Қазақстандағы кәсіпкерлердің 3%-ы өз өнімдерін шет елге шығарады

«Іскерлік ахуал–2016» әлеуметтік зерттеуінде өткізу нарығының көрсеткіштері анықталды, деп жазады "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы.

21.04.2017 2221

Сауалнамада шығарылатын өнімдер ішкі нарық пен сыртқы нарыққа қаншалықты шығарылатыны анықталған. Зерттеу қорытындысы бойынша өнімдерді сыртқы нарыққа шығару айтарлықтай төмен.

Еліміздегі кәсіпкерлердің 73% өнімдерін тек өздері тұрақтаған өңірлерге ғана өткізеді. Ал кәсіпкерлерлің 16,1% өнімдерін еліміздегі көршілес өңірлеріне жеткізеді, ал 8,1% бүкіл Қазақстанға таратады.

Отандық кәсіпкерлердің шамамен 3% ғана жақын және алыс шет елге, оның ішінде ЕАЭО елдеріне экспорттайды.

Ресей Федерациясымен шекаралас өңірдің, атап айтқанда Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары кәсіпкерлерінің ЕАЭО елдеріне экспорттауы өзге өңірлермен салыстырғанда жоғарырақ. Қостанай облысы кәсіпкерлерінің 2,5% Қазақстан мен ЕАЭО елдеріне экспорттаса, Солтүстік Қазақстан облысында – 2,6%, ал Павлодар облысы кәсіпкерлерінің 3,5% ЕАЭО елдеріне шығады.

Алайда, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстары кәсіпкерлерінің ЕАЭО елдеріне экспортқа шығу көрсеткіші 1%-дан төмен. Жақын шет елдерге экпорттау көрсеткіші Астана қаласы, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында жоғары. Ал алыс шетелге өнімдерін жеткізеде Ақтөбе (4,1%) мен Жамбыл (2,3%) облысы белсенді. Ал үштікті Шығыс Қазақстан облысы тәмамдайды. Бұл облыстағы кәсіпкерлердің 1,4% алыс шетелге экспортқа шығады.

КОЛУМНИСТЕР

Гүлзейнеп Сәдірқызы,

Ең ауыр күнә

Ана құрсағындағы шара­на­ның 18 күнде жүрегі соғып, 8 апта­да айналасындағы тір­ші­л­ікті се­зе бастайды екен. Ал 12 апта­да саусағын сорып, ба­сын қимылдатады. Міне, сол кеу­де­сі­не жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қау­іпті, жасалатын қиянатты сез­генде жиырылып қарсылық көр­сететін көрінеді. Демек, әйел ағ­­засында жүріп жатқан табиғи қа­лыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тас­тау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс де­се де болғандай. Өйткені, Ис­лам дінінде кісі өлтіру ең ауыр кү­нә болып есептеледі. Ал ана құр­са­ғындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..

Самат МҰСА, «Егемен Қазақстан»

Ұлттарды ұйыстырудың ұтымды үлгісі

1995 жылғы 1 наурызда Мемле­кет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, Президент жанынан басты міндеті мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы әріптестік негізінде этностар мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, тиімді этносаралық іс-қимыл жүргізу, біртұтас саяси, құқықтық, мәдени орта қалыптастыру болып белгіленген жаңа консультативті-кеңесші орган құрылды.

Айбын ШАҒАЛАҚ, "Егемен Қазақстан"

​Елбасы һәм елдік жобалар

Ғасырға бергісіз осы 25 жылдың ішінде біз санамыздағы «сарысулардан» арылып, еңсемізді тіктедік, елдігіміздің іргесін бекіттік. Отарлық саясат құрдымға жібергісі келген ұлттық құндылықтарымызбен қау­ыштық. Дініміз бен діліміз қайта жаң­ғырды. Тағдыр жазуымен түрлі кезеңдерде киелі Қазақ жеріне келіп тұрақтаған ұлыстардың ынтымақ-бір­лігі нығайып, біртұтас халық ретінде қалыптасуға бет алды. Оның бүгінгі айқын көрінісі – Елбасының Мәңгілік Ел идеясының Қазақстан қоғамы тарапынан дұрыс қабылдануы және осы мұрат жолында ұйыса бастауы.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

​Тарих кені – туған жер

«Қазағымның көп тарихы Көк­шеде, қаланып тұр Оқжетпестей текшеге»... Осыдан біраз жылдар бұ­рынғы бір өлеңімізде осылай деп­піз. Шын мәнінде де Көкшетау халқымыздың кенен тарихы қат­пар­ланған қасиетті жерлерінің қа­тарынан ойып тұрып орын алатынына сөз бар ма?

Алдан СМАЙЫЛ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

​Ұлтты танып болдық па?

Өткен 25 жылдың ішінде дамыған елдердің үлгісінде технологиялық трансфертті жүзеге асырдық. Алыс-жақын мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды реттедік. Осы үдерістерді қорытындылаған ғылыми орталықтар Қазақстанда экономиканы нарыққа көшіру үрдісі аяқталды деп отыр. Яғни, ендігі кезекте әлеуметтік-рухани, адами-шығармашылық мұрат­тарды сол экономика арқылы баянды етуді шұғыл қолға алу керек.

Пікірлер(0)

Пікір қосу