Қазақтың ғарышты игеру арманы

Елбасы еңбегінің нәтижесінде ақиқатқа айналды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап елімізде экономиканың жоғары технологиялық және ғылымды аса қажет ететін секторы – ғарыш саласын құруға нақты қадам жасалды. Нәтижесінде отандық ғарыш техникасы мен технологиясының үлгілерін жасау жолындағы серпінді жұмыстар жолға қойылды.
Егемен Қазақстан
12.04.2017 1012

Қазақстанның ғарышты игеру қадамы неден басталды? Сәл тарихи шегініс. Қазақ КСР Ми­нистр­лер Кеңесінің Төрағасы болып тұрған кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірнеше рет КСРО ғарышкерлер отрядына ілігуге талаптанған қазақстандық ұш­қыш Талғат Мұсабаевқа осы мәсе­лені оң шешуге көмектесті. Сөй­тіп, 1990 жылдан бастап ол кеңес­тік ғарышкерлер отрядында дайындықты бастады. Осы жыл­дың басында Байқоңыр ғарыш ай­ла­ғында Жалпы машина жасау ми­нистрлігінің басшылығымен кездесу кезінде бірінші қазақтың ғарышқа ұшуы туралы мәселе принципті түрде шешілді, ол КСРО-ның еңбек сіңірген сынаушы ұш­қышы, Кеңес Одағының Баты­ры Тоқтар Әубәкіров бол­ды. Ал қазан айында, Тоқтар Әу­бәкі­ров­тің ғарышқа ұшуы кезін­де Қа­зақ­станның ғарыштық экспери­мент­­терінің бірінші ғылыми бағ­дарламасы орындалды. Бұл ұшу – космонавтика тарихында соңғы кеңес ғарышкерінің ұшуы ретінде де қалды.

Қазақ КСР Президенті болып сай­­­ланған Н.Ә.Назарбаев 1991 жыл­ғы 31 тамызда біздің респуб­л­и­ка­­­ның аумағында орналасқан «Бай­­қо­ңыр» ғарыш айлағы Қазақ­с­тан­­н­ың мен­шігі деп жарияланған Жар­­лық­қ­а қол қойды. Бұл КСРО құра­мына кіре­тін республика Пре­зи­денті­нің ба­тыл қадамы болды. Яғ­ни, Прези­денттің Қазақстан ға­ры­­шы­­ның дамуына берген үлкен маңы­зын куәлан­ды­ратын тарихи қадам.

КСРО-ның қирауы және оның ізінше болған ауыр экономикалық дағдарыс адамзаттың ғарыштық дәуірі басталған, ғарышқа бірін­ші Жер серігі ұшырылған және бірін­ші адам – Ю.А.Гагарин ғарышқа шық­қан дүниежүзілік практикалық ғарышнаманың алтын бесігі – «Байқоңыр» ғарыш айлағының алдына «Болу немесе бордай тозу...» деген гамлеттік сұрақты көл­денең тартқаны рас. Оны біз қазір жылы жымиып қана еске алатын шығармыз, ал шын мәнінде жас мемлекет үшін бұл өте ауыр сынақ әрі болашақ үшін таңдау жасаудың жауапты сәті еді. Тек тәуелсіз Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көре­ген саясатының арқасында, шек­тен шыққан күштердің қарсы іс-қи­­мылына қарамастан, эконо­ми­­калық құлдырау жағдайында жал­ғыз дұрыс шешім – «Байқоңыр» ке­ше­нін Ресейге жалға беруге шешім қабылданды.

Мемлекет басшысының тап­сыр­масы бойынша Ұлттық аэро­ғарыш агенттігі «Байқоңыр» кешен­­інің нысандарын түгендеу және техникалық жағдайын баға­­­лау жөнінде орасан зор жұ­мыс атқарды, оның нәтиже­лері «Бай­­­қоңыр» кешенін жал­ға беру шартына негіз болды. Нәти­­же­сінде Ресеймен ұзақ мерзімді және тығыз ынты­­мақ­тас­тықтың нысаны болған, халық­а­ралық ықпалдастыққа жол ашқан «Байқоңыр» ғарыш айла­ғын сақтап қалдық.

Кеңестік ке­­зеңде бастал­ған бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарыш­тық эксперименттерінің ғылыми бағдарламасын тәуелсіз Қазақстан 1994, 1998 және 2001 жылдары Тал­ғат Мұсабаевтың ғарышқа үш рет ұшуы және ұшқыш-ғарыш­кер Айдын Айымбетовтің 2015 жылы ғарышқа ұшуы кезін­де жалғастырды. Қазақстан­дық ғарышкерлердің бұл сапар­лары Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жан-жақты қол­­дауы мен оларды жоспарлауға, дайын­­дауға және кең халық­­ара­лық ынтымақтастық ая­сын­да жүзе­ге асыруға байланысты күр­дел­і қар­жылық және ұйымдық мәсе­лелерді шешуге тікелей қаты­суы­ның арқасында ғана жүзеге асты.

Тәуелсіз Қазақстанның ға­рыш державасы ретінде қалып­тасуы­на бағытталған Мемлекет бас­шысының табанды әрі бұл­жы­майтын саясатының айға­ғы оның «2005-2007 жыл­дарға арналған Қазақстан Респуб­лика­сын­да ғарыш қызметін дамы­ту» бірінші мемлекеттік бағ­дар­­­ла­масын қабылдау туралы Жар­­лық­қа қол қоюы болды. Бұл бағ­дар­л­а­ма­дағы принципті жаңа­лық оған ғарыш кеңістігін зерт­теу бойынша ғылыми жұмыс­тар­мен қатар ғарыш кеңістігін пайда­лану­мен байланысты жоба­лау жұ­мыс­тарының енгі­зіл­гені болды. Осы бағдар­лама­ның шеңберінде «Казсат-1» бай­ланыс спутнигін құру және ұшыру жобасы іске асы­рыл­ды, ғарыш техникасының ар­на­йы конструкторлық-техни­ка­­лық бю­росы құрылды, Жер­ді қа­­шық­­тықтан зондтау ғарыш жү­йе­­сіні­ң, ғылыми-техно­ло­гия­лық мақ­саттағы ғарыш жүйесінің, ға­рыш аппараттарын құрастыру-сы­нау кешенінің, «Бәйтерек» ға­­­рыш зымыран кешенінің жо­ба­лау материалдарын әзірлеу басталды. Сонымен бірге, алғашқы мемлекеттік ғарыш бағдарламасын іске асыруды тіпті ойдағыдай болды деп санауға болмайды. Атқарылған жобалардың арасында тек бір жоба – «Казсат-1» байланыс спутнигін құру және ұшыру жобасы соңына дейін жеткізілді. Алайда, бұл жоба сапасыз орындалды...

Бірінші мемлекеттік ғарыш бағдарламасын іске асырудағы сәтсіз­діктің себептерін сыни тал­дау бұл себептер жүйелік сипатта болғанын көрсетті. Мемлекеттік бағдарламаға біртұтас басшылық болған жоқ, оның іске асырылуына үш ведомство міндетті болды. Білім және ғылым министрлігі ғылы­ми зерттеулермен және жоба­лау материалдарды әзірлеумен бай­ланысты жобаларға жауап берді, Аэроғарыш комитеті «Бәй­терек» ғарыш зымыран кешенін құру жобасына жауап берді, Ақ­па­­рат­тандыру және байланыс агент­тігі «Казсат-1» байланыс спутнигін құру жобасына жауап берді.

Қазақстанның ғарыш қызметін нығайту туралы ақиқат қамқорлық Мемлекет басшысының ғарыш қызметі саласындағы басқарудың дербес мемлекеттік органы ретінде 2007 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлт­тық ғарыш агенттігін құру туралы шешімі болды. Сөй­тіп, Қаз­ғарыштың алдына ел Пре­зи­денті Қазақстанда зама­науи және толыққанды ғарыш саласын құру мақсатын қойды. Мемлекет басшысының Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы бұл шешімі күтілгендей нәтиже бер­ді Оның қызметінің тек 7 жыл ішінде Қазақстан ғарыш қыз­метін дамытуда өзінің ғарыш қызметін дамытушы көптеген елдер үшін ондаған жылдар тең жол­дан өтті. Міне, Қазғарыштың 7 жыл­ғы жұмысының нәтижесінде елі­міздің ғарыш инфрақұрылымы бірың­ғай жетекшілікке топталды, Қазақ­стан Республикасында ға­рыш қызметін дамыту стратегия­сы әзірленді. Ғарыш саласы кә­сіп­­орын­дары­ның ғылыми және ин­женер­лік құрамының білікті кадр тобы қа­лыптасты. Прак­­­тикалық тә­жі­рибе мен дағды алу үшін Ресейдің, Ук­раинаның, Фран­ция­ның және Ұлыбри­та­нияның жетекші ғарыш кәсіпорындарында қазақ­стандық ғалым­дар­дың, инже­нерлер мен конс­трук­тор­лар­дың тағылымдамасы ұйым­дасты­рылды. Отандық спутник­тер­дің екі орбиталық тобы жасалды, ұшырылды және пайдалануға берілді: біріншісі – «Казсат-2», «Казсат-3» екі байланыс спутник­тен тұратын топ және екіншісі – «KazEOSat-1», «KazEOSat-2» екі Жерді қашықтықтан сурет­ке түсіретін спутниктен тұра­тын топ. Жердегі ғарыш инфра­құры­лымының нысандары – «Казсат» байланыс ғарыш жүйесінің жердегі негізгі және резервтегі кешендері, жердегі басқару кешені және ЖҒЗ ғарыш жүйесінің жердегі ке­шені, сондай-ақ жоғары дәлдікті спут­никтік навигация жүйесінің нысандарына құрылысы аяқталды және пайдалануға берілді . Ұлттық ғарыштық зерттеулер және тех­нологиялар орталығы құрылды. 2010-2014 жылдары Орталық 37 ғылыми-зерттеу жобаларын іске асырды, өнертабысқа 5 патент алды. Дифференциалды стан­саларды игеру бойынша тәжі­ри­белік-конструкторлық жұмыстар атқарылды және ҚР ЖСНЖ үшін саны 50 дана ДС алғашқы пар­тиясы шығарылды. Жетекші ға­рыш державалары: Ресеймен, Ук­раинамен, Франциямен, Гер­маниямен, Қытаймен, Үндістанмен, Ұлыбританиямен, Италиямен, Жапониямен, Оңтүстік Кореямен, Израильмен және басқаларымен ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану саласында халықаралық ынтымақтастық орнатылды. Қазақстан Республика­сы­ның «Ғарыш қызметі тура­лы» заңы­ның жобасы әзірленді, оған ел Президенті 2012 жыл­ғы 6 қаңтарда қол қойды.

Осылайша, ғарыш қызметін дамытудың осы кезеңінде отандық ғарыш саласын құруда сапалы жұмыс атқарылды. Зама­науи ғарыш инфрақұрылымы құрылды, ғарыш техникасы мен тех­нологиясының отандық үлгі­лерін жасау ісіне тың серпін берілді.

Қазақстанның ғарыш саласын одан әрі дамыту қарқынына әлем­­дік экономикалық дағдарыс жа­ғым­­­­сыз әсер етті. Осы жағдай­дан шығу­дың шешімі Мемлекет бас­шысы­­ның 2016 жылғы 6 қа­зан­дағы елде аэроғарыш өнер­кәсібін жеделдетіп дамыту мін­деті жүктелген  Қорғаныс және аэроғарыш өнер­кәсібі министр­лігін құру туралы шешімі болды. Құрылған жаңа министрліктің басшы­лығы  Ұлттық ғарыш агент­тігі жинаған қарқынды өрістету үшін орасан күш жұмсауда.

Министрлік отандық орбита­лық спутниктер тобын одан әрі дамыту бойынша, ғарыш техно­логияларының жаңа қосымша­ларын әзірлеу бойынша, ел эконо­микасы салаларының міндеттерін шешу үшін, ғарыш жүйесінің өнім­дері мен қызметтеріне өскелең сұра­нысты қанағаттандыру үшін құ­рылған заманауи ғарыш инф­ра­құрылымын пайдалану тиім­ділігін арттыру бойынша және ғарыш саласының ғылыми-технологиялық базасын дамыту бойынша үлкен және қарқынды жұмыс жүргізуде.

Марат НҰРҒОЖИН,
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі,
Мейірбек МОЛДАБЕКОВ,
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының кеңесшісі


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.10.2017

Су қоймасының беріктігіне екі ел де мүдделі

24.10.2017

«Нұрлы жол» бағдарламасына 2017 жылы 484,2 млрд тг бөлінген

24.10.2017

«Нұрлы жер» – баспаналы болудың елеулі мүмкіндігі

24.10.2017

Фариза феномені

24.10.2017

Қымызды тұңғыш зерттеген қазақ

24.10.2017

Адвокаттық көмек қайткенде қауқарлы болмақ?

24.10.2017

Рухани келісім – орнықты дамудың негізі

24.10.2017

Нәсіптің көзі атакәсіпте

24.10.2017

Ресми бөлім (24.10.2017)

23.10.2017

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

23.10.2017

7 күнде «Сергектің» көмегімен 1300-ден астам бұзушылық анықталды

23.10.2017

Көкшетаулық каратэшілер ел чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

23.10.2017

Моңғолия тауларында 10 альпинист қаза тапты, жетеуі іздестірілуде

23.10.2017

Атырауда заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер талқыланды

23.10.2017

Қасым-Жомарт Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті

23.10.2017

Мың мезет (ой-отау)

23.10.2017

«Шынайы шымылдық» сахна сәнін келтірді

23.10.2017

Шыңғырлауда ұстазға ескерткіш орнатылды

23.10.2017

«Ата, мен қай тілде сөйлеп тұрмын?..»

23.10.2017

Лондон төріндегі қаламгер тойы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Рухани келісім – орнықты дамудың негізі

Тәуелсіздігіміздің елең-алаңында, яғни осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын мемлекеттік дең­гей­де қабылданған шешімдер мен қол­ға алынған бастамалар өзі­нің өмір­шеңдігін көрсете отырып, қо­ға­мы­мыздың игілігіне айнала білді. Әсіресе қоғамды рухани келісімге үнде­ген, татулық пен береке-бірлігі­мізді арт­тыруға бағытталған сауатты да сали­қалы бастамалардың жөні бөлек.

Әйіп ЫСҚАҚ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Нәсіптің көзі атакәсіпте

Халқымыз төрт түлік өсіруді атакәсіптің біріне, тіпті бірегейіне балаған. Тіршіліктің нәрі, көзі деп ұққан. Содан болар, ауыл адамдары амандасқанда «мал-жан аман ба?» деп хал-жағдай сұрасып жатады. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қаржы жүйесіндегі тарихи шешім

Алпауыт ел Америка Құрама Штат­тары­ның экономикасы қазіргі кезде өз жарасын өзі жалап жазатын көк­жал қасқырға ұқсайды. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында жазылмастай сыр­қатқа шалдыққан қазіргі қаржы ка­питализмнің ғұмырын барынша ұзартып келеді. Бүгінгі күні бүкіл әлемге билігін жүргізіп отырған ка­пи­тализмнің басты тірегі бастапқы кезде осы формациялық құрылыс­тың отаны әрі таратушысы болға­нымен соңғы жылдары барынша әлеу­меттене бастаған Еуропа емес, нарық­тық жолға түсіп, жедел байып келе жатқанымен Конфуций қағидасы бойынша мемлекетті әке деп қабыл­дап, бүкіл халық үшін одан әкелік қам­қорлық талап ететін дана Қытай емес, корпоративтік рухты ту етіп көтерген еңбекшіл Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азияның елдері емес, нақ осы АҚШ-тың өзі болып отырғандығын біраз жұрт жақсы біледі.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Онлайндағы жұңғо жұрты

Қытай. Жан-жақтан ағылған адамдар мен көлік ағысы толас­тар емес. Бағдаршамның қызыл шамына тоқтаған көлікте отырып, жан-жағыңды бағдарлайсың. Сіз отырған көлікке жапсарласа, бірінен соң бірі жапырлап велосипед мінген жолаушылар сы­наласып тоқтап жатыр. Ал жол жүруге рұқсат берілгенде бей­не құмырс­қалар тəрізді өре жөнелген қос дөңгелекті көлік­ке отыр­ған­дардың шеруін көр­гендейсіз. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кімді тұлға тұтамыз?

Баяғының жастарына «Мен өмір­ден өзімді іздеп жүрмін» деп сөйлеу тән болатын... Жақында Америкада оқып жүрген қазақ­стандық жас өреннің пікірін тыңдап көруге тура келді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу