Қазақстандық жас әнші «Славян базары» байқауында екінші орын алды

Батысқазақстандық жас әнші Ержан Максим Беларусь елінің Витебск қаласында өткен халықаралық «Славян базары» фестивалінің балалар байқауында екінші орынға ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Егемен Қазақстан
14.07.2017 1406

Ержанның ұстазы, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының солисі Дария Бақытованың мәлім еткеніндей, айтулы өнер додасына әлемнің 21 елінен үздіктер қатысып, бақ сынады. Солардың ішінде Қазақстан намысын қорғаған Ержан Максимнің жүлделі орынға ілігуі үлкен жетістік. Бұл - оның табиғи таланты мен еңбегінің, ата-анасы Ербол мен Гүлмираның үздіксіз қолдауының нәтижесі.

Бұл - Ержан Максимнің халықаралық байқаудағы кезекті жеңісі. Ол жеті жасында Мәскеуде өткен «Бегущая по волнам» фестивалінің, содан кейін өткен жылы жазда Алматыда халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының, қыркүйекте Грузияның Батуми қаласында «Дельфин Фэст» байқауының бас жүлдесін иеленген болатын. Ал 2016 жылғы желтоқсанда тоғыз жасар Ержан Максим Ригада өткен жас орындаушылардың бесінші «Riga Symphony 2016» халықаралық фестивалінде үш дүркін жүлдегер атанды. Онда оралдық жас дарын авторлық ән мен әлемдік хиттен бірінші, халықтық әннен екінші орынды иеленіп, үш бірдей медальға қол жеткізген еді. Ал биылғы мамырда Италияның Сан-Ремо қаласында өткен жас орындаушылардың халықаралық фестивалінде бірінші орынға ие болды.

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2018

Алматыда қарт адамдарды қолдауға бағытталған карта қабылданбақ

21.02.2018

Бауыржан Байбек: Жаңа автобус алған тасымалдаушыларға 15 млрд теңге көлемінде демеу қаржы бөлінеді

21.02.2018

Жерге қатысты заң мақұлданып Сенатқа жолданды

21.02.2018

Нұрлан Ермекбаев: Мемлекет дін мен сенімге қарсы емес

21.02.2018

Дмитрий Голобурда ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды

21.02.2018

Қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды

21.02.2018

Астанада балалар өнер мектебі түлектерінің шығармашылық көрмесі өтті

21.02.2018

Б. Сағынтаев азаматтық авиацияны дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

21.02.2018

Министрлік «Егеменде» жарияланған мақалаға жауап берді

21.02.2018

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі және аутизммен ауыратын балаларды оңалту орталықтары ашылады

21.02.2018

«Спортинг» – «Астана». Жауапты ойынның жауапкершілігі

21.02.2018

Өскеменде «Жас кәсіпкер» атты бизнес-жобалар байқауы өтті

21.02.2018

«Жолдарда жемқорлықты төмендетудің 10 қадамы» акциясы ұйымдастырылды

21.02.2018

Юлия Галышева: Жүлдегер екенімді елге келгенде шынайы сезіндім

21.02.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

21.02.2018

Қазақстанның латын графикасына көшуі әлемдік БАҚ назарында

21.02.2018

Астаналық жас өнерпаздар латын әліпбиін қолдап флешмоб өткізді

21.02.2018

Атырау облысындағы Сарайшық музейінде заманауи сапар орталығы салынады

21.02.2018

2019 жылы Атырау облысының 99,7 пайызы табиғи газбен қамтылады

21.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Олимпиаданың келесі кезеңіне жолдама алды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Халық тәжірибесі – құндылық

Елшіл қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы «Сәрсенбек» атты романында (1922) бас қаһармандарының аузынан «Қазақ неше жылда нағыз Жапониядай болады», «Қазақ Жапония секілді болу үшін өзінің елдігі өзінде болу керек», «Мыңдаған, миллиондаған қазақтар жұмысшы болып істесе, өз жерінің байлығының рахатын көрген емей немене?! Бұл дегенің адам айтқысыз жаңару болар еді» дейтін пікірлер айтқызады. Ел келешегінің мүбәрак жолын меңзеген нұсқа сөз деп қабылдаған дұрыс.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ

Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Тобасыз тойымсыздарға тоқтам бар ма?

Қазаққа адал қызмет етуді парыз да қарыз санаған ұлт көсемі Әли­хан Бөкейханов: «Алаштың баласы, бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгі­ні өзінде бөлек мемлекет болар» деп­ті. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әлеуметтік әділеттілік жолы

Енді ғана тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысындағы өзінің алғашқы баян­дамасында « МӘМС жүйесін енгізуді бастау үшін үстіміздегі жылы толық­қанды дайындық жұмыстары қам­тамасыз етілетін болады» деп атап көр­сетті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу