Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді

Осы жылдың 11 мамырында Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
05.07.2017 4744

«ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылғы мамырда Қазақстан халқының саны 18 миллион адамға жетті, ал 18 миллионыншы тұрғынның туған күні 2017 жылдың 11 мамырына сай келді», - деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

18 миллионыншы тұрғынның туған күнін анықтау барлық демографиялық оқиғаларды: халқы санының өсім (туу және иммиграция) және төмендеу (өлім және эмиграция) компоненттерін ескере отырып жасалды. Комитет 18 миллионыншы тұрғынды АХАТ органдары 2017 жылғы 11 мамырда тіркеген туу туралы акт жазбалары мәліметтері негізінде қалыптастырылған туған күндер базасындағы балаларды іздеу жолымен анықтады. Кандидатура олардың аналарының тұрғылықты жеріне (қалалық/ауылдық жер), олардың білім деңгейі мен кәсіптер түріне, сондай-ақ жаңа туған нәрестелердің жынысы, салмағы мен бойына қарамастан, тұтастай алғанда республика бойынша анықталды.

Осылайша, Алматы облысы Талдықорған қаласында туған Муслима Саматқызы 18 миллионыншы тұрғын ретінде тіркелгені анықталды. Муслима отбасындағы екінші нәресте. Туған кезде нәрестенің салмағы 3300 грамм, ал бойы 51 см болды. Нәрестенің ата-анасы Талдықорған қаласында тұрады: анасы – Омарханова Диана Ерикқызы – дефектолог, 1991 жылы туған, әкесі – Бестыбаев Самат Еркинбекұлы – мұғалім, 1982 жылы туған.

Облыс әкімі Амандық Баталов Қазақстан Республикасының 18 миллионыншы тұрғыны дүниеге келген Талдықорған қаласында тұратын Бестібаевтар отбасына арнайы барып құттықтап, жас отбасыға 3 бөлмелі пәтер берілетінін айтты.

Елбасының атынан нәрестеге арналған құрал-жабдықтар, атап айтқанда бесік, төсек, коляска, ойыншықтар секілді қажеттіліктерді сыйға тартқан облыс әкімі А. Баталов:

«Еліміздің он сегіз миллионыншы тұрғынының Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында дүниеге келгені – бәріміз үшін ерекше қуанышты оқиға. Демографиялық өсімінің жылдан жылға ұлғайып келе жатқаны халықтың Елбасымыздың салиқалы саясатына, Қазақстанның болашағына деген сенімінің зор екенін білдіреді. Жас ұрпақтың алаңсыз өсіп, білім алуына елімізде барлық жағдай жасалып келеді. Елбасының атынан, Жетісу жұртшылығының атынан осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Кішкентай нәресте аман-сау өсіп, ер жетіп, елдің абыройлы азаматы болсын!», дей келе, қалада күзге таяу пайдалануға берілетін жаңа тұрғын үйден жас отбасына 3 бөлмелі пәтер берілетінін жеткізді.

Муслиманың атасы Еркінбек Бестібаев пен әжесі Бибітай Жасыбаева кішкентай нәрестеге, жас отбасына, жалпы өз әулеттеріне көрсетілген үлкен құрмет пен сый үшін Президентке, облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.04.2018

Мектеп оқушылары «Егеменде» болды

22.04.2018

Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанның жаңа тағайындалған премьер-министрімен телефонда сөйлесті

22.04.2018

Астанада тұрғын үйлерді басқарудың онлайн–жүйесі әзірленуде

22.04.2018

Оралда төртінші мәрте «Ашық әкімдік» шарасы өтті

22.04.2018

Алматыда дәстүрлі қайырымдылық марафон өтуде

22.04.2018

Әзербайжан парламенті елдің жаңа үкімет басшысын бекітті

22.04.2018

Астанадағы сенбілікке 140 мыңнан астам қалалық қатысты

22.04.2018

Қостанайда мемлекеттік қызмет аллеясы болады

22.04.2018

Мақтарал аудандарында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

22.04.2018

Қостанайда болашақ жаңа қаланы дамыту ісі қаралды

22.04.2018

Оралда өрт қауіпсіздігін сақтамаған ойын-сауық және сауда орталығы бір айға жабылды

22.04.2018

Қостанай облысында 21-ші цифрлы  технологиялық IT кабинет ашылды

22.04.2018

Қырғызстанда жаңа премьер-министр сайланды 

20.04.2018

«Smart Zholy» бағдарламасының үздік стартап жобалары анықталды

20.04.2018

23-26 мамыр күндері Астанада «KADEX - 2018» көрмесі өтеді

20.04.2018

Денсаулық сақтау министрі Орал қаласында

20.04.2018

Заңнамаға архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер қаралды

20.04.2018

Дубайдағы инвестициялық кездесуде ОҚО-ның инвестициялық өсу драйвері зерттелді

20.04.2018

Ақтөбеде зиянды қалдықтар тасқыны толастар емес

20.04.2018

ТҮРКСОЙ Шыңғыс Айтматов жылын ашты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Кісілік әліппесі

Жер бетінде сонау да сонау көз жеткісіз, көңіл сенгісіз небір ықылымдардан бері жасап келе жатқан заты адам баласының ең зарлы мақсаты не десе, ол – адам болу дер едік. Түр-сипатыңмен, тәніңмен ғана емес, жаныңмен, алпыс екі тамырыңдағы қаныңмен, бүкіл болмыс-бітіміңмен. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ауылдарды сақтаудың амалы қайсы?

Ауыл халқы азайып барады. Неге? Ешкім­ге ештеңенің керегі жоқ болып кеткен бүгінгідей заманда ол жағын ойлап бас қатырып жатқан да бірде-бір жан жоқ. Бар айтатын уәждері – урбанизация. Бір есептен ол да дұрыс шығар. Қалаларға қарай жа­қындаса ауыл қазақтары да өркениетті өмір­ге араласады, өзгелермен бірге қазіргі за­ман­­ның игіліктеріне ортақтасады. Бірақ... 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Қайырымдылық көмектің қайыры болады

Табиғат апатына немесе соғыс, қарулы қақтығыс салдарынан күйзеліске ұшырап, аштыққа, босқыншылыққа тап болған елдерге қайырымдылық көмек көрсету – халықаралық қоғамдастықтың игі шарала­ры­ның бірі. БҰҰ-ның Халықаралық соты ондай көмектердің азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек түрінде болуын, қару-жарақ түрінде берілмеуін қатаң бекіткен.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тағам сыры: аурудың алдын алу мүмкін бе?

«Ас – адамның арқауы» деп кішкен­тай­ымнан естіп өскен адам ретінде, та­мақ жемесе адамның күші болмайды, жұ­мыс істеуге, өмір сүруге энергиясы жетпейді деп ойлайтынмын.  Бірақ ас­тың да асы бар, оның пайдасы мен зияны туралы шы­найы да, өтірік те, ойдан құрас­ты­рыл­ған да әңгімелерді көп естіп, кейде білмегендіктен сеніп те қалып жүреміз.

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматы: Шағын ауданның астарлы ақиқаты

Алматыда аты жоқ, бірақ, нөмір­­­лен­­ген 12 шағын аудан бар. Шын­туай­­тында, олар 12 емес, барлығын қос­­қанда – 13. Қала сәулетіне билік жүр­гізуші партия қызметкерлері, сірә, жобалау үстінде «шайтанның 12-сін» сес­ көрген-ау, ақырғы шағын ауданды – 10 «А» деп белгілепті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу