Қазақстанның косметикалық бұйымдар нарығының жай-күйі қалай?

​Еліміздің косметикалық нарығында соңғы он жылдан бері өзгерістер елеулі түрде орын алып отыр. Бұрындары жуынатын сабынның қайдан келіп, шығарылып жататындығына мән бермейтін халқымыз енді жасару мен әдеміленудің, бір сөзбен айтқанда, табиғат берсін, бермесін сұлуланудың түп-тамырына үңілгендей.
Егемен Қазақстан
24.03.2017 826

Әлемдегі экономикалық жағдаяттар да осы салаға тікелей әсер етеді. Қандай дағдарыс болмасын және ол қай елде болмасын косметика нарығының сұранысы күннен-күнге артып келеді екен. Дүние жүзі бо­йынша жасартатын косметика қажеттілігі молая түсуде. Иә, кім қартайғысы келеді дейсің?! Тұтынушылар косметика саласындағы жаңашылдықты да қалт жібермей, назарда ұстауда.

Ал біздің салтымызда иіссу, әтір, опа, далап күнделікті ғана емес, мерекелік тарихи маңызы бар дүние. Мәселен, Наурыз тойында жастар бір-біріне «селт еткізер» деп иіссу сыйға тартып жатады. Қазақстанда косметика шығарылмайды емес, шығарылады. Бірақ, өте аз мөлшерде, енді ғана тапыл-тапыл басып аяқтанғандар. Сосын әрине, аттары қазақша емес. Басқа халықтың тілімен аталып кете береді. Мысалы, «Лидл» деген және тағы басқаларды естісең, бұның қай жері қазақстандық деп таңғалуға тура келеді. Енді «Жұпар» деп жазса, әрине, тіпті, ағылшын, латын графикасымен терілсе де, түсінікті ғой қазақ сөзі екендігі. Осыған қарағанда, қазақы ұғым жоғалып бара жатқандай. Мәселен, атақты «Шанель» иіссуы француздық екендігі айтпаса да түсінікті. Француздық демекші, өткен жылы Қазақстанға Франциядан 11, 7 миллион доллардың иіссуы жеткізіліпті. Байқап-бағамдасақ, Қазақстан нарығын Франция мен Ресей косметикалық бұйымдары жаппай жаулап алған.

– Мен қазір Польша косметикаларын саудалауды қойдым, бағасы қымбаттап кетті, – деді кәсіпкер Гүлия Тұржанова, – көбіне Ресей тауарларын сатумен айналысамын.

Десек те, 2016 жылы Франциядан 11,7 млн долларға иіссулар сатып алынып, елімізге жеткізілген. Бірақ, осы Франциядан 2015 жылы 13 млн долларға тауар жеткізілгенін есепке алсақ, онда көрсеткіштің біршама төмендегенін байқаймыз. Ал Ресейден 2016 жылы 11,3 млн доллардың косметикасы әкелінген. 2015 жылы болса, бұл 9,7 млн доллар көрсеткішті құраған. Сондықтан да Франциядан гөрі Ресей тауарларының өтімді болғанын және оны тұтынудың бағамы өскенін байқаймыз.

Ерін далабы сияқты сәндік косметика бойынша былтыр Ресейден 2,8 млн долларға тауар сатылып алынған. Ерінді көркемдеуге Польшадан 1,2 млн долларға, Франциядан 870 мың долларға тауар жеткізілген. Және көз сүрмелері және оның түрлері, тушь, қарындаш сияқтылар бойынша тағы да Ресей алғы орыннан көрінді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Ресейден көз сұлулығы үшін қажетті 3,4 млн доллардың тауары әкелінген. 2015 жылы бұл тауарлар 1,3 млн доллар екен десек, онда бір ғана көз бояулардың тасымалдануының өзі небәрі бір жылдың ішінде екі есе өскенін байқаймыз. Ақжарқын көршіміз Ресейден кейін көз сүрмелеуде Қытай мен Польша тауарлары көш жалғап келе жатыр. Аталмыш елдерден тиісінше 1,4 млн және 1,1 млн доллардың тауары сатып алынған. Мұндай өнімдер елімізге аз-аздап болса да Беларусь, Сирия, Пәкістан, АҚШ, Франциядан да әкелінеді. Аз-аздап олар да өтеді. Ресейден әкелінетін тағы бір тауар – бетті әсемдейтін опа. Өткен жылы көршімізден 600 мың долларға тауар жеткізіппіз.

Иіссуға қайта оралсақ. Бұл салада еліміздің қыз-келіншектерін әсемдеп, көркейтуде Италия, Испания, Швеция, Польша, Түркия елдері де Ресей мен Франциядан қалыспай келе жатыр. Осынау шет елдердің әрқайсысынан 1 млн доллардың иіссулары жеткізілген. Және иіссу саласында Қытайдың үлесі аз екен. Еліміздің тұрғындары 860 мың долларға ғана Қытай әтірлерін алған. Жалпы, косметика нарығы дегеніміз тек қыз-келіншектердің ғана емес, сол сияқты ерлердің, балалардың қажетін өтейтін тауар түрлері болғандықтан, соның бәрі есепке алынып берілген екен мәліметте. Қазақстанға иіссулар Біріккен Араб Әмірлігі, Нидерланд, Жапония, Мексика елдерінен де келіп жетеді. Зерттеушілердің пікірінше, тіпті, Ресей елімен салыстырғанда қазақстандық қыз-келіншектердің косметикаға талғамы ерекше, сұраныстары да жоғары көрінеді. Осыншама сұранысты өтейтін өз елімізде де иіссу шығаратын бір кәсіпорын болса ғой деп ойлайсың, сонда қаншама қаражат өз кәсіпкерлерімізге тиесілі болар ма еді?!

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

СЕМЕЙ


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.05.2018

Қ.Тоқаев: Атырау облысы – ел экономикасының флагманы

23.05.2018

Жаңаөзенде судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

23.05.2018

Маңғыстауда өрт қауіпсіздігі бойынша 77 бекет орнатылды

23.05.2018

Маңғыстаулық полицейлер мұқтаж отбасыларға көмек берді

23.05.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі С.Шойгумен кездесті

23.05.2018

Менингиттен қалай қорғану керек?

23.05.2018

«Баян сұлу» жобасының жеңімпазы анықталды

23.05.2018

Қазақ әдебиеті әлем тілдерінде сөйлейді

23.05.2018

Л.Гирш көпшілікке «Стихи о войне и мире» өлеңдер жинағын таныстырды

23.05.2018

Қазақстан Президенті қорғаныс ведомстволарының министрлерімен кездесті

23.05.2018

Қызылордада жасырын казино ашқан азамат ұсталды

23.05.2018

Сотқа жүгінбей татуласуға болады

23.05.2018

«Петропавл–Қорған» бағытындағы тас жолға 27 миллиард теңге бөлінбек

23.05.2018

Маңғыстауда сот жүйесін жетілдірудің 7 бағыты талқыланды

23.05.2018

Петропавлда омарташы мамандар оқытыла бастады

23.05.2018

Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым сала алады

23.05.2018

«Азаматтарға арналған үкімет» 8 млн адамның цифрлық сауаттылығын арттырмақ

23.05.2018

«Арсеналға» жаңа бапкер келді

23.05.2018

Елбасы V халықаралық «KADEX-2018» көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты

23.05.2018

Алматыда «Жас өркен» жастар орталығы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қызғаныш деген қызыл ит

Заты адам баласымен бірге жасасып келе жатқан, көнермес те көгер­мес сезімдердің бірі – қызғаныш. Адам­ның көзіне шел қапта­та­тын қара қыз­ға­ныштардан кекшілдік пен күн­шілдік, бақас­тық пен бақталастық қоз­дап, неше түрлі қылмыстар жасалып жата­ты­ны да ешкімге құпия емес. 

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматының алмасы. Шырын қайда?..

Алматы жұрты күнде жауған жауын­мен, түнде ұрған суықпен жағаласып жүріп Алатаудың бөктеріндегі биылғы алма бақ гүл шашқан көркем шақтан көз жазып қалған сыңайлы. Содан ба екен, біреу «Биыл алма гүлдеді ме?» десе, біреу «Биыл өзі алма бола ма?» дейді қамығып. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Рух көтерудің жолы

Кейінгі өскелең жас ұрпақты патриот­тық рухта қалай тәрбиелейміз, ертеңгі ел қорғар өрендеріміздің бойына отаншылдық пен патриотизмді, елге, жерге деген сүйіс­пен­шілік сезімін  қалыптастырып, келешекте ержүрек, батыл болып өсулері үшін не істеуіміз керек деп,  жастардың ертеңгі тағдыры мен таңдауына жиі бас ауыртып, жанымыздың жабырқап жататыны рас.

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу