Қазақстан қоғамында қолдау тауып отыр

Шетел басылымдарынан
Егемен Қазақстан
23.06.2017 1380

Сәрсенбі күні Қазақстанның жер­гі­лікті басылымдарында жа­рия­ланған ел Үкіметінің қаулысына сай, Қазақстан ас­танасындағы халық­ара­лық әуежайдың аты өзгертіліп, қазір­гі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың атымен аталатын болды.
Ел Президенті мемлекеттің қалып­тасуы мен дамуында ерекше рөлге ие. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткерлері аталған шешімді құптап отыр. Парламент депутаттарының пікірінше, Үкіметтің бұл қаулысы ресми құжат түрінде шыққанымен, халықтың ұсынысы ретінде қабылдануда. 
Айта кетейік, бұл әуежай таяуда ғана жаңа терминалмен толығып, биыл ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу үстіндегі Астана өңірдің транзиттік хабына айналып отыр. 

Үкіметтің әуежай атын Президенттің есімімен атау туралы қаулысынан кейін елдің қоғам қайраткерлері бұл туралы көпшіліктің атынан жергілікті бұқаралық  ақпарат құралдарына пікір білдірді. Олардың айтуынша, нысанның атын мемлекет басындағы адамның құрметіне атау әлемнің көптеген елінде бар тәжірибе. Оған қоса, бұрынғы кеңестік режім кезінде «Целиноград» деп орысша аталған қазіргі Астанадағы әуежайдың коды әлі күнге сол ескі атымен аталып, яғни TSE кодымен белгіленіп жүр. Көпшіліктің пікірінше, жаңа атауды пайдалана отырып, ескі код та алынып тас­талуы тиіс. Өз кезегінде үкіметтегілер бұл пікірмен келісіп отыр. Әзірге жаңа код нақты бекітілмегенімен, құзіретті мекемелер бірнеше нұсқасын дайындап қойған. 

Үкіметтің әуежай атын ауыстыру туралы қаулысына жергілікті халық қолдау білдіріп жатыр. Жалпы, Қазақ­стан Президентінің өзі әдетте мұндай баста­маларды қолдай қоймайды. Мәселен, осыдан бір жыл шамасы бұрын ел Пар­ламентінің депутаттары ел астанасының атын «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» деп атау туралы ұсыныс білдірген еді. Деген­мен, Мемлекет басшысы мұны орын­сыз деп тауып, келісімін бермеген болатын. 
Таяуда ғана жаңа терминалмен толыққан бұл әуежай Еуразия кеңістігінде жолаушылар хабына айналып отыр. Үкіметтің елді транзиттік мемлекет ету мақсатында қолға алған жұмыстары нәтижесінде Қазақстан бірнеше елмен виза режімін алып тастаса, Астана мен Алматы әуежайлары Еуропа мен Азияның арасындағы транзиттік көпір ретінде өз әлеуетін арттыра түсуде.  

Дайындаған
Бауыржан МҰҚАНОВ, 
«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.06.2018

Ұлттық бірыңғай тестілеудің Қазақстан бойынша орта көрсеткіші - 83 балл

23.06.2018

Серік Түсіповтың отбасы әрдайым назарымызда - семейлік құқық қорғаушылар

23.06.2018

Семейде үйін су шайып кеткен отбасылар баспаналы болды

23.06.2018

Ақтөбеде тұңғыш рет пантеон орталығы бой көтерді

23.06.2018

Семейде қала әкімі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

23.06.2018

Бүгін - Мемлекеттік қызметші күні

23.06.2018

Қызылжарда Мағжан Жұмабаевқа ескерткіш орнатылды

23.06.2018

Семейде суға кеткен Бобровка тұрғындарының үйлері жөнделіп жатыр

23.06.2018

Дипломаттар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады

22.06.2018

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік және полиция қызметкерлерін марапаттады

22.06.2018

Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы нығая түспек

22.06.2018

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы 2020 жылы Азия чемпионатын өткізуге ниет білдіргенін растады

22.06.2018

Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» және «Қолжетімді баспана» бойынша отырыс өтті

22.06.2018

Астанада медиабілімнің даму мәселелері талқыланды 

22.06.2018

Солтүстік Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін

22.06.2018

Астана қаласы маңындағы орман көлемі 100 мың га дейін кеңейтіледі

22.06.2018

«Ақтау Теңіз Порты» АЭА мен DP World инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

22.06.2018

Қызылорда облысында «Жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

22.06.2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісінің брифингі өтті

22.06.2018

Кіші Аралда желкенді кемелер жүзе бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу