Қазақстандықтың қазақша оқуы – қалыпты үрдіс

Қазақ десең өзіңе тиеді дегендей, біз өзі қызық халықпыз. Таңдануға тұрмайтын нәрсеге таңданып, таңдай қағамыз. Өзі де солай болуға тиісті құбылысқа шектен тыс жоғары баға береміз. Асыра мақтап, аспаннан бір-ақ шығарамыз. Айталық, осыдан біраз жыл бұрын бір өзге ұлт өкілінің бүлдіршін қызы қазақ мектебіне оқуға барған екен. Оған деген ризашылықтан қазақ жұртының басы айналып қалғандай болды. Тіпті бұл қылығымыз аз болғандай, сол қыздың құрметіне арнайы ән шығарылып, оны есімі елге елеулі әнші-компазитор ағамыз біраз уақыт бойы әуелете шырқап жүргені де жадымызда қалып қойыпты.
Егемен Қазақстан
05.04.2017 606

Әрине, елімізде тұратын өзге этнос өкілдері балаларының қазақ мектептеріне оқуға құлшыныс танытуы сүйінішті жайт. Алайда, олардың бәрі де жер шарының өзге бір қиырынан Қазақстанға топ етіп түсе қалғандар емес, қазақстандықтар екенін онша ескере бермейтін секілдіміз. Сондықтан, қазіргі кезде мұндай мәселеге таңдай қаға бермей, оған қалыпты әрі солай болуға тиіс үрдіс тұрғысынан қарайтын уақыт келген сияқты. Егер нақты деректер мен дәйектер қажет болса елімізде «Мың бала» атты жоба қолға алына бастағанын да айта кетуге болады. Мәдени-ағарту бағыты мен сипатындағы жарқын жобаның басты ұйытқысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Мұндағы басты мақсат – елімізде тұратын өзге этнос өкілдері балаларының мемлекеттік тілді меңгеруіне жол ашу, оған ықпал жасау болмақ. Осынау ізгілікті істің алғашқы нәтижелеріне де көңіл толатындай. Интернет деректері мен Ассамблея сайтына көз жүгіртсек, бүгінгі күні өзге этнос өкілдерінің 110 мыңға жуық баласы мемлекеттік тілді меңгеріп шыққанын көреміз. Бұл тұтастай еліміз бойынша алғандағы дерек, жағымды жайт. Ал бүгінгі әңгімеміздің басты арқауына айналған мәселенің жай-күйі Ақтөбе аймағында қандай деңгейде? Осынау сауалды Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы атқарушы хатшылығының меңгерушісі Бұлбұл Елеусіноваға қойған едік. Оның қайтарған жауабының түп-төркіні төмендегідей болып шықты. 

Өңірде 18 ұлттық этно-мәдени орталық тіркелген. Олардың жанынан ашылған жексенбілік мектептер он бір жылдан бері жүйелі әрі тұрақты кесте бойынша қызмет атқарып келеді. Көрсетілген қоғамдық оқыту жүйелерінде биылғы оқу жылы оқытудың сапасы мен мемлекеттік тілді меңгертудің тиімді де, оңтайлы әдістеріне көңіл бөлінген. Қазіргі күні 240 балаға мемлекеттік тілде дәрістер оқылуда. Сонымен бір мезгілде этнос өкілдерінің өз тілдерінде де дәрістер тыңдалады. Бұл іс бюджеттік қаражат және әлеуметтік тапсырыс есебінен жүзеге асырылуда. Тағы бір айта кетерлік жайт, елімізде тілдерді оқыту мен меңгерту ісі тек бір ғана «Мың бала» жобасы есебінен жүргізілмейтіні. Бұл жөнінде тұтастай ел бойынша дерек қолымызда болмағанымен, өңірде басқа ұлттардың ішінен 636 бала қазақша оқып жүргенін қапысыз айта аламыз. Сонымен бірге, қазақ тілінде тәрбиелейтін мектепке дейінгі мекемелерде 600-ге жуық тәрбиеленуші бар екені де басы ашық мәселе. Мұның өзін біріншіден, ата-аналардың қалауы мен парызы, Конституция бойынша еркі әрі мемлекеттік тілдің болашағына деген сенімі деп қабылдағанымыз жөн. Екіншіден, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық ұйымы жетекшілері де өзге ұлт этностары арасында мемлекеттік тілге деген қызығушылықты оятуға және тереңдетуге мұрындық болып жүргенін байқадық. Осы орайда жыл сайын олардың бастамасымен өзге этнос өкілдері арасында ұйымдастырылып жүрген «Абай оқулары»,  «Тіл – тұнық ойдың кәусары», «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тәрізді байқаулар мен дөңгелек үстелдердің де тигізген септігі аз болмағаны аңғарылады. Бұл жөнінде газет тілшісіне белгілі қаламгер, қазақ тілі қоғамы облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Жанғабыл Қабақбаев айтып берді.

Медальдың екі жағы бар. Елімізде аз ұлттың өкілдеріне өз тілдерін үйренуі де жан-жақты мүмкіндіктер туғызылғаны – Елбасымыздың сарабдал саясаты мен мемлекетіміздің ізгілігін айқын көрсетеді. Республикамызда 48 мектепте оқыту этностар тілдерінде жүргізілетіні, бұдан бөлек 160-тан астам жексенбілік және лингвистикалық мектептер жұмыс істейтіні алдыңғы пікірімнің дәлелі. Қазақстаннан өзге таяу және алыс шет елдердің тәжірибесінде этностардың туған тіліне деген мұндай қамқорлық пен қолдау көрінісі кездесе бермейді. Осы арада қазағымыздың қасиетті тілі үшін бар күш-жігерін жұмсап жүрген Жанғабыл Қабақбаевтың ой-пікіріне нақты бір мысал мен дәлел келтірудің де орайы келіп тұр. Ресейдегі қазақтар тығыз қоныстанған шекаралас аудандарда жетпісінші жылдардың бас кезіне дейін қазақ мектептері жұмыс істегені мәлім. Соның бірі Саратов облысының Александров-Гай ауданында болғанына куә бола аламыз. Алайда, бұл мектеп жоғарыда аталған кезеңде жабылып қалды. Бүгінде көрші елден бірде-бір қазақ сыныбын таппайсыз. Ал тіл жанашыры айтқандай, мемлекетімізде 48 мектепте оқыту этностар тілдерінде жүргізілуі мемлекетіміздің ізгілік жолындағы қадамының тағы бір айқын айғағы.

Сөз соңында еліміздегі өзге этнос өкілдері ба­лаларының қазақша оқуға ден қоя бастағаны қа­­зақстандық біртектілікті қалыптастырудың бір тұт­қасы екенін айтқымыз келеді. Осы мате­риал­ды жазу барысында Ақтөбе қаласының ір­ге­сін­дегі Бекқұл баба ауылындағы қазақ мек­те­­бі­нің тоғызыншы сыныбында оқып жүрген об­лы­с­та­ғ­ы 636 өзге этнос өкілі баласының бірі Артур Ми­ро­шн­иченконы сөзге тартқан едік. Ол өз тілегін бұ­лай­ша жеткізді:

– Қазақ мектебінде оқып жүргенімді мақтан тұтамын. Баламыз қазақ мектебінде оқысын деп ұйғарым жасаған ата-анама да осы киелі тілдің әліппесін ерінбей-жалықпай үйрете білген ұстазым Жанна Шатыбаеваға да ризашылығым шексіз. Мен өзімнің болашағымды жаныма жақын қазақ тілімен байланыстырамын. Оны үйрену мен меңгеру ауыр әрі күрделі дейтіндер мүлдем қателеседі. Керісінше қазақ тілі ұғынуға өте жеңіл. Өз басым Абай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп жатқа оқығанды жақсы көремін...

Елімізде Артурдай қазақ тілінің қадір-қасиетін терең сезіне алатын жас ұрпақтар көбейе берсін демекпіз.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2017

Елордада көлік қозғалысына байланысты ерекше акция өтті

19.11.2017

Еліміздің басым бөлігінде алдағы апта жаңбырлы болады

19.11.2017

Астанадан Жалтыркөл кентіне автобустар қатынайды

19.11.2017

Түймебаев шетелдік жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті

18.11.2017

ОҚО-да биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн. теңгені құрады

18.11.2017

Үкімет басшысы Жамбыл өңірінің жай-күйімен танысты

18.11.2017

Атырауда ақын Өтеген Оралбаевтың шығармашылық кеші өтті

18.11.2017

Өзге ұлт өкілдері де латын қаріпті көне кітаптарды ұстап көрді

18.11.2017

Оңтүстікте он айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 684 млн теңгеге жуық өнім өндірілді

18.11.2017

ОҚО-да орташа жалақы мөлшері 101 мың теңгеден асқан

18.11.2017

Төрт дүркін чемпион дүркіретіп той берді

17.11.2017

Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

17.11.2017

Сағынтаев оңтүстік өңірлердің аграршыларымен кездесті

17.11.2017

ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

17.11.2017

Үкімет басшысы Жамбылдағы минералды тыңайтқыштар зауытына барды

17.11.2017

«Нұр Отан» партиясында «Көш көлікті болсын» акциясы өтті

17.11.2017

Қыздар университетінің студенті гран-при иегері атанды

17.11.2017

Түлкібаста биыл 31 өндірістік кооператив құрылды

17.11.2017

Назарбаев «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директорымен кездесті

17.11.2017

ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі Кеңесінің отырысы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Коммерциялық кино: ақша һәм арзан күлкі

Немістің атақты кино теоретигі Зигфрид Кракауэрдің «Коммерциялық кино мен көпшілік психологиясы өзара байланысты және ол спираль тек­тес болып келеді» деген пікірі бар. Шынында да, коммерциялық ки­но мен  көпшілік, яғни көрермен пси­хологиясының арасында қандай байланыс бар?   

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Зардабын қателіктің тартқан білер

Кез келген адам шешімі күрде­леніп, бірнеше сот процестеріне ұласатын дауға басын сұға қой­май­ды. Одан өзіне пайда жоқ екенін де біледі. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Күйгелектік қадірді кетіреді

«Қоғамда болып жатқан терең өзгерістерге байланысты біздің тарихқа қайтадан үңіліп, сол кездерден бүгінгі күннің проблемаларынан шығудың жолын іздеп, болашаққа сабақ алуымыз керек», деген еді Президент Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабында. Тарихтан сабақ алу – қай заманда болса да күшін жоймайтын, ескірмейтін маңызды мәселе.        G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                   Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Тілде буын жоқ...

Көп сөйлейміз. Көпіріп. Әңгі­ме­­ні көп айтамыз. Тіл безеп. Ше­шенсиміз. Көсемсиміз. Кеуде ұра­мыз. Біз білеміз дейміз. Біздікі ғана дұрыс. Өзгелердікі сандырақ. Біз ба­тырмыз. Біз ақынбыз. Біздей данышпан халық жоқ. Осының бәрі рас па екен өзі?..

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Түрлі өмірді бастан кешу мүмкіндігі

Оны адамға кітап қана бере алады

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу