2018

2019 жылға тегін дәрі-дәрмектерді сатып алу басталды

20.08.2018

Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

20.08.2018

Рауан Кенжеханұлы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі болып тағайындалды

20.08.2018

Ел мен жерді қадірлеуді өнерімен ұқтырып жүрген Александр

20.08.2018

«Ы.Алтын­сарин – ұлы педагог, ағартушы» атты көрме өтті

20.08.2018

Аялдамадағы  үш  азамат (әңгіме)

20.08.2018

Шымкентте Шәмші әндері әуеледі

20.08.2018

Қызылордада суға батқан жігітті құтқарды

20.08.2018

Көк­­шетауда тұңғыш элек­трондық кітапхана-коворкинг орта­лығы қызмет көрсетеді

20.08.2018

«Реал Мадрид» Испания чемпионатын жеңіспен бастады

20.08.2018

«Kazakh Tourism ҰК» ел аумағындағы ең биік 20 шыңға арнайы экспедиция ұйымдастырады

20.08.2018

Жайылма елді мекені диқандарының өсіріп жатқан қарбызының даңқы өрлеп тұр

20.08.2018

Ақтауда үздік тауар өндірушілер анықталды

20.08.2018

Азиада аламаны басталды

20.08.2018

Кемпірбай сыйға кенде емес

20.08.2018

«Қазақ әдебиеті», 1961 жыл»

20.08.2018

Тәкен және күй өнері

20.08.2018

Қазақстанның танымалдығы арта түсті

20.08.2018

Баянауылда туризм қалай өрістемек?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу