Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №94

Егемен Қазақстан
30.11.2016 67
  2016 жылғы 24 ақпан  Астана қаласы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптамалар жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 20) бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптамалар жүргізу нұсқаулығы бекітілсін. 2. Бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 165 «Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өндіру Нұсқаулығын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6142 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 қарашадағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған). 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 54 «Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9189 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 шілдедегі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы: 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін, осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жолдауды: 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Б. ИМАШЕВ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 24 ақпандағы №94 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу нұсқаулығы. 1. Жалпы ережелер 1. Осы (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптама органдарының сот-наркологиялық сараптаманыжүргізу нұсқаулығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық, Азаматтық процессуалдық кодексіне, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы сараптама органдарыныңсот-наркологиялық сараптаманы жүргізу тәртібін нақтылайды. 2. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу негізі болып Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде белгіленген тәртіппен шығарылған прокурордың, нотариустың әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі бар соттың, органның (лауазымды тұлғаның) қылмыстық процесін жүргізуші органның сот сараптамасын тағайындау туралы қаулысы, ұйғарымы болып табылады. 3. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу кезінде сот-наркологиялық сарапшылар осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналын толтырады, оған сот-наркологиялық сараптамадан өткен тұлға және сараптама қорытындылары туралы деректер енгізіледі. 4. Тұтқындағы тұлғаларға қатысты сот-наркологиялық сараптама (бұдан әрі - СНС) көрсетілген тұлғалардың болған орындарында жүргізіледі (тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы),сондай-ақ қажет болған жағдайда зерттеулер жүргізу үшін сот сарапшысының кабинетінде. 5. Сот-наркологиялық сараптама амбулаторлық жағдайларда жүргізіледі. Егер сот-наркологиялық сарапшылар амбулаторлық жағдай нәтижесінде СНС ұзақ және егжей-тегжей бақылау салдарынан қойылған сұрақтарға жауап бере алмаған жағдайда, олар СНС стационарлық жағдайда өткізу туралы ұсыныс береді. 6. Қорытынды беру мүмкін еместігі туралы сот-наркологиялық сарапшылардың қорытындысы немесе хабар­ламасы сот сараптамасын тағайындаған органға (тұлғаға) олар жасалғаннан кейін үш күн ішінде жіберіледі (беріледі). 7.Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу үдерісінде психикалық аурулардың бар болуы туралы деректер анықталған кезде, сот-наркологиялық сарапшы қойылған сұраққа жауап берумен қатар сот-психиатриялық сараптаманы өндіру қажеттігін қорытындыда көрсетеді. 2. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу мерзімдері 8. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу мерзімісот-наркологиялық сараптаманы және оның объектілерін тағайындау туралы қаулыны, анықтаманы сот сараптама органы жүргізуге қабылдаған күннен бастап есептеледі.Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу мерзімі отыз тәуліктен аспауы тиіс, тек Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі көздеген ерекше жағдайларды қоспағанда. 9. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу мерзімін тоқтата тұру туралы осы сот-наркологиялық сараптаманыжүргізу барысында, оларды зерттеусіз қорытынды беру мүмкін болмағанда, қосымша материялдарды ұсыну қажеттігі туындаған жағдайда сот сараптамасы органының басшысы осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкеснысан бойынша жеті тәулік ішінде сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу мерзімін тоқтата тұру туралы дәлелді өтініш жібереді. СНС жүргізуді көрсетілген жағдайда тоқтата тұру үшін негіз болған жағдайлар жойылғанға дейін сот сараптама органының басшысы тоқтатады, бірақ он тәуліктен аспауы қажет. 3. Сарапшы қорытындысының құрылымы және мазмұны 10. Зерттеулердің нәтижелері бойынша сот сарапшысы (сарапшылар)өзінің атынан жазбаша қорытынды жасайды және оны өздерінің жеке қолымен және жеке мөрімен куәландырады. Сот сарапшысының (сарапшылардың) қолы сот сараптама органының мөрімен расталады.Сарапшының қорытындысы осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді. 11. Қорытындыда көрсетілуі тиіс: оны ресімдеу күні, сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу мерзімі және орны; сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу негізі; сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) туралы мәліметтер; сот сараптама органы және сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу тапсырылған сот-наркологиялық сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, лауазымы); көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы ескертілгені жөнінде сот сарапшысының (сарапшылардың) қолымен куәландырылған белгі; сот сарапшысының (сарапшылардың) шешуіне қойылған сұрақтар; сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу кезінде прцеске қатысушылар туралы мәліметтер және олардың берген түсініктемелері туралы деректер; зерттеу объектілері; зерттеулердің мазмұны және нәтижелері; жүргізілген зерттеулер нәтижелерін бағалау, сот-сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған сұрақтар бойынша қорытындыны негіздеу және тұжырымдау. 12. Сарапшының (сарапшылардың) қорытындысы негізделуі тиіс: 1) клиникалық зерттеу үдерісінде алынған деректерге; 2) сот-наркологиялық сараптамаға жатқызылатын тұлға туралы сипаттау мәліметтері бар іс материалдарындағы мәліметтерге (істің беті көрсетіле отырып); қажетті материалдар: бұрынғы сотталғандығы туралы талап-анықтама, учаскелік инспекторлардың, туысқандарың мінездемелері; 3) психиатриялық, наркологиялық ұйымдардан алынған медициналық құжаттамаға; 4) зерттеулердің аспаптық және зертханалық әдістерінің нәтижелеріне. 13. Анамнездік мәліметтерде қамтылуы тиіс: 1) ерте дамуы туралы мәліметтер; 2) тұқым қуалаушы психикалық, наркологиялық бұзушылықтар туралы мәліметтер; 3) алған білімі туралы мәліметер; 4) еңбек жолы, әскери қызметі туралы мәліметтер; 5) ауырғанға дейінгі тұлғалық ерекшеліктерін және ауырған кезінде пайда болған сипаттық өзгерістерді анықтау; 6) бастан кешірген соматикалық ауруларды, жарақаттарды және олардың салдарларын анықтау; 7) әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы мәліметтер; 8) отбасылық жағдайы туралы деректер; 9) өзгертілген реактивтілік (пайдалану түрінің, төзімділіктің өзгеруі, дозасы асып кеткенде қорғаныс реакциясының жоғалуы және масаю түрінің өзгеруі) синдромының, психикалық тәуелділік синдромы және тәни тәуелділік синдромының қалыптасуын көрсете отырып, үлкен наркологиялық синдромның қалыптасуы туралы деректер қамтылған ауру анамнезі. Психоактивті заттарды соңғы қабылдау ұзақтығы және болдырмау жағдайы көрсетіледі. Психотикалық бұзылыстардың, құрысу талмаларының пайда болуының жүйелілігі белгіленеді. Бұрын жүргізілген емдеу және оның нәтижелері туралы деректер көрсетіледі. 14. Жалпы қарауға кіреді: 1) әртүрлі зақымдану іздерін анықтау, оның ішінде, көктамыр, бұлшық ет инъекцияларының іздері, «соқпақтар» (орналасу орны, түсі, пайда болған уақыттың ұзындығы), өздік тіліктер (олардың пайда болған уақытын ескерумен), татуировкалардың ерекшеліктері, егер олар бар болса; 2) бастан кешірген жарақаттардан кейінгі тыртықтарды анықтау үшін бастың шашты бөлігін қарау; 3) сілекейлі ауыз қуысын қарау (тыртықтар, эпилептикалық салдарынан тістүйі іздерінің болуы). 15. Анамнезде қойылатын шағымдар және соматикалық аурулардың болуын ескере отырып, органдар және жүйелер бойынша соматикалық жағдайын зерттеуге кіреді: 1) тыныс алу органдарының перкуссиясы және оларды аускультациялық зерттеу; 2) жүрек-тамыр жүйесін зерттеу (аускультация, артериялық қысымды, тамырдың соғу жиілігін өлшеу); 3) ас қорыту органдарын зерттеу (ішті пальпациялау, егер ол бар болса бауырдың ұлғаюын анықтау). 16. Неврологиялық жағдайын зерттеу кезінде анықталады: 1) бас сүйек-ми нервілері функцияларының бұзылуы. 2) сіңір және периосттық рефлекстер, олардың өзгерулері, патологиялық рефлекстердің болуы, еркін қозғалыстардың көлемі, параличтердің, қол-аяқ парездерінің болуы; 3) экстрапирамидтік бұзылыстар (гипокинез, гиперкинез көрінісі, бұлшықеттер тонусының бұзылуы, әртүрлі гиперкинездердің болуы, діріл, миоклониялар); 4) мишық патологиясы және қозғалыс жұмысын басқарудың бұзылуы, сөйлеу әрекетінің бұзылуы, жазудың, нистагмның өзгеруі; 5) сезімталдық және оның бұзылуы; 6) вегетативтік нерв жүйесі функциясының бұзылуы. 17. Сот-наркологиялық сараптама жүргізетін тұлғаның психикалық жағдайын айтқан кезде сипаттамалық әдіс қолданылады. Онда жалпылама анықтамалар және стандартты тұжырымдамалар болмауы тиіс. Белгілі бір симптомды немесе синдромды сипаттай отырып, сот-наркологиялық сараптамаға жіберілген тұлғаның сыртқы келбетін және мінез-құлқын сипаттаудан бастау керек. Сипаттауға санасының жағдайы, аффекттік, еріктік, психомоторлық бұзылыстар, түйсік, ойлау, зерде, зейін, жады бұзылыстары жатады. Сауал қою белсенді, жоспарлы және мақсатты түрде жүргізілуі тиіс. Психопатологиялық симптомдарды сипаттау бытыраңқы және кездейсоқ түрде емес, бір-бірімен өзара байланыста жүргізілуі тиіс. Түйсік және сандырақ күйзелістерінің бұзылуын қысқаша түрде ауру күйзелістерінің нақтылығын тұлғаның қалай дәлелдейтінін көрсете отырып баяндау қажет. Пароксизмалы бұзылыстарды сипаттауды (құрысу, құрысусыз талмалар) еске алу және куәлардың мәліметтері бойынша, олардың пайда болуы және психоактивті заттарды қабылдауды тоқтату арасындағы уақыттағы байланысты қадағалай отырып жүргізу керек. Психикалық статусты зерттеузерттелетін тұлғаның сот-наркологиялық сараптамаға қатынасын және өзініңжағдайын бағалауын анықтаумен аяқталуы қажет. 18. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу барысында зертханалық (организмнің биологиялық ортасын (зәр, қан) психоактивті заттардың болуына, сондай-ақ қатаң түрде медициналықкөрсеткіштер бойынша (жазасын одан әрі өтеу орны бойынша мәжбүрлеп емдеу туралы шешім қолданылуы мүмкінболатынтұлғаларғақатысты) зерттеу, жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, қан микрореакциясы және басқалар) және аспаптық (ішперде қуысы ағзаларын ультрадыбыстық зерттеу, бас миының компьютерлік томографиясы, кеуде клеткасы органдарын рентгендік зерттеу және басқалар) әдістер қолданылады. 19. Жүргізілген сот-наркологиялық сараптама нәтижелері бойынша сот сарапшысы (сарапшылар) қорытындыларын негіздеумен жүргізілген зерттеулер нәтижелерін бағалау жүргізіледі. 4. Қорытындыны беру мүмкін еместігі туралы хабарламаның құрылымы мен мазмұны 20. Егер сот сарапшысы (сарапшылар) зерттеуді жүргізгенге дейін алдына қойылған сұрақтар оның арнаулы ғылыми білім шегінен шығатын болса немесе оған ұсынылған материалдар жарамсыз немесе қорытынды беруге жеткіліксіз болса және толықтырылмайтын немесе ғылым мен сараптама тәжірибесі қойылған сұрақтарға жауап бермейтін болса, ал қорытынды беру мүмкін емес туралы хабарлама жасайды және оны өзінің қолымен және жеке мөрімен куәландырады.Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама осы Ңұсқаулықтың 4-қосымшсына сәйкес нысан бойынша ресімделеді. 21. Қорытынды берудің мүмкін болмауы туралы хабарламада көрсетіледі:оны ресімдеу күні, сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу орны мен мерзімдері;сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу негізі; сот сараптамасын тағайындаған орган (тұлға) туралы мәліметтер;сот сараптама органы туралы және (немесе)сот сараптамасын жүргізу тапсырылған сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, лауазымы); көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілік ескертілгені туралы сот сарапшысының (сарапшылардың) қолымен куәландырылған белгі; сот сарапшысының (сарапшылардың) шешуіне қойылған сұрақтар; зерттеу объектілері, сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған сұрақтарға жауап берудің мүмкін болмауын негіздеу. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптама органдарының Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу нұсқаулығына 1-қосымша Нысан Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізуді тіркеу журналы № Т.А.Ә. Жынысы Туған жылы СНС жүргізу туралы қаулыны кім берді және қашан берілді СНС жүргізілген уақыты 1 2 3 4 5 6 Журналдың жалғасы Диагноз Қорытынды Медициналық сипаттағы ұсынылатын шаралар Қорытынды берілген күн Қорытынды кімге берілді Ескертпе 7 8 9 10 11 12 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптама органдарының Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу нұсқаулығына 2-қосымша нысан _______________________________________________________________ (сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу орны) Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу мерзімін тоқтата тұру туралы өтініш __________________________________________________________________ (сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған өтініш, жіберілетін орган (тұлға) 20 ___ж. «___» ____________ Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу мерзімі: 20 ___ж. «____» _______ бастап 20 ___ж. «____» ______ дейін Сот-наркологиялық сараптама тағайындалаған тұлға _______________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы) Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша сезікті,айыпталушы немесе куәгер, жауапкер; 20 __ ж. «____» __________ (сот-наркологиялық сараптаманы тағайындалған тұлға немесе органның қаулысы, анықтамасы) Осы сұрау салудың қысқаша негіздемесі бар қажетті қосымша материалдардың тізбесі: ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ Сот-наркологиялық сараптама органның басшысы __________________ қолы Мөр орны (болған кезде) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптама органдарының Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу нұсқаулығына 3-қосымша Нысан ОКУД бойынша нысанның коды _______ _______________________________________________________________ (сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу орны) № _____ сарапшының қорытындысы 1. Ресімдеу күні __________________________________________________________________________________ 2. Сот сараптамалық сараптаманыжүргізумерзіміжәнеорны ____________________________________________ 3. Тегі, аты, әкесініңаты (болған жағдайда) __________________________________________________________ 4. Жасы ________________________________________________________________________________________ 5. Мекенжайы ___________________________________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша сезікті, айыпталушы немесе куәгер, жауапкер; арнайы медициналық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін адамға қатысты шешілетін мәселе; медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану; әрекетке қабілеттілігі; кәмелет жасқа толмаған адамды наркологиялық ұйымға тиісті ем қабылдауға жіберу (астынсызу) _______________________________________________________________________________________________ (сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған тұлға немесе органның қаулысы, анықтамасы) 6. Бастапқы, қайталанған, қосымша сот-наркологиялық сараптама (астынсызу); соңғы екі жағдайда сот-наркологиялық сараптаманы қашан Және кім өткізгені туралы, сарапшылардың қорытындылары көрсетіледі ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ 7. Сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған орган және сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу негізі туралы мәліметтер ______________________________________________________________________________________________ 8. Сот-наркологиялық сараптаманы шешуге қойылатын сұрақтар: 1) ____________________________________________________________________________________________ 2) _____________________________________________________________________________________________ 3) _____________________________________________________________________________________________ 4) _____________________________________________________________________________________________ 9. Сот-наркологиялық сараптама туралы мәліметтер ___________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ 10. Сараптама (сарапшылар)туралы мәліметтер: _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі мен атағы, атқарған лауазымы) 11. Қорытынды беруден бас тарту немесе көрінеу жалған қорытынды бергені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 420-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілігі туралы сарапшылар ескертілді ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ (сарапшылардың қолы) 12. Сот-наркологиялық сараптама кезінде шешуге жататын сұрақтар және «Қорытынды» басқа бөлімдері мынадай ______ парақта жазылады. 13. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру кезінде қатысқандар, процеске қатысушылар туралы мәлімет _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ 14. Процеске қатысушылардың түсініктеме деректері _______________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ 15. Іс материалдарын зерттеу ____________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ 16. Медициналық құжаттамаларды зерттеу (наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан мәліметтер) ____________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ 17. Анамнездік мәліметтер (соның ішінде медициналық құжаттамалардан) _______________________________ 18. Осы зерттеу кезінде мыналар анықталды: 1) Жалпы тексеріп - қарау: ______________________________________________________________________ 2)Соматикалық жай-күйі_________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ 3) Неврологиялық жай-күйі ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ 4) Психикалық жай-күйі___________________________________________________________________________ 5) Зертханалық және аспаптық зерттеулердің деректері ____________________________________________ 6) Рентгенологиялық зерттеулердің деректері ______________________________________________________________________________________________ 19. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау ______________________________________________________________________________________________ 20. Қойылған сұрақтар бойынша қорытындылардың негіздемесі және тұжырымдасы ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ Сот-наркологиялық сарапшының (лардың) қол(дар)ы _____________________________________________ Мөр орны (болғанда) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптама органдарының Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу нұсқаулығына 4-қосымша нысан Қорытынды берудің мүмкін болмауы туралы хабарлама 1. Ресімдеу күні ________________________________________________________________________________ 2. Сот-наркологиялық сараптама жүргізу мерзімі және орны _____________________________________________ 3.Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) _______________________________________________________________ 4. Жасы _______________________________________________________________________________________ 5. Мекен жайы __________________________________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша сезікті, айыпталушы немесе куәгер, жауапкер; арнайы медициналық ұйымға мәжбүрлеп емдеу туралы жіберілетін адамға қатысты шешілетін мәселе; медициналық сипаттағы мәжбүрлеп шаралар қолдану; әрекетке қабілеттілігі; кәмелетке толмаған адамды наркологиялық ұйымға тиісті ем қабылдауға жіберу (астынсызу) ______________________________________________________________________________________________ (сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған тұлға немесе органның қаулысы, анықтамасы) 6. Сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) туралы мәліметтер және сот-нарклогиялық сараптама жүргізуге негіздеме _____________________________________ 7. Сараптаманы шешуге қойылған сұрақтар: 1) _____________________________________________________________________________________________ 2) _____________________________________________________________________________________________ 3) _____________________________________________________________________________________________ 4) _____________________________________________________________________________________________ 8. Сот-наркологиялық сараптама органы туралы мәліметтер ______________________________________________________________________________________________ 9. Сараптама (сарапшылар) туралы мәліметтер: ______________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болғанжағдайда), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі мен атағы, лауазымы) 10. Қорытынды беруден бас тартқаны немесе көрінеу жалған қорытынды бергені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 420-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілігі туралы сарапшылар ескертілді ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ сарапшының (сарапшылардың қолы) 11. Сараптама кезінде шешуге жататын және «Қорытынды» басқа бөлімдері мынадай ______ парақта жазылады. 12. Сот-наркологиялық сарапшының (лар) дыңалдын ақойылған сұрақтарға жауапберудіңмүмкінболмауытуралынегіздеме ______________________________________________________________________________________________ Сот-наркологиялық сарапшының (лардың) қол(дар)ы ______________________________________________________________________________________________ Мөр орны (болған кезде) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13525 болып енгізілді.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.08.2018

Жамбылда 250-ге тарта адам донорға мұқтаж

20.08.2018

2019 жылға тегін дәрі-дәрмектерді сатып алу басталды

20.08.2018

Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

20.08.2018

Рауан Кенжеханұлы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі болып тағайындалды

20.08.2018

Ел мен жерді қадірлеуді өнерімен ұқтырып жүрген Александр

20.08.2018

«Ы.Алтын­сарин – ұлы педагог, ағартушы» атты көрме өтті

20.08.2018

Аялдамадағы  үш  азамат (әңгіме)

20.08.2018

Шымкентте Шәмші әндері әуеледі

20.08.2018

Қызылордада суға батқан жігітті құтқарды

20.08.2018

Көк­­шетауда тұңғыш элек­трондық кітапхана-коворкинг орта­лығы қызмет көрсетеді

20.08.2018

«Реал Мадрид» Испания чемпионатын жеңіспен бастады

20.08.2018

«Kazakh Tourism ҰК» ел аумағындағы ең биік 20 шыңға арнайы экспедиция ұйымдастырады

20.08.2018

Жайылма елді мекені диқандарының өсіріп жатқан қарбызының даңқы өрлеп тұр

20.08.2018

Ақтауда үздік тауар өндірушілер анықталды

20.08.2018

Азиада аламаны басталды

20.08.2018

Кемпірбай сыйға кенде емес

20.08.2018

«Қазақ әдебиеті», 1961 жыл»

20.08.2018

Тәкен және күй өнері

20.08.2018

Қазақстанның танымалдығы арта түсті

20.08.2018

Баянауылда туризм қалай өрістемек?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу