Қазақстан-Түрікменстан: Стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті.
Егемен Қазақстан
19.04.2017 2047

Қазақстан Президенті Түрік­менстан басшысын шетелдік мәртебелі мейманға лайықты сәл-салтанатпен қарсы алды. Қазақстан басшысы Гурбангулы Бердымұхамедовті өткен прези­денттік сайлауда жеңіске жетуі­мен құттықтады. 

Шағын құрамда өткен отырыс кезінде Елбасы:

– Біз Сіздің өткен сайлаудан кейінгі алғашқы сапарлары­ңыздың бірін біздің елімізден баста­ғаныңызды жоғары баға­лаймыз. Қазақстанды түрікмен халқы­мен арада әріптестік, тату көршілік және бауырластық қарым-қатынастар байланысты­рады. Біздің қатынасымыз ширек ғасырда өзара сенім мен қол­даудың негізінде қалыптасты. Түрікменстан – Қазақстанның өңірдегі маңызды серіктесі әрі одақтасы. Екі елдің халқы бір-бірімен бауырлас әрі тату көрші. Бізді ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ортақ тари­хи тамыр, тіл мен дін бай­ла­ныстырады. Елдеріміз Тәуел­сізді­гінің 25 жылында қалып­тас­қан өзара түсіністікке, аймақ­тық және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бо­йын­­ша ынтымақтастыққа құ­рыл­ған қатынастар осының белгісі. 25 жыл ішінде біздің ел­деріміздің арасында шешімін тап­паған мәселе болған емес. Қатынастарымызды қалай қалып­тастырсақ, солай жалға­сын тауып келеді. Сыртқы сая­сат­та ынтымақтаспыз, Түрік­мен­­станның халықаралық дең­гейдегі бастамаларын қолд­аймыз, Түрікменстан біздің бастама­ларымызды қолдайды. Мен Сізге шын жүректен табыс тілеймін, барша түрікмен халқына игілік тілеймін,– деді.

Нұрсұлтан Назарбаев жекеле­ген бағыттар, соның ішінде көлік-транзит және энергетика салалары бойынша екіжақты ынты­мақтастықтың дамып келе жатқанын атап өтіп, бұл ретте басқа да салалардың зор перс­пек­тивасы бар екеніне назар аударды. Екі ме­млекеттің бірлесіп іске асырған табысты жобаларының бірі ретінде Қазақстан Президенті Қазақстаннан Түрікменстанға, одан әрі Иранға жол тартатын темір жол желісінің құрылысын мысалға келтіріп өтті.

– Біздің достығымыздың арқа­­сында дүниеге келген ірі жо­б­алардың бірі – Жібек жолы­ның желісімен Қазақ­стан­нан Түрікменстан арқылы Иранға баратын темір жолдың құрылысы. Қазір біз жаңа Жібек жолы туралы айтып отырмыз. Бұл мәселе 15 мамырда Бейжіңде өтетін «Бір белдеу – бір жол» форумында егжей-тегжейлі сөз болады. Бұл – аса маңызды марш­рут, біздің міндетіміз осы келі­сімнің мазмұнын арттыра түсу. Бүгін басқа да тақырыптарды талқылаймыз, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Қазақстан басшысы екіжақты әріптестік аясындағы басқа да маңызды мәселелерге, осы кез­десу барысында қол қойылуы жос­парланған құжаттардың ая­сында қарастырылатын мәсе­ле­лерге тоқталды. Жаһан­дық экономика мен саясаттағы күр­делі кезеңде екіжақты қатынас­тар­ды дамыту үшін Түрік­мен­стан Президенті сапары­ның маңызы жоғары екеніне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев жеке­леген бағыттар, соның ішін­де көлік-транзит және энергетика салалары бойынша екіжақты ын­ты­мақтастықтың дамып келе жат­қанын атап өтіп, бұл ретте бас­қа да салалардың зор перс­пек­ти­васы бар екеніне назар аударды.

– Бүгін біз Қазақстан мен Түрік­менстан арасындағы стра­те­гиялық серіктестік туралы аса маңызды шартқа қол қоямыз. Осы келісімнің арқасында қатынастарымыз дамудың жаңа кезеңіне өткелі тұр. Біз елдеріміз арасындағы шекараға қатыс­ты барлық мәселені шешеміз. Шекараға қатысты түйткілді мәселелер мүлдем жоқ елдер Қазақстан мен Түрікменстан ғана болмақ, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Өз кезегінде Гурбангулы Берды­мұхамедов Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдіріп, Түрікменстанның әрда­йым достық, тату көршілік, өз­ара құрмет қағидаттарын ұста­на­тынын және қазіргі даму кезе­ңінде осы ұстанымдарды бас­шы­лыққа алып, өзге елдермен қарым-қатынас орнатып отыр­ғанын жеткізді.

– Қауіпсіздікке, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге қатысты күн тәр­тібінде тұрған өңірлік және халық­ара­лық мәселелер жөніндегі біздің көз­қ­арасымыз Қазақстан тарапының ұста­нымымен үйлеседі. Біз БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып табылатын Қазақстанның бастама­ларын қолдаймыз. Бұл – барша дүние жүзінде тұрақтылық, қауіпсіздік және бейбітшілік орнату деген сөз, – деді Гурбангулы Бердымұхамедов.

Түрікменстан Президенті екі ел қатыс­қан бірлескен халықаралық жоба­лар­дың қатарында Түрікменстан – Қазақ­стан – Өзбекстан – Қытай газ құбыры бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, жоға­рыда Нұрсұлтан Назарбаев тілге тиек еткен Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір жолына да тоқталды. Бес мем­лекет­тің ара­сында жатқан кәрі Каспийдің қанша­лықты зор маңызға ие екендігін айтты.

Салтанатты кездесуден соң екі мемле­­кет де­л­егацияларының қатысуы­мен ке­ңей­­­тіл­ген келіссөздер өтті. Екі ел прези­дент­­тері ха­лық­аралық саясат, екіжақты ын­­ты­­мақ­­тас­тық, өңірлік өзара іс-қимыл, мә­­де­­ни-гума­ни­тарлық және әлеуметтік са­л­а­ла­р­­дағы ын­ты­­мақтастық мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, кеңейтілген құрамдағы келіссөздер аяқталған соң Қазақстан мен Түрікменстан елдерінің басшылары бұқаралық ақпарат құралдары алдында мәлімдеме жасады.

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел премьер-министрлерінің орынбасарлары төраға­лық ететін Экономикалық ынты­мақ­тас­тық жөніндегі үкіметаралық комис­сия екіжақты ынтымақтастықтың негіз­гі мін­­дет­теріне қол жеткізу барысын­да ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Келіс­­сөздер барысында тарап­тар шарт-құ­қық­тық базаны жетіл­діру­ге, кәсіп­орын­­­дар­дың екі елдегі ірі инфра­құры­лым­­дық жобаларға қаты­суына, сон­дай-ақ, кө­ліктік-транзиттік саласын­дағы өз­ара іс-қимылға назар аударғанын айтты.

– Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір жолының іске қосылуын көліктік-транзит­тік өзара іс-қимыл саласындағы тарихи оқиға деуге болады. Өзара тауар айна­лымын ұлғайту ісінде екі елдің кәсіп­к­ер­лері осы артықшылықты пайда­лана білгені жөн, – деді Қазақстан басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев келіссөздер барысында су-энергетика саласы және Аралды құтқаруға арналған халықаралық қор қызметін жандандыру мәселесі арнайы қозғалғанына да назар аударды.

– Орталық Азиядағы шекаралас өзен­дердің су ресурстары ортақ игілік болып табылатынын тағы да мақұлдадық. Олар­ды орнымен пайдалану ондаған мил­лион адамның тағдырына әсер етеді. Биыл Аралды құтқаруға арналған халық­ара­лық қорға төрағалық ету міндеті Түрікмен­стан­ға көшті, – деді Қазақстан басшысы.

Түрікменстан Президенті Гурбан­гулы Бердымұхамедов өз сөзінде Қазақ­станның білім беру саласына ерекше көңіл бөлетінін, бірқатар түрікменстандық студенттер біздің елімізде білім алып жатқанын атап өтті. Ол қазақстандық жастарды Түрікменстанның жоғары оқу орындарында білім алуға шақырды.

– Сіз білім беру саласына ерекше көңіл бөлесіз. Бүгінде түрікмен жастарының үлкен тобы Қазақстанда білім алып жүр. Қазақстандық жастар да Түрікменстандағы ЖОО-ларда білім алғанын қалар едік,– деді ол.

Сонымен қатар, Гурбангулы Берды­мұхамедов ірі спорт шараларында Қазақ­станның тәжірибесін үйренуге ниетті екендігін жеткізді. Жабық ғимарат­тағы Азия ойындары биылғы жылдың қыр­күйек айында Түрікмен­стан астанасы – Ашғабад қаласында өтетіні белгілі. Оған Азияның 45 елінің, Австралияның және Мұхит аралдарын­дағы елдердің спортшылары қатысып, 21 спорт түрі бойынша бақ сынамақ. Осыны тілге тиек еткен Гурбангулы Бердымұхамедов Қазақстанның Қысқы Азия ойындарын, қысқы Универсиада жарыстарын өткізген тәжірибесін ескеру керектігін айтты.

Екіжақты кеңейтілген отырыс қоры­тындысы бойынша Қазақстан Респуб­ликасы­ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды. Атап өтер болсақ, Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Страте­гиялық серіктестік туралы шартқа, Қазақ­стан Республикасы мен Түрікмен­­стан арасындағы Қазақстан – Түрікмен­стан мемлекеттік шекарасын белгілеу туралы келісімге қол қойылды.

Стратегиялық серіктестік туралы шартқа тоқталар болсақ, мұндай құжат бұрынғы кеңестік кеңістіктегі интегра­циялық бастамаларға ерекше көзқа­растағы және бейтараптық қағидатын ұстанатын елмен арада қол қойылып отырғанымен маңызды. Осылайша, жаңа құжат алдағы уақытта іргелес екі елдің ынтымақтастығына серпін беретінін, Түрікменстанның аймақтық үдерістерге белсене атсалысатынын көрсетеді.

Екіншіден, Түрікменстанмен арадағы мемлекеттік шекараны демаркациялау туралы шарт – аса маңызды құжат. Өйт­кені, Қазақстан Орталық Азия мем­ле­кет­терінің ішінде алғашқы болып түрік­мен елімен осындай шартқа қол қойып отыр. Бұған дейін Қазақстан Ресей Фе­де­­рациясымен, Қытай Халық Респуб­лика­сымен, Өзбек­стан Республика­сымен, Қыр­ғыз Респуб­ли­касымен және Түрікменстан­мен мем­лекеттік шекараны делимита­циялау (шекараны картада анықтайтын) туралы келісімдерге қол жеткізген болатын. Ал Қазақстанның күні кешеге дейін шекарасын Қытаймен ғана демаркациялағанын (шекараны сол жерде белгілейтін) айта кетейік.

Кеңейтілген отырыс нәтижесі бо­йынша, сонымен қатар, Қазақстан Рес­пу­б­­ликасының Үкіметі мен Түрік­мен­стан­ның Үкіметі арасындағы Қазақ­стан – Түрікменстан үкіметаралық комис­сиясы туралы келісімге, Қазақ­стан Респуб­лика­сының Үкіметі мен Түрік­мен­станның Үкіметі арасындағы Құпия ақпараттарды өзара сақтау туралы келісімге, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Түрік­мен­стан Сыртқы істер министрлігі арасын­дағы 2017-2018 жылдарға арнал­ғ­ан ынтымақтастық жөніндегі бағдар­ламаға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Түрікменстан Қаржы министрлігі арасындағы қылмыстық жолмен түскен кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржылан­дыруға қарсы күрес саласындағы өзара іс-қи­мыл туралы келісімге, Астана мен Аш­ғабад арасында бауырластық байла­ныс орнату туралы келісімге, Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Түрікмен­станның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан басшысы екі ел президент­терінің күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті тақырыптарды талқыла­ғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Прези­дентін Қазақстан Республи­ка­сына мемле­кеттік сапарының аясын­да І дәре­желі «Достық» орденімен марапаттады.

Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»

Суреттер Президенттің баспасөз
қызметінен алынды


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.08.2018

Азиада-2018: су добынан Қазақстан қыздар командасы қытайлықтардан ұтылды

16.08.2018

Футболдан УЕФА суперкубогының финалы Ыстамбұлда өтеді

16.08.2018

Партия өкілдері «Ақтау теңіз портының» жұмысымен танысты

16.08.2018

Нұрлан Ноғаев: «Мектеп сауда орны емес»

16.08.2018

Мәулен Әшімбаев Астанада партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді

16.08.2018

Астанада «Таңғажайып Қытай» атты фотокөрме ашылды (ФОТО)

16.08.2018

АҚШ-тың әйгілі кәсіпқой боксшысы Рой Джонс Рудныйда рэп оқыды

16.08.2018

«II Абай оқулары» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

16.08.2018

4 қыркүйекте Пәкістанда президенттік сайлау өтеді

16.08.2018

Нұрғали ОРАЗ. «Соавтордың» соры

16.08.2018

Түркістан облысында «Бұ­л – біздің таулар!» фес­­тивалі өтті

16.08.2018

Илья Ильиннің бала күнінен естелік

16.08.2018

«Қызыл сызықтан» асқандар қадағалана ма?

16.08.2018

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға жоғарылады

16.08.2018

Абай ауылы алған асулар

16.08.2018

Ажал аузынан аман қалған

16.08.2018

«Қазақфильмнің» жүзден астам кинокартинасы ТМД мен Шығыс Еуропаның ірі видеосервисіне шықты

16.08.2018

Үстел теннисшілерінің әлемдік рейтингі жаңартылды

16.08.2018

Қостанайда Қытай тракторлары құрастырылады

16.08.2018

Головкин мен «Канело» 26 тамыз күні Лос-Анджелесте ашық жаттығу өткізеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу