Қазақстан мен Қытай басшылары қандай келісімдер жасады?

Келіссөз барысында Мемлекет басшысы бүгінде Қытай Қазақстанның негізгі сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі болып отырғанына тоқталып, дипломатиялық байланыстар орнаған сәттен бергі 25 жыл ішінде экономиканың түрлі секторларындағы екіжақты қатынастарды дамытудың нәтижелерін атап өтті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Егемен Қазақстан
08.06.2017 1146
2

– Биыл біз елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтудеміз. Осы кезеңде ынтымақтастығымыздың аралық қорытындыларын жасап, бірге атқарған жұмысты саралап, болашақтағы дамудың жолдарын айқындауға болады, – деді Қазақстан Президенті.   

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қытайдың халықаралық және өңірлік басқосулар аясындағы өзара іс-қимылы жоғары деңгейде екеніне назар аударды.  

– Осындай үйлесімді жұмыстың жарқын мысалы – Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы бірлескен іс-қимылымыз. Ертең біз ұйымның тарихи отырысына қатысамыз. Ол Үндістан мен Пәкістанның қосылуы арқылы кеңейеді. Осы отырыстан кейін ШЫҰ-дағы төрағалық Қытайға өтеді. Сіздерге сәттілік тілейміз, – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы, сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымының көлемі артқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ұштасу нәтижелеріне тоқталды.

– Жалпы, біздің жан-жақты әрі қарқынды өзара іс-қимылымызды үлгі тұтарлық ынтымақтастық деп нық сеніммен атауға болады. Оның оң қарқынына қарамастан, бұған қанағат етуге болмайды. Алға ілгерілей беруіміз керек. Біздің екіжақты қатынастарымыздың басым бағыттары бойынша да тиісті әлеует бар. Ең бастысы – Қазақстан аумағында үйлесімді жалғасын таба білген Жібек жолы идеясын жүзеге асыру. Осы төрт жыл ішінде біз 1500 шақырым теміржол және 3000 шақырым автокөлік жолдарын салдық. Бізде 2 теміржол және 6 автокөлік өткелі бар. Осылайша,  ҚХР-мен сауданы дамытудың арқасында Қазақстан транзиттік мемлекетке айналып отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Қазақстан-Қытай қатынастарын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударып отырғаны үшін ҚХР Төрағасына алғыс айтып, елдеріміздің өркендеуіне арналған жобаларды жүзеге асыру жолында табыс тіледі.           

Си Цзиньпин  Нұрсұлтан Назарбаевқа қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан астанасының жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

– 20 жыл ішінде Астанада Қазақстанды жарқын болашаққа бастайтын аса ауқымды өзгерістер болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан ұлттық жаңғыру мен мемлекет құрылысы ісінде жаңа табыстарға қол жеткізетініне сенімдімін. 25 жылдағы ынтымақтастық барысында барлық бағыттар бойынша көптеген нәтижеге қол жеткіздік. Біздің саяси қарым-қатынасымыз сенімге негізделіп дамуда, – деді ҚХР Төрағасы.

***

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылданды:

– Қазақстан Республикасының Президенті мен Қытай Халық Республикасы Төрағасының бірлескен мәлімдемесі;

– «Жібек Жолы» қорының жекелеген кіріс түрлерін салық салудан босату туралы келісім;  

– Кино өндірісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

– Қорғас өзенінде селден қорғайтын «Шүкірбұлақ» бірлескен бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісім;

– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік салық әкімшілігі арасындағы салық мәселелері жөніндегі меморандум;

– Көлік инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы меморандум;

– Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына экспортталатын мұздатылған ұсақ мал етіне қатысты инспекция, карантин талаптары және ветеринарлық-санитарлық талаптар жөніндегі хаттама;

–  «Қазақстан» РТРК» АҚ және Қытай Халық Республикасының орталық телевидениесі арасындағы меморандум;

– Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтері арасындағы суперкомпьютер ұсыну жобасы жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум;

– Зертханалық жабдықтарды ұсыну туралы келісім;

– «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат» қоры мен Қытайдың Халықаралық саудаға қолғабыс көрсету комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қытайдың қоғамдық академиясы арасындағы ғылыми-мәдени ынтымақтастық туралы келісім. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

FIFA-2018 марапаттау рәсімінде Роналду болмайды

24.09.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат — «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Таразға келді

24.09.2018

«Егемен академиясының» жаңа маусымына тіркелу басталды

24.09.2018

Мақтаарал құрылыс саласымен де танымал болмақ

24.09.2018

Атырауда «Тау тұлғалы Таумыш» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

24.09.2018

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет мектебін ашылды

24.09.2018

Алматыда III Baikonyr Short Film Festivalдің жабылу салтанаты өтті

24.09.2018

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

24.09.2018

Қыздар Университетінің студенттері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

24.09.2018

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.09.2018

25 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

24.09.2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

24.09.2018

Үш дзюдошымыз да алғашқы айналымда ұтылды

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу