Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы  №357

Егемен Қазақстан
30.11.2016 2794
  2016 жылғы 27 мамыр Астана қаласы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті: 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың көшірмесінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспасөз басылымдарында оны мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ж.Б. Ешмагамбетовқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Б.ИМАШЕВ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы №357 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі 1) «Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6755 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған): 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандары осы бұйрықтың 1-50-қосымшаларына сәйкес бекітілсін»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес 50-қосымшамен толықтырылсын. 2) «Жеке сот орындаушысы куәлігінің, жеке мөрінің үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 296 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7146 болып тіркелген, 2011 жылғы 13 қазандағы № 493 (26885) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке сот орындаушысы куәлігінің үлгісі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі осы бұйрық­тың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3) «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 7 наурыздағы №95 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9256 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған): осы бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидаларында: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Тағылымдама ақылы негізде жүзеге асырылады. Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту үшін ақы мөлшері тағылымдамадан өткен әрбір ай үшін есеп айырысу жүргізілген күні белгіленген он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болады. Тағылымдамадан өту үшін тағылымдамадан өтуші ақы төлеуді Жеке сот орындаушыларының рес­пуб­ликалық палатасының шотына ай сайын, ақы төленуге жататын тағылымдамадан өтудің алдындағы айдың бірінші күнінен кешіктірмей жүргізеді және тағылымдамадан өту туралы шарт жасалғаннан кейін тікелей жүзеге асырады.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 15. Тағылымдаманың нәтижелері туралы қорытынды немесе тағылымдамадан өткендігі туралы қорытындыны бекі­туден дәлелді бас тартылғандығы жөнінде ақпарат тағылымдамадан өткен тұлғаға үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тартқан жағдайда тағлымдамадан өтуші жалпы негізде тағылымдамаға қайта жіберіледі. Тағылымдаманың өткендігі туралы қорытындыны бекітуден бас тарту жөніндегі өңірлік палатаның шешімімен келіспеген жағдайда сот тәртібімен шағымдануға болады.»; Қосымша осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жаңа редакцияда жазылсын. 4) «Іс қағаздарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9268 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған): осы бұйрықпен бекітілген Іс қағаздарды жүргізу қағидаларында: 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Жеке сот орындаушыларының кеңсесіне не жеке сот орындаушысына келіп түскен құжаттар (оның ішінде өтініштер) тіркелуге жатады.»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Есеп мемлекеттік атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы да жүргізіледі. Жеке сот орындаушысына немесе жеке сот орындаушысының кеңсесіне келіп түсетін құжаттар кіріс хат-хабарлар журналында тіркеледі.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Хат-хабарлар адресаттарға пошта арқылы, өз қолына не мемлекеттік атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.»; 22-тармақ алып тасталсын; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. Сақталу мерзіміне байланысты істердің толық және жартылай ресімделуі жүргізіледі. Толық ресімдеуге тұрақты, уақытша сақталудың (10 жылдан артық) істері жатады. Істің толық ресімделуі істің мұқабасындағы деректемелердің ресімделуін, істегі парақтардың нөмірленуін, істің парақ-бекітуін құруды, қажетті жағдайларда істің ішкі құжаттар тізімдемесін жасауды көздейді.»; 33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «33. Лицензиясының қызметі тоқтатылған не Жеке сот орындаушысының республикалық палатасының мүшелігінен шығарған жағдайда аумақтық орган және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы жеке сот орындаушысының мөрін алып қою және комиссия арқылы мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік бермейтіндей етіп, деформациялау жолымен жою жөнінде шаралар қабылдайды, бұл туралы тиісті акт жасалады.»; 5) «Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 98 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9258 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған): осы бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасында 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеуі (бұдан әрі – есептік тіркеу) хабарлау сипатына ие және тиісті атқарушылық округтің жеке сот орындаушылары туралы деректерді қалыптастыру мақсатында Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке өткен күнінен бастап отыз күнтізбелік күннің ішінде Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке өткен адамды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық орган) тіркеу есебіне қоюға арналған. 3. Есептік тіркеуден өту үшін Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке өткен тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген мерзімде аумақтық органға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысанда хабарлама береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия; 3) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы басқармасының өтініш берушіні Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке қабылдау туралы шешімінің көшірмесі.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: 1) жеке сот орындаушысы кызметі аумағының басқа атқару округына ауысуы; 2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қызметінің тоқтатылуы; 3) жеке сот орындаушысы қызметін өз еркімен тоқтатуы; 4) Республикалық палата мүшелігінен шығарылуы. Кітапқа жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алу туралы мәліметтер енгізіледі.». 1-қосымша осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2-қосымша осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 6) «Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 122 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10477 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған): осы бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларында 12-14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «12. Жеке сот орындаушысының қызметін алғашқы және жоспарлы тексеру: Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 100 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптардың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9259 болып тіркелген) сақталуын; азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының, сондай-ақ қызметтік куәліктің, жеке мөрдің, жеке бланктердің болуын; Қағидалардың сақталуын; жеке сот орындаушысының жалдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын жасауын (еңбек шартының болуы, жұмыс орындарын беру, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету); азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруын; жеке сот орындаушысының қызметін ақпараттық-нормативтік қамтамасыз ету жағдайын; міндетті жарналардың уақтылы төленуін; жеке сот орындаушыларының заңнаманы, Кодекс пен Жарғы талаптарын сақтауын; статистикалық есептілікті жасаудың дұрыстығы мен дәйектілігін зерделеуді және тексеруді болжайды. 13. Жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдардың немесе Министрлікке (Әділет департаменттеріне), Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасына келіп түсетін басқа ақпараттың болуы жоспардан тыс тексерулерді жүргізуге негіз болып табылады. Министрлікке (Әділет департаменттеріне) жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар келіп түскен немесе басқа ақпарат болған жағдайда Министрліктің уәкілетті тұлғасы (Әділет департаментінің басшысы) Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасымен бірлесіп тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарады. Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасына жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар келіп түскен немесе басқа ақпарат болған жағдайда Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасы тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарады. 14. Жоспардан тыс тексеруді жүзеге асыру үшін Министрліктің уәкілетті тұлғасының (Әділет департаментінің басшысының) бұйрығымен Министрліктің (Әділет департаментінің) қызметкерлерінен, Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасының өкілінен комиссия құрылады не Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен аппарат қызметкерлерінен және жеке сот орындаушыларынан комиссия құрылады. Тексерулерді жүргізу комиссиясы кемінде үш адамнан тұрады. Бұйрықта комиссияның дербес құрамынан басқа тексеруге жататын жеке сот орындаушысының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, тексеру негіздері, тексеруді жүзеге асыру үшін белгіленетін мерзімдер көрсетіледі. Бұйрықпен комиссия мүшелерінің тексеруін тиісінше ұйымдастыру және қызметін үйлестіру жүктелетін комиссияның төрағасы бекітіледі. Жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде жеке сот орындаушысы бұйрық шыққан кейін келесі күні бұйрықпен қол қойып танысады. Жеке сот орындаушысы жоспардан тыс тексеруді жүргізу туралы бұйрықпен танысудан бас тартқан жағдайда комиссия бас тарту туралы хаттама жасайды. Жеке сот орындаушысының бұйрықпен танысудан бас тартуы тексеруді жүргізбеуге негіз бола алмайды. Жеке сот орындаушысы танысу үшін келмеген жағдайда, жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы бұйрық оны есептік тіркеу орны бойынша тапсырыс хатпен ескертумен жіберіледі.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Мүдделі мемлекеттік органдардан келіп түскен жеке сот орындаушыларының жіберген бұзушылықтарының даусыз дәлелдемелері бар материалдар бойынша жоспардан тыс тексеруді жүргізу талап етілмейді және уәкілетті органға шешім қабылдау үшін қайта жолдауға жатады. Жеке сот орындаушыларының лицензияларын тоқтата тұру немесе тоқтату үшін негіздер жеткіліксіз болған жағдайда ұсыныс Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының және өңірлік палаталарының тәртіптік комиссияларына жіберіледі.»; 21-22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «21. Жеке сот орындаушысы жіберген Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасынан шығуына әкеп соғатын бұзушылықтар анықталған жағдайда Министрлік (Әділет департаменті) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының және өңірлік палаталарының тәртіптік комиссияларына қарау үшін ұсыныс жолдайды. 22. Заңның 143-бабы 2-тармағының, 144-бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес жеке сот орындаушысының лицензиясының қолданысын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға әкеп соғатын бұзушылықтар анықталған кезде Әділет департаменттерінің, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының және өңірлік палаталарының тәртіптік комиссияларының ұсыныстары Министрлікке шешім қабылдау үшін жіберіледі.»; 23-тармақ алып тасталсын. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 357 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығына 50-қосымша Нысан «САНКЦИЯЛАЙМЫН» __________________судьясы (соттың атауы) ________________________ (қолы, аты-жөні, тегі) 20__ жылғы «__» _________ Құқықты белгілейтін құжаттарды алып қою туралы ҚАУЛЫ 20__ ж. «__» ______ __________________ _____________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ жеке сот орындаушысы (жеке сот орындаушысының қызметі аумағының атауы, мекенжайы, жеке сот орындаушысының аты-жөні, тегі) ______________________________________________________________________________________туралы (атқарушылық құжаттың мазмұны) 20__ ж. «__» ____ № ____ атқарушылық іс жүргізудің материалдарын қарап, БЕЛГІЛЕДІ: _______________________________________________________________________________________________ (алып қою негізі) Баяндалғанның негізінде, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 2-тармағының 6) тармақшасын, 126-бабын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТТІ: 1. ______________________________________________________________ мекенжайы бойынша тұрған ________________________________________________________________________________________ тиесілі (жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса), заңды тұлғаның атауы) __________________________________________________________құқықты белгілейтін құжаттары алынсын. (құжаттардың атауы) 2. Қабылданған шешім туралы атқарушылық іс жүргізудің тараптарына олардың өкілдеріне хабарлансын. 3. Сот орындаушысының қаулысы міндетті орындауға жатады және Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес он жұмыс күні ішінде сотта шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін. Жеке сот орындаушысы __________________________(қолы, аты-жөні, тегі) М.О. Ескертпе: қаулы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында санкциялауға жатады. Бұл ретте, электрондық құжаттың нысаны өзгеруі мүмкін. Судьяның электрондық цифрлық қолы, сондай-ақ оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қол қойған күні, соттың атауы құжаттың сол жағында орналастырылады. Оң жақтағы жоғарғы бұрышта «Санкциялаймын» белгісі, соттың атауы, судьяның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ күні көрсетілмейді. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 357 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 296 бұйрығына 1-қосымша Жеке сот орындаушысының куәлігінің үлгісі Жеке сот орындаушысы куәлігінің сипаттамасы: 1. Жеке сот орындаушысының куәлігі (бұдан әрі – куәлік) мұқабасы мен жапсырмасынан тұрады. 2. Мұқабасы қызыл түсті жоғары сапалы былғарыдан, былғары алмастырғыштан немесе бумвинилден жасалады, ашық түріндегі көлемі – 65 х 190 мм. Мұқабасының сыртқы бетінің ортасында алтындалған баспаханалық шрифтімен «КУӘЛІК» сөзі белгіленеді. 3. Куәліктің жапсырмасы жоғары өнімді компьютерлік техниканы, арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы баспаханалық тәсілмен жасалады, жоғары сапалы офсеттік техникада басып шығарылады, басып шығару алдында және басып шығару кезеңінде қолдан жасау және көшіруден көп деңгейлі қорғалады. 4. Куәліктің жапсырмасының негізгі түсі көгілдір. Жапсырмасы екі оң және сол бөліктен тұрады. 5. Жапсырманың сол жағы мемлекеттік тілде толтырылады. Жоғарғы жағында қызыл түсті Arial қою қаріппен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ» жазуы және қызыл түсті Arial қою қарпімен өңірлік палатаның атауы жазылады. Жапсырманың сол бөлігінің сол жағында жеке сот орындаушысының суретін жабыстыруға арналған 3x4 см көлеміндегі орын болады. Жапсырманың сол бөлігінің төменгі жағында өңірлік палата жетекшісінің лауазымы, қол қоятын орны, тегі және аты-жөні көрсетіледі (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп – бас әріп, Arial қарпі). 6. Жапсырманың оң жағы орыс тілінде толтырылады. Жоғарғы жағында қызыл түсті Arial қою қарпімен «РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ПАЛАТА ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» және қызыл түсті Arial қою қарпімен өңірлік палата атауы жазылады. Көк түсті шеңберлі жапсырманың оң бөлігінің сол жағында диаметрі 26 мм екі шеңбермен бөлінген көк түсті дұрыс шеңбер түрінде эмблема бейнеленген. Бірінші шеңбердің ішінде алтын түсті қазақ оюы орналасқан, оның жоғарғы бөлігінде көк түсті ЖСО әріптері және төменгі бөлігінде ЧСИ әріптері орналасқан, олар ЖСО – жеке сот орындаушысы, ЧСИ – частный судебный исполнитель қысқартылған түрі болып табылады. Екінші шеңбердің ішінде төменгі жағы дөңгелектенген, ұшы үшкірленген алтын түсті геральдикалық қалқан орналасқан. Қалқанның төменгі бөлігінде көк түстің үстінен алтын түспен еркіндікті бейнелеген қанатын жайған бүркіт орналасқан. Ортасында төменгі жағы дөңгелектенген, ұшы үшкірленген төрт бұрышты көк түсті геральдикалық қалқан орналасқан, оның ішінде өзара айқастырылған және төмен қаратылған сот әділдігінің екі семсері орналасқан. Қалқанның үстіңгі бөлігінде заңдылықты, тараптардың теңдігін және сот билігін көрсететін көк түсті таразы бейнеленген. Жапсырманың оң бөлігінің төменгі жағында лицензияның нөмірі және берілген күні (цифрлармен, қара түсті баспа әріптерімен толтырылады, бірінші әріп – бас әріп, Arial курсивті қарпімен). 7. Жапсырманың сол және оң бөліктерінің оң жағында ортада куәліктің нөмірі (цифрлармен, қызыл түсті баспа әріптерімен жазылады, Arial қарпі), жеке сот орындаушысының тегі (қара түсті бас баспа әріптерімен жазылады, Arial қарпі), аты, әкесінің аты (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп – бас әріп, Arial қарпі), атқарушылық округінің атауы (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп – бас әріп, Arial курсивті қарпі). 8. Жеке сот орындаушысының куәлігіне қол қойғаннан кейін фотосуреттің төменгі оң жақтағы бұрышта өңірлік палата мөрінің бедері қойылады, содан кейін сыртқы беті ламинатталады және сыртқы бетімен куәлік мұқабасының ішкі жағына жабыстырылады. 9. Белгіленген ресiмдердің қойылған талаптарына сәйкес келмейтін, түзетiлген жері және тазарту болған куәліктер жарамсыз болып есептеледi.». Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы №357 бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №296 бұйрығына 2-қосымша Жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі Жеке сот орындаушысының жеке мөрінің сипаттамасы: 1. Жеке сот орындаушысының жеке мөрі (бұдан әрі – мөр) арнайы құрал-жабдықпен жасалады, жасандыларынан жоғары дәрежеде қорғалуымен, ұзақ мерзімділігімен және бояғыштарға төзімділігімен сипатталады. Мөрдің диаметрі 40 мм құрайды. 2. Жеке сот орындаушысының мөріндегі барлық жазулар мемлекеттік тілде жазылады. 3. Жеке сот орындаушысы мөрінің мәтіні жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атауынан, жеке сот орындаушысының атқарушылық округінің атауынан, жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің атынан, лицензия нөмірі мен берілген күнінен тұрады. Жеке сот орындаушысының тегі, аты және әкесінің аты жеке басын растайтын куәлігіне сәйкес жазылады. 4. Мөр мәтінінде үш жиек бейнеленген. Бірінші жиектің (сыртқы) сызығының қалыңдығы 0,4 мм құрайды. Екінші жиек сызығының қалыңдығы 0,25 мм құрайды. Үшінші жиек сызығының қалыңдығы 0,35 мм. құрайды. 5. Екінші және үшінші жиектердің арасында: жоғарғы жағында бас баспа әріптерімен Tahoma қарпімен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атауы; ортасында екі бүйірінен сегіз бұрышты жұлдыздар; төменгі жағында цифрлармен, бірінші әрпі – бас әріп, Tahoma қарпі лицензияның нөмірі және берілген күні бейнеленеді. 6. Үшінші жиектің ішінде жоғарғы жағында баспа бас әріптерімен Tahoma қарпімен жеке сот орындаушысының атқарушылық округінің атауы; ортасында екі шеңбермен бөлінген көк түсті дұрыс шеңбер түрінде белгі бейнеленген. Бірінші шеңбердің ішінде алтын түсті қазақ оюы орналасқан, оның жоғарғы бөлігінде көк түсті ЖСО әріптері және төменгі бөлігінде ЧСИ әріптері орналасқан, олар ЖСО – жеке сот орындаушысы, ЧСИ – частный судебный исполнитель қысқартылған түрі болып табылады. Екінші шеңбердің ішінде төменгі жағы дөңгелектенген, ұшы үшкірленген алтын түсті геральдикалық қалқан орналасқан. Қалқанның төменгі бөлігінде көк түстің үстінен алтын түспен еркіндікті бейнелеген қанатын жайған бүркіт орналасқан. Ортасында төменгі жағы дөңгелектенген, ұшы үшкірленген төрт бұрышты көк түсті геральдикалық қалқан орналасқан, оның ішінде өзара айқастырылған және төмен қаратылған сот әділдігінің екі семсері орналасқан. Қалқанның үстіңгі бөлігінде заңдылықты, тараптардың теңдігін және сот билігін көрсететін көк түсті таразы бейнеленген, төменгі жағында жеке сот орындаушысының тегі баспа бас әріптерімен Tahoma қарпімен, аты және әкесінің атының бірінші әрпі бас әріппен, Tahoma қарпімен жазылады. Ескерту: Жеке сот орындаушысының бекітілген куәліктегі және жеке мөрдегі мәліметтері өзгерген жағдайда, жеке сот орындаушысы он бес жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістер енгізеді және олар әзірленгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жеке мөрінің баспа-таңбасын міндетті түрде ұсынумен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына хабарлайды. Ескі үлгідегі куәліктер мен мөрлер олардың қолдану мерзімі өткенге дейін қолданыста болады. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы №357 бұйрығына 4-қосымша Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидаларына қосымша Нысан ____________________________________ (палатаның атауы) Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының комиссия отырысында бекітілді _____ жылғы «___»_________ № _______ хаттама Өңірлік палатаның басшысы ____________________________________ (А.Ә. (бар болған жағдайда) Т., қолы) Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды Тағылымдамадан өтушi ________________________________________ (толық А.Ә. (бар болған жағдайда) Т.) 20__жылғы «__»______ жасалған № ___ тағылымдамадан өту туралы шарттың негізінде тағылымдамадан өтті. Жеке сот орындаушысы ________________________________________  (толық А.Ә. (бар болған жағдайда) Т., 20__жылғы «__»____ №___ лицензия) тағылымдама жетекшісі болып тағайындалды. Тағылымдамадан өту мерзімі 20__жылғы «__»____бастап 20__ жылғы «__»_______ дейін ________ белгіленген. Тағылымдамадан өту кезінде тағылымдамадан өтушi _______________ (толық А.Ә. (бар болған жағдайда) Т.) тағылымдамадан өтудің бағдарламасын және жеке тағылымдама жоспарын толық орындады. Тағылымдама жетекшісі _____________________________________(қолы, аты-жөні, тегі) М.О. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы №357 бұйрығына 5-қосымша Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасына 1-қосымша Нысан _________________________ (аумақтық орган) _________________________ _________________________ Ескерту ______________________________________________________________________________________________ (қызметін жүзеге асыратын атқарушылық округтің ______________________________________________________________________________________________ әкімшілік-аумақтық бірлігі, кеңсенің орналасқан мекенжайы көрсетіледі) жеке сот орындаушысы ретінде қызмет атқаратындығы туралы. Осы ескертуге мыналарды қоса беремін: _____________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ _____________ _________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда) 20__ж. «__» __________ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы №357 бұйрығына 6-қосымша Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасына 2-қосымша Нысан ____________________ (қаласы) облысы жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу кітабы № р/р Жеке сот орындау­­шы­сының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Жеке басты куәлан­дыратын құжаттың нөмірі және берілген күні Мемлекет­тік лицен­зияның нөмірі және берілген күні Жеке сот орынд­аушыларының республикалық палатасының мүшелігіне кірген күні Есептік тіркеуге қойылған күні Жеке сот орындаушы сының кеңсесі орналасқан жері Жеке сот орындаушысының үйінің мекенжайы Жеке сот орындау шылары­ның респу­б­ликалық палат­а­сының мүше­лі­гінен шығарылған күні Есептік тіркеу­ден алынған күні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 13 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13784 болып енгізілді.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Қазақстанның футболшылары 6-топта өнер көрсетеді

12.12.2018

Сабина Бақатова Минскіде күміс медаль алды

12.12.2018

Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері марапатталды

12.12.2018

Маңғыстауда биыл 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді

12.12.2018

Ақтауда «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі және «Адалдық дүкені» ашылды

12.12.2018

Time журналы Жамаль Хашогги мен журналистерді «Жыл адамы» деп таныды

12.12.2018

Орал-Тасқала-РФ шекарасы бағытындағы күре жол пайдалануға берілді

12.12.2018

«Қамқоршысы жоқ қарт адамдарға көмек беру» акциясы ұйымдастырылды

12.12.2018

Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толды

12.12.2018

Франциядағы теракт кезінде 4 адам мерт болды

12.12.2018

«Русский силуэт» бәсекесінде жеңіске жетті

12.12.2018

Ұлттық ұлан өнерпаздары мерекелік концерт өткізді

12.12.2018

Алексей Ут­киннің жеке көр­­месі көрерменге жол тарт­ты

12.12.2018

Павлодар облысында 72 көше, 7 ауылдың атаулары өзгерді

12.12.2018

Атырауда ұн тартатын диірмен іске қосылды

12.12.2018

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге қолдау артады

12.12.2018

Қостанайда Ғафу Қайырбековтың 90 жылдығы аталып өтті

12.12.2018

Қарапайым түсінік

12.12.2018

Ағысқа қарсы жүзген жазушы

12.12.2018

Қазақстан тарихы – әлемдік деңгейдегі тарих

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу