Қазақстанда жастардың 79,6%-ы діни көзқарасты жақтайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Әйелдер ұйымдарының жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алудағы рөлі» атты республикалық конференцияға қатысты.
Егемен Қазақстан
21.04.2017 4304

Конференцияға Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, діни бірлестіктердің өкілдері, студент жастар мен сарапшылар қатысты.

Мемлекеттік хатшы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдауында діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу жөнінде жұмыс жүргізу қажеттігі туралы міндеттер қойғанын және бұл жұмыстарға үкіметтік емес сектор мен діни бірлестіктерді белсенді атсалысуға шақырғанын атап өтті.

Бүгінде Қазақстандағы жастардың саны 4 млн. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мәліметі бойынша, қазір жастардың 79,6%-ы діни көзқарасты жақтайды. Олардың арасындағы дінді белсенді ұстанушылар үлесі – 9,9%.

2013 жылдан бастап Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия дін істері жөніндегі өкілетті органмен бірлесіп, еліміздің 10 өңірінде «Әйел және дін» атты жобаны жүзеге асырып келеді.

Мемлекеттік хатшы жаһанданып келе жатқан әлемде сын-қатерлер үдеп тұрған қазіргідей кезеңде зайырлы Қазақстанның басты міндеті діни экстремизммен күрес саласындағы сындарлы әрі тиімді мемлекеттік саясат жүргізу болып саналатынын атап өтті.

Діндар адамдардың радикалдануына ықпал ететін негізгі ақпарат көзі интернет болып отыр. Биылғы бірінші тоқсанда қазақстандық интернет кеңістікте терроризм және экстремизм идеяларын тарату бағытындағы 100 мыңнан астам дерек анықталып, оларды жою шаралары жүргізілді. Құқық қорғау органдарының жүйелі жұмысы арқасында былтырғы 6 ай ішінде экстремизм және терроризм нышаны бар 315 қылмыс тіркелген. 12 экстремистік актінің жолы кесілді. Мемлекет тарапынан халықтың түрлі топтарының арасында мақсатты түрде алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Дәстүрлі емес діни бағытты ұстанушылардың 32%-ы арнаулы сауықтыру шараларымен қамтылды.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы Қазақстан Республикасындағы іс-қимылдың 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы арқасында ел тұрғындарының шамамен 90%-ын қамтыған түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді. Сәлафийлік ағымның 70-ке жуық жетекшісі мен белсендісінің Қазақстан қоғамының құндылықтарына деген көзқарасындағы қателіктерді түзетіп, дәстүрлі түсінікке оралуына жағдай жасалды. Шетелге өтіп кетіп, террористермен бірге әскери іс-қимылдарға қатыспақ болған 91 қазақстандықтың жолына тосқауыл қойылды. Террористік және діни-экстремистік сипаты бар қылмысы үшін 123 адам сотталып, жазасын өтеуде.

Гүлшара Әбдіқалықова жастар мен әйелдердің бойында діни экстремистік ұйымдардың насихаттарына қарсы тұратын берік иммунитет қалыптастыру қажеттігі қазіргі маңызды міндет болып саналатынын атап өтті.

Іс-шара соңында Мемлекеттік хатшы әйелдер мен жастар арасындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бірқатар нақты міндеттерді белгілеп берді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.12.2017

Елбасы ТМД елдерімен автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күресті қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялады

15.12.2017

Дәурен Абаев ақпарат саласының үздіктерін марапаттады

15.12.2017

Мемлекет басшысы ҚР мен ХҚҚДБ арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялады

15.12.2017

Шымкентте Тәуелсіздік күні 558 отбасы қоныс тойын тойлады

15.12.2017

Қанат Ислам «Құрмет» орденімен марапатталды

15.12.2017

Астанада бес жылға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр

15.12.2017

ҚХЛ жұлдыздары матчының 70%-ға жуық билеті сатылды

15.12.2017

Тәуелсіздік күніне Атырау облысында жаңа демалыс саябағы ашылды

15.12.2017

ҚХА құттықтауы

15.12.2017

Газ транзиті де, экспорт та ұлғайды

15.12.2017

Самұрық-Қазына: бесжылдық дамудың көкжиектері

15.12.2017

Жаңаша экономикалық ойлау – Елбасы феноменінің бір қыры

15.12.2017

Қазынасы мол елді инвестордың өзі іздеп келеді

15.12.2017

Ұлы Дала халқының құрамдас бөлігі

15.12.2017

Алматыда «Қазақ деректі киносы күндері» аяқталды

15.12.2017

«Қайт, қазақ Отаныңа!»

15.12.2017

ШҚО-да роботтандырылған хирургия орталығы ашылады

15.12.2017

Барқыт үннің иесі

15.12.2017

Төрқаланы тұғырға қондырған қалам

15.12.2017

Тәуелсіздікке үлес – барлық мүддеден биік күрес 

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Елдіктің киесі

«Қазақ елі үшін ең басты құндылық не?» десе, мың-миллиондаған отандастарымыз: «Ол біздің алтыннан да ардақты, күмістен де салмақты Тәуелсіздігіміз!», деп жауап қатары шүбәсіз.

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Намыс туралы нақыл

Ата-бабалардан мирас болып жет­кен Ұлы Даланың түпкі тари­хына­ бармай, ХХ ғасыр басында, тура 100 жыл бұрын Ресей патша­лығы құрдымға кетуге таяп, ақ пен­ қызыл айқасқан кеңестік жаңа импе­рия күш ала бастаған шақта, 1917 жылы 5-12 желтоқсанда Алаш қай­раткерлерінің Алашорда автономиясын құру қадамы сан ғасыр­дың қойнауында қайнап піскен ұлттық намыстың тәуелсіз ел болуға ұмтылысының басы еді. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Әділеттің ақ жолынан Трампша аттау

Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің ас­та­на­сы дегенді мойындап, АҚШ ел­шілігінің Тель-Авивтен сол қалаға кө­шірілетінін мәлімдеді. Үстіміздегі жылдың маусым айында ғана елші­лікті көшіруді кейінге қалдырған Трамп­тың бұл шешімі қандай да бір қы­сы­мның күштілігінен екені көрініп тұр.   

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Дарын мен қарым

Дарын – тағдырдың сыйы. Ұстай алсаң құстай ұшасың, ұстай алмасаң мұрттай ұшасың. Ұстай алғанның қарымы зор. Бағы биік. Затына қарай аты, еңбегіне қарай өнбегі телегей теңіз. Ұстай алмағанның ұсқыны кірмейді. Қадамы ілгері жүрмейді. Қанша жетектегенмен, қамқорлық көрсеткен кері кетіп, күндердің күнінде күлкіге айналып, көлденең «кермеге» ұрына береді. Мұны өмір сабағына көз жібергенде көріп-біліп отырмыз.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Абыздар мен Алыптар

Кезінде қазақ әдебиетінің классик ақсақалы Ғабит Мүсіреповтің «Социалистік Қазақстан» газетінде шыққан «Дәстүр және жаңашылдық» деген мақаласы жан сарайын өзі айтатын есрафіл самалындай желпіп, зиялы қауым мен жазушы жамағатқа кеңестік тымырсықтың көбесін сөккен сәуледей әсер етіп еді. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу