Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №562

Егемен Қазақстан
30.11.2016 52
  2016 жылғы 14 шілде  Астана қаласы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы №300 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы №300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11785 болып тіркелген, «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде 2015 жылғы 3 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өзінің функционалдық міндеттеріне сәйкес құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, кейіннен жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мұрағатына тапсырады, ол бір жұмыс күні ішінде тіркеу істерін іздестіруді және оларды жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөліміне тапсыруды жүзеге асырады, орындалған құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Мемлекеттік корпорацияға тапсырады; көрсетілетін қызметті берушінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері - өтінішті қарауды және орындауды жүзеге асырады.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет барысына қатысатын мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі: Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік копорацияға өтінішпен жүгінген кезде қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап: Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк көрсетілетін қызмет мерзiмiне кiрмейдi). 1) Мемлекеттік корпорация инспекторы - құжаттарды қабылдауы және беруі - 20 минут; 2) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің инспекторы - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды жіберуі және одан алуы - 20 минут; 3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері - құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдау, тіркеу істерін іздеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөліміне тапсыруы, орындалған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды есепке алу кітабы бойынша тапсыруы - 15 минут.». 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (В.Қ.Калимова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі алған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.ИМАШЕВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 19 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13944 болып енгізілді.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.05.2018

Солтүстік Қазақстан облысы мен «CLAAS» компаниясы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Торғайдағы Ахмет Байтұрсынов туған үй жөнделетін болды

20.05.2018

Қостанай облысында 18-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

20.05.2018

Қостанай қаласы «мерейлі отбасын» таңдады

20.05.2018

Батыс Қазақстан мен Астана әріптестік туралы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Каспий жағалауында суға шомылу маусымына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

20.05.2018

Ақтөбе және Орынбор облыстары ресми делегацияларының кездесуі өтті

20.05.2018

Павлодарда партиялық жоба аясында IT-орталық ашылады

20.05.2018

Екібастұздағы «Шығыс» кенішіне «Liebherr R-976 Litronic» экскаваторы әкелінді

20.05.2018

Павлодарда Медиаторлардың республикалық форумы өтті

20.05.2018

Павлодарда ауыл шаруашылық жерлері электронды картаға түсіріледі

20.05.2018

Павлодарда жүргізушілердің төленбеген көлік салығы 670 миллион теңгеге жеткен

20.05.2018

Хорватия Астанада дипломатиялық өкілдік ашпақ

20.05.2018

Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

20.05.2018

20 мамырға арналған ауа райы

20.05.2018

ҚарМУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылады

19.05.2018

АЭФ-2018 аясында жаһандық трансформация жағдайындағы азаматтық қоғам институттарының рөлі талқыланды

19.05.2018

Қазақстандық сарапшылар ғаламдық дамудың басты бес мегатренді туралы пікір білдірді

19.05.2018

Н. Назарбаев атап өткен бес мегатренд АЭФ-2018 алаңдарында кеңінен талқылануда

19.05.2018

QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының» кезектен тыс съезі өз жұмысын бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қазақ қызы осындай

Ұлттық дүниетаным ілімінде халық­тың гүлі қазақ қызының болмысына, әдеп-ілтипатына, сұлулық, ізеттілік қасиеттеріне қатысты «Қызда оттай ыстық мейір бар», «Қызда 40 періште бар», «Қызда 40 көліктік бақыт бар», «Қыздың қабағында құт бар», «Қыз назы 40 кісіні мас қылады», «Қыз 40 істің қисынын біледі», «Бұрынғының қыздары бармағының шұңқырындағы асқа тояды» дейтін сұлулықтың тұңғиық сырларын мәлімдейтін інжу-маржан ойлар, толғамдар, лала лебіздер бар.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу